2014 жыл «Таныстыру» жаттығуы


Тренингті аяқтау жоралғысы



бет62/66
Дата25.04.2023
өлшемі152,28 Kb.
#86905
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Тренингті аяқтау жоралғысы
Мен өзіме сенемін (қолын жүрегінің тұсына қояды)
Мен саған сенемін (қолын көрші мұғалімнің иығына қояды)
Сен де өзіңе сенесің (қолын көрші мұғалімнің иығына қояды)
Және мен де өзіме сенемін (қолын жүрегінің тұсына апарады)


«Қарлы түйнек» жаттығуы
Мақсаты: топтың қатысушылары бір-бірінің есімдерін естерінде сақтауы тиіс және топтағы қолайсыздық сезімді сейілту.
Жетекші қатысушыларға сағат тілінің қозғалысы бойынша есімдерін атауды және өзінің жақсы бір қасиетін атауды ұсынады. Бірінші қатысушы өз есімімен өз жақсы қасиеттін айтады, келесі қатысушы бірінші қатысушының айтқанын сосын өзініңкін айтады, жаттығу аяғына дейін осылайынан жалғасады.
«Үрленген қуыршақ» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың қысылу сезімін жеңу, бұлшықетті босаңсытуға жаттығу
Нұсқау: Қазір сіздер үрмелі қуыршаққа айналасыздар, ал қазір сіздерден ауа шығарылған. Бастарыңызды еңкейтіп, қолдарыңызды төмен түсіріңіздер, бүкіл денелеріңізді босаңсытыңыздар. Мен қазір үрлейіш құралдың қызметін атқарамын және «пш, пш, пш» деген дыбыс шығара отырып, доңғалақты желге толтырып жатқан адамның жұмысын еске түсіріп, қимылдарын жасаймын. Ал сол кезде сіздер жіберген ауамен толығасыңдар, денелеріңді тұзете бастайсыздар, қолдарыңызды жоғары көтеріп бұлшық еттеріңізге қысым түсіре бастайсыздар.
Барлығы тұрып, бұлшық еттеріне қысым түсіргеннен соң, жүргізуші: мен қазір тығынды аламын, барлық қуыршақтар шардан жел шыққандағы дыбысқа ұқсас дыбыс шығарады да орындықтарына отырады, денелерін босаңсытады.
Психолог: Біздің орталықтың жұмысы, тыныс-тіршілігі, негізгі мақсаты бала тәрбиесі болғандықтан, бала тәрбиесіне деген өмірлік тәжірибелерімізбен алмасайық. Әр педагог өз тәжірибелеріндегі бала тәрбиесі жайында бір-бір ауыз ой айтады.
Миға шабуыл: «Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуы
1. Егер баланы үнемі сынап отырса….
2. Егер балаға үнемі күлсе…
3. Егер баланы үнемі мақтап отырса…
4. Егер бала төзімділікте өссе…
5. Егер бала адалдықта өссе…
6. Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе…
7. Егер бала кекшілдікте өссе…
8. Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет