«Шегенің ізі» аңыз-әңгімесі Мінезі нашар бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толыжәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір-бір шегеден қағап отыр» деп табыстапты.
Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға көп шеге қағып тастапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынмен әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке-жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір-бір шегеден суырып отыр»,- дейді.
Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың,- депті, алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жағымсыз-жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір-бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам»,- деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтыра.
Осы бір оқиғадан өздеріңізге қажет жерін аласыздар деген ойдамын!
Сабақтың рефлексиясы Бүгінгі тренингтен не алдым?
Маған ұнағаны…
Маған ұнамағаны… Менің естігім, білгім, жасағым келгені.
Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойымен қол алысу»
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ҚЫСЫМНАН АЙЫРЫЛУ
Мақсаты:. Жүйке жүйесіндегі психикалық қысымнан босаңсытуда релаксациялық жаттығулар орындау.Оқушыларда психофизикалық күйін басқаруды қалыптастыру
1.Сәлемдесу. Қатысушылар шеңбер құрып отырып,соңғы кездесуден кейінгі көңіл-күйлерін, өздерінде болып жатқан өзгерістері жайлы, кезекпен айтып шығады.
2. «Шілдір» (паутинка)жаттығуы. Нұсқау: Топқа тоқыма жіптің түйіні беріледі. Тоқыма жіп топтың кез-келген қатысушысына беріледі, жіпті алған қатысушы қазіргі уақыттағы көңіл-күйін, алдағы уақыттағы армандарын, топтағы қатысушыларға тілектерін айтып жіптің ұшын өзінде алып қалып, тоқыма жіпті қалаған адамына береді. Сөйтіп, жаттығудың аяғында шілдір пайда болады.