ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ
137
қақтығыс
туады. Теб
-
теңгір бірде Шыңғыстың інісі
Қасырды соққыға жықса, бірде Отчығынды қор
-
лайды. Қорлық кӛргендер хан ағасына шағым
айтады. Хан Қоңқотандық қария Менілікті ордаға
шақырады. Ол жеті ұлын ерітіп Шыңғыстың ша
-
қыруымен ордаға кірге уақытта, Отчығын ӛзін
қорлаған Меніліктің баласы Теб
-
теңгірмен үй
ішінде күресе жӛнеледі. Шыңғыс қаған оларға:
«Сыртқа шығып күресіңдер», –
дейді. Керісуші
-
лер сыртқа шығып бара жатқанда Теп
-
теңгірдің
малақайы от басына түсіп қалады. Менілік қария
малақайды алып, қайғырып, дұға оқып, қойнына
тығады. Отчығын Теб
-
теңгірді сыртқа алып шы
-
ғып, күні бұрын ӛзі дайындап қойған үш палуанын
жауып жібереді. Олар Теб
-
теңгірдің арқасын
сындырып ӛлтіреді [5, 209
-
214б.].
Үйге
қайта енген Отчығын былай дейді:
«Теб
-
теңгір мені аяққа жығылтқан еді. Күш сына
-
сайық десем кӛнбей, сылтауратып жатып алды.
Алдамшы нӛкер екен!»,
-
дегенде, Менілік әкей не
болғанын сезіп, кӛзінің жасын тӛгіп былай дейді:
Тайр етүкенді
Томпақтай болған кезден,
Теңіз дариялары
Бұлақтай болған кезден,
Бірге қайнасқан едім! [5, 214б
.].
Сӛз жоқ, бұл жыр үзігінде Менілік әкей
Шыңғысқа
кішкентай кезінен қамқор болғанын,
оған жақсылықтар жасағанын мегзеп тұр. Жыр
-
дың осы ұғымдағы мазмұнын «Моңғолдың құпия
шежіресінің» қазақшаға мейлінше жақын мағы
-
нада аударылған екінші бір нұсқасынан кӛруге
болады:
Жеті қат
жер тулақтай
Кезде мен
Кездесіп дос болған ем.
Шалқар дария бұлақтай,
Шақта мен
Сӛйлесіп дос болған ем [6, 170б.].
Олай болса, Қоңқотандық Менілік–
ӛзі
кішкентайынан қолдап, қамқорлық жасаған кісі
-
ден зорлық кӛріп, соған қайғырған жан қария.
Осыған
ұқсас кӛріністі Дайырқожа ӛлгенде Қодан
тайшы да қайталайды. Оның «Қарақыпшақ Қобы
-
ландыда нең бар еді, құлыным!?» деп жырлауы –
зорлықтан шыққан зар. Баласынан айырылған
Қоңқотандық
Менілік әкей Шыңғысқа істеген жақ
-
сылығын айтып ӛкіне жыласа, Қодан тайшы Но
-
ғайлы
еліне кӛп қамқорлық жасағанын тілге тиек
етіп күңіренеді:
Қарақыпшақ
Қобыландыда
Нең бар еді, құлыным?
Сексен асып,
таянғанда тоқсанға,
Тұралмастай үзілді ме жұлыным.
Адасқанын жолға салдық
Бұл ноғайлы елінің.
Аққан бұлақ,
жанған шырақ
Жалғыз күнде құрыдың!
Қара
қыпшақ Қобыландыда
Нең бар еді, құлыным!
Қоңқотан
руынан шыққан Менілік әкейдің
Шыңғыс ханға кӛрсеткен қамқорлығы мен Әбіл
-
қайырдың
жанындағы
Қодан тайшының Ноғайлы
жұртына қамқоршы болған бейнесі және олар
-
дың бастарынан ӛткізген оқиғалары (балала
-
рының қапылыста қаза туып, зорлықшыларға ӛзі
қызмет жасаған әміршінің әділ жаза қолданбауы)
бір
-
біріне жақын. Ортақ кӛріністің екі халықтың
мұрасында сақталып жеткені кездейсоқтық емес.
Бұл халықтар –
бір жүйенің (Шыңғыстық билік),
бір танымның (кӛшпенділік) шекпенінде болған
жұрт. Әрине, кӛне аңыздың барлық бӛліктері жа
-
ңартылмаған, тек жалпы сүлдесі (фабуласы)
жаңартылған.
«Моңғолдың құпия шежіресіндегі» Қоңқо
-
тан руына қатысты айтылатын оқиғалардың Шә
-
кәрім келтіріп отырған аңызбен оқиғалық тұрғы
-
дан ғана емес, кейіпкерлердің аттары арасында
да жақындық, үндестік бар. Біріншіден, моңғол
-
дың Қоңқотан («қоңқ», Әбілғазының жазуынша,
моңғол тілінде
үлкен дегенді білдіреді) руының
атауы мен қазақ шежірелері бірде «ер», бірде
«бай» деп атайтын Қотан (Құтан, Қодан) есімдері,
сондай
-
ақ Шыңғыс әскерінде мыңбасы болған
Дайыр мен Дайырқожаның есімдері бір
-
біріне ӛте
жақын.
«Моңғолдың құпия шежіресінде» Дайыр
атты мыңбасы –
Шыңғыс ханнан мыңбасылық
лауазымды алған 92 әскербасының бірі. Мыңба
-
сы Дайырдың есімі қазақ хандарының жылна
-
машысы Қадырғали Жалайыридың жылнамасын
-
да да аталады. Ол оны Менілік ечегенің ұрпа
-
ғынан
таратады. «Мыңар Дайр, шул қайм қоң
-
қутан
ерді. Шунуң жүмлә уруғы Мүңлік ичигенің
үруғы білән» [7, 181б.], –
деп жазады Жалайыри.
Қадырғали
би Қосымұлының «Жылнама
-
лар жинағын» шағатай тілінен қазақ тіліне ауда
-
рушылар Мүңлік ичигенің (Менілік ечегенің
-
А.Ә.)
руын қоңырат деп жазған. Түпнұсқада «қоңқы
-
рат» деп беріледі. Түпнұсқада кӛшірушілер тара
-
пынан қате кеткен сынды. Себебі Қадырғали би
ӛзінің жылнамасында Меңлік ечегеден тараған
мыңбасыларды атаған кезінде оларды Қоңқутан
(Қоңқотан) руынан шығарып отырады.
Қазақ
аңыздарындағы Арғынның түп ата
-
сы Қодан (Құтан) «Моңғолдың құпия шежіресін
-
дегі» Қоңқотан руының, ал оның баласы Дайыр
-
қожа
мыңбасы Дайырдың прототипі болуы ғажап
емес. Ал Дайырқожаның есіміндегі «қожа» сыңа
-
ры –
кейінгі замандағы мұсылман дінінің әсерінен
қойылған қосымша атау.
Қодан
тайшының түп бейнесінің моңғол
-
дың аңыз, шежірелеріне тірелетіндігін айқындай
-
тын қосымша бір белгі –
оның есіміне қосарла
-
нып отырған «тайшы» деген атау. Бұл атау –
моңғол
-
қалмақ билеушілерінің қытай тіліндегі
лауазымы. Оның түркілік мағынасы «жағымды
дауыс иесі» (Әбілғазы) немесе «ұлы бахшы»
(Жалайыри) дегенді білдіреді. Ал «бахшы» сӛзі
түрік тілдерінде жыршы, ақын деген мағына да
қолданылатыны белгілі. Екінші сӛзбен айтқанда,
Қодан тайшы бейнесінде хан жанында кеңесші,
ақылшы қызмет атқаратын жырау бейнесінің
белгісі бар. Тіпті, оның әкесі Чирқа (Шырқа) да
ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРЫ
138
хан жанында отырып жоқтау немесе жұбату ай
-
татын жырау кісі [5, 53б.].
Қазақ
тіліндегі ән, ӛлең
-
жыр айт деген ма
-
ғына беретін «шырқа» дейтін етістік пен Шың
-
ғысты
жырмен жұбатқан Чирқа
есімінің арасында
мағыналық байланыс бар секілді. «Чирқа» жы
-
раудың лақап есім болуы да мүмкін. Оған бұл ла
-
қап
хан жанында жыр айтатын кісі болғандықтан
берілген сияқты. Демек, Шәкәрім жазып алған
аңызда Қоданға «тайшы», яғни жыршы деген
сӛздің қосарланып, оның жоқтау жыр айтып
жүргені негізсіз емес. Ол –
ата
-
бабасынан бері
хан жанында жыр толғайтын жырау кісі.
Шыңғыс тарихында болған оқиғалар мен
тарихи тұлғалар аңыз, шежіре деректерінің
әсерінен Қазақ хандығы құрылып жатқан жаңа
саяси оқиға тұсында қайта кӛрінеді. Ӛйткені аңыз
жанрына үнемі жаңғырып, толығып отыру тән.
Кӛне дәуірден жетіп, қайта жаңғырған жаңа
шежірелік аңызға қазақ қоғамының хал
-
ахуалына,
оның сұранысы мен танымына қарай кӛптеген
қосымшалар қосылған.
Қорыта
келгенде, Шыңғыс заманындағы
Қоңқотан, Дайыр есімдерінің Әбілқайыр хан тұ
-
сындағы Қазақ хандығының құрылу оқиғаларын
-
да жаңғыруына себеп болған тарихи
-
фольклор
-
лық негіздері мыналар:
1. Әбілқайыр да –
Шыңғыс хандай құді
-
ретті, қаһарлы биліктің символы. «855 жылы,
-
деп жазады М.Х. Дулати,
-
Шыңғыс ханның бала
-
сы Жошы хан билік еткен жұртта, Дешті Қыпшақ
-
қа, оның ұрпағынан таралған Әбілқайыр хан пат
-
ша болды. Сол жұртта, сол заманда одан құді
-
ретті патша болмаған»[1, 119б.].
Әбілқайыр
-
Шыңғыс хан секілді құдіретті
Кӛк Тәңірі
ұғымымен пара
-
пар «қаған» лаузымы
-
ның дәрежесіне дейін кӛтеріліп, үлкен ханға
лайық есім алады. Оның лақап есімі –
Хан Бо
-
зұрық (Хан Бузург) [8, 54с.].
2. Қоңқотан руынан шыққан Менілік ата
-
бабасынан
бері хан жанында жыр толғаған, Шың
-
ғыс
ханға кӛп жақсылық жасаған жырау, қария кі
-
сі болса, Қодан тайшы –
сол Шыңғыстың бір жұр
-
ты Әбілқайыр билеген ноғайлыға кӛп жақсылық
жасаған, жасы тоқсанға таяған қарт. Қоңқотандық
Менілік
-
Шыңғыс ханға кӛп жақсылық жасаған
кісі. Ал Қоңқотанның ұрпағы Қодан тайшы –
сол
Шыңғыстың бір жұрты Әбілқайыр билеген ноғай
-
лыға кӛп жақсылық жасаушы. Осылайша, халық
танымы Қоданды жаңа хандық құрып жатқан Әз
-
Жәнібек пен Керейдің (Шыңғыс құрған хандықты
қайта жаңғыртушылар) жанын кӛруге ұмтылады.
Айтпақшы, Қоңқотан руы мен Шыңғыс ханның
арасындағы болған оқиғаны баяндайтын
аңыз
-
дар түркі тектес тайпалар арасына ауысқан
уақытта кейбір ӛзгерістер еніп, ӛзгертілген. Онда
Қадан тайшы есімді кісінің ұрпағы, Тайжұт
руының басшысы Барғұнай қырылдақ жетім қал
-
ған
Шыңғыстан бӛлініп кетуші
рубасы [9, 53 б.].
Аңыздар, шежірелік деректер арқылы
қалыптасқан халықтың саяси танымында қайта
құрылып жатқан Қазақ ордасы –
бұрынғы Шың
-
ғыс
хан құрған кӛшпелі мемлекеттің қайта жаң
-
ғыруы. Сондықтан тарихи оқиғалар кӛне аңыздар
қайта жаңғырып, кӛмескеленген оқиғалар жаңа
мазмұнға ие болған. Осылайша халық аңызы
Шыңғыс хан туралы шежірелерде кең жырлана
-
тын Қоңқотан руынан шыққан жырау
-
жыршылар
(Чирқа мен Қоңқотан Менілік) бейнесін Қодан
тайшының бойына жинақтап, оны жаңа хандық
құрып жатқан Әз
-
Жәнібек
пен Керейдің (Шыңғыс
құрған хандықты қайта жаңғыртушылар) жаны
-
нан кӛруге ұмтылады. Осылайша Шыңғыс хан
мен оның замандастары туралы айтылатын кӛне
моңғолдық аңыздардың жұрнақтары Қазақ хан
-
дығының
құрылуына қатысты айтылатын аңызға
еніп, жаңа болып жатқан тарихи шындықты түрлі
бояулармен қанықтырған, ғылыми терминмен
айтсақ, интерпретацияланған. Оның үстіне Шә
-
кәрім «Шежіресіндегі» баяндаулар аңыздардың
халықтың білімі мен тарихи танымының терең
-
деуіне байланысты үнемі толықтырылып, жаңар
-
тылып отырғанына да жарқын бір мысал бола
алады.
Мақала Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гран
-
ты бойынша «Тобыл
-
Торғай ӛңірінің фольклоры»
атты ғылыми жоба аясында дайындалды.
Пайдаланған әдебиеттер
:
1. Дулати М. Х. Тарих
-
и Рашиди. Алматы:
М.Х.
Дулати қоғамдық қоры, 2003.–616 б.
2. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз
-
қазақ
һәм хандар шежіресі. А., 1991.
-
80 бет.
3. Мағауин М.Қобыз сарыны. ХҮ
-
ХҮІІІ ға
-
сырда жасаған қазақ ақын, жыраулары. –Алматы,
1968. -
15 4 бет.
4. Кӛпейұлы М.Ж. Қазақ шежіресі. –
Алма
-
ты: Жалын, 1993.
-
76 б.
5. Қазақстан тарихы туралы моңғол дерек
-
темелері. ІІ том. Лұбсанданзан. Ежелгі хандар
негізін салған тӛрелік жосығының туындыларын
құрастырып, түйіндеген Алтын тобчы
(Алтын түй
-
ін) демек
-
дүр. Алматы: Дайк
-
Пресс, 2005. 305 б.
6. Моңғолдың құпия шежіресі (ХІІ
-
ХІІ ға
-
сырлардағы кӛшпелілер шежіресі. Ауд.
-
М. Сұлта
-
нияұлы). Алматы: «Ӛнер», 1998.
-
222 бет.
7. Сыздықов Р., Қойгелдиев М. Қадырғали
би Қосымұлы және оның жылнамалары. А.,
1991.-
272 бет.
8.
Материалы по истории казахских ханств
ХҮ
-
ХҮІІІ веков(Извлечения из персидских и
тюркских сочинений). Алма
-
Ата, «Наука, 1969.
9. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы: Ана
тілі, 1992.
-
208 бет.
Авторлар туралы мәлімет
Алмасбек Әбсадықов
-
филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы Қос
-
танай мемлекеттік университетінің профессоры,
absalmas@mail.ru
, +7 702 917 24 47;