35
Атырау оқу орталығында («НКОК» компаниясының оқу
бағдарламалары жүзеге асырылатын арнайы ғимарат)
11 дәрісхана, электр жабдықтары, механикалық
жабдықтар және БӨАжА шеберханалары, сонымен
қатар кітапхана, лекция өткізетін зал және экологиялық
мониторинг жүргізу мен бұрғылау езіндісін талдауға
арналған химиялық зертхана бар.
1998 жылдан бері осы орталықта шамамен
15 000
Қазақстан азаматы НКОК қызметкерлері немесе
НКОК көмек көрсететін жергілікті компаниялардың
қызметкерлері ретінде оқудан өтті.
Жиырма жыл ішінде Оператор Солтүстік Каспий
жобасын жүзеге асыру үшін жергілікті мүмкіндіктер
жасау мақсатында жалпы алғанда шамамен
250 млн.
АҚШ долларын
қызметкерлердің біліктілігін арттыруға
және кәсіби оқытуға жұмсады.
9.7
Шетелдік мамандарды
қазақстандық кадрлармен алмастыру
СКӨБК-нің XXVII бабында Мұнай Операцияларын
орындауға тартылған қазақстандық персонал саны
бойынша жалпы мақсатты көрсеткіштер белгіленген.
2015
жылы Қашаған кен орнын игерудің І кезеңі
жобасының шеңберінде осы мақсатты көрсеткіштер
бойынша жұмыс қазірдің өзінде асыра орындалды:
басшы лауазымдардың
62%
жергілікті персоналдан
тұрады (ӨБК талаптарына сай 20%);
инженерлік-техникалық лауазымдардың, әкімшілік
лауазымдардың және білікті мамандар атқаратын
лауазымдардың
86%
жергілікті персоналдан тұрады
(ӨБК талаптарына сай 35%);
жұмысшы және көмекші лауазымдардың
99%
жергілікті
персоналдан тұрады (ӨБК талаптарына сай 95%).
2015 жылдың аяғына қараған шақта Солтүстік Каспий
жобасына тартылған
16 000-нан астам адамның
88%
Қазақстан азаматтары болып табылады, соның
ішінде «НКОК » компаниясының
үш мыңнан астам
қызметкерінің 86%-ын
қазақстандықтар құрайды.
«НКОК» компаниясы ұсынатын оқу
бағдарламаларының түрлері:
• бастапқы деңгейден бастап ілгері деңгейге
дейінгі тіл үйрену курстары;
• біліктілікті арттыру: қызметкерлердің
оқу аяқталғаннан кейін кем дегенде 3
жыл «НКОК» компаниясында еңбек ету
міндеттемесін қабылдап ғылыми дәреже
алу үшін ақылы оқулары немесе басқа
түрде біліктілік арттырулары;
• машықтандыру: оқу орындарының
соңғы курстарында оқитын қазақстандық
студенттер үшін жазғы кезеңде ақысыз
жұмыс істеп, «НКОК» компаниясының
тәлімгері жетекшілігімен практикалық
тапсырмаларды орындауға мүмкіндік
беру; бұл оларға НКОК туралы жаңа
білім алуға мүмкіндік берсе, «НКОК»
компаниясына өзінің келешектегі әлеуетті
қызметкерлерімен танысуға мүмкіндік
береді;
• жас мамандарды оқыту: «НКОК»
компаниясына жаңадан қабылданған
жоғары оқу орындарының тәлімгерлеріне
тәлімгердің жетекшілігімен дамуға және
қызмет бабында өсуді жоспарлауға
мүмкіндік беру;
• жетекшілік ету дағдыларын қалыптастыру:
«НКОК» компаниясының келешекте
басшы лауазымдарында еңбек ететін
қызметкерлерінен күтілетін негізгі мінез-
құлық дағдыларын қалыптастыру, соның
ішінде басқа қызметкерлерге тәлімгер болу
қабілеттерін дамыту.
«НКОК» компаниясы ӨБК талаптарының
орындалуы мақсатында белгілі бір оқыту
түрлерін ұсынады:
• мұнай-газ саласына байланысты
мамандықтар бойынша оқитын және
компания қызметкерлері болып
табылмайтын жергілікті студенттер
арасында университет стипендияларын алу
бойынша конкурстар бағдарламасы (1998
жылдан бері 2118 стипендия бөлінді);
• Қазақстан Республикасы бақылаушы
органдарының қызметкерлеріне мұнай-газ
операцияларының белгілі бір аспектілері
бойынша логистиканы жоспарлау,
экономикалық талдау жасау, мұнай
өнімдеріне есеп жүргізу, келісімшарттарға
әкімшілік ету және т.б. сияқты лауазымдық
міндеттерін орындауға көмек беретін
курстар;
• жаңа технологиялар беру, мысалы,
Қазақстан Республикасының сұратуы
бойынша техникалық әдебиет, кәсіби
жарияланымдар, материалдар және басқа
да жабдықтар ұсыну және сатып алу.
Managerial staff
Technical and
engineering
employees,
administrative staff,
and qualified
specialists
Workers and
supporting
personnel
20%
35%
95%
62%
86%
99%
PSA requirement
Actual
Басшы
лауазымдағы
қызметкерлер
Инженерлік-
техникалық
және әкімшілік
қызметкерлер, білікті
мамандар
Жұмысшылар және
көмекші қызметкерлер
Нақты көрсеткіш
ӨБК талабы
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
36
9.8
Іскерлік әдеп
Негіз қалаушы қағидат ретінде біз қызметіміздің барлық
аспектілерінде адалдық, ақ ниеттілік және әділдік
қағидаттарын қолданамыз және серіктестерімізден де осы
қағидаттарды қолдануды талап етеміз.
Хабардарлық.
«НКОК» қызметінің жалпы қағидаттары қызметіміздің
барлық салаларына қатысты қолданылады және «НКОК»
компаниясының әрбір қызметкерінің, соның ішінде тікелей еңбек
шарты бойынша еңбек ететін қазақстандық персоналдың, уақытша қызметке тағайындалған
қызметкерлердің және мердігерлер персоналының мінез-құлқына қойылатын талаптардың
сипаттамасын қамтиды. Оның үстіне «НКОК» компаниясының барлық қызметкерлерінен негізгі
құндылықтарымызға сәйкес қызметіміздің Жалпы қағидаттарын қолдануға қатысты нұсқаулар берілген
Іскерлік әдеп кодексінің талаптарын сақтау талап етіледі. Онда заңнама талаптары мен ережелерді
сақтау және тапсырыс берушілермен, жергілікті халықпен және әріптестермен қарым-қатынас жасау
бойынша практикалық нұсқаулар берілген. Талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін персонал
арасында ақпарат алмасу бағдарламасы және мониторинг бағдарламасы әзірленген және енгізілген.
Жабдықтаушылар.
Мердігерлер мен жабдықтаушылар өздерінің келісімшарттық міндеттемелеріне
сәйкес бізбен бірге орындайтын жұмыстарының барлық салаларында қызметіміздің Жалпы
қағидаттарын және Іскерлік әдеп кодексімізді сақтаулары қажет. Келісімшарттарға қол қою алдында
«НКОК» компаниясымен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірген барлық тараптардың тәуелсіз кешенді
аудиті жүзеге асырылады. Содан кейін қатерлерге жүргізілетін бастапқы талдаудың нәтижелері
бойынша кейбір компанияларға міндетті түрде оқудан өту туралы сұрату жолдануы мүмкін немесе
олардың қызмет жүргізу тәжірибелерінің біз күткен болжамдарға сәйкес болуы мақсатында
келісімшарттың ерекше талаптары белгіленуі мүмкін.
Болжамды бұзушылықтар.
«НКОК» компаниясында ешбір адам персоналдан заң бұзатын немесе
қағидаттарымызға қайшы келетін іс-әрекеттерді орындауды талап ете алмайды. Егер қызметкер ондай
әрекетке немесе нұсқауға тап болса, ол тергеу жүргізу және қажет болуы мүмкін шараларды қолдану
үшін құпия түрде сол жағдай туралы супервайзеріне және (немесе) «НКОК» компаниясындағы іскерлік
әдеп және нормаларға сәйкестік жөніндегі маманға хабарлауға құқылы.
«НКОК» компаниясының персоналы, жабдықтаушылары, мердігерлері немесе басқа да кез келген
тараптар өздерінің алаңдаушылықтары немесе құндылықтарымыз бен қағидаттарымызға сәйкес
келмеуі мүмкін жағдайлар туралы (соның ішінде құпия түрде) «НКОК» компаниясындағы іскерлік әдеп
және нормаларға сәйкестік жөніндегі маманға хабарлай алады. Бұндай хабарламалардың мазмұны
құпия сақталады. Іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік жөніндегі маманы мәлімдемені қарайды
және көрсетілген жайттар расталған жағдайда компанияның басшылығы анықталған мән-жайларға
сәйкес тиісті шаралар қабылдайды. «НКОК» компаниясы Қызметіміздің жалпы қағидаттарының,
Іскерлік әдеп кодексінің немесе Парақорлықпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі басшылықтың
не болмаса қолданылатын заңнама талаптарының бұзылуы мүмкін оқиғалар туралы хабарлаған
адамдарға қатысты қандай да бір шара қолдануға жол бермейді.
9.9 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
«НКОК» компаниясы қызметіміздің нақты Жалпы қағидаттарын басшылыққа алады:
кез келген нысанда, тікелей немесе жанама түрде пара ұсынуға, төлеуге, бопсалауға
немесе қабылдауға жол берілмейді.
НКОК басшылығы мен персоналы іскерлік этика және нормаларға сәйкестік жөніндегі топ ұйымдастырған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы кездесуде
«НКОК» компаниясы қызметінің
жалпы қағидаттары
«НКОК» компаниясының Іскерлік
әдеп кодексі
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
37
Саясат.
«НКОК» компаниясының Парақорлықпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі нұсқауында
мемлекеттік лауазымды тұлғалармен кез келген қарым-қатынастың тікелей белгіленген іскерлік
мақсаттармен және нормативтік талаптармен байланысты болуын, Қазақстан Республикасының
заңнамасына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылуын және қолданылатын кез келген халықаралық
заңнамалық актілерге сай болуын қамтамасыз етуге арналған саясат пен процедуралар бар.
[9]
«НКОК» компаниясы өз персоналынан өзінің жеке қызметі мен «НКОК» қызметін жүргізуге қатысуы
арасында мүдделер қайшылығынан аулақ болуды талап етеді.
«НКОК» компаниясы шаруашылық операцияларының барлығын белгіленген процедуралар мен
уағдаластықтарға сәйкес өзінің бухгалтерлік кітаптарында дәл және уақтылы тіркейді.
Мердігерлер мен жабдықтаушылар өздерінің «НКОК» компаниясымен жасалған келісімшарттарының
баптарына сай бізбен бірге орындайтын жұмыстарының барлық салаларында қызметіміздің Жалпы
қағидаттарын сақтауға міндетті.
Жоғарыда көрсетілгендей, талаптардың сақталмауына қатысты күмән немесе күдік туындаған
жағдайда бұл туралы құпия түрде «НКОК» компаниясындағы іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік
жөніндегі маманына хабарлауға болады.
9.10 Қоғамдық-саяси қызметке қатысу
«НКОК» компаниясы өз қызметінің Жалпы қағидаттарында Қазақстанның денсаулық, еңбек, қауіпсіздік
және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы заңдары мен ережелерін жетілдіруге әдепті және
сындарлы тәсіл қолдану жолын ұстануға міндеттеме қабылдады. «НКОК» компаниясы Қазақстанның
пайдалы қазбалар өндіру секторында жұмыс істейтін компаниялардың
KazEnergy
коммерциялық емес
қауымдастығының белсенді мүшесі болып табылады. Сондай-ақ «НКОК» компаниясы «Атамекен»
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің мүшесі болып табылады.
Осы ұйымдардың шеңберінде біз саламызға әсер ететін қоғамдық-саяси қызметтің өзекті мәселелерін
талқылауға жиі атсалысамыз.
«НКОК» компаниясы саяси мақсаттарға ешбір жарналар төлемейді.
9 АҚШ-тың Сыртқы экономикалық қызметтегі сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңы (FCPA) мен Ұлыбританияның
Парақорлықпен күрес туралы заңы осы елдердің компаниялары мен азаматтарына қатысты, тіпті олар қызметтерін
Қазақстанда жүзеге асыратынына қарамастан, қолданыла алатын екі шетелдік заң болып табылады.
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
38
10. ҚОҒАМДЫҚ ІЛГЕРІЛЕУШІЛІК
10.1 Жергілікті жұртшылықпен қарым-қатынас
«НКОК» компаниясы Атырауды мақтанышпен өз үйі деп атайды. «НКОК»
компаниясының 3 000-нан астам қызметкері және Қашаған кен орнын игерудің І кезеңі
жобасына тартылған мердігерлер мен жабдықтаушылардың бірнеше мың қызметкері
Атырау мен Маңғыстау облыстарында тұрады.
«НКОК» компаниясының бас кеңсесі Қазақстанның Атырау қаласында, Солтүстік Каспий жобасы
бойынша ресурстар орналасқан жерлерге және Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы тиісті
нысандарға жақын орналасқан. Біздің мақсатымыз – жергілікті халық үшін ең қолайлы жұмыс
беруші, сонымен қатар жергілікті қоғамдастықтың беделді мүшесі болып қала беру. Біз қызметіміз
жүзеге асырылып жатқан өңірлердің тұрғындарына қамқорлықпен қараймыз, өйткені біз олардың
бір бөлігіміз. Біз қызметімізге байланысты пайда болатын кез келген мәселені алдын ала реттеуге
тырысамыз және тұрғындардың құрметі мен сеніміне қызметіміздің нәтижелері, ақпарат ұсынудағы
ашықтық және қызметімізге жергілікті халықтың қатысуын қамтамасыз ету арқылы ие бола
алатынымызды мойындаймыз.
Бұл ұмтылыстар қызметіміздің Жалпы қағидаттарында белгіленген, аталған қағидаттар бізден
жергілікті тұрғындар мен мәдениеттерге құрметпен қарауды, жергілікті бастамаларға қолдау көрсету
арқылы оларға экономикалық мүмкіндіктер мен әлеуметтік және экономикалық салаларды, білім
беру саласын дамытуға атсалысу мүмкіндіктерін беруді талап етеді. Сонымен қатар біз іскерлік
құпиялылыққа қатысты талаптар сақталуы тиіс жағдайлардан басқа кезде заңды негіздемелер
бойынша мүдделі тараптарға тиісті ақпарат беру арқылы өз қызметіміз туралы есеп беруге, сонымен
қатар адал да шынайы тәсілдеме қолдана отырып, мүдделі тараптардың ой-пікірлеріне құлақ асуға
және оларға жауап беруге міндеттеме қабылдадық. Осы мақсатқа жетуде тұрақты даму туралы (еркін
нысандағы) есептің атқаратын рөлі маңызды.
«НКОК» компаниясы өз қызметкерлерінің ағаш отырғызу, сенбіліктер ұйымдастыру және басқа
да ерікті бастама бойынша орындалатын шараларға атсалысу арқылы жергілікті халықтың тұрмыс
жағдайларын жақсарту іс-шараларына белсенді қатысуларын құптайды. «НКОК» компаниясы мен
оның қызметкерлері Наурыз және Жеңіс күні сияқты мерекелерге және жергілікті халық үшін айтулы
болып табылатын басқа да іс-шараларға қатысады. Компания жыл сайын жергілікті халық үшін аз
қамтылған отбасылардың балалары мен жетім балалар қатысатын іс-шаралар ұйымдастырып тұрады.
Біз демеушілік және қайырымдылық бағдарламамыз арқылы жергілікті халықтың бастамаларын
жүзеге асыруға гранттар ұсынамыз (жоғарыдағы тарауды қараңыз).
Біз жыл бойына тұрақты түрде тұрғындарға ақпарат береміз және шағын жиналыстардан бастап көп
адамдар қатысатын қоғамдық тыңдауға дейінгі ауқымы әр түрлі кездесулер барысында олармен бірге
Солтүстік Каспий жобасына қатысты оларды алаңдататын мәселелер мен сұрақтарды талқылаймыз.
Жайық-Каспий Орхус орталығымен ұйымдастырылған соңғы қоғамдық тыңдау туралы ақпаратқа
сілтеме.
Жергілікті тұрғындардың кез келгені өзінің қауіптенуімен бөлісе алады немесе құндылықтарымыз бен
қағидаттарымызға сәйкес болмауы мүмкін жайт туралы (тіпті құпия түрде де) «НКОК» компаниясының
іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік жөніндегі маманына хабарлай алады.
НКОК қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері
республика деңгейінде өткен «Ұлттық ағаш
отырғызу» акциясына қатысуда
Атырау қаласындағы №16 орта мектеп оқушылары
үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі мен өрт
қауіпсіздігі бойынша өткізілген науқан
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
39
«НКОК» компаниясында өзекті мәселелер бойынша мүдделі тараптармен байланысудың кең
ауқымды бағдарламасы қарастырылған. Біз бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс
істеп, «НКОК» компаниясының веб-сайтын тұрақты түрде жаңартып отырмыз (
веб-сайтқа сілтеме
).
Жергілікті кәсіпкерлерге Солтүстік Каспий жобасына қатысуға байланысты жаңа экономикалық
мүмкіндіктерді іздеуге көмек көрсету үшін біз жоба бойынша жалпы таныстыру семинарларын өткізу
мен салалық конференцияларға қатысудан бастап, жабдықтаушылардың тар шеңберлі аудиттері
мен мамандандырылған оқыту курстарына дейінгі түрлі тәсілдермен ақпарат таратудамыз. Қосымша
ақпаратты «Жергілікті қамту» тарауынан қараңыз.
10.2 «НКОК» компаниясының еңбек ресурстары; еңбек құқықтары
«НКОК» компаниясының мақсаты – Қазақстанда ең қолайлы жұмыс беруші болып қала
беру.
«НКОК» компаниясы өтемақылар мен жеңілдіктер мәселелері бойынша заңнамалық талаптарды
біршама асыра орындауда, аталған төлемдер мен жеңілдіктер бәсекелесуге жарамды және біз
жұмысқа қабылдағымыз келетін білікті де ынталы қызметкерлерге ұсынуға лайықты деңгейде. Ондай
төлемдер мен жеңілдіктердің мысалы ретінде жүктілік және босану бойынша ақылы демалыстың алты
айы ішінде төленетін қомақты жәрдемақыны, сонымен қатар қызметкерлерімізге тұрғын үй сатып
алуда көмек көрсету үшін несиелеу бағдарламасын атауға болады.
Сан алуандылық және әрекеттестік
НКОК еңбек қатынастарында заңсыз кемсітушіліктерге жол бермейді. Қызметкерлерімізге арналған
Іскерлік әдеп кодексімізде жұмысқа қабылдау туралы шешім тек тиісті біліктілікке, сіңірілген еңбекке,
жетістіктерге және кәсіби факторларға ғана негізделетіні көрсетілген.
НКОК үшін кез келген түрде тиісу, тіл тигізу қорқыту
немесе қастандық жасау әрекеттері немесе сондай
мінез-құлық мүлдем жат болып табылады. Басшылар
қызметкерлерін тиісу әрекеттерінен қорғау және
жұмыс орнындағы тиісу жайттарынан мазасызданатын
қызметкерлер ондай мәселелерді құпия түрде талқылай
алатын ахуал тудыру үшін жауапкершілік атқарады.
«НКОК» компаниясы жұмыс орнында қызметкерлердің
біріне бірі құрметпен қарауы негіз қалаушы қағидат
болып табылатын, үнемі жетілу жалпы мақсат
ретінде белгіленген, ал жекелеген қызметкерлердің
проблемалары дұрыс қабылданып, қызметкерлерге
және олардың мансабына зиян келтірмей оңынан
шешілетін ашықтық ахуалын қалыптастыруға мүдделі.
2015
жылға қараған шақта «НКОК» компаниясы
қызметкерлерінің ішінде әйелдердің үлесі
33%
құрады.
2015 жылғы жаңалықтар: «НКОК»
компаниясының әйелдер қауымдастығы
«НКОК» компаниясының әйелдер
қауымдастығы шеңберінде әйелдер тұрақты
түрде сұхбаттасу, тәлімгерлік ету, ой-пікірлер
мен тәжірибе алмасу арқылы бір-бірінен
үйреніп, қолдау ала алады. Қауымдастық
«НКОК» компаниясындағы барлық әйелдердің
жеке басы тұрғысында және кәсіби өсуіне
ықпал етеді, кәсіпқой әйелдер үшін еліктеуге
болатын үлгілер табуға мүмкіндік береді,
жұмыс пен жеке өмір арасындағы дұрыс
теңгерімді, жеке жетістіктерді және кәсіби
қызмет, ынтымақтастық пен сындарлы қарым-
қатынас тиімділігінің мәселелерін талқылауға
мүмкіндік береді.
Әйелдер қауымдастығының 2015 ж. қараша айында
«НКОК» компаниясының сол кездегі басқарушы
директоры Стефан де Майё мырзамен кездесуі
НКОК әйелдер қауымдастығы балалар арасында
ұйымдастырған сурет салу сайысының жеңімпаздары
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
40
Корпоративтік мәдениет және ақпарат алмасу
Қазіргі уақытта Солтүстік Каспий жобасының жалғыз операторы болып табылатын «НКОК»
компаниясы құрамына бұрын дербес қызмет атқарып, жобаның түрлі аспектілері бойынша жұмыс
істеген ұйымдар кіретін ұйым болып табылады. «НКОК» компаниясы «Біз қызметкерлерімізге сенеміз
және компаниямызды мақтан тұтамыз!» деген ұранмен үндесетін «топтық» тәсілдеме қолданылатын
мәдениет құру бастамасын қолға алды.
2015 жылы «НКОК» компаниясы өзінің корпоративішілік желісінде «Компаниямыздың негізгі
құндылықтары» атты бағдарламаны енгізді. Бағдарлама шеңберінде тоқсан сайын құндылықтардың
бірі таңдалып, арнайы іс-шаралар, мысалы «Қолайлы жұмыс жағдайларын жасау» тақырыбында
қысқаша бейнеролик әзірлеу конкурсы ұйымдастырылады. «НКОК» компаниясының әр
директоратындағы мәдениет жөніндегі кеңесшілер осы құндылықтардың енгізілуіне және күнделікті
жұмыс барысында тиісті мінез-құлықтарды қалыптастыруға көмектесу үшін өз қызметкерлерінің осы
іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді.
Компанияның құндылықтары туралы плакат
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
41
Еңбек даулары мен шағымдар
«НКОК» компаниясында еңбек даулары мен шағымдарды қарау жөніндегі нақты саясат пен
процедуралар әзірленді, олар мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты да бірдей
дәрежеде қолданылады. Еңбек даулары мен шағымдарды қарау процедуралары қызметкерлердің
проблемаларын басшылықтың қаперіне жеткізуге және наразылықты еңбек жанжалына ұласпай
тұрғанда ашық, тиісті түрде және дер кезінде қарау мен реттеуді қамтамасыз етуге арналған.
Қызметкерлер өздерінің шағымдарын қысылмастан және жұмыстан шығаруы мүмкін деген
қорқынышсыз еркін және ашық мәлімдей алады. «НКОК» компаниясы кез келген қызметкер
берген кез келген жазбаша шағымды қабылдауға, тіркеуге және қарауға міндетті. Қызметкерлер
шығарылған кез келген шешімге шағым келтіруге құқылы. Егер еңбек дауы немесе шағым «НКОК»
компаниясының ішінде реттелмесе, олар ҚР тиісті ресми тұлғаларына берілуі мүмкін. Заңнамаға сай
«НКОК» компаниясы да, оның мердігер ұйымдары да қызметкерлерді заңды еңбек акцияларына
қосылуға немесе қосылмауға мәжбүрлей алмайды және қызметкердің жұмыс орны мен оған тиесілі
жеңілдіктерді сақтауға тиіс.
«НКОК» компаниясында еңбекақының уақытында төленуін, мердігерлеріміз бен қосалқы
мердігерлеріміз ұсынатын тұрғынжайлардың жағдайларын және асхана қызметінің күйін бақылауға
арналған саясат пен процедуралар қарастырылған.
10.3 Адам құқығы
НКОК көптеген жылдар бойы өзінің ұйымдық құрылымы ішінде, сонымен қатар жабдықтаушылары
мен мердігерлерінің компанияларында адам құқықтарына құрметпен қарауға ықпал етіп келеді. Біз
жобамыздың шеңберінде адам құқықтарының сақталуына ықпал етуге тек осы тәсілдің дұрыс және
жауапты екендігіне ғана емес, сонымен бірге оның тұрақты және өнімді жұмыс жағдайларын жасауға
мүмкіндік беретіндігіне байланысты басымдық береміз. Біздің адам құқықтарын сақтауға қатысты
тәсілдемеміз бірнеше негізгі элементтен тұрады, олар:
• қолданылатын заңнама мен нормативтік-құқықтық актілердің сақталуы;
• мүдделі тараптарымызбен тұрақты түрде талқылау және қарым-қатынас жасау;
• өз қызметімізді жүзеге асырып жатқан өңірлердегі жергілікті халықтың жалпы әл-ауқатын
жақсартуға тікелей немесе жанама үлес қосу;
• тиісті мәселелер қарастырылатын қызметіміздің Жалпы қағидаттарын, Іскерлік әдеп кодексін және
Парақорлықпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі басшылықты сақтау.
Жабдықтаушылар да өздерінің келісімшарттық міндеттемелеріне сәйкес бізбен бірге орындайтын
жұмыстарының барлық салаларында қызметіміздің Жалпы қағидаттарын және Іскерлік әдеп
кодексімізді сақтаулары тиіс.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
«НКОК» компаниясында өз қызметкерлерін, нысандарын, іскерлік ақпаратын және басқа да
активтерін қорғау мақсатында тиісті бағдарламалар мен қауіпсіздік пен күзетті қамтамасыз ету
шаралары қарастырылған. «НКОК» компаниясының өндірістік алаңдарында қатерлерді бағалаудың
тексеруден өткен, құрылымдалған әдіснамасы негізінде әзірленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету
бағдарламасы енгізілген. «НКОК» компаниясы өз қызметі жүргізілетін алаңдарда қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қатысты тиісті заңнама мен нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтайды
және жергілікті және республикалық құзырлы қорғау органдарын тарта отырып, инфрақұрылымның
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне бірыңғай және үйлестірілген тәсілдеменің қолданылуына
ықпал етеді.
«НКОК» компаниясы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мердігерлерінен
Қауіпсіздікті қамтамасыз
ету мен адам құқықтарын сақтау жөніндегі ерікті қағидаттарды
сақтауды талап етеді.
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
Достарыңызбен бөлісу: |