2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есеп


Экологиялық сезімталдық карталарын әзірлеу



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата04.02.2017
өлшемі5,64 Mb.
#3388
1   2   3   4   5   6   7

Экологиялық сезімталдық карталарын әзірлеу.

Жоба шеңберінде Каспий теңізінің қазақстандық

секторының экологиялық сезімталдық карталары әзірленді, оларда экологиялық тұрғыдан алғанда

өндірістік операциялар орындалатын алаңдармен шектесіп жатқан анағұрлым маңызды аумақтар

көрсетілген. Осы географиялық ақпарат жүйесі (ГАЖ) негізіндегі жергілікті жердің бедері, экожүйелер,

қорғалатын аймақтар және мекендеу орталары көрсетілген интерактивті карталар көп жылдар бойы

тұрақты түрде жүргізілген экологиялық мониторингінің деректері негізінде әзірленген, бұл ретте

зерттеулердің басым бөлігі алғашқы рет, осы жоба үшін арнайы жүргізілді. Сезімталдық карталары

біздің мұнай төгілімдерінің таралу траекториялары үлгілерімен бірге маңызды мекендеу орталарын

сақтау және қоршаған ортаға әсерді барынша азайту мақсатында мұнай төгілімдерін жоспарлау

кезінде басым бағыттарды белгілеуге көмектеседі. Карталарды сонымен қатар келешектегі игеру

сценарийлерін қарастыру үшін, мысалы жобаның жаңа кезеңдері үшін қоршаған ортаға әсерді

бағалау шеңберінде теңіз деңгейінің ұзақ мерзімді және орта мерзімді ауытқуын, теңіз жағалауы

бойындағы әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын және урбанизацияны, қамыс қопалары бар

алаңдарды су басуын және олардың өзгеруін талдау үшін пайдалануға болады. Карталар Ұлттық

географиялық институтпен бірге қазақстандық зерттеу орталықтарының ғылыми қолдауымен үнемі

жаңартылып отырады.

Жағдайды талдау: жағалық аймақтарды басқару

«НКОК» компаниясы өзінің сезімталдық карталарын пайдалануға қосымша осы карталарды «НКОК»

компаниясының өз қызметі шеңберінде жағалық аймақтарды басқарудың тиімділігін арттыру үшін Каспий

теңізінің қазақстандық секторына арналған Жағалық аймақтарды кешенді басқарудың негізгі жоспары

ретінде шығарды. Негізгі жоспар 16 жыл жүргізілген зерттеулер кезінде жиналған деректерді қамтиды,

жағалық аймақтарды басқарудың халықаралық озық тәжірибелеріне негізделген және оны биоәртүрлілікті

сақтау кезінде басшылыққа алынатын нұсқаулар ретінде пайдалануға болады. Осы бағыттағы күш-жігеріміз

БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы шеңберінде жоғары баға алды; онда: «өткен кезеңде

жиналған деректер мен ақпарат көлемі, осы ақпаратты талдау және ұйымдастыру және оны жоспарда

көрсету әдісі таңданарлық» деп атап көрсетілген.



Экологиялық сезімталдық карталары

«Қазгидрометтің» 2015 жыл 

бойынша есебі (орыс тілінде)


«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

17

Табиғат қорғау іс-шараларының жоспарлары. 

«НКОК» компаниясының қоршаған ортаны қорғау

жөніндегі іс-шаралары ҚР Үкіметі тарапынан жыл сайын мақұлдайтын Табиғат қорғау іс-шараларының

жоспарына сай жүзеге асырылуда. Жыл сайынғы табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларында

көзделген жобалардың түрлері мыналарды қамтиды: атмосфералық ауаны, суды, топырақты

және биоәртүрлілікті экологиялық зерттеу және оларға мониторинг жүргізу; қатты және сұйық

қалдықтармен жұмыс істеу; мұнай төгілімдерін жою; сейсмобарлау; ағаштар отырғызу; оқыту және

сапаны қамтамасыз ету. Осы шаралар қоршаған ортаны қорғау үшін жауапты түрле деңгейлердегі

мемлекеттік органдармен бірлесіп және сол органдардың

қадағалауымен қабылдануда. Келесі жылға арналған Табиғат

қорғау іс-шараларының жоспары Қазақстанның заңнамасына сай

қоғамдық тыңдауда жұртшылықтың назарына ұсынылып, жергілікті

халықтың ұсыныс-пікірлері алынды.

6.2  Биоәртүрлілік және экожүйелердің 

қызметтері

Әлемдегі ең ірі ішкі су қоймасы болып табылатын Каспий теңізі

ежелде әлемдік мұхиттармен байланыста болған. Оның соңғы

мыңдаған жылдар ішінде оқшаулануы тек осы су қоймасында ғана

мекендейтін сирек кездесетін және эндемик түрлердің пайыздық

үлесі жоғары экологиялық жүйенің қалыптасуына себеп болды.

Қазақстанның Қызыл кітабына (сирек кездесетін және жойылып

бара жатқан жануарлар түрлерінің тізбесіне) жануарлардың

Каспий өңіріне ғана тән 194 түрі енгізілген. Осы өңірдегі бірегей

биоәртүрлілікті қорғау және сақтау тұрақты даму шеңберіндегі

басты мақсаттардың құрамына кіреді.

Саясат, жоспарлар және бағдарламалар.

Жануарлардың таралуы,

популяцияларының динамикасы және түрлерді сақтау жөніндегі

басымдықты шаралар туралы анағұрлым толық мағлұмат алу үшін

теңіз және әуе кемелерін тарта отырып, теңізде және құрлықта 100-

ден астам экологиялық зерттеулер мен жануарлар әлемін зерттеу

жұмыстары жүргізілді.

Оператор өз қызметін бастаған кезден бері биоәртүрлілікті сақтау

және экожүйелерді басқару жөніндегі шаралар жоспарларын

жүзеге асыруда жетекші рөл атқара отырып, Каспийдің экологиялық

жүйесінің тұтастығын сақтауға және Жайық өзенінің атырабы мен

оған шектес батпақты учаскелерді қорғалатын аймақтар құрамына

енгізуге ықпал етуде. Бүйір жақтағы бағанды қараңыз.

Жоба бойынша жұмыстар басталған 1993 жылдан бастап арнайы

Биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі шаралар жоспарлары және

Жануарлар әлемін қорғау стратегиялары әзірленді. Олар құрлық

және теңіз нысандарында қоршаған ортаның ерекшеліктерін ескере

отырып дайындалды және осы нысандарды жобалау мен салудың

барлық кезеңдерінде жүзеге асырылды. Негізгі түрлерге арналған

кейбір бағдарламалар төменде анағұрлым толығырақ сипатталған.



Каспий итбалығы

Каспий итбалығының саны өткен ғасыр бойына бірқатар табиғи

және антропогендік / техногендік (яғни адам қызметіне байланысты)

қатерлер салдарынан азайып келді. Аталған қауіп-қатерлерге

түрлі аурулар, итбалықтардың күшіктеуіне байланысты мәселелер,

қоректену тізбегінің өзгеруі, мұз қату процесінің өзгеруі, сондай-ақ

балық аулау кәсіпшілігі, аңшылық, итбалықтардың құрылған ауларға

түсіп өлуі және кеме қозғалыстарының әсері жатады.

Бүкіл әлем бойынша теңіз сүтқоректілері сияқты жағажайларда

және жағалық сызық бойында мезгіл-мезгіл көптеген өлі жануарлар

табылып жүрді. Каспий итбалығына байланысты осындай соңғы

оқиға он жылдан астам уақыт бұрын болды. Болған оқиғаның

себептеріне қатысты ақтық қорытынды ақыры жасалған жоқ, бірақ

қазіргі жағдайда аяқталған

зерттеулердің қорытындылары

бойынша


Қорғалатын табиғи аумақтар

1974 жылы Солтүстік Каспий мен

Жайық өзенінің атырабы алғашқы

рет қорғалатын аймақтар деп

жарияланды.

1993 жылы Үкімет осы алаңда

Солтүстік Каспий жобасы

шеңберінде көмірсутегі шикізатын

барлау және игеру жұмысын

бастауға рұқсат берді, бұл

ретте қызметті қазақстандық

ғалымдар мен мамандардан

тұратын топ әзірлеген арнайы

экологиялық талаптарға сай

жүргізу шарты қойылды. Осы

арнайы талаптарға сай Солтүстік

Каспий жағалауының бойындағы

анағұрлым сезімтал және

маңызды экологиялық жүйелер

мен мекендеу орталарында жаңа

қорғалатын аймақтар белгіленді.

Сондай-ақ балықтардың кәсіпшілік

түрлерінің, сонымен қатар құстар

мен итбалықтардың кедергісіз

қозғалуын, қоректенуін және

көбеюін қамтамасыз ету үшін

белгілі бір маусымдық шектеулер

қойылды.

2007 жылы «Ақ Жайық» мемле-

кеттік қорық аймағының құрамына

Жайық өзені атырабындағы 111 500

гектарға жуық батпақты учаскелері

кірді. 2009 жылдың сәуір айында

БҰҰ Рамсар конвенциясы аясында

осы учаскелерге халықаралық

маңызы бар батпақты учаскелер

статусы берілді.

2012 жылы «Эни» компаниясының

(НКОК акционері) қоғамдық-жеке

меншік бастамасы нәтижесінде «Ақ

Жайық» мемлекеттік қорық аймағы

ЮНЕСКО биосфералық қорығы деп

жарияланды.

2016 жылға арналған Табиғат 

қорғау іс-шараларының жоспары 

(ағылшын тілінде)

«НКОК» компаниясының 2011 жылғы 

биоәртүрлілік жөніндегі кітапшасы



«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

18

негізгі себеп мұнай операциялары

емес, ауру болуы әбден мүмкін.

2008 жылы Табиғат пен табиғи

ресурстарды қорғау жөніндегі

халықаралық одақ каспий итбалығын

«әлсіз түр» санатынан «жойылу қаупі

төнген түр» санатына ауыстырды

және жойылып кету қаупі төнген

жануарлар түрлерінің Қызыл

кітабына енгізді.

Солтүстік Каспий жобасының 

қатысушылары бастапқы 

ғылыми зерттеулерді бастау 

және қаржыландыру жөніндегі 

бастаманы өз мойындарына 

алды. Осы зерттеу жұмыстары 

каспий итбалығы туралы 

білімімізді кеңейтуге және оны 

қорғауға арналған стратегия 

әзірлеуге тұрақты үлес қосты.

2005 жылдан бастап біз

итбалықтардың санын тіркеу

мақсатында қысқы аэротүсірілімдер

жасау үшін, сонымен қатар

итбалықтар мекендейтін орындарға

жақын жұмыс істейтін мұзжарғыш

кемелердің борттарында

қадағалаушы ретінде тәуелсіз

халықаралық және жергілікті

сарапшыларды тартып отырмыз.

2005-2014 жылдары Оператор

Лидс қаласының (Ұлыбритания)

университетінде орналасқан Каспий

итбалығы жөніндегі халықаралық

зерттеулер ұйымымен (CISS) қарым-

қатынас жасаған. CISS Каспий өңірінің

барлық мемлекеттерінің үкіметтері

қабылдаған Каспий экологиялық

бағдарламасы (КаспЭко) шеңберінде

Каспий итбалығының популяциясын

сақтау жөніндегі шаралар жоспарын

әзірлеуде негізгі рөл атқарды және

итбалықтар мекендейтін қорғалатын

аймақтардың желісін белгілеу

жөніндегі ұсыныстарды беруге

жетекшілік етті. CISS тұрақты түрде

Табиғат пен табиғи ресурстарды

қорғау жөніндегі халықаралық

одаққа каспий итбалығы бойынша

есеп беріп тұрады. Оператор

итбалықтарды қадағалау және

зерттеу бойынша ұйымдастырған

жұмыстардың нәтижесінде CISS

құрамындағы ғалымдар халықаралық

ғылыми басылымдарда бірқатар

зерттеу мақалаларын жариялады, бұл

ретте ондай жарияланымдарға алдын

ала тәуелсіз техникалық сараптама

жүргізілді.



Каспий итбалығына тиетін әсерді төмендету шаралары  

•  Маусым басталар алдында барлық кемелердің капитандарына

итбалықтармен соғысуға жол бермеу стратегиясы туралы

ақпарат беріледі; кемелердің экипаждары үшін итбалықтармен

соғысудың алдын алу жөніндегі семинарлар өткізіледі.

•  Мұзжарғыш кемелердің борттарында итбалықтарды қадағалау

бойынша арнайы оқудан өткен қадағалаушылар жұмыс істейді,

олар жануарларды анықтау және қадағалауларды тіркеу үшін

бинокльдер мен жылу көргіш құрылғыларды (тепловизор)

пайдаланады (түнгі уақытта немесе тұман түскен кезде).

•  Егер итбалықтар үшін қауіп-қатер пайда болса, қадағалаушылар

олармен соғысудың алдын алу үшін капитандарға көмек

көрсетеді және кемелер итбалықтарға жақын өткен кезде

итбалықтарды алаңдату жағдайларын барынша азайту жөнінде

ұсыныстар береді.

•  Жетекші мұзжарғыштың алдына баржа орнатып, оны буксирлеу

орындалмайды.

•  Қадағалаушылар тобы мұз жағдайлары және итбалықтардың

шоғырлануы туралы мәліметтерді Баутиндегі құрлық базасында

рейстерді жоспарлау тиімділігін арттыру үшін жұмыс істейтін

Мұз жағдайларында кемелерді алып жүру жұмыстарын

жоспарлау жөніндегі маманға жолдайды.



Итбалықты зерттеу жұмыстары нені айғақтайды?

Зерттеулер итбалықтардың көбеюі мен күшіктеу орындарының

орналасқан орындарының түрлі жылдары ең бастысы мұз

жағдайлары мен теңіз деңгейінің өзгеруі салдарынан біршама

ерекшеленетінін көрсетті; зерттеулер жүргізілген кезеңде қандай да

бір айқын тенденциялар анықталған жоқ.

Итбалықтардың саны, күшіктерінің таралуы, итбалықтардың

кемелерге соғысуының тіркелген оқиғалары туралы анағұрлым

толығырақ деректерді «НКОК» компаниясының

биоәртүрлілік

жөніндегі кітапшасынан

және


каспий итбалығы жөніндегі

халықаралық зерттеулерден

қараңыз.

Қадағалаушылардың есептері итбалықтардың мұзжарғыш кеме-

лермен соғысу оқиғаларының сирек болатынын немесе мүлдем

болмайтынын айғақтайды. Салыстыратын болсақ,

каспий итбалығы

жөніндегі халықаралық зерттеулердің деректері

бойынша балық

аулайтын ауларға түсіп қалу және браконьерлік әрекеттер

нәтижесінде жыл сайын өлетін итбалықтар саны бірнеше мыңнан

ондаған мыңға дейін жетсе, лицензияланған кәсіпшілік оған

қосымша ондаған итбалықтан мыңдаған итбалықтың өліміне

соқтырады.

Кейбір қорытындылар Каспий теңізінің ресейлік секторы бойынша

деректердің қолжетімсіздігі салдарынан шектеулі. Алайда зерттеу

жұмыстарының көлемін шектеу ықтималдығына қарамастан, бұл

фактор Қазақстанның аумақтық су айдынында итбалықтарды

қадағалау және кемелеріміздің навигациясы салдарынан итбалық 

тарға тиетін әсерді азайту жөніндегі жұмыстарымызға кедергі

келтірмейді. Қажет болған жағдайда «НКОК» компаниясы спутник-

тердің деректерін ала алады, сонымен қатар ол нәтижелерді

салыстырып, айырмашылықтарды анықтау үшін ресейлік

зерттеушілермен байланыс жасап тұрады.



Каспий итбалығы бойынша жарияланған зерттеулер

Жақында өткізілген зерттеулер (соның ішінде НКОК ұйымдас-

тырған бірқатар зерттеулер) туралы толығырақ анықтамалық

ақпаратты осы құжаттың 44-бетінде қараңыз.



«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

19

Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру жөніндегі ұзақ мерзімді

жоспарларымызға сай бұл жұмыстарды қазіргі уақытта қазақстандық және ресейлік ғылыми-зерттеу

институттарының бақылауымен қазақстандық консультанттар орындауда, сонымен қатар бұл жұмысқа

соңғы он жыл ішінде итбалықтарға зерттеулер жүргізу тәжірибелері бар мамандар тартылған.

Популяцияларға қыс мезгілінде зерттеулер жүргізу кезінде ұшақтар мен тікұшақтар пайдаланылды;

олардың көмегімен қаңтар айының аяғынан бастап күшіктеу кезеңі аяқталғанға дейін мұзжарғыш

кемелердің қозғалу маршруты бойымен түсірілімдер жасалды.

«НКОК» компаниясының мұзжарғыш кемелерінде теңіз сүтқоректілерін қорғау саласындағы ғылыми

ұсынымдар мен халықаралық озық тәжірибелерге негізделген әсерді төмендету шаралары көзделген.



Ихтиофауна. 

Қазіргі уақытта Каспий теңізін мекендейтін бекіре тұқымдас балық түрлерінің барлығын

Табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақ «жойылу қаупі төнген түр»

санатына жатқызды. Бұл ретте шамадан тыс және заңсыз аулау, сонымен қатар өзендерде дамбалар

салу бекіре балықтарының популяцияларына өзге өнеркәсіптік жұмыстарға қарағанда анағұрлым

ауыр әсер еткен деген пікір бар.



Солтүстік Каспийдегі теңіз зерттеулері (2008 ж.)

2008 жылы беделді қазақстандық зерттеу орталықтары мен мемлекеттік органдардың тобы Білім және

ғылым министрлігінің жетекшілік етуімен Солтүстік Каспий жобасы үшін теңіз зерттеуін әзірледі. Зерттеу

Каспий теңізінің осы бөлігінде он жылдан астам кезең бойына (1994-2006 жж.) жүргізілген ғылыми

зерттеулер мен теңіз экспедициялары нәтижелерінің талдауын қамтиды. Зерттеу қорытындылары бойынша

операцияларды орындау, соның ішінде жасанды аралдар құрылысы салдарынан теңіз ортасына тиген әсер

шамалы және қысқа мерзімді болды деген тұжырым жасалды.

Мамандардың пайымдауынша, жоба шеңберінде салынған және Жайық өзенінің атырабынан шамамен

70 км қашықтықта орналасқан жасанды аралдардың көлемі балықтардың миграция жолдарына елеулі әсер

ететіндей үлкен емес. Бұл тұжырым кең ауқымды ихтиологиялық зерттеулердің деректеріне сәйкес келеді.

Мониторинг нәтижелері де сейсмобарлау жұмыстарының қысқа мерзімді әсері балық түрлерінің құрамына

немесе санына елеулі әсер тигізбегенін көрсетті. Ауданы 100 000 км

2

аумақта жүргізілген осы зерттеулер сол



кезде бүкіл әлем бойынша орындалған ең ірі екі өлшемді теңіз геофизикалық зерттеулер болды.

Жасанды аралдар арасындағы қысқы кезеңдегі навигациялық маршруттар

«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

20

Зерттеу жұмыстарына және алдыңғы жылдары бірқатар жетілдіру жобалары үшін орындалған

бағдарламаларды ерікті түрде қаржыландыруға қосымша «НКОК» компаниясы өтемақы төлеу

жөніндегі міндеттемелері шеңберінде Жайық өзеніндегі балық өсіру зауыттарына елеулі қаражат

бөлетін болады, осының арқасында кейінгі жылдарда бекіре тұқымдас балықтардың популяциясы 600

мыңнан астам шабақпен толығатын болады.



Киік.

«НКОК» компаниясы Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығымен және басқа да

үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, киіктің шағын популяциясына ен салу және мониторинг

жүргізу жөніндегі 2014 жылы басталған бағдарламаның жүзеге асырылуын жалғастыруда.



Орнитофауна.

Жағалық батпақты учаскелерде бірқатар су мен су маңы құстары, соның ішінде

Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлері мекендейді, ал Каспий теңізі су құстарының Азиядан

Сібірге көшетін ең ірі маршруты болып табылады.

«НКОК» компаниясы су құстарының қыстаулары мен ұя салуын және күзгі-көктемгі көшуін қадағалау

үшін әр маусымда зерттеулер жүргізеді.

Құстарға әсер етудің алдын алу үшін бірқатар шаралар қолданылуда.

•  Жобалық нысандарда жоғары вольтті электр беру желілері қазіргі кезде құстарды электр тогына

тартылудан қорғау үшін арнайы оқшауланған кәбілдерді, аспалы оқшаулауыштар мен пластик

конустарды қолдана отырып тартылуда.

•  Құстардың ұя салатын колонияларына мониторинг адамның болуы салдарынан құстарды

шамадан тыс алаңдатпау үшін тікұшақтан жүргізіледі.

•  Миграция кезеңдерінде, түнгі уақытта және қатты жел тұрғанда және көрінім нашар болған кезде

бұрғылау аралдарында және «Болашақ» МГКДҚ-сында құстарды бағыттарынан жаңылыстыруы

мүмкін қатты жарық беру көздері пайдаланылмайды.

•  Ақтоты және Қайраң кен орындарындағы жасанды аралдар жас құстардың суға түсуіне жол

бермеу үшін периметр бойынша сымдармен қоршалған.

6.3  Су қоймаларына төгінділер

«НКОК» компаниясы өнеркәсіптік процестер барысында түзілетін тазартылған сарқынды суды,

сонымен қатар шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суды кейін беткі су қоймаларына су жібермейтін

шегенделген булану тоғандарына төгеді.

Тазартылған кәріздік сарқынды сумен және техникалық сумен бірге булану тоғандарына төгілетін

көмірсутегі шикізатының жалпы көлемі



2015

жылы бар болғаны



0,1-ге жетпейтін тонна

құрады.


«НКОК» компаниясы шегенделген булану тоғандарын су айдауға қолайлы геологиялық қабаттар жоқ

жағдайда тазартылған техникалық сумен жұмыс істеудің анағұрлым қауіпсіз әдісі ретінде пайдаланады.

Сарқынды су негізінен «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында төменде

көрсетілген өнеркәсіптік процестер барысында түзіледі.

•  Күкіртсутегіні қарапайым күкірт түрінде өңдеу. Бұл судың құрамында күкірт және басқа да

заттардың қалдықтары болуы мүмкін. Суды тазарту ұшпа компоненттердің (мысалы, күкіртсутегі,

меркаптандар) басым бөлігін жою (мөлшерін 400 есе азайту) үшін күкіртті газды булау

бағанасында жүргізіледі.

•  Қойнауқаттық су, яғни өндірілген мұнайдан бөлінген су. Бұл судың құрамында көмірсутегі

шикізатының қалдықтары болуы мүмкін. Оны тазарту деэмульгаторлар, гироциклонда

сепарациялау, флотация және мұнай жинау құрылғылары көмегімен орындалады, бұл су

құрамындағы мұнай мөлшерін шамамен 40 есе азайтуға мүмкіндік береді.



Киік

Сұр құтан

«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

21

2015 жылы «НКОК» компаниясы ҚР табиғат қорғау саласындағы талаптарына сай булану тоғандарына

шекті рауалы төгінділер бойынша барлық рұқсаттарды алды.

6.4  Атмосфераға тарайтын парник газдар жоқ шығарындылар

«НКОК» компаниясының барлық операциялары бойынша



2015

жылы атмосфераға тараған

шығарындылардың жалпы көлемі төмендегідей болды:

ұшпа органикалық қосылыстар (ҰОҚ)



395

тонна;


күкірт оксиді (SO

)



131

тонна;


азот оксидтері (N

2

O-дан басқа NO



)

943

тонна.

Жоба бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған соңғы Қоршаған



ортаға әсерді бағалауда (2013 ж.) «Болашақ» МГКДҚ айналасындағы санитарлық қорғау аймағынан

тыс аумақта атмосфераға тарайтын шығарындылар жел және ауа райы жағдайларына қатысты

болжамдарға қарамастан шекті рауалы концентрациялардан аспауы тиіс деп көрсетілген.

Дәл осылайша Қазақ ұлттық медициналық университетімен 2013

жылы орындалған скрининг қорытындылары бойынша «Болашақ»

МГКДҚ-сынан атмосфераға тарайтын шығарындылар жақын

маңдағы елді мекендердің және олардан алысырақ орналасқан

Атырау қаласының тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірмейді,

өйткені жағымсыз әсердің қатері белгіленген төмен деңгейден

әлдеқайда төмен деген тұжырым жасалған.



Қала шегінде орналасқан ауа сапасын бақылау 

стансасы

Қошанай алаңындағы қалдықтар өңдеу нысаны 

аумағындағы булану тоғандары

«Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы

Қазақ ұлттық медициналық универ- 

ситеті 2013 ж. орындаған «Болашақ» 

МГКДҚ-сынан атмосфераға тарайтын 

шығарындыларды зерттеу (орыс 

тілінде)


«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі

22

Мониторинг. 

Атырау облысында ауа сапасына бақылау жүргізетін заманауи жиырма станса

атмосфералық ауа құрамындағы түрлі қосылыстардың мөлшерін өлшеу және метеорологиялық

деректер жинау жұмыстарын жүргізуде.

Тәулік бойы жұмыс істейтін төрт станса «Болашақ» МГКДҚ санитарлық қорғау аймағының периметрі

бойынша орналасқан; оларға қосымша жақын маңдағы аудандарда, соның ішінде Доссор мен

Мақатта 7 станса бар; тоғыз станса Атырау қаласының өзінде орналасқан.

Мемлекеттік метеорологиялық кәсіпорын («Қазгидромет») атмосфералық ауа сапасы туралы

деректерге мониторинг жүргізеді және ай сайын өзінің

веб-сайтында

«НКОК» компаниясының

тарапынан (CO, SO

, H


2

S, NO және NO

2

бойынша) жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша



жиынтық деректерді жариялайды.

2015 жылы «НКОК» компаниясы теңіздегі байқау режимінде тәулік бойы пайдаланылған D аралында

су сапасын/ауа сапасын бақылау стансасын сынақтан ойдағыдай өткізді. Қазіргі уақытта нәтижелерге

талдау жүргізіліп, болуы ықтимал келесі кезеңдер қаралуда.



6.5  Мұнайдың қоршаған ортаға төгілуі 

Көрсеткіштер

«НКОК» компаниясының операциялары нәтижесінде




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет