79.«Адамдар не үшін дауласады?» жаттығуы Мақсаты: Коммуникативтік дағдыны қалыптастыру, нәтижелі қатынас жасай білуді таңдай білу, басқаның сезімімен санаса білуге және коммуникация процесін әсерлі құруын дамыту. 1.Сәлемдесу. 2. Пікірлесу. «Адамдар не үшін ұрысады?.» -Дау-дамай қайдан туындайды? Адамдар не үшін дауласады? Татуласу үшін не істеу қажет? «Дауласу». Психологиялық дискомфортты, агрессияны, төмендету, басқаның позициясын ескеруге дағдыландыру.Тыңдаушылар екі-екіге бөлініп, арқаларын түйістіріп, қолдарын айқастырып, бір-біріне ренжулі адамдар сияқты аяқтарын басады. Сосын бір-біріне қарап, татуласуға көңіл білдіреді (қолынан ұстап, құшақтауға болады) «Бояулар» өз көңіл-күйін көрсетіп, басқаның жай-күйін сезіне білуін дамыту. Белгілі бір көңіл-күйге қандай түс сәйкес келетіндігін шешу. (мыс қызыл түс қандай көңіл-күйді білдіреді?, осылай әрбір түске қатысты көңіл күйді белгілеп алу) Сатушы мен сатып алушыны таңдап алып, қалғандары бояу болады. Әрбір тыңдаушы бір түсті таңдап, осы түске қатысты көңіл-күйді бейнелейді. Сатып алушы келіп, бояу-тыңдаушылар арасынан, өз көңіл- күйі бойынша өз бояуын таңдайды. Егер сатып алушы таба шеше алмаса, ол бояу болады. «Шырмалу» топтық бірлестікті сақтауға тыңдаушыларды белсендідендіру. Санамақ арқылы басқарушыны таңдау. Ол аудиториядан шығады, қалғандары қолдарын ұстасып, шеңбер жасайды. Қолдарын босатпай шырмауық сияқты шырмалады, ал басқарушы қолдарын үзбей шешуі қажет. 80.«Мен бақыттымын!» жаттығуы «Көңіл-күйіңмен бөліс» Қатысушылар дөңгеленіп, қолдарын ұстасып тұрады. Қоңырау шылдырлағанда, әркім өз көңіл-күйі жайлы айтады, қалғандары сезінуге тырысады. «Күн шуағындағы менің сезімдерім» Өзін өзі-тану, өзін-өзі зерттеу. Қатысушыларға Күн салынған қағаздар таратылады. Күннің ортасына дәл қазіргі уақытта сезінгісі келетін қандай да бір сезімі жайлы суретін салу немесе сипаттау. Әрбір шуаққа бұл сезімді алу үшін не айтқысы немесе не істегісі келетіндігінің барлығын жазуға болады. «Күн шуағындағы менің портретім». Өзін-өзі бағалауын, сенімділігін арттыру. Тыңдаушыларға Күннің суреті таратылады, тыңдаушылар күннің әрбір шуағына өз суреттерін салады. «Маған өте қажет...» Өзіне деген сенімділікті арттыру, өзінтану. Тыңдаушыларға ұшатын шары бар аюдың суреті таратылады. Тыңдаушылар осындай шарды ұшырса, тілегі орындалатындығын елестете отырып, әрбір шарға тілектер жазады.