алмастыру
•
Басшы лауазымдардағы жергілікті персоналдың үлесі, %
62
•
Инженерлік-техникалық лауазымдардағы жергілікті персоналдың үлесі, %
86
•
Жұмысшы және қосалқы лауазымдардағы жергілікті персоналдың үлесі, %
99
«НКОК» компаниясы персоналының құрылымы, әйелдердің пайыздық үлесі
33
«НКОК» компаниясының қаржылық қолдауымен оқып жатқан Қазақстан
азаматтарының жиынтық саны, мың адам
15
ҚР пайдасына төленген Бонустар сомасы, млн. АҚШ доллары
1 085
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен қайырымдылыққа қосылған
жиынтық жалпы үлес, Атырау және Маңғыстау облыстарында, млн. АҚШ долл.
500
Жергілікті жабдықтаушыларға тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін
төленген жиынтық төлемдер
[7]
, млрд. АҚШ доллары
12,6
5 1 мегаватт-сағ (МВт-сағ) = 3,6 гигаджоуль (ГДж)
6 20 °С мен 1 атм. шамасындағы стандартты текше метр. Газды алауда жағу көлемдері туралы есептілік нысаны Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1104 қаулысымен бекітілген.
7 Жергілікті тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің анықтамасы ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайда-
лану туралы» заңында белгіленген Жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесінде берілген. НКОК пайдаланатын
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңындағы жергілікті қамту анықтамасына сілтемені
қараңыз.
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
10
4. ЕСЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
«НКОК» компаниясы қызметінің көрсеткіштері сипатталған есеп төмендегі суретте көрсетілгендей
тұрақты дамудың алты түрлі аспектісін қамтиды. Осылайша тарауларға бөлу біздің түсінігіміз бойынша
тұрақты даму тұжырымдамасының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді
біріктіретінін айғақтайды. Әрбір аспект үшін сипаттама беріліп, оларда мақсаттарға жету барысының
көрнекі бейнеленуі ретінде нақты жағдайлардың түсіндірмелері мен мезгіл-мезгіл жүргізілген
талдау нәтижелері көрсетілген. Қарастырылатын мәселелердің құрамы Мұнай өнеркәсібі өкілдерінің
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық қауымдастығының басшылыққа алынатын
нұсқауларында (2015 ж. 3-басылым) берілген есептілікке қатысты «жалпы» талаптар негізінде және
өзіміз орындаған мәселелердің маңыздылығын талдау нәтижелері негізінде анықталады. Анағұрлым
толығырақ мәліметтерді 42 «Есептер әзірлеу процесі» бетінен қараңыз.
Э
а
Э
-
-
а
а а
Та
а
а
а а а
-
а а
Т а
а
а
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
11
5. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЛА
5.1 Денсаулық пен еңбек қорғау
Денсаулық пен еңбек қорғау «НКОК» компаниясы үшін негізгі
құндылық болып табылады.
Біз келесі қағидаттарды басшылыққа аламыз: әрбір қызметкер үйіне,
отбасына және достарына ешбір жарақатсыз және жақсы денсаулық
жағдайында оралуға құқылы.
Саясат, жоспарлар және бағдарламалар
Қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағдарламасы.
Нысандар,
жабдықтар, жүйелер және стандарттар жұмыстарды жүргізу
кезінде өздіктерінен тұрақты қауіпсіздікке кепілдік бермейді.
«НКОК» компаниясының тиісті іс-қимылды басқаруды және
көрсетуді көздейтін қауіпсіздік мәдениетін құру, қалыптастыру
және жетілдіру жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиямыз «Қауіпсіздік
мәдениетін арттыру бағдарламасы» деп аталады. Қауіпсіздік мәдениетін арттыру стратегиясы «НКОК»
компаниясындағы және мердігерлеріміз арасындағы денсаулық пен еңбек қорғау мәдениетін
қолдауға және жетілдіруге бағытталған барлық іс-әрекеттерімізді біріктіреді. Осы іс-әрекеттеріміздің
бірқатары төменде сипатталған.
Алтын ережелер.
Денсаулық пен еңбек қорғау жөніндегі
он екі алтын ереже «НКОК» компаниясына еңбек ететін
барлық адамдарға, атап айтқанда тікелей қызметкерлеріне
де, мердігерлерінің персоналына да қолданылады. Алтын
ережелер туралы тұрақты түрде берілетін ақпарат «НКОК»
компаниясының өз қызметкерлеріне қамқорлық танытатынын
және НКОК-тың өндірістік алаңдарында еңбек қорғау
саласындағы қатерлерді басқару үшін хабардарлықты арттыру,
талаптарды белгілеу және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу
тәжірибесін енгізу бағытында белсенді шараларды қабылдап
жатқанын көрсетуге арналған. Алтын ережелерді білу,
қабылдау және сақтау жұмысқа қабылдаудың міндетті шарты
болып табылады.
Қызметкерлердің әрқайсысының Алтын ережелерді сақтау
жөніндегі міндеттемемен қатар өзі қауіпсіз емес деп
есептейтін кез келген жұмысты тоқтатуға құқығы бар. Осы
құқықтың негіздемесі – міндеттердің ешқайсысы да оны
қауіпсіз болмайтын түрде орындайтындай аса маңызды немесе
шұғыл болып табылмайды деген сенім.
Алғышарттарды талдау.
Жұмыс орнындағы барлық
оқиғалар мұқият тергеліп, алғышарттар анықталады және
кейін осындай оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін олар туралы жобаның барлық
қатысушыларына хабарланады. Денсаулық пен еңбек қорғау саласындағы көрсеткіштер дәстүрлі
түрде нақты көрсеткіштер (яғни жазатайым жағдайлар мен оқиғалардың жиілігі) негізінде бағаланған.
Бұл көрсеткіштер маңызды, алайда олар ден қою сипатында және есеп жүргізуді көздейді, ал есеп
жүргізудің өзі қауіпсіздік деңгейін арттыруға шамалы ғана ықпал етеді. «НКОК» компаниясы жоспарлы
көрсеткіштерді пайдалана отырып алдын алу тәсілдерін қолданатын жетекші компаниялардың бірі
болып табылады.
Қауіпсіз жұмыс жағдайын қалыптастыру – хабарлау (SAFE-R жүйесі).
Кез келген қызметкер араласу, яғни қауіпсіздік тұрғысынан алғанда
орынды немесе орынсыз әрекеттерді қадағалау қорытындылары
бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлауға құқылы. Бұл ретте
карталар қолданылатын ерекше жүйе пайдаланылады. Бұл шаралар
қауіпсіздік мәселелерінің тек салалық мамандарға ғана емес, әр
адамға қатысты екенін көрсетуге арналған және қауіпті әрекеттерді
немесе қауіпті әрекет етуге ықпал ететін жағдайларды жазатайым
оқиғаға соқтырғанға дейін анықтау және түзету дағдыларын игеруге
көмектеседі.
«НКОК» компаниясының Денсаулық,
еңбек және қоршаған ортаны
қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз
ету саласындағы жалпы саясаты
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
12
Алтын ережелердің көрнекі қолданылуын бақылау жүйесі (GRuVIS).
Мердігерлер мен басқа да
адамдар еңбек қорғау саласындағы Алтын ережелерді сақтау бойынша күтілетін негізгі нәтижелерден
асатын ынталары үшін ерекше көтермеленеді. Бұл бағдарлама атап айтқанда басшылықтың денсаулық
пен еңбек қорғау мақсатында көзделген бақылау және арашалау шараларын бағалау, персоналмен
денсаулық пен еңбек қорғау мәселелерін талқылау, сонымен қатар нақты жұмыс алаңындағы
денсаулық пен еңбек қорғау мәдениетінің деңгейі туралы түсінік алу үшін алаңдарға бару арқылы
бақылау процесіне тартылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жұмыс орнында нұсқама беру.
Қауіпті болуы ықтимал әрбір факторды қарау үшін қатерлерге тиісті
түрде және жеткілікті шамада талдау жүргізіледі, оның нәтижелері тапсырманы орындауға қатысатын
бүкіл персоналға кез келген жұмыс басталмастан бұрын хабарланады.
Сертификаттау және тексерулер.
Компанияның жүйелері мен процедураларының ең қатаң
халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатында «НКОК» компаниясы
OHSAS 18001 – «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелері» стандарты бойынша
сертификаттаудан өтті. Тәуелсіз сараптама «НКОК» компаниясынан стандарттарға сәйкестікті тұрақты
түрде растауды ғана емес, сонымен қатар басқару жүйелерін үнемі жақсартып отыруды талап етеді.
Персоналдың денсаулығы.
ДЕҚҚОҚ саласындағы жалпы саясат «НКОК» компаниясынан өз
персоналы арасында салауатты өмір салтын насихаттауды және өз қызметкерлерін жұмыс
орындарындағы денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлерден қорғауды талап етеді. Осы мақсатқа түрлі
процестер арқылы қол жеткізіледі. Денсаулыққа төнетін қауіп-қатерді бағалау (ДҚБ) өндірістік гигиена
жөніндегі мамандармен жұмыс орындарында ауыр, денсаулыққа қауіпті (физикалық, химиялық,
психологиялық және т.б.) факторларды анықтау үшін және сол қауіпті факторларды бақылау және
олардың әсерін азайту үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және тамақтандыруды ұйымдастыруға
қойылатын талаптарды дайындау, қысқы кезеңде және қоршаған ортаның жоғары температурасында
жүргізілетін жұмыстарға дайындық немесе жеке сақтандыру құралдарын (маскалар, қолғаптар
және т.б.) беру сияқты шараларды әзірлеу мақсатында орындалады. НКОК бүкіл тұрғындар үшін
медициналық қызмет көрсету стандарттарын тұрақты түрде арттыру мақсатында тек қана өндірістік
нысандарда ғана емес, сондай-ақ жергілікті облыстық ауруханамен ынтымақтастықта жедел
медициналық жағдайларды басқару үшін ондай жағдайларда әрекет етудің бірыңғай стратегиясын
енгізді. НКОК өз персоналы үшін жұмысқа жарамдылық / медициналық бақылау / науқастану
бойынша жұмыста болмау мәселелерін басқарудың сенімді процестерін қамтамасыз ету үшін
медициналық сақтандырушылармен жұмыс істейді. Бұған сондай-ақ кәсіби аурулар туралы есептілік
кіреді. Темекі тарту, алкогольдік ішімдіктер ішу және есірткі заттарын қолдану адам үшін ғана
қауіпті емес, сондай-ақ басқа персоналға әсер етуі мүмкін оқиғалардың орын алу ықтималдығын
жоғарылатады. Сондықтан біздің тәсіліміз темекі тартуға байланысты қатер деңгейін төмендетуді
және жұмыс орнында алкогольдік ішімдік ішуге және есірткі заттарын (немесе өнімділікке әсер етуге
қабілетті басқа кез келген заттектерді) қолдануға үзілді-кесілді тыйым салуды көздейді. Біз сонымен
бірге қызметкерлеріміздің спортпен шұғылдануын құптаймыз.
2015 жылғы оқиғалардың салдарынан тәжірибе алу.
2015 жылы қызметкерлерге ауыр зардаптар
тигізуі мүмкін немесе тигізген 4 оқиға орын алды. Осы оқиғалардың барлығы компанияның
оқиғаларды тергеу және есептілік жөніндегі процесін қолдана отырып және алғышарттарды анықтай
отырып тергелді. Оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін түзету іс-шаралары әзірленді.
D аралында жұмысшыларға жұмыс орнында нұсқама беру
Ғимараттағы ауа баптау жүйесін
тексеру
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
13
Оқиғалардың зардаптарын (салдарын) зерделеу нәтижелері компанияның барлық қызметкерлеріне
таратылды.
Үш оқиға персоналдың қауіпті аймақтарға кіруіне немесе қауіпті жағдайда жұмыс жүргізуіне
байланысты болды. Әріптестердің араласуы жұмысты дереу тоқтатып, қауіпті аймақтан кетуге және
анағұрлым қауіпсіз алаңға өтуге мүмкіндік берді. Жұмыстарды орындауға қатысқан персонал қауіпті
факторларды тиісті түрде бағалай алмады. Оқиғалардан алынған тәжірибе кез келген жұмысты
бастамас бұрын қауіп-қатерлерді мұқият бағалаудың маңыздылығын ескереді. Бұл мәліметтер барлық
қызметкерлерге таратылды.
Бір оқиға кеме мен баржаның түнгі уақытта тасымалдау кезінде соғысуына байланысты болды және
адамдардың жарақат алуына соқтырды. Жақын маңдағы кемелерді / баржаларды белгілеудің басқа да
құралдарының болғанына қарамастан, көрінім аясы шектеулі болды. Шектес аумақтағы түрлі кемелер
мен баржалардың навигация тәртібін жетілдіру қамтамасыз етілді. Сонымен бірге түнгі уақытта
тасымалдауға шектеулер енгізілді.
5.2 Технологиялық процестің қауіпсіздігі және активтердің тұтастығы
Технологиялық процестің қауіпсіздігіне байланысты І деңгейлі және ІІ деңгейлі оқиғалар API RP 754
салалық стандартта анықталған. Бұған егер оқиға қауіпсіздікке белгілі бір зардап келтірсе немесе
қызметкерлерге, мердігерлерге немесе тұрғындарға әсер етсе, кез келген материалдың, соның ішінде
уытты емес және жанғыш емес материалдардың (мысалы, будың, сығымдалған ауаның) бастапқы
герметикалылығынан айрылуы кіреді. Осы тарауда «НКОК» компаниясы осындай оқиғалардың
саны туралы мәліметтерді, соның ішінде оқиға сипатының, зардаптарының құрамын және жалпы
сипаттамасын және деректердің интерпретацияларын береді.
«НКОК» компаниясы
2015
жылы технологиялық процестің қауіпсіздігі тұрғысында І деңгейлі
0
оқиға
және ІІ деңгейлі
0
оқиға туралы баяндады.
5.3 Тұщы су
НКОК тұщы су қорларын барынша сақтау бойынша міндеттеме қабылдады.
Су ресурстары үшін қауіп-қатер.
«НКОК» компаниясының құрлықтағы жұмыстары WRI (World
Resources Institute) институтының «Акведакт» атты су қатерлері атласында (2014 ж.) мұнай
операцияларын жүргізу кезіндегі орташа деңгейден жоғары деңгейге дейінгі алаң деп белгіленген
алаңда жүргізілуде.
Көрсеткіштер.
«НКОК» компаниясының жұмыстары шеңберінде
2015
ж. тұтынылған тұщы судың
WRI (World Resources Institute) институтының «Акведакт» атты су қатерлері атласының суреті
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
14
жалпы көлемі
444
мың текше метр құрады. Тұщы судың
2015
жылы алынған жалпы көлемі
384
мың
текше метр құрады. Су негізінен Астрахань – Маңғыстау құбыр желісі арқылы Еділ өзенінен алынды.
Су «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында технологиялық қажеттіліктер үшін
және құрылыс жүргізетін вахталық кенттерде тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланылды. Теңіз
нысандарында да тұщы суға деген қажеттілік бар:
106
мың текше метр теңіз кешенінің су тұшыту
қондырғыларында өндірілді. Бұл көлем жергілікті су жинау бассейнінен немесе сулы беткейден
берілетін тұщы судың орнына пайдаланылды.
Келешекте «НКОК» компаниясы тұщы су қорларын сақтау жөніндегі көрсеткіштерді жақсартуға
арналған нұсқау ретінде су тұтыну қарқындылығы (өндірілетін өнім бірлігіне шаққандағы тұщы су
тұтыну көрсеткіші) туралы есеп ұсынуды жоспарлап отыр.
Саясат, жоспарлар және бағдарламалар.
Біз вахталық кентте және инженерлік қамсыздандыру
аймағында тұрмыстық қажеттілік үшін қолданылған суды тазартып, қондырғы аумағында суару
және шаң басу мақсатында пайдаланамыз. Осының арқасында осы мақсаттарға тұщы су алу көлемі
төмендейді.
«НКОК» компаниясы техникалық суды өңдеу көлемін арттыру мақсатында «Болашақ» мұнай мен
газды кешенді дайындау қондырғысында қосымша тазарту нысандарын орнату жөнінде ұсыныс
енгізді. Бірінші кезеңде су жылыту қазандарын шаятын суды қайта пайдалану су тұтынудың жалпы
көлемін 30%-ға азайтуды қамтамасыз ете алады. Келесі кезеңдерде лезде булану бағандарынан
шығатын суды қайта пайдалану Астрахань – Маңғыстау құбыр желісінен алынатын су көлемін 70%-ға
азайтуға мүмкіндік бере алады.
5.4 Парник газдардың эмиссиялары
«НКОК» компаниясы өндірістік шектеулерді және қауіпсіздік мәселелерін ескере отырып
парник газдардың көлемін ең төмен деңгейге дейін азайтуға міндеттеме қабылдады. Біз
осы мақсатқа жетудің анағұрлым тиімді тәсілі жоғары өндірістік сенімділік пен энергия
пайдалану тиімділігін үнемі арттыру үйлесімін көздейтініне сенімдіміз.
«НКОК» компаниясының операциялары нәтижесіндегі парник газдардың тікелей эмиссияларының
жалпы көлемі
2015
жылы CO
2
эквивалентіндегі
465,0
мың тоннасын, соның ішінде көмірқышқыл
газдың (CO
2
)
461,5
мың тоннасын, метанның (CH
4
) CO
2
эквивалентіндегі
1,0
мың тоннасын және
азот шала тотығының (N
2
O) CO
2
эквивалентіндегі
2,5
мың тоннасын құрады. Осы жалпы көлемге
жылжымалы және тұрақты көздердің шығарындылары кіреді.
«НКОК» компаниясының өндірістік операциялары электр энергиясымен, жылумен және бумен
жабдықтауға қатысты автономды орындалады. Жанама шығарындылар Баутин базасы және Атырау
оқу орталығы сияқты қосалқы нысандар үшін электр энергиясын сатып алу салдарынан болады.
«НКОК» компаниясының операциялары салдарынан парник газдардың жанама шығарындыларының
жалпы көлемі
2015
жылы CO
2
– эквивалентіндегі
10,1
мың тоннаны құрады. Бұл шығарындылардың
құрамы толықтай дерлік көмірқышқыл газынан тұрады.
Келешекте «НКОК» компаниясы парник газдардың эмиссияларын азайту жөніндегі тиімді қызметтің
растамасы ретінде парник газдардың эмиссияларының қарқындылығы (өндірілетін өнім бірлігіне
шаққандағы парник газдардың шығарындылары) туралы есеп ұсынуды жоспарлап отыр.
Басқа жанама шығарындыларды бағалауға қатысты бірқатар түрлі тәсілдемелер бар (3-көлем).
«НКОК» компаниясы мүдделі тараптарға осы «НКОК» компаниясының өндірістік-технологиялық
байланыстарынан болатын шығарындыларды оларға қолайлы әдісті қолдана отырып бағалауға
мүмкіндік беру үшін мұнай мен газ өндіру көлемдері бойынша есептер ұсынатын болады.
«Самал» вахталық кенті
«Самал» вахталық кентінің маңындағы қорғауға
арналған орман белдеуі
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
15
6. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ОҢТАЙЛЫ ПАЙДАЛАНУ
6.1 Саясат пен бағдарламалар
Саясат.
«НКОК» компаниясы Солтүстік Каспийдің бірегей сезімтал
қоршаған ортасын қорғауды ескере отырып жоспарланған және
жүзеге асырылып жатқан әлемдік деңгейдегі жобаны әзірлеуге
міндеттеме қабылдаған. Біз қызметімізді жауапкершілікпен,
Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық
ережелердің, стандарттардың және озық тәжірибелердің
талаптарын бұлжытпай сақтай отырып жүргізудеміз.
Біз қатерлерді басқарудыкөздейтін тәсілдеме қолданамыз.
Тұжырымдамалық деңгейде бұл тәсілдемеге кез келген қызметке
байланысты қатерлер мен болуы ықтимал зардаптарды анықтау және зерделеу; сол қатерді барынша
азайту немесе оның әсерін қолайлы деңгейге дейін төмендету шараларын қолдану; және үнемі
қатерлерді қайта тексеру және оларды бақылау шараларын жетілдіру кіреді.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау.
Өндірістік процестерге және нысандарды түрлендіруге
қатысты шешімдер қабылдау барысындағы негізгі басымдықтарымыздың бірі – сол процестер
мен өзгерістердің қоршаған ортаға әсері. «НКОК» компаниясы өз қызметінің әрбір аспектісі
үшін, соның ішінде теңіз және құрлық нысандары, кәсіпшілік құбыр желілері және құрлықтағы
экспорттық құбыр желілері үшін Қазақстан заңнамасына сай Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ)
құжаттарын әзірледі және оларды тұрақты түрде жаңартып отыр. ҚОӘБ құжаттары жұмыстар
жүргізу жоспарланып отырған алаңдағы экологиялық жүйенің
анықтамасы мен сипаттамасын, сонымен қатар қоршаған ортаға
әсерді барынша азайту жөніндегі оңтайлы шешімдерге қатысты
ұсыныстарды қамтиды. Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде
жүргізілген зерттеулер қазақстандық қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі сарапшы-кеңесшілердің қатысуымен орындалды және
олардың нәтижелері жергілікті халықтың назарына олардың
ұсыныс-пікірлерін білу үшін ұсынылды.
Аялық зерттеулер және мониторинг.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы маңызды әдіс – жоба
бойынша жұмыстар басталғанға дейін болған бастапқы жағдайларды (аялық жағдайларды) зерделеп,
кейін сол жағдайларға жоба аяқталғанға дейін тұрақты мониторинг жүргізу. «НКОК» компаниясы
өз қызметінің барлық салаларында сыртқы сарапшылар мен ұйымдардың қатысуымен осындай
зерттеулердің жүздегенін өткізді. Нақты зерттеулер төмендегі тиісті тарауларда берілген.
«НКОК» компаниясы экологиялық мониторинг бойынша қорытындылар туралы мәліметтерді түрлі
нысанда береді: Бастапқы тәуелсіз техникалық сараптамасы бар ғылыми жарияланымдар, есептілік,
қоғамдық тыңдау, ҚОӘБ, қоғамдық және салалық форумдардағы
презентациялар, «НКОК» компаниясының веб-сайты және БАҚ-
та жарияланатын мақалалар. Мысалы, 2015 жылғы тамызда
Каспий күні аясында «НКОК» компаниясы «Каспий теңізінің
солтүстік-шығыс бөлігінде мұнай кен орындарын игеру барысында
жүргізілген экологиялық мониторинг» атты кітаптың тұсаукесерін
«НКОК» компаниясы жұмыстың
штаттық режимінде алауда газ
жақпау саясатын ұстанады;
«Газды
алауда жағу»
тарауын қараңыз.
«НКОК» компаниясы Каспий теңізіне
«нөлдік төгінді» саясатын ұстанады;
«Қалдықтар»
тарауын қараңыз.
Құрлық кешеніндегі экологиялық мониторинг
Теңіз кешеніндегі экологиялық мониторинг
«НКОК» компаниясының Денсаулық,
еңбек және қоршаған ортаны
қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз
ету саласындағы жалпы саясаты
Каспий теңізінің солтүстік-шығыс
бөлігінде жүргізілген экологиялық
мониторинг нәтижелері (орыс
тілінде), 2015 ж. шыққан басылым
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
16
өткізіп, оны қатысушылар арасында таратты. Кітапта 1993-2006 жылдар аралығында жүргізілген
экологиялық мониторингінің жиынтық нәтижелері берілген.
«НКОК» компаниясы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісім талаптарына сай
экологиялық мониторингінің жинақталған деректерін қоршаған ортаны қорғау үшін жауапты
мемлекеттік органдарға тікелей ұсынады. Ол органдар халықты тиісті түрде ақпараттандыруды
қамтамасыз етеді. Мысалы, «Қазгидромет» РМК (ҚР Энергетика
министрлігі) экологиялық мониторинг департаменті қоршаған
ортаның күйі туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жыл
сайынғы есептерді жариялайды, олар қосымшалар түрінде
«НКОК» компаниясының «Болашақ» МГКДҚ және шектес аумақта
орналасқан ауа сапасын бақылайтын өндірістік стансаларынан
алынып, талданған деректерді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |