III қабат қанағаттанбаған: Қажеттіліктері, махаббатта, түсіністікте, аяушылықта, құрметтеуде, назар қоюда. Бұл қажеттіліктер әрбір адамда «еркін болу» керек. ( Біздің өмір сүруге құқығымыз бар. Бұл –өмірді сезіну. II қабат -қорқыныш -ауыртпалықты сезіну -реніш I қабат -агрессия-ашу-ыза Бұл сезімдер бізді физикалық тұрғыдан бүлдіреді. Ал, бала қасында не бар соны қиратуы мүмкін. (ойыншық, жиһаз т.б.) Бұда -жағымсыз мінез-құл -айғай-истерика Өмірге деген сезім сөнбеу үшін, оның позитивті көзқарасын тудыру керек. Бала қандай солай қабылдап, оны жақсы көріп, құшақтап, аймалау қажет. Рефлексия 104.«Қорап» жаттығуы Өз тілектері бойынша 3 қатысушы ортаға шақырылады. 1 қатысушы аяғын 2 аяқ киім қорабына салады, ал, 2 қатысушы екі жағынан аяқтарын салып, бөлмеде жүрулері керек. 1-тапсырма, екі жағындағылар бір-бірімен ақылдаспай бөлмеде жүреді; 2-тапсырма, екі жағындағылар ақылдасып жүреді. Соңынан талқылауға сұрақтар қойылады: -Қозғалуға ыңғайлы болды ма? -Қай қатысушыға жылжу қиынырақ болды? -Ортадағы ойыншы қай кезде жеңіл, сенімдірек жылжиды? Екі жағындағы қатысушылар қозғалуға көмектесе отырып бір бағытта жүргенде ме, әлде, әр қатысушы өз бағыты бойынша қозғалғанда ма? Тренер: Ортадағы адамның жағдайында бала тұрады. Бір жағында -мектеп өз тәрбиедегі істерімен, талаптарымен, міндеттерімен, күтілетін нәтижесімен, ал екінші жағында- отбасы, тәрбиедегі өз тәсілдерімен, көзқарасымен, күтетін нәтижесімен тұрады. Бала мектеп пен ата-ананың күтетін нәтижесіне сәйкес келіп, ата-ана мен мектептің талаптарын орындауы қажет. Баланы тәрбиелеу мен оқытудың нәтижелілігі, педагогтар мен ата-ананың ынтымақтастығы мен түсіністігіне байланысты. Біз 2 топқа бөліндік, әрбір топ жеке патшалық болып есептеледі. 1. Ата-аналар патшалығы; 2. Педагогтар патшалығы.