51.«Шеңбер бойынша сөз тізбегі» ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз - құзыретті, кәсіби білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса, ойынан шығарылады. Осылайша, ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды. 52.«Комплимент»жаттығуы Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін-бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі-бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез - келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды. Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді. Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды. Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді. 53.«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» жаттығуы Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады. Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін