2014 Спецвыпуск І международная научная конференция «Современная наука и инновации»



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата12.03.2017
өлшемі6,95 Mb.
#9047
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

79

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Philology

қысқалығымен сипатталатынын көреміз. Құстың шы-



рылдап ұшуы образға көркемдік бояу үстеп тұр және бұл 

метафоралық тіркес дыбыстық бейне мен заттық бейненің 

синтезінен жасалған.

« — Осалды мықты шыңғыртып жеп жатқанда 

қасында қарап тұрсам, мен кім болам? — деді Ба-

луан» (С. Мұқанов) деген мысалда бай мықтыға, кедей 



осалға теңеліп қана қоймай, олар бірін — бірін әлім 

жеттік қылып жеп қоятын жабайы аңдар кейпінде си-

патталып тұр. Бұл мәтін бай мен кедейдің әлеуметтік 

жағдайын, қоғамдағы орындарын, таптар қайшылығын 

білдіріп қоймай, өмірде орын алатын әділетсіздікті де 

сипаттайды. Прагматикалық әсерді күшейте алатын 

мұндай қарама — қарсы қойып суреттеу тәсілі бинарлық 

оппозициялардың прототиптік образдарын сипаттауда 

кеңінен қолданылады.

Жоғарыда келтірілген мысалдар тірек концептілерінің 

тек әлеуметтік, экономикалық, мәдени сипаттағы білім-

дермен емес, психологиялық, тарихи тұрғыдағы білім-

дермен де қаруланғанын көрсетеді. Аталған концептердің 

төңірегіндегі ұлттық нақыштағы білімдерді әлеуметтік, та-

рихи, саяси өзгерістерге байланысты үнемі табиғи өзгеру, 

өсу, толығу үстінде болатын құбылыс екенін байқауға бо-

лады.

Әдебиет:


1.  Маковский М.М. У истоков человеческого языка. — М.: Высшая школа, 1995, — 159 с. 

2.  Кронгауз М.А. Изменение в современном речевом этикете // М.А. Кронгауз // Жизнь языка: Сб. ст. к 80 — 

летию М.В. Панова. — М.: Языки славянской культуры, 2001, — С. 263–269.

Қазақ текстологиясының ғылыми-теориялық негізі

Убайдуллаева Гүлжан Жақсыбайқызы, филология ғылымдарының кандидаты; 

Махамбетова Зәуре Нағашыбайқызы, магистрант

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Т

екстологиялық зерттеу — өте күрделі және ұзақ 



уақытты қажет ететін аса жауапты шығармашылық 

жұмыс. Негізінен текстология бұрын библиографияның 

құрамдас бөлігі ретінде ғана қарастырылып келсе, 1917 

жылдан кейін дербес ғылым деп танылды. Ал бұл дегеніміз 

текстология мәселелерінің о бастан қазіргі кезге дейін әлі 

де өзекті екендігін дәлелдейтін тәрізді.

Сөйтіп, текстология — мәтін туралы ғылым, ол 

көне мәтіндердің, қай тарихи дәуірге, қай авторға ти-

есілі екенін анықтаумен қатар, сол мәтіндердің мазмұнын 

да талдап талқылайды. Филология, әдебиеттану, тарих, 

мәдениеттану және басқа да қоғамдық пәндер бойынша 

терең біліктілікті қажет ететін заман талабынан туындап 

отырған сала.

Әдебиеттану терминдер сөздігінде текстологияға бай-

ланысты Ө.Күмісбаев: «Қазақ әдебиеттану ғылымында 

текстология — әлі бұғанасы қатпаған жас ғылым. Қазіргі 

әдебиетімізде бұл ғылымның әліппесі өте қажет. Тек-

стология табиғатын, мән-жайын, кешегісі мен бүгінгісін 

түсіндіретін аударма оқулық кітап жоқ...», — деп атап 

көрсеткен [1, 93]. Белгілі бір шығарманың мәтінін зерттеу 

үшін әлі күнге дейін орысша әдебиеттерге сүйенуге тура 

келеді. Ал қазақ әдебиеті шығармалары мен тарихи жазба 

мұраларымыздың өзіне тән ерекшеліктері текстологияның 

орысша әдебиеттерде берілген теориялары тұрғысынан 

қарауға сай келмей, өзіндік қиындықтар тудыратыны 

белгілі. Сондықтан қазақ текстологиясы бүгінде арнайы 

теориялық оқулыққа мұқтаж.

Текстология ғылымының мақсаты — әдеби 

шығарманың немесе тарихи құжатты ғылымға бел-

гілі барлық нұсқаларымен салыстыра отырып, баспаға 

әзірлейтін мәтінді қалыптастыру. Кез келген мәтіннің 

баспада жарық көруінің екі жолы бар: бірі — мәтіннің 

қалың оқырман қауымға арналуы; екіншісі — ғылыми 

зерттеу жұмысына арналуы; бұдан бөлек үшінші бір 

түрі — мәтіннің балала тіліне лайық жеңілдетіп басылуы. 

Мәтінді балалар тіліне лайықтап құрылғанда мәтінгер 

көптеген қысқартулар, әсірелеу үшін өзгертулер жа-

сауына болады. Дегенмен текстологияның теориялық 

әдебиеттерде мәтін басылымдарының осындай 

айырмашылықтарының болуын қостамайтын керағар 

пікірлер де бар. Көрнекті мәтінгер маман Б.М. Эйхен-

баум мәтіндегі көне тіл элементтерін жаңаша беру тарихқа 

қиянат жасау деп есептейді. Ондай ерекшеліктерді 

түсіндірме /коментарий/ арқылы берілуін қолдап есесіне 

мәтіндегі сөздердің көне қалпы оқырман қауымға ана 

тілінен хабар беретінін айтады. Сондай-ақ С.А. Рейсер 

мәтін басылымдарының бұндай айырмашылықтары 

оқырман ұғымында қайшылық тудыратынын айта келіп, 

бұның өзі сыни мәтіннің тұрақтануына көп кедергі кел-

тіретінін ескертеді: «Біріншісі — авторлық емес, жалпы 

жұртшылыққа кеңінен тараған, екіншісі — авторлық 

тек тарихи әдеби зерттеулер арқылы анықталған және 

көпшілік оқырман қауымға таныс емес. Бұндайда 

ол бірінші нұсқа тұрақты мәтін ретінде қалыптасуы 

мүмкін», — дейді [2, 85]. Бұл пікірдің орынды екені рас. 


80

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Филология

Сондықтан мәтін басылымдарының қай түрі болмасын 

бір-бірінен айырмашылықтары болуы мүмкін. Тек қалың 

оқырман қауымға арналған мәтіндегі кейбір түсініксіз 

сөздер ғана сол бетте сілтемемен берілгені дұрыс. 

Кейде арнайы текстологиялық зерттеу жүргізілмей-ақ, 

мәтіннің жарыққа шығып жатуы да кездеседі. Қалың 

оқырман қауымға арналған мәтін, мүмкіндік болғанша, 

текстологиялық зерттеулер жүргізіліп болғаннан кейін 

ғана баспаға берілуі тиіс.

Көп уақытқа дейін текстология «прикладная фи-

лология» деп аталып, практикалық пән ретінде ғана 

қарастырылып келді. Текстологияны «кәсіп» деп, ал 

әдеби шығармаларға сәтті жасалған текстологиялық 

зерттеулерді мәтінгердің талантына байланысты 

«өнер» деп қабылдаған кездер де болды. Дұрысына 

келсек,текстология ешқандай кәсіп емес, ол-бір-

неше ғылымның тоғысқан, зерттеушінің ізденушілік, 

тапқырлық талантының нағыз ашылар көзі.

Өйткені, мәтінгер тек мәтіннің жарыққа шыққанға 

дейінгі тарихын зерттеп қана қоймайды, әрбір қолжазбалар 

арасындағы өзгерістердің себебін дәлелдеу барысында 

сол шығарманың жазылған дәуірін, тарихын, әдеби 

ағымдарын, этностық тілін, саяси-мәдени жағдайларын, 

тіпті көшірмешінің мақсатын да байқап, ескере отыруға 

міндетті. Осы тұрғыдан келгенде текстология ғылымы 

көптеген ғылым салаларымен тығыз байланыста болады. 

Мәтінге жасалатын кейінгі түзетулер мен зерттеулердің 

дұрыс бағыт алуы да текстология ғылымына тікелей 

тәуелді. Демек, текстология — филологияның көмекші 

пәні емес, керісінше оның бастауы мен негізі, өзіндік даму 

тарихы бар ғылым саласы.

Орыс филологиясында текстологияның аса көрнекті 

өкілдері ретінде Б.В. Томашевский, Б.М. Эйхенбаум, 

Д.С. Лихачев т.б. танылады. Олар Х-ХVІІ ғасырлардағы 

көне орыс жазба мұралары мен классик ақын-

жазушылардың шығармаларын зерттеу нәтижесінде 

көптеген теориялық еңбектер жариялады. Л.Д. Окуль-

ская, И.Г. Лорионова, М.В. Безрадный, В.А. Заподов 

сияқты зерттеушілер кандидаттық, докторлық диссер-

тациялар жазды. Орыс филологиясында текстология — 

теориялық, әдістемелік негізі қалыптасқан іргелі ғылым 

салаларының бірі. Тіпті жазба ескерткіштері мен та-

рихи құжаттарына тек қана әдеби тұрғыдан емес, тілдік 

тұрғыдан да талдаулар жүргізіліп, көптеген кандидаттық 

диссертациялар қорғалған.

Текстология ғылымы түркі халықтарында, атап 

айтсақ, өзбек, азербайжан, түркімен филологиясында да 

айтарлықтай жақсы дамып отыр. Әсіресе, ежелгі дәуір 

әдебиеті мәтіндерін салыстыру ісі ертерек қолға алынып, 

олар арнайы зерттеу нысанына айналып отырған. Бұған 

П. Шамсиев «Научно-критический текст Хамзановой» 

(Ташкент, 1970 ж.); «Научно-критический текст поэмы 

Низами «Хосрови шырын» (Баку, 1960 ж.); Додалишаев 

Д.Ж. «Поема «Хафт и Монзар» Хатыфы и ее научно-

критический текст» (Душанбе, 1974 ж.); «Текстологиче-

ские исследование Китабы-деде-Коркут» (Баку, 1985 ж.); 

және тағы басқа еңбектерде теориялық текстологияға 

байланысты көптеген тұжырымдар жасалған. Бұдан ба-

балардан мирас болып келе жатқан әдеби мұраларға 

олардың аса қамқорлықпен қарайтындығы көрінді.

Ежелгі дәуір әдебиті шығармаларының бірнеше 

нұсқаларын салыстырып, кандидатттық, докторлық дис-

сертациялар қорғалған жұмыстар да бар. Мысалы: Раши-

дова М.Х. «Текстологические исследование произведения 

Алишера Новаи «Назмул Джавахир» (АКД, Ташкент, 

1991 ж.); Ругия Г.К. «Подготовка научного текста, тек-

стологические исследование и комментирование труда 

Фридун-Бека Кочарли», (АКД, Баку, 1981 ж); Галяут-

динов И.Г. «Тарих-номе и булгар» Таджетдина Ялсыгу-

лова /лингвотекстологический анализ списков помятника. 

Фонологическая интерпретация графики, морфология 

(АКД, Москва, 1977 ж.) т.б.

Қазақ әдебиеті тарихында текстологиялық жұмыстар 

Абай шығармаларын жарыққа шығарып, халыққа та-

рату кезеңінен басталды деуге болады. Дегенмен, 

қазақ текстологиясының тарихын Шоқан Уәлиханов 

еңбектерінен бастау туралы ойды алғаш айтқан — фило-

логия ғылымдарының докторы, профессор Ғ. Әнес [3, 11]. 

Ұлы Абай мұрасын жан-жақты терең зерттеуді қолға алған 

М. Әуезов ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар 

ақын шығармаларының текстологиялық жағына да ден 

қоя ізденді. Бұдан соң «Біржан-Сара» айтысына, халық 

ауыз әдебиеті үлгілеріне Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, 

М. Сералин, С. Торайғыров шығармаларына тағы да 

басқа толып жатқан жазба деректерімізге текстологиялық 

зерттеу жүргізіліп, шығарманың жазылған жері мен 

уақытын анықтау, авторын табу немесе телу, қате оқылған 

сөздерді қайта түзету секілді қыруар жұмыстар атқарылды. 

Осы кезеңде (1950–1960 ж.ж.) мерзімді баспасөз бет-

терінде Абай шығармаларына, халық ауыз әдебиеті 

үлгілеріне, ақын-жыраулардың халық арасынан жазылып 

алынған, кейде жарияланып үлгерген түрлеріне, ертегілер 

мен лиро-эпостық жырлардың бірнеше нұсқаларына т.б. 

жасалған текстологиялық жұмыстарға қатысты қызу 

пікірталас жүріп жатты. Мысалы: З. Ахметов, И. Дюсен-

баев, «Некоторые вопросы текстологического изучения 

произведений Абая» (Вестник АН КазССР, 1953, № 10), 

Б. Кенжебаев «Абай шығармаларының соңғы басылуы 

туралы» (Социалистік Қазақстан, 1955, 29 мамыр); 

Қ. Өмірәлиев «Тағы да Абай текстолгиясы жайында» 

(Қазақ әдебиеті, 1957, 8 наурыз); М. Сәрсекеев «Абай 

шығармаларының текстологиясы жайында» (Әдебиет 

және өнер, 1956ж № 10) сияқты мақалалар легі әлі де 

толастамаған. Осындай ерен еңбектің нәтижесінде 1963 

жылы ҚССР М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер ин-

ституты жанынан «Текстология мен қолжазба» бөлімі 

ашылды.


Сол кезеңде тек Абай шығармаларының текстология-

сына ғана 60-тан астам мақала арналды. Бұл мәселенің 

бүгінгі күнге дейін күн тәртібінен түспегенін ойласақ, 

1979 жылы 21 желтоқсанда «Қазақ әдебиеті» газетінде 

жарық көрген мақаласын Т. Абдрахманов «Мәңгі жас 


81

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Philology

мұра» деп асқан көрегендікпен атаған деуге болады. 

Абай шығармаларының текстологиясы жөнінде соны 

пікірмен танылған профессор Тұрсын Жұртбай ақын 

шығармаларының текстологиясына қатысты мақаласын 

«Егемен Қазақстан» газетінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі 

«Абайдан асырып кім айтқан?» және аталған газеттің 

2006 жылғы 22 ақпандағы «Абайды дұрыс оқып жүрміз 

бе?» деген мақалаларында сөз етті. Әсіресе, Абайдың 

Бұқар жырау, Шортанбай мен Дулат поэзиясына қатысты 

пікірі байқалатын өлең жолдары енді ғана дұрыс шешімін 

тапқандай.

Ал, Қ. Мұқаметжановтың «Бұқар жырау» (Қазақ 

әдебиеті, 1982, 30 маусым); Н. Келімбетовтың «Жыра-

улар поэзиясын сөз етсек» (Қазақ әдебиеті, 1982, 12 на-

урыз); Қ. Өмірәлиевтің «Ия, терең зерттеу қажет» (Қазақ 

әдебиеті, 1971, 29 желтоқсан) деген мақалалары шығарма 

дәлдігін айқындауға қатысы бар мәселелерді қозғайды.

Қазақ текстологиясы ғылымында М. Мырзахметов, 

З. Ахметов, И. Дүйсенбаев, Б. Кенжебаев, Ғ. Мұсабаев, 

Т. Абдрахманов, Қ. Өмірәлиев, Ш.Сарыбаев, 

Ә. Құрысжаноы, Р. Сыздықова, Б. Сағындықұлы, 

Е. Жұбанов, М. Малбақова және т.б. ғылымдар классик 

ақын-жазушылардың, ежелгі дәуірден келіп жеткен жазба 

мұраларымыздың мәтінін ғылыми басылымға әзірлеуде 

аса құнды еңбектерімен танылды. Аталған ғалымдар 

еңбектерінің көпшілігі мерзімді баспасөз беттерінде, 

ғылыми жинақтарда жарияланса, бірқатары жеке кітап 

болып басылып жарық көрді. Оларға Х.Сүйіншалиевтің 

«Абай қара сөздері» (Алматы, 1956 ж.); Қ. Мұқаметжанов 

«Абай шығармаларының текстологиясы жайында» (Ал-

маты, 1956 ж.); М. Мырзахметов «М. Әуезов және Абай-

тану» (Алматы, 1982 ж.); «Ескі түркі жазба ескерткі-

штері» (Алматы, 1983 ж.): «Қазақ фолклоры мен әдебиет 

шығармаларының текстологиялық зерттелуі» (Алматы, 

1983 ж.); Ә. Құрышжанов пен Б. Сағындықұлы баспаға 

әзірлеген «Ахмет йүгінеки Ақиқат сыйы» (Алматы, 1985 

ж.): Е. Жұбанов пен М. Малбақовтың «Қозы Көрпеш-

Баян сұлу эпосының текстологиясы» (Алматы, 1994 ж) 

және т.б. еңбектер жатады.

Ә. Құрышжановтың 1970 жылы «Исследование по 

лексике стракыпчаковского письменного памятника 

ХІІІ века — «Тюркского-арабского словаря» деп ата-

латын еңбегінен лингвотекстологиялық зерттеудердің 

нәтижелерін көреміз. Ғалым бұл сөздікті алғаш бастырған 

Т.Хаутсманның коррекциялық еңбегі зор екенін айта 

келіп, кей сөздердің оқылуында байқалған қателерді: 1) 

әріптердің көмескіленуінен, 2) харакет белгілердің дәл 

қойылуынан — дұрыс оқылмаған деп топтап көрсетеді [4, 

7]. Сөздіктің транскрипциялау мәселелеріне байла-

нысты да шешімін таппаған сөздерді төрт топқа бөліп 

қарастырып қйындықтың себебін ашады. Бұл еңбекте 

сөздердің графикалық, транскрипциялық, фонетикалық 

бұрмаланулары түзетіліп, ғылыми тұрғыдан дәлелденген. 

Сол сияқты Е. Жұбанов пен М. Малбақовтың «Қозы 

Көрпеш-Баян сұлу эпосының текстологиясы» деген кіта-

бында да әрбір айырмашылық түсініктемеде дәлелденіп 

отырған [5].

Қорыта айтқанда, қазақ филологиясында 

текстологияның теориялық негізі жазылмады десек те, 

практикалық текстология кеңінен қолданыс тапты. Оны 

осы уақытқа дейін жарық көрген ХV–ХІХ ғғ. айтыс 

ақындары мен жыраулар шығармаларынан көреміз. Орта 

ғасыр, ежелгі дәуір әдебиеті шығармаларын зерттеген 

ғылыми еңбектеріміздің басым көпшілігін аса жауапкер-

шілікпен жасалған текстологиялық салыстырулардың 

жемісі деуімізге болады.

Әдебиет:


1.  Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. — Алматы: Жазушы, 1998.

2.  Рейсер С.А. Палеография и текстология. — М., Просвещение, 1970. — С. 336.

3.  Әнес Ғ. Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің лингвотекстологиясы. / Кандидаттық диссертацияның авторефераты, 

Алматы, 2002. — 114 б.

4.  Курышжанов А.К. Исследование по лексике старокыпчакского письменного памятника XIII века. «Тюркско-

арабского славаря». — Алма-Ата: Наука, 1970. — С. 234.

5.  Жұбанов Е., Малбақов М. Қозы көрпеш-Баян сұлу жырының текстологиясы. — Алматы: Ғылым, 1987. — 

223 б.


6.  Лихачев Д.С. Текстология на материале русской литературы Х–ХҮШ вв. 2-ое изд. — Ленинград: Наука, 

1983. — С. 235.



82

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Филология

Қазақ лингвотекстологиясының қалыптасу, даму тарихы

Убайдуллаева Гүлжан Жақсыбайқызы, филология ғылымдарының кандидаты; 

Махамбетова Зәуре Нағашыбайқызы, магистрант

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Қ

азақ әдеби тілінің зерттелуінде зор еңбек сіңірген 



ғалым Рабиға Сыздық: «...текстология мәселесіне 

тек әдебиет зерттеушілері ғана емес, ең алдымен тіл ма-

мандары қатысуы шарт. Өйткені, әдеби тіл мен көркем 

әдебиет тілін зерттеу ісі тексті зерттеу және авторды табу 

проблемаларымен қабысып жатқанын көреміз. Әсіресе 

мұның қазақ филологиясы үшін үлкен мәні бар. Қазақ 

ауыз әдебиеті үлгілерінде және ертеректегі қазақ әдебиеті 

шығармаларында осы күнгі қалың оқуша жұртшылыққа 

түсініксіз болып келетін жалғыз араб-парсы сөздері емес, 

бұларда қыруар көне түркі сөздері немесе басқа туысқан 

түркі тілдерінен ауысқан сөздер, сондай-ақ моңғол сөздері 

бар. Оларды көпшілік, әсіресе жастар түсіне бермейді. 

Бұларды сол баспаны даярлаушы әдебиетші де әрдайым 

түсіндіре алмайды. Оларды сөздердің төркінін арнайы іздеп 

зерттейтін тіл маманы ғана түсіндіріп береді. Осы күнгі 

шын мәніндегі текстолог жай әдебиетші емес, бір жағынан 

әдебиет тарихшысы, екіншіден, әлеуметтік тарихты жақсы 

меңгерген, үшіншіден, тіл білімінен хабары бар маман 

болуы шарт», — деген ұсыныстар жасайды [1, 3].

Шығарманың түріне, зерттеудің қай тұрғыдан 

жүргізілуіне байланысты текстологиялық талдаудың да 

өзіндік ерекшелігі болмай тұрмайды. Талдау ерекшелігіне, 

яғни шығармаға қай тұрғыдан зерттеу жүргізуіне бай-

ланысты текстология мен лингвотекстология салалары 

айқындалды. Лингвотекстология ғылымы өзінің зерттеу 

нысанына қарай: а) ауыз әдебиеті үлгілерінің лингвотек-

стологиясы; б) ежелгі дәуір әдебиетінің лингвотекстоло-

гиясы; в) қазіргі заман әдебиетінің лингвотекстологиясы 

деп бөлінеді.

Әдебиет тарихында ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті 

және қазіргі заман әдебиетінің айырмашылықтары бола-

тыны секілді текстология ғылымы зерттеу міндеттері мен 

өзіндік айырмашылықтарымен ерекшеленеді:

— егер қазіргі әдебиет шығармаларының авторлық 

қолжазбалары сақталған болса, ежелгі дәуір әдебиеті 

шығармаларының көбінесе көшірмесі ғана сақталған. 

Ал ауыз әдебиеті шығармалары баяндаушыдан жазылып 

алынған күйі ғана жеткен. Осыларға байланысты мәтінгер 

маман түпнұсқаға ең жақын вариантты қайта қалпына 

келтіруге міндетті;

— ежелгі дәуір әдебиеті шығармаларына тән екінші 

бір ерекшелік–автордың лақап атпен берілуі. Бұл бүгінгі 

әдебиетімізде де қайта жаңғырып келеді. Дегенмен автор 

жайлы деректі әр уақытта табуға болады. Кейде ежелгі 

дәуір әдебиеті шығармаларының авторы белгісіз болып ке-

леді. Онда мәтінгер шығарма стилі мен палеорграфиялық 

зерттеулер арқылы авторды анықтауға немесе телуге мін-

детті;


— осылар секілді зерттеліп отырған материалдардың 

жазылған орны мен уақыты белгісіз болуы мүмкін. Бұларды 

анықтау да ежелгі дәуір әдебиеті текстологиясының мін-

деті.


— ежелгі дәуір әдебиеті шығармаларының көшірмелері 

өте аз немесе қалып кеткен жерлері болса, түпнұсқаны 

қайта қалпына келтіру де мүмкін болмай қалады. Ал 

қазіргі әдебиет текстологиясының басты міндеті тұрақты 

мәтін қалыптастыру болып табылады.

Зерттеуші ғалымдар еңбектерін осы екі сала тұрғысынан 

сараласақ, лингвотекстология мәселелеріне әлі де болса 

өз дәрежесінде мән берілмей отырғанын көреміз. Ал 

шындығына келсек, бұл мәселенің маңыздылығы тек-

стология ғылымының теориялық негізі алғаш қалыптаса 

бастаған кезеңнен-ақ аңғарылған болатын. Академик 

Д.С.Лихачев: «Мәтіннің дұрыс оқылуы — дәуір тілі ту-

ралы мол білімнің кепілі. Өкінішке орай, қазіргі басы-

лымдар мен зерттеулердегі мәтінді дұрыс оқымаудан 

кеткен қателердің көпшілігі шығарма жазылған дәуір тілін 

жақсы білмеуден болып отыр»,-дейді [2, 102].

Баспасөз бетінде лингвотекстология мәселелерін 

алғашқылардың бірі болып қозғаған мақала — Ш. Сары-

баев пен Ә. Құрышжановтың «Халық жырларының тек-

стологиясы». Кез келген жырдың бірнеше нұсқасы болуы 

мүмкін және олар ауызша орындаушылардан қағазға 

түсіріліп қана ғылыми айналымға енген. Олардың бір-

бірінен түрлі айырмашылықтары болуы заңды. Кейбір 

айырмашылықтар жырдың ғылыми құндылығына да 

нұсқан келтіріп тұрады. Сондықтан мақалада жыр тілінің 

көнелігін сақтап, көлемі мен көркемдігін қалпына келтіру 

қажеттігі айтылған [3, 21].

Ал Қ. Өмірәлиевтің «Оғыз қаған ескерткішінің тексто-

логиясы» деген мақаласында «...жазба ескерткіштің бүкіл 

сюжеттік-композициялық құрылысын, сөйлем жүйесін, 

белгілі топтағы дағдылы сөздердің (формулалардың) келу 

орынын, дәстүрліктің сақталуын, бұзылуын, дыбыстағы 

және грамматикалық формадағы айырымдарды т.б 

қарастырады», — деп текстология ғылымының кей 

мақсаттары сөз болған [4, 69]. Көшірмелер арасындағы 

айырмашылықтар фонетика, лексика, синтаксис сала-

ларына жіктеле зерттелген. Ғалымның бұл мақаласы — 

тіл мен әдебиетті қатар алып ұштастыру нәтежесінде 

жазылған бағалы еңбек.

Абай шығармаларының текстологиясын зерттеген 

ғалым Қайым Мұқамадқанов текстологияның теориялық 

мәселелерін де былайша сөз етеді:

 

«Оқырман көңілінен 



шыққан, көпке танымал болған әдеби туынды халық 

қазынасы, халық мүлкі екендігін ескерсек, көркем шығарма 

тексті жақсақтықтардан аулақ, ешбір ақауы жоқ, мүлтіксіз 


83

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Philology

болуы шарт. Бұл түптеп келгенде қоғамдық маңызы бар іс 

деп қараған жөн [5, 51]». Ал, текстің бұрмаланып, кейде 

өзгеріске ұшырап кетуінің себептері сан — алуан:

1. машинка мен әріп терушінің байқаусыздығынан 

кеткен.


2.  корректор мен редақтордың тарапынан кеткен.

3.  кейде автордың өзі байқамай, жаңсақ жазылып бір 

сөз түзетілмей бір басылымнан келесі басылымға ауысып 

жүре береді.

Әрине, мұның бәрі халық игілігіне айналған көркем 

шығарманың сыр-сипатына, ажарына, нұқсан кел-

тіріп, сапасын бәсеңдетері сөзсіз. Сондықтан тексто-

логия мәселелерімен шұғылданып жүрген әдебиет 

мамандарының міндеті-әдеби текстің бастапқы, дұрыс 

нұсқасын анықтау, үйлеспей, сөйлемнің шырқын бұзып 

тұған ағат сөздің түпкі төркінін табу болып саналады. 

Демек, әдебиеттану ғылымының шағын бір саласы 

текстологияның да иығын тосар өз жүгі мен тауқыметтері 

баршылық.

Бізде әдеби туындыны қайтадан басылымға әзірлеу 

үстінде ғылыми — зерттеу және баспа орындарында 

текстологиялық жұмыстар жүргізуге айрықша мән 

берілмей келеді.

Соның салдарынан бір басылымда кеткен қате 

түзетілмей, кітапта мықтап орын теуіп алады да, келесі 

басылымдарда «дұрысы осы» делініп, сол күйінде жүре 

береді.


Әдеби шығарма текстінің қат — қабатына, иіріміне, сөз 

тіркестері мен сөйлемдеріне үңіле қарап барлау жасаған 

адам із кескен аңшыға ұқсас. Текстология мәселелерімен 

шұғылданған маман «мен мұндалап» көптің көзіне ша-

лынып тұған кінәратты сөйлем мен сөздерді тәртіпке кел-

тіріп қана қоймай, кейде шиеленіскен, күрделі қателердің 

түйінін шешумен айналысады».

Текстологияның теориялық мәселелерінің бірі — мәтін 

түрлері, мәтіннің нұсқалары, варианттары, қолжазба 

түрлері т.б. Олардың бір-бірінен айырмашылығы болмай 

тұрмайтыны рас. Айырмашылығының азды-көптігіне 

қарамастан текстология ғылымы үшін олардың бар 

болғанының өзі маңызды. Осы теориялық мәселе ту-

ралы филология ғылымдарының докторы, профессор 

Б.Әзібаева: «бір туындының бір жыршыдан / айтушыдан 

арасына біраз уақыт салып жазылып алынған мәтіні, бір 

шығарманың екі я одан да көп орындаушыларынан жа-

зылып алынған мәтіндері, белгілі бір шығарманың 

еліміздің түрлі аймақтарында жазылып алынған мәтіндері, 

белгілі шығарманы бір жыршыдан тараған, бірақ 

ұстазынан үйренген шығарманы өңдеп, өзінше жырлаған 

шәкірттерінен жазылып алынған мәтіндері т.б. сол 

шығарманың варианттары болып табылады» деген [6, 26].

Ал мәтін нұсқаларының көп болуы текстология 

ғылымын нақтылықтан алшақтатуы мүмкін, сол се-

бепті текстологтың мақсаты негізгі нұсқаны таңдап 

алып, салыстырылған нұсқалардан авторлық нұсқаны 

таба білу және авторлық нұсқаны ғана елге танымал ету 

болып келеді. Бұл — текстологтың басқа нұсқаларды 

халық жадынан шығаруға әрекет етуін туғызбау керек. 

Текстологияның осы теориялық мәселесіне келгенде Ы. 

Дүйсенбаевтың ғылымға қосқан зор еңбегін баяндай келе, 

зерттеуші Ақан мынадай тұжырым түйеді:

 

«Ы.Дүйсенбаев 



жоғарыда аталған екі нұсқаның әр алуан сөз, жол 

айырмашылықтарын салыстыра отырып, талдап көрсетсе 

де, солардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін ашып 

айтпайды. Мұнысы дұрыс болған, өйткені текстологиялық 

ғылымда әр нұсқаның өз болмыс-бітімімен өмір сүруге 

хақысы бар деп саналады, себебі бұл ғылым үшін де аса 

қажет. Тек бір жағдайда ғана жолдар өзгертілуі мүмкін: 

сөз немесе тұтас жол, шумақ мағынасыз болса, не оқып 

ұғуға мүмкін болмаған кезде ғана, логикалық үйлесім-

жүйемен басқа вариантқа қарап сол сөз, сөйлемдерді 

қалпына келтіруге мүмкіндік туады. Осыларды ескере от-

ырып, автор ауызекі «қалай айтылып келген болса, дәл 

солай жазу» принципін ұстанған, бұл фольклортану үшін 

де, текстология үшін де ең басты шарт боп есептелетіні 

белгілі [7, 21]».

Бір қуанарлығы соңғы жылдары текстология 

мәселеріне көбірек көңіл бөлініп келеді. Тек мақалалар, 

жинақтар ғана жарық көріп жатқан жоқ, сонымен қатар 

ғылыми диссертациялар да қорғалуда. Атап айтсақ, 

М. Имашев «Біржан Сара айтысындағы өмір шындығы 

мен оның көркемдік ерекшеліктері», 1992; Г. Убайдул-

лаева «Махаббат-наме (ХІVғ.) ескерткішінің тексто-

логиясы», 2001; А. Болсынбаева «М. Әуезов. Қараш-

қараш оқиғасының повесі», 2004; Г. Рахимбаева «Шығыс 

Қазақстан өңіріндегі тарихи жырлар», 2005 және т.б.

«Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының 

текстологиялық зерттелуі» (Алматы, 1983) деп аталатын 

кітабаның алғы сөзінде М. Жармұхаметов: «Әрине, туған 

әдебитеміздің 60 жылдан аса жемісті өмір сүріп келе 

жатқан мерзімінде текстология саласында ешбір еңбек 

жазылмады деуге болас»,-деп әр жылдарда жазылған 

мақала, зерттеулерде көтерген мәселелерге тоқталып, 

бұларда текстологияның теориялық та, практикалық та 

мәселерінің қамтылғанын айтады.

Аталған мақалалар мен зерттеулер әр түрлі 

шығарманы текстологияның әр қырынан сөз еткен. 

Олай болса, қазақ филологиясында да текстологияның 

да, лингвотекстологияның да теориялық мәселелеріне 

қатысты айтылған ой-пікірлерді ғалымдар еңбектерінен 

қалқып алып, жүйелеп, бірізге түсіретін уақыт жетті.

Әдебиет:

1.  Лихачев Д.С. Текстология на материале русской литературы Х–ХҮШ вв. 2-ое изд. — Ленинград: Наука, 

1983. — С. 235.

2.  Сыздықова Р. Текстология мәселелері // Қазақ әдебиеті. — 1964. — 27 март.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет