2015
жылы қоршаған ортаға көмірсутегі
шикізатының 1 баррельден астам көлеміндегі төгілім көрсеткіші
0
шамасында болды (жалпы көлемі:
мұнай эквивалентінің
0
барреліне тең).
Тәсілдеме
«НКОК» компаниясының бірінші басымдығы – мұнай
төгілімдерінің алдын алу . Алдын алу жөніндегі
шаралардың тиімділігіне деген сенімділік дәрежесіне
қарамастан, «НКОК» компаниясының маңыздылығы
бойынша екінші басымдығы – оқиғалар орын алған
жағдайда оларды шұғыл түрде және толық жоюға үнемі
дайын болу.
АСБС орналасу схемасы
Мақат
СҚА
Атырау
Доссор
Мұнай төгілімдерін жою жөніндегі
кітапша
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
23
Алдын алу
Мұнай төгілімдерінен қорғанудың анағұрлым тиімді құралы
бастапқы кезден олардың алдын алу болып табылады.
Мұнай төгілімдерінің алдын алу жобалау кезеңінен
бастап салу және пайдалану кезеңіне дейінгі жобаның
барлық кезеңдерінде мұнай төгілуінің қатерлерін анықтау,
сонымен қатар сол қатерлердің әсерлерін төмендету үшін
қауіпсіздіктің ең қатаң стандарттарын үнемі қолдану арқылы
қамтамасыз етіледі.
Мұнайдың төгілу қатерлерін басқару да адами факторды
бақылау арқылы жүзеге асырылады. Жұмыстарды тазалық
сақтап жүргізудің процедуралары мен тәжірибелері
белгіленген. Бақылау мен техникалық қызмет көрсету
ережелерін сақтау қызметкерлерді жиі-жиі оқыту арқылы
қамтамасыз етіледі.
«НКОК» компаниясы барлық нысандар үшін мұнайдың
төгілу қатерлерін қайта бағалауды тұрақты түрде
орындайды.
•
Қатерлердің әсер ету дәрежесін іс жүзінде орынды
төмен деңгейге (ІОТД) дейін төмендетуге арналған
шараларды қабылдай отырып, болуы ықтимал қатерлерге
тұрақты мониторинг жүргізіледі.
•
Мұнай төгілімдерін жою бойынша оқудан өткен
персонал тұрақты түрде алаңдағы қатерлерге бағалау
жүргізіп, қатерлерге тиісті талдау жүргізеді және
профилактикалық шаралардың қабылдануын қамтамасыз
етеді.
Ерте хабарлау және қорғау мақсатында герметизациялау
құралдары нысандарды жобалау кезінде де қарастырылған.
•
Мысалы, Каспий теңізінің суына және теңіз түбіне
көмірсутегі шикізатының төгілуіне жол бермеу үшін теңіздегі
жасанды аралдарда су өткізбейтін геотоқыма мембраналар
мен беткі ағындыларды жинау жүйелері орнатылған.
•
Құрлықтағы қазандар парктерінің айналасы ең нашар
сценарий кезінде апаттық шығарындыларды оқшаулау
мақсатында үйме жалдау арқылы оқшауланған.
•
D аралынан «Болашақ» МГКДҚ-сына дейін
тартылған құбыр желілері шығыс параметрлерінің
ауытқуларын анықтайтын датчиктермен жабдықталған және
бағдарламалық жасақтама бойынша құбыр ішінен өнімнің
сыртқа ағуын анықтайтын жүйелердің көмегімен үнемі
бақыланып тұрады. Құбыр желісі трассасы оның қауіпсіздігі
мен бүтіндігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде
тікұшақпен тексеріліп тұрады.
«НКОК» компаниясының мұнай
төгілімдерін жоюға арналған
ресурстары
• «НКОК» компаниясының мұнай
төгілімдерін жою жөніндегі арнайы тобы
қажетті оқу курстарының барлығынан
өткен штаттағы 30 қызметкерден,
техникалық қызмет көрсетуші мердігер
ұйымның 48 қызметкерінен және теңіз
кемелері экипаждарының 28 мүшесінен
тұрады.
• Баутин теңіз операцияларына қолдау
көрсету базасында ауданы 10 000 м
2
ашық қойма алаңдары және жабдықтарға
арналған ауданы 3 000 м
2
қоймалар,
11 км жайылтпау құралдары (бондар),
абсорбенттер, мұнай жинау құрылғылары,
кемелер мен контейнерлер бар.
• Дамба поселкесіндегі Солтүстік Каспий
мұнайдың төгілуіне ден қою экологиялық
базасында («НКОК» компаниясы үшін
келісімшарт бойынша ҚМГ жүйелері мен
қызметтері негізінде пайдаланылуда)
ауданы 10 000 м
2
-ден астам ашық сақтау
алаңдары және ауданы 6 000 м
2
қоймалар
бар.
• Дамбадағы базада «НКОК»
компаниясының иелігінде жеке меншік
және келісімшарт бойынша жалға
алынған 14 шөгуі тайыз кеме және мұнай
жинауға арналған 6 баржа бар. Жүзбелі
және жиналмалы резервуарлармен бірге
мұнайды оперативтік сақтауға арналған
құралдардың жалпы сыйымдылығы
500 м
3
-ден асады.
• «НКОК» компаниясының мұнай
төгілімдерін жоюға арналған жабдықтары
мұнай төгілімдерін оқшаулауға арналған
30 км жайылтпау құралдарынан (бондар),
өнімділігі сағатына 2 700 тонна құрайтын
мұнай жинауыштардан және өнімділігі
сағатына 3 600 тонна құрайтын сорғымен
айдау/шаю құралдарынан тұрады, олар
мұнай төгілімдерін жоюға тартылған
персоналға су мен мұз бетіндегі мұнайды
жинауға мүмкіндік береді.
Тұрақты жаттығулар кезінде мұнайдың төгілуіне ден қою тобының бондарды жаюы
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
24
Технологиялар
Біз мониторинг жүргізу, картаға түсіру, мұнай төгілімдерін
анықтау және ашық су беті мен мұз жағдайларындағы
мұнай үлдірінің қалыңдығын анықтау үшін әуеден GPS-
ГАЖ тасымалданатын құрылғыларын қолдана отырып
қашықтықтан бақылау және қашықтан мониторинг
жүргізудің басқа да әдістері сияқты бірқатар түрлі
инновациялық технологияларды енгізіп жатырмыз.
Мұнай төгілімдерінің траекторияларының компьютерлік
үлгілері мұнай төгілімдерін жоюға қатысатын адамдарға
ауа райы жағдайлары мен теңіздің күйіне қарай мұнай
төгілімінің таралу мүмкіндігі туралы түсінік алуларына
көмектеседі. Бұл үлгілер мұнай төгілімдерін жою
жұмыстарын жоспарлау процесінің ең маңызды бөлігі
болып табылады.
Бұл әдіс экологиялық сезімтал алаңдарды карталаумен
(16-бетті қараңыз) бірге маңызды мекендеу орталарын
сақтау және қоршаған ортаға әсерді барынша азайту
үшін төгілімдерді жою жұмыстарын жоспарлау кезінде
басымдықтарды белгілеуге көмектеседі.
«НКОК» компаниясы мұнай төгілімдерін жоюға арналған
әдістер мен құралдарды Солтүстік Каспийде қолдану
мүмкіндігі тұрғысында зерделеуде.
• «НКОК» компаниясы Қазақ мұнай және газ
институтымен бірге ыдыратқыш заттектердің
(диспергенттерді) қолданылу мүмкіндіктеріне зерттеу
жүргізді.
• «НКОК» компаниясы қазіргі кезде өндірістік
қуаттарды және мұнайды төгілген орнында өртеу әдісін
қолдануға болатын тиісті жағдайларды зерттеуде.
• «НКОК» компаниясы ҚР билік органдарымен
бірлескен жұмысқа қатыса отырып, оларға оқиғалар орын
алған жағдайда мұнай төгілімдерін жоюдың осы әдістерін
қолдануға қажет тиісті процедураларды ресми ресімдеуге
және нормативтік база құруға көмек көрсетуде.
Жою
«НКОК» компаниясы Мұнай төгілімдерін жою жөніндегі
кешенді жоспарды жүзеге асырып, тұрақты түрде оқу-
жаттығу сабақтарын, соның ішінде осы мәселеге жауапты
мемлекеттік органдармен бірлескен жаттығулар өткізіп
тұрады. Мұнай төгілімдерін жою жоспары құбыр желісінің
трассасы бойындағы оқиғалар толық сипатталған, соның
ішінде экологиялық сезімталдық факторлары анықталған
және әр құбыр желісі үшін төгілімдерді жою жөніндегі
ерекше нұсқаулар анықталған тараулардан тұрады.
«НКОК» компаниясында теңіз нысандарының
барлығында, сонымен қатар Атырауда және Баутинде
орналасқан қажетті техникалық құралдармен,
жабдықтармен және оқудан өткен персоналмен
қамтамасыз етілген мұнай төгілімдерін жою жөніндегі
арнайы ұйымдық құрылым бар. Мұнай төгілімдерін
жоюға арналған жабдықтар «НКОК» компаниясының
меншігінде немесе оған келісімшарттар бойынша
беріледі. Арнайы сатып алынатын жабдықтар Солтүстік
Каспийдегі қоршаған ортаның бірегей жағдайларында
қолдануға қолайлы.
Түрлі деңгейдегі төгілімдерді жою
НКОК түрлі деңгейдегі мұнай төгілімдерін
жоюдың халықаралық деңгейде мойындалған
тұжырымдамасын қолдануда. Түрлі
деңгейдегі мұнай төгілімдерін жоюға қатысты
қабылданған тәсілдеме ҚР заңнамасына және
Мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден
қою жөніндегі ұлттық жоспарға сәйкес келеді.
I деңгей:
компанияның персоналы
теңіз кешенінің өндірістік алаңындағы
материалдар мен заттарды пайдалана
отырып жоя алатын шағын төгілім.
II деңгей:
теңіз кешенінің өндірістік
алаңындағы ресурстар мен қосымша
материалдардың, заттардың және жергілікті
жағалау қызметі персоналының көмегімен
жойылатын біркелкі (орташа) төгілімдер.
III деңгей:
жою үшін мұнай төгілімдерін жою
жөніндегі компаниялар ұсынатын қосымша
материалдар, заттар және персонал,
сонымен қатар халықаралық ұйымдардың
көмегі қажет болатын ірі мұнай төгілімдері.
Мұнайдың төгілу қатері экологиялық
сезімтал алаңдарға жақын жерде жұмыс
жүргізу сияқты факторларды ескере отырып,
әсердің орын алу мүмкіндігі мен әсер ету
ықтималдығына қарай санаттарға бөлінетін
сценарийлер негізінде бағаланады.
Жоба шеңберінде мұнай төгілімдерінің
әр деңгейін жоюға арналған, анықталған
қатерлерді жоюға қолайлы жеткілікті
мүмкіндіктер бар. І және ІІ деңгейлі мұнай
төгілімдерін жоюға арналған жабдықтар
нысандардың әрқайсысында бар. Олардың
құрамы жобаны әзірлеу сатысына қарай
тұрақты түрде қайта қаралып тұрады. Орын
алу ықтималдығы өте төмен ІІІ деңгейлі
мұнай төгілімдерін жою үшін НКОК мұнай
төгілімдерін жою жөніндегі мердігерлермен,
атап айтқанда «Ойл Спил Респонс
Лимитед» компаниясымен (Англияның
Саутгемптон қаласында орналасқан)
қосымша ресурстарды, соның ішінде
мамандар мен жабдықтарды жұмылдыру
туралы келісімшарттар жасасқан. Кез келген
ауқымда мұнай төгілімі тіркелген оқиға
орын алатын болса, «Ойл Спил Респонс
Лимитед» компаниясының ресурстарды дереу
дайындық жағдайына көшірілетін болады.
Қосымша ресурстар қажет болған жағдайда
«Ойл Спил Респонс Лимитед» компаниясы
оларды әуе кемесімен Ақтауға шамамен
24-36 сағат ішінде жеткізе алады. Сондай-
ақ қажет болса, біз Консорциум бойынша
серіктестеріміздің халықаралық ресурстарын
да пайдалана аламыз. Халықаралық персонал
мен жабдықтардың мүмкіндіктері «НКОК»
компаниясының жыл сайынғы жоспарлы
жаттығулары шеңберінде тексеріледі.
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
25
Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде Каспий теңізінде мұнай төгілімдерін жою жөніндегі
мүмкіндіктерді жетілдіруге елеулі үлес қосылды. Қазіргі уақытта біз басқа да салалық ұйымдармен
және жауапты билік органдарымен бірге Каспий теңізінде мұнай төгілімдерін жою жөніндегі
қауымдастықты құру сияқты қосымша шаралар бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бастама
теңіз кен орындарын игеруге қатысты басқа да болуы мүмкін жобалармен бірлесе отырып, мұнай
төгілімдерін жою жөніндегі мүмкіндіктер мен мәліметтерді пайдалануға бағытталған.
«НКОК» компаниясының мұнай төгілімдерін жою тобы жыл сайын ондаған жаттығуларға, соның
ішінде Атырау мен Маңғыстау облыстарының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерімен бірге
2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан ІІІ деңгейлі мұнай төгілімдерін (ауқымды мұнай төгілімдерін)
жою жөніндегі жыл сайынғы жаттығуларға және жалпыұлттық жаттығуларға қатысып жүр.
Мұз жағдайларында мұнай төгілімдерін жою
«НКОК» компаниясы Мұнай төгілімдерін жою жөніндегі нұсқау әзірледі, оларда басқа шаралармен
қатар Каспий теңізінде мұз жағдайларында мұнай төгілімдерін жою жөніндегі шаралар
қарастырылған. Арктикалық жағдайларда жүргізілген халықаралық зерттеулер мен іс жүзінде қолдану
қорытындылары негізінде әзірленген анағұрлым белгілі тәжірибелерді ескере отырып, Нұсқауда үш
негізгі тактика көзделген:
• Бірінші тактика: мұнай төгілген аймақ шектерінде мұздағы табиғи жарылымдарында оқшаулап,
кейін механикалық құралдардың көмегімен жинау. Егер су қатты терең болмаса, мұзда мұнай
жинау үшін жарылымдар жасау үшін мұзжарғыш кемелерді қолдануға болады.
• Екінші тактика: мұздағы жарылымдармен оқшауланған немесе қалқып жүрген мұз бетіндегі
мұнайды тиісті жағдайларда және қауіпсіздік бойынша бақылау жүргізе отырып, тек мемлекеттік
органдардың нұсқауы бойынша ғана төгілген орнында өртеу.
• Үшінші тактика: төгілген мұнай теңіз түбіне дейін жететін мұзбен оқшауланған алаңдарды анықтау,
содан кейін мұз ерігеннен кейін және мұнай дағы қайта жылжи бастағасын оның жылжу бағытын
қадағалап, мұнай төгілімдерін жоюға арналған жабдықтарды қолданып жинау.
«НКОК» компаниясы Мұнай-газ өндіруші компаниялардың халықаралық қауымдастығының (OGP)
«Мұздағы мұнай» атты бірлескен салалық жобасына қатысуда. Бұл жоба мұнай төгілімдерін мұз
жағдайларында жою үшін оларды оқшаулау, жинау, төгілген орнында өртеу, қашықтықтан зерттеу,
қадағалау/мониторинг жүргізу және ыдыратқыш заттектерді қолдану тәсілдерін одан әрі жетілдіру
жөніндегі инновациялық бастамаларды үйлестіру үшін жүзеге асырылады. «НКОК» компаниясы
осы бастамаларды жүзеге асыру барысында жинақталған тәжірибеге талдау жүргізеді және өз
мүмкіндіктерімізді үнемі жетілдірумен қатар мұнай төгілімдерін жою жөніндегі шараларды жоспарлау
кезінде ескереді.
6.6 Қалдықтар
«НКОК» компаниясының операциялары нәтижесінде түзілген және ҚР нормаларына сай қауіпті
деп жіктелетін қалдықтардың жалпы көлемі
2015
жылы
19 882
тонна құрады. Осы көлемге Базель
конвенциясының ережелеріне сай пайдаланылып болған ұйымдастырушылық техника құралдары,
ағаш қалдықтары, тамақ қалдықтары, пайдаланылып болған ауа сүзгілері және т.б. сияқты «жасыл»
деп жіктелетін қалдықтар кіреді.
«НКОК» компаниясының операциялары нәтижесінде түзілген және ҚР нормаларына сай қауіпті емес
деп жіктелетін қалдықтардың жалпы көлемі
2015
жылы
2 641
тонна құрады.
«Ойл Спил Респонс Лимитед» компаниясының
персоналы III деңгейлі жаттығуда
Дамба ауылындағы мұнайдың төгілуіне ден қою
базасы
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
26
Каспий теңізінде қолданылатын «нөлдік төгінді» саясатымызға сай
теңіз нысандарында түзілген қалдықтардың барлығы, соның ішінде
бұрғылау шламы (бұрғылау жұмысының жанама өнімі ретінде жер
бетіне шығарылатын топырақтан, тау жыныстарынан және майлау
сұйықтықтарынан тұратын қоспа) тазарту және өңдеу немесе кәдеге
жарату үшін жағаға тасымалданады. «НКОК» компаниясының жалпы
қалдықтар көлемінің шамамен 19 пайызы термиялық тазартылатын
және кәдеге жаратылатын бұрғылау шламынан тұрады. Қатты
қалдықтардың қалғандары бәсекелі тендердің қорытындылары
бойынша іріктелетін және тұрақты дамуға қатысты талаптарымызға
сай жоба бойынша қатты қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату үшін
қажет расталған қуаттары бар мамандандырылған, лицензияланған
компанияның күшімен кәдеге жаратылуда.
6.7
Құрлықтағы және теңіздегі зерттеулер
«НКОК» компаниясы теңізде деректер жинау және теңіз суы мен
түптік шөгінділердің химиялық құрамын талдау үшін, сонымен
қатар балықтар популяциясын, бентос пен планктонды зерттеу үшін
кешенді экологиялық мониторинг бағдарламасын жүзеге асыруда.
1994 жылдан бері жоба шеңберінде сан түрлі 900-ға жуық алаңда
мониторинг бойынша шамамен қырық теңіз зерттеуі жүргізілді.
Жылына екі рет орындалатын зерттеулер кезінде жиналған деректер
ауа райы жағдайлары, су сапасы (тұздылығы, қоректік заттар мен
металдардың мөлшері және т.б.), түптік шөгінділердің сапасы
(металдардың мөлшері, көмірсутегілердің жалпы концентрациясы
және т.б.) туралы мәліметтерді және биологиялық деректерді
(микроорганизмдер, фитопланктон, зоопланктон, ихтиофауна)
қамтиды. 2013 жылдан бастап зерттеу жұмыстарының көлеміне
ауа сапасын, орнитофаунаны зерттеулер және каспий итбалығын
қосымша зерттеу қосылды.
2003 жыл мен 2010 жыл аралығындағы кезеңде теңізде орындалған
зерттеулер мониторинг жүргізілген алаңдарда теңіз суы сапасының
2015 жылы құбыр желілерін
тарту үшін траншеялар қазу,
құбырларды төсеу және
кері көму жұмыстарын бір
мезгілде орындалатын ерекше
технология пайдаланылды. Бұл
технология құбыр желілері
тартылатын аудандағы
жергілікті қоршаған ортаға
әсерді барынша азайтуға
мүмкіндік береді, бұл оның
бірнеше апта ішінде қалпына
келу мүмкіндігін қамтамасыз
етеді.
Баутин базасы мен Қошанай алаңындағы қалдықтар өңдеу нысанының спутниктен түсірілген суреті
Баутин базасы
Қошанай алаңы
«Касторо-12» құбыр тарту баржасы
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
27
біршама тұрақты екенін айғақтады. Ғалымдар пестицидтердің өте төмен мөлшерде екенін атап өтті,
оның себебі жағалауларында кең ауқымды ауылшаруашылық жұмыстары жүргізіліп жатқан Еділ және
Жайық өзендерінен құйылатын су ағыны деп саналады. Солтүстік Каспийдің барлық алаңдарында
түптік шөгінділердің сапасы оң нәтиже көрсетті. Сапа «қолайлы» деген шамадан «өте жақсы» деген
шамаға дейінгі диапазонда бағаланады.
«НКОК» компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарындағы топырақ пен ыза судың сапасын
талдау үшін жерүсті мониторингісін жүргізеді. 2001 жылдан бері жоба шеңберінде Атырау мен
Маңғыстау облыстарында отыздан астам жерүсті зерттеуі жүргізілді. Каспий өңірінің құрлықтағы кен
орындарында көп жылдар бойы мұнай өндірілуде, осыған байланысты жерүсті зерттеулерінің көлемі
жақын маңда орналасқан мұнай-газ кен орындарын игеру аясындағы бұрын орындалған жұмыстарды
және жинақталған деректерді, сонымен қатар ағымдағы қызметті ескере отырып әзірленген.
2005 жылдан бері топыраққа жүргізіліп келе жатқан зерттеулер ауыр металдар мен органикалық
заттардың мөлшерлері бойынша сапасының жалпы жақсарғанын көрсетеді. 2005 жыл мен 2010 жыл
аралығындағы кезеңде ыза суға жүргізілген зерттеулер ыза су сапасының негізінен су тұздылығы
салдарынан төмен екенін айғақтайды.
6.8 Пайдаланудан шығару және қалпына келтіру
Пайдаланудан шығару Солтүстік Каспий бойынша ӨБК баптарымен, сонымен бірге нақты
жоспарлау және уақтылы қаржыландыру арқылы реттеледі. Қолданыстағы ӨБК шеңберінде өнім
өндіру кезеңінде кез келген қондырғыны және нысанды жою мақсатында пайдаланудан шығару
көзделмеген. Пайдаланудан шығаруды жоспарлау және орындау басқа кез келген техникалық
жобадағыдай тәсілмен жүзеге асырылады. Нақты нысан үшін қолайлы нұсқаны анықтау мақсатында
әрбір бағдарлама үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау жұмысын жүргізу қажет.
Құрлық кешенінде топырақ сынамаларын алу және
ботаникалық зерттеулер
Тралмен ауланған балықтарды сұрыптау
Теңіз кешенінде зоопланктон сынамаларын алу
Құрлық кешенінде топырақ сынамаларын алу
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
28
Күкіртке қатысты жұмыстарды ұйымдастыру
Күкірт газын дайындау және күкіртке қатысты жұмыстарды ұйымдастыру жұмыстарының қауіпсіз және
тиімді жүргізілуі жобаны жүзеге асыру үшін өте маңызды. Күкіртке қатысты жұмыстарды ұйымдастыру
жоспары тиісті мемлекеттік органдармен келісілген.
Жоспар бойынша күкіртті газды қойнауқатқа кері айдау жүйелерін қолдана отырып күкіртті газдың 80%
дейін кері айдау көзделіп отыр. Қалған 20% «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында
қарапайым күкірт түріндегі жанама өнім ретінде түзіледі.
Жоба жүзеге асырылатын мерзім ішінде орташа алғанда қарапайым күкірттің жылына шамамен 1,1 млн.
тонна қарапайым күкірт (күніне 3 800 тонна күкірт) түзіледі деп күтіліп отыр.
Осы өнімнің белгілі бір нарықтық құны болып, сұраныстың өсуімен сипатталатындықтан жоба шеңберінде
өндірілген күкірттің барлық көлемін сату жоспарланып отыр. «НКОК» компаниясының күкіртке қатысты
жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі арнайы тобы күкіртті халықаралық нарықтарда өткізу мүмкіндіктерін
анықтау жұмысымен айналысуда.
«Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында күкіртті уақытша сақтау алаңы бар, онда
күкіртті сатып алушыларға жеткізгенге дейін сақтау кезеңінде оны атмосфералық әсерден қорғаудың
инновациялық технологиясы қолданылады.
Осы процесс шеңберінде күкірт балқытылып, жекелеген ағаш қалыптарға құйылады. Ағаш қалыптардың
әрқайсысы күкіртпен толтырылғаннан кейін үсті полимер үлдірмен саңылаусыз жабылады. Осының
арқасында күкіртті желдің немесе судың әсерінен қорғау қамтамасыз етіледі.
«Болашақ» МГКДҚ-сында сақталатын күкірт сыртқы ортадан оқшау жабық жайларда сақталатын болады.
Сұйық күкірт мониторинг жүргізуге арналған датчиктері бар саңылаусыз контейнерлерге құйылады.
Нарыққа тасымалдау мезгілі келген кезде күкірт блоктары қайта балқытылып, содан соң түйіршіктелетін
болады, бұл күкіртті уатып ұсақтау әдісімен салыстырғанда түзілетін шаң көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
«Болашақ» МГКДҚ-сындағы күкірт сақтау алаңы 4 млн. тоннаға дейінгі күкіртті жабық күйде уақытша
сақтауға есептелген.
«НКОК» компаниясы кейінгі кезеңдерде игерудің қайта айдау тәсілімен бірге ілеспе күкіртті газ көлемін 90%-
ға азайтуға мүмкіндік беретін үнемді нұсқаларын зерделеуде. Осының арқасында осы кейінгі кезеңдерде
жанама өнім ретінде қосымша күкірттің түзілуіне іс жүзінде толық жол бермеуге мүмкіндік пайда болады.
Күкірт сақтау әдісі
Күкірт құю
H
2
S қадағасы
Топырақпен
толтырылған қаптар
Блоктарды толық жабу
Қышқыл
ағындарды
бақылау
Температура
қадағасы
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
Достарыңызбен бөлісу: |