2016 жыл №78 (7998) 4 Қазан сейсенбі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.03.2017
өлшемі15,08 Mb.
#6395
1   2   3   4

P.S.  Елбасы  айтқандай  «қазір  бой  жарыстыра-

тын  заман  емес,  ой  жарыстыратын  заман.  Білім  мен 

бәсекенің  күні  артық  туған  заман.  Сол  үшін  биік  беле-

ске шығып, жаңашылдықты меңгергісі келген кез-келген 

жан математикалық күрнеуі көп түйінді шеше алу керек. 

Есептеудегі  формула  қілті  жоқ  құлып  секілді  болса,  ар-

ман жолындағы адымдар да шешусіз сұрақтан құралады. 

Сондықтан,  мектептегі  балаға  есеппен  қатар,  жауапсыз 

сұрақтың  күрмеуін  шешуді  үйрететін  Абзал  сынды  озық 

ұстаздың  еңбегі  зор.  Лайым,  ел  ертеңін  ойлар,  саналы 

ұрпақ, білімді шәкірт тәрбиелей бергей!

Ханзада ДОШАН.

Меруерт бұл оқу ордасына бұдан 

он үш жыл бұрын сол кезеңдегі мек-

теп  директоры  Зоя  Орғараеваның 

шақыртуымен келген болатын. Кадр 

таңдауда  өз  саласының  саңлағын 

тани  білетін  білікті  басшының  осын-

дай 


қадамдарының 

арқасында 

қарашаңырақта  элиталық  мектептің 

негізі қаланып, оң нәтижелер көрініс 

бере бастады. Кәсіби біліктілігі және 

озық  оқу-әдістемелік  іс-тәжірибесі 

жөнінен  аудан  мұғалімдерінің  көш 

алдынан  танылып  келе  жатқан  Ме-

руерт  табысқа  жету  сырын  былай 

әңгімелейді:

– 

Мектепте 



оқып 

жүрген 


кезімнен  бастап  ұстаз  болуды  жан-

жүрегіммен  қаладым.  Орта  мектеп-

тен  соң  Қызылорда  қаласындағы 

Қорқыт ата атындағы педагогикалық 

институтын 

«биология-география 

пәні  мұғалімі»  мамандығы  бойынша 

оқып  бітірдім.  Еңбек  жолымды  өзім 

туып-өскен  Билібай  ауылында  ба-

стап, одан әрі №125 орта мектебінде 

ұстаздық  еттім.  Одан  беріде  білікті 

маман  ретінде  биік  сенім  артып, 

аттай  қалап  алған  қазіргі  білім 

ошағында  хал-қадірімше  жұмыс  жа-

сап, шынайы жетістіктеріммен таны-

лып келемін. Ұстаз еңбегінің жемісі – 

шәкірттері ғой. Осы орайда әр жыл-

дары  «Алтын  белгі»  иегері  атанып, 

сенімімізді  ақтаған  шәкірттеріміз 

–  Орынбасар  Наурызбай,  КазГУ-

дің  «Мемлекеттік  және  жергілікті 

басқару» факультетін тәмамдап, ма-

гистратурасында  оқып  жатыр.  2014 

жылы  2  Алтын  белгі  иегері,  екеуі 

де  географиядан  25  балл  жинады. 

Олар  Мейрамбек  Аягөз,  КазГУ-дің 

экономика  факультетінде,  Тұрлыбек 

Гүлнұр «Жергілікті және мемлекеттік 

басқару» факультетінде оқып жатыр. 

География  пәні  бойынша  облыстық 

олимпиадада  Шахмаев  Мұхамеджан 

және Төрехан Самат жүлделі орынға 

ие  болды.  Қазірде  бұл  оқушыларым 

ғылыми  география  саласы  бойынша 

магистратурада оқып жатыр.

–  «Алтын  белгі»  иегерлері  және 

олимпиада  жүлдегерлерінің  жара-

тылыстану  бағытында  басым  сипат 

алуы нені білдіреді?

–  Жасыратыны  жоқ,  ҰБТ-ға 

бесінші  пән  ретінде  геограция 

пәнінің  ендірілуі  еңбегімізге  екпін 

берді.  Еліміз  бойынша  география 

бағытында  білім  беруді  жүйелейтін 

республикалық 

Атаулы 


мектеп 

жұмыс  жасайды.  Сол  мектептің 

мүшесімін, аудандық білім бөлімі жа-

нына  құрылған  «Зерде»  әдістемелік 

бірлестігін басқарамын.

–  Осы  жетістікке  жету  жолы 

жөнінде ой бөліссең.

–  Өзіміз  білім  алған  кеңес 

мектебінің  дәстүрлі  оқыту  әдісінде 

белгілі  кеңістіктен  кесіп  өтуге  бол-

майтын.  Бұл  білім  көкжиегін  шекте-

умен  бірдей.  Оқу  мен  жазу  арқылы 

«Сын  тұрғысын  ойлауды  дамыту» 

жобасы  бойынша  білім  берудің  мәні 

бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеу 

болып  табылады.  Осы  бағытта  На-

зарбаев  зияткерлік  мектебі  және 

Кембридж  университетімен  бірлесіп 

«Деңгейлік  бағдарлама»  бойын-

ша  халықаралық  білім  стандарты-

на  негізделген  жаңаша  оқытудың 

мазмұнына  машықтануға  тиіспіз. 

Мектебімізде  осы  бағытта  3  мұғалім 

жұмыс  жасайды.  2  мұғалім  курстан 

өтіп жатыр.

Оқушыларды 

функционал-

ды 


сауаттылыққа 

тәрбиелеуде 

кіріктірілген 

бағдарлама, 

яғни 

пәнаралық 



байланысты 

байы-


та  түсудің  мәні  зор.  Мәселен, 

бүкіл  жаратылыстану  жиынтығын 

математикалық 

амалдармен, 

физикалық  есептермен  өрнектеу 

арқылы 


білімнің 

дәлдігіне, 

нақтылығына  қол  жеткізе  ала-

мыз.  Осындай  жаңаша  бағытта 

жинақтаған 

мол 


тәжірибемнің 

нәтижесінде 

аймақта 

«Үздік 


мұғалім»  аталымын  иеленіп,  2012 

жылы  облыс  әкімінің  1  млн  теңге 

грантын  жеңіп  алып,  Стамбулдың 

Анталияның  лицей-гимназиясында 

іс-тәжірибеден өттім. 

Басты  жетістігіміз  –  аудан 

мектептеріндегі  тарих  және  геогра-

фия  пәні  ізденімпаз  мұғалімдерінің 

жұмыла  еңбектенуімен  өлкетану 

оқулығын 

жазып, 

жарыққа 


шығардық.  Түлектеріміз алдымен өз 

туған жерінің тау тасын, табиғатын, 

сыр-сипатын терең білуі тиіс, – дейді 

жаңашыл ұстаз.

«Не іздегенін білмеген тапқанын 

да  білмейді»  деген  тәмсіл  бар. 

Ұстаздыққа 

кездейсоқ 

келген-

дер  осының  кебін  киіп  жүр.  Елдің 



баласының сорына біткендей құр күн 

өткізетін  құлықсыздық  ұжымның  да 

көрсеткішін кері тартатыны шындық. 

Осы  орайда  шекара  талғамайтын, 

шын талпынғанға есігін ашып, төріне 

оздыратын  әлемдік  білім  кеңістігіне 

еркін қанат қағып элиталық білімнің 

«эталонына»  айналған  Меруерт 

сынды  мәртебелі  ұстаз  оған  қолдау 

танытқан,  жігерін  жанып,  талабына 

дәм берген ынтымақты ұжымның да 

ортақ мақтанышы. Озық тұлғамен ой 

жарыстырып,  бой  түзеу  де  біліміңді 

байытып, 

кәсіби 

тәжірибеңді 



кемелдендірері рас. Өзі бұл бағытта 

әріптесі Гүлмира Қадырованың есімін 

ерекше атайды.

Меруерт  отбасында  жары  Ержан 

Төребаев  екеуі  5  ұл-қыз  тәрбиелеп 

отыр.  Тұңғыштары  Арман  Қазақ 

ұлттық  техникалық  университетінде 

оқиды.  Қыздары  Ақерке  –  Көкшетау 

мемлекеттік 

университеті 

био-

технология факультетінде білім алу-



да.  Гүлбану  –  11  сынып  оқушысы, 

жақында 


Қарағандыда 

өткен 


ғылыми-жобалар 

байқауында 

жүлделі  орынды  иеленіп  қайтты. 

Ақтоты  мен  Дінислам  5  және  2 

сыныптың оқушылары.

Түйін.  «Білімнің  басында  тұрғың 

келсе  еңбектің  құлы  бол»  дейді. 

Ұстаз  еңбегін  көктемде  дән  сәуіп, 

соның  бітік  жемісін  көру  үшін 

маңдай  терін  сарқып  тер  төгетін 

диханға  теңеген  дұрыс.  Шәкірт  са-

насына  сәуле  құяр  білім  бағдарын 

жүйелеуде  4  ғасырлық  сынақтан 

өтіп, сараланған Кембридждік оқыту 

тәсілін меңгеруге ұмтылған Меруерт 

Мелденованың  мерейін  осы  биіктен 

іздегеніміз дұрыс

Баян ҮСЕЙІНОВА.

Географияны Меруертше сүй

«МҰҒАЛІМ ҚАНДАЙ 

БОЛСА МЕКТЕП 

ТЕ СОНДАЙ БОЛА-

ДЫ» ДЕГЕН АЛАШ 

АРДАҚТЫСЫ АХМЕТ 

БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ 

СӨЗІ БІЛІМГЕ 

ҚҰЛАШ ҰРҒАН 

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА ДА 

МАҢЫЗЫН 


ЖОЙҒАН ЖОҚ.

БҮГІНГІДЕЙ ИН-

НОВАЦИЯЛАР МЕН 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІК 

ТӘСІЛ БІЛІМ 

САЛАСЫНА 

ҚАДАМ БАСТАП 

ОТЫРҒАН КЕЗЕҢ 

ҰСТАЗДАРЫМЫЗҒА 

ҮЛКЕН ЖҮК 

АРҚАЛАТЫП ОТЫР. 

ЕЛІМІЗ ОРТА 

БІЛІМ БЕРУДІҢ 

ЖАҢАРТЫЛҒАН 

МАЗМҰНЫНА 

КӨШЕ БАСТА-

ДЫ. ОСЫ БАҒЫТТА 

ОЗЫҚ ОҚЫТУ 

ҮРДІСІМЕН ТАНЫ-

ЛЫП, ӘРІПТЕСТЕРІНЕ 

ҮЛГІ БОЛЫП 

ЖҮРГЕН ОЗАТ 

МҰҒАЛІМДЕРІМІЗ 

БАРШЫЛЫҚ. 

СОЛАРДЫҢ 

ҚАТАРЫНДА АУДАН 

ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ 

№163 ОРТА 

МЕКТЕБІНІҢ ГЕ-

ОГРАФИЯ ПӘНІ 

МҰҒАЛІМІ МЕЛ-

ДЕНОВА МЕРУЕРТ 

ЖҰМАДІЛЛӘҚЫЗЫ 

ДА БАР.


Ырыскүл Жүсіпова 38 жыл бойы №229 

орта  мектебінде  физика  пәні  мұғалімі  бо-

лып  қызмет  етуде.  Осыншама  жыл  бір 

мекемеде  тапжылмай  жұмыс  жасаудың 

қыр-сырын  сұрағанда  «Мұғалімнің  бой-

ында  төзімділік,  шыдамдылық  пен  кәсіби 

біліктілік бірге ұштасқан жағдайда жұмысы 

алға  жүреді.  Ұжымдағы  татулық  пен 

қарым-қатынасты  сақтап,  үлгілі  ұстаз 

болуға  талпындым.  Алғаш  ұстаздық  ет-

кен жылдары ұжымда білгір басшылар мен 

қамқор жандар қол ұшын беріп, көмектесті. 

Солардың тәрбиесін бойға сіңірдік. Бүгінде 

жас  мамандарға  ақыл-кеңесімді  беріп, 

тәжірибе  алмасуды  басшылыққа  аламын» 

деп әңгімесін бастады. 

Білікті  ұстаздың  физика  пәні  бойын-

ша  дайындаған  оқушылары  мемлекеттік 

грант  иегері  болуы  бізді  қызықтырды. 

Жалпы,  осы  уақытқа  дейін  65-ке  жуық 

грант  иегерін  баптапты.  Ұстаздан  тәлімді 

тәрбие  алған  бағландардың  алды  елге 

қызмет көрсетіп жүр. Солардың қатарында 

Данияр  Исаев  пен  Әлия  Шүкірова  Аста-

на қаласында темір жол  саласында еңбек 

етуде. Ал, Нұрқанат Сейсенов болса Алма-

ты қаласында өз саласы бойынша халыққа 

қызмет  жасауда.  Нақтылап  айтар  болсақ, 

2014  жылы  екі  оқушы,  2015  жылы  төрт 

оқушы  жоғары  нәтиже  көрсеткен.  Фари-

за  Дүйсенбай,  Бибіхан  Зұлхарнайын,  Асы-

лай  Аралбай,  Ұлдана  Төлеу  Мұқағали 

Бектұрған деген шәкірттер бүгінгі күні сту-

дент атанып, білімін шыңдауда.

Әңгіме  барысында  Ырыскүл  апай 

жетістікке жетудің құпиясымен бөлісті. Ең 

алдымен баланы жастайынан мамандыққа 

қызықтыру 

арқылы 

физика 


пәніне 

дайындауға бағыттайды екен. Мамандыққа 

қызыққан  бала  сол  мамандыққа  қатысты 

сабақтарды оқып, уақыт өте жітік меңгеруге 

тырысатыны  сөзсіз!  Тестке  әзірлік  кезінде 

қызықты  мәліметтер  мен  таңғажайып 

тәжірибе  жасау  арқылы  физиканың 

тереңіне  сүңгітіп  отырады.  Ом  мен  Нью-

тон  заңдарына  қатысты  күрделі  форму-

лаларды  оңай  әрі  тиімді  әдіспен  шешудің 

жолын  үйретеді.  Физика  пәні  жаңаша 

әдіспен үйрету үшін мақал-мәтелдерді жиі 

қолданады. Мысалыға, «Тасы өрге домала-

ды»,  «Шіріген  тақтайға  шеге  тұрмайды», 

«Майланбаған  доңғалақ  білікті  қажайды» 

т.б.  мақалдарды  қолданады.  Әр  бір 

сабаққа  жаңаша  бағытпен  дайындалып 

келіп,  оқушымен  жеке-жеке  жұмыс  жаса-

уды күнделікті жоспарынан түсірген емес.

Тәжірибелі  ұстаз  Ырыскүл:    «Ар-

найы  жабдықталған  физика  кабинеті 

оқушылардың заманауи зерханалық жұмыс 

жасап,  тәжірибе  алмасуға  қолайлы.  Тап-

сырманы  тиянақты  орындап,  сабақты 

ұғынуға  жағдай  жасалған.  Аптасына  бір 

рет  бақылау  тест  жасап  тұрамын.  Төмен 

көрсеткіш  көрсеткен  балаға  қосымша 

дәріс  беру  арқылы  топты  алға  сүйреуге 

тырысамын.  Қазір  дайындық  үстіндегі  28 

оқушының  4-не  үмітім  басым.  Кім  біледі, 

бәлкім  мен  ойлағаннан  да  жоғары  болуы 

да мүмкін ғой», – деді.

Ұстаздық етуден жаңылмаған Ырыскүл 

Жүсіпова өз туған ауылынына адал еңбек 

сіңірген жан. Абызтөбеде туылып, Алматы-

да Қыздар педогогикалық университетінде 

жоғары  білім  алып,  жинақтаған  білімін 

ауыл балаларына арнады. Кейін осы ауылға 

келін  болды.  Жұбайы  Әбілпәтте  Білдашев 

та  әйелінің  ұстаздық  қарым-қабілетін 

жоғары  бағалайтын  жан.  Бүгінде  ауыл 

тұрғындары үлгі ететін үлкен отбасына ай-

налып  отыр.  Төрт  ұл,  бір  қыз  тәрбиелеп, 

үш немере сүйген жағдайы тағы бар.

Ауыл  тұрғыны  Бақыткүл  Салиева: 

«Біздің  Ырыскүл  апайдың  біліктілігі  мен 

қарым-қабілетіне  қайранмын!  Физика-

ны  меңгеру  екі  адамның  бірінің  қолынан 

келе бермейді. Алайда, менің екі бірдей ба-

лам  осы  Ырыскүлден  білім  алып,  екеуі  де 

грантқа түскен еді. Бүгінде ұлдарым өз са-

ласы бойынша халыққа қызмет етіп жүрген 

азаматтар. Мен осы орайда Ырыскүл апай-

ды маңдай тері адалына төгілген ұстаз дер 

едім», – деп мақтаныш сезіммен айтты.

ТҮЙІН.  Мұғалім  –  мектептің  жүрегі! 

Ауданның  білім  көрсеткіші  ҰБТ-мен 

өлшенеді десек, қате айтпағанымыз шығар, 

бәлкім?! Облыс бойынша көшіміз ілгерілеп 

жатса,  ұл-қызымыз  олимпидадан  жүлделі 

оралса,  демек  бұл  тек  қана  ұстаздардың 

арқасы  деп  білем!  Бала  білімі  үшін  асыл 

уақытын  сарп  етіп,  бар  күш  жігерін  ар-

нап  жүрген  майталман  мұғалімдер  еңбегі 

ешқашан ескерусіз қалмайды!



Мақпал МАРҚАБАЙ.

2016 ЖЫЛЫ ҰБТ 

КӨРСЕТКІШІ  БОЙЫН-

ША ЖАҢАҚОРҒАН АУ-

ДАНЫ ЕКІНШІ ОРНЫНҒА 

КӨТЕРІЛДІ. ӘРИНЕ 

БҰЛ СЕРПІЛІСТЕ АУ-

ДАН ӘКІМДІГІНІҢ КӨҢІЛ 

БӨЛУІ МЕН АУДАНДЫҚ 

БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ 

ҰТЫМДЫ ҮЙЛЕСТІРУІ 

ШЕШУШІ РӨЛ АТҚАРДЫ. 

СОНДАЙ-АҚ, БЕРІЛГЕН 

ТАПСЫРМАНЫ 

ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ АТҚАРҒАН 

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ 

ЕҢБЕІН БАҒАЛАУ КЕ-

РЕК. ӘЙТСЕ ДЕ, КҮШ 

ҚАРАПАЙЫМ ҰСТАЗДАРҒА 

ТҮСТІ. БІРІ СЫНАҚ СЫ-

НЫНАН СҮРІНСЕ, ЕНДІ 

БІРІ КӨП ЖЫЛДЫҚ 

ТӘЖІРИБЕСІ МЕН 

ІЗДЕНІСІНІҢ АРҚАСЫНДА 

СЫН САҒАТТАН СҮРІНБЕЙ 

ӨТТІ. 


СОНДАЙ ҰСТАЗДЫҢ 

БІРІ – ЫРЫСКҮЛ 

ӘНЕПИЯҚЫЗЫ.


ЕСКЕ АЛЫП, АСҚА ШАҚЫРУ

Бойына  адамзатқа  қымбат  та  қасиетті 

жұмсақ  мінез,  жүрегі  кіршіксіз  таза,  кең 

пейілді,  үлкен-кіші  мен  абысын-ажындарға 

ізетті,  айналасына  мейірім  шуағын  төгіп 

тұратын  ізетті  жан,  немере  шөберелерінің 

сүйікті  әжесі  атанған  абзал  ана  Фати-

ма  Акбарқызы  Айтжанкелінінің  дүниеден 

озғанына  да  бір  жылдай  уақыт  болып 

қалыпты.


Анамыз  1930  жылы  12  наурызда 

Тәжікстанның  Қорғантөбе  облысы  Мәскеу 

ауданында  дүниеге  келген.  Олардың  от-

басы  кейінірек  Оңтүстік  Қазақстан  облы-

сына  көшіп  келеді.  Осында  әкеміз  Тәшім 

Айтжанұлымен отбасын құрып, Жетісай, Ки-

ров,  Мақтарал  аудандарында  мектептерде 

еңбек етті. 1968 жылдың күзінде туған жер-

ге оралып, өмірінің соңына дейін Түгіскен ау-

ылында ғұмыр кешті. Әкеміз екеуі дүниеге 9 перзент әкеліп, оларға сапа-

лы білім, саналы тәрбие беріп, өмірден өз орындарын табуға ықпал етті. 

Олардың бойына адамзатта болатын ең жақсы қасиеттерді сіңірді, олар-

дан 25 немере 10 шөбере сүйген асыл ана енді тек біздің жүрегімізде.

Ана деген асыл сөзге табындым,

Анажаным дауысыңды сағындым.

Суретіңе қараймын да жылаймын,

Дегеніне көніп мына жалғанның.

Ұшырған ұл мен қызыңыз,

Шөбере сүйген балажан.

Бейнеңіз тұр ғой жаңғырып,

Кетсеңіз дағы арадан.

Енді  анамыз  Фатима  Акбарқызы  Айтжанкелінінің  жылдық  асын  9 

қазанда (8 қазан қонақасы) Түгіскен ауылында өтетіндігін хабарлай от-

ырып, барша ағайын, құда-жекжат пен оны танитын барша жамағатты 

Құран ішінде болуға шақырамыз.

Асқа шақырушылар: Айтжановтар отбасы.

4 қазан, 2016 жыл

3

Әулетіміздің  ақылшысы,  қамқор 

әке,  аяулы  бауырымыз  Абдуллин 

Амангелді  Мәдиұлы  1958  жылы 

8  ақпанда  Жаңақорған  ауданын-

да  дүниеге  келген.  Өмір  өткінші, 

дүние жалған екен. Мейірімсіз ажал 

бірімізге  іні,  бірімізге  бауыр,  ізетті 

де  қамқор, қайырымды  жанды  2016 

жылы 30 тамыз күні арамыздан алып 

кетті.

Абдуллин  Амангелді  бауырымыз 



ғибратты ғұмырында жұбайы Гүлшат 

екеуі бір ұл, үш қыз тәрбиелеп, ұлын 

ұяғы,  қызын  қияға  қондырды.  Ба-

уырымыз  досқа  адал,  жаны  таза 

азамат  еді.  Өмірінің  соңына  дейін 

жеке  кәсіпкерлікпен  айналысты.  Ол 

көпшіл, ақкөңіл, еңбекшіл еді.

Жан бауырым өзіңді аңсап сағынамыз,

Тағдырдың жазғанына бағынамыз.

40 күн өтті арамыздан алыстадың,

Амалсыз еске алумен жабығамыз.

Алдымнан таңдар атқандай ма, екен мұнартып,

Жан бауырым сені кездейсоқ алдым жоғалтып.

Сарғайып жүрмін сағынышымды баса алмай,

Әр таңда сені көруге келем үйіңе құмартып.

Енді міне, сәт сайын Алладан жанының жәннатта болуын тілеп, 

дұға бағыштаудамыз.

2016  жылдың  9  қазан  күні  (8  қазан  қонақасы)  Амангелді 

бауырымыздың  40  күндік  асын  Жаңақорған  кенті,  З.Мұсаханов 

көшесі  №110  үйде  берілетінін  хабарлай  отырып,  алыс-жақын 

ағайын, құда-жекжат және барша жамағатты Құран ішінде болуға 

шақырамыз.



Асқа шақырушылар: Абдуллиндер әулеті.

Қазақстан  Республикасы  «Нота-

риат  туралы  заңының»  60  –  бабы 

негізінде  қайтыс  болған  Дайрабаев  Ма-

рат  Қожамұратұлының,  Кокажанов 

Камардың  атында  қалған  мұралық  мүлікке 

мұраның ашылғандығы туралы өтініш түсуіне 

байланысты,  мұрагерлері  болып  таныла-

тын  туыстары  мұрагерлік  куәлік  алу  үшін 

Жаңақорған ауданының нотариусы Әлайдар 

Әбушахма  Өсербайұлына  өтініш  беруіне 

болады. Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі 

№134.

МҰРАГЕРЛІК КУӘЛІК

ҮЙ САТЫЛАДЫ

Т.Бегелдинов 

көшесіндегі №78 үй са-

тылады. 15 соттық жері 

бар. 15х14, 6 бөлмелі. 

Бағасы келісімді. 

Хабарласу телефо-

ны: 87013707844.

***

Алтыкрант мөлтек 

ауданында төртінші 

көше, үшінші участок 

үш бөлмелі времянка 

сатылады. Құдығы бар. 

Хабарласу телефо-

ны: 87024784950.



***

Жаңақорған кенті, 

Б.Байкенжеев көшесі 

№20 үй сатылады. Үй 

5 бөлмелі, есік алды 

кең, суы кіргізілген, бу-

мен жылытылады. Тез 

арада алам деушілер 

87078255323 телефо-

нына хабарласуына бо-

лады.

***

Вокзал көшесіндегі 

№2 үй сатылады. Үй 

бумен жылытылады. 

3 сарайы, ошақ қора, 

отын қора, баня, га-

ражы бар. Су аулаға 

кіргізілген. Бағасы 

келісім бойынша. 

Хабарласу теле-

фоны: 87011454685, 

87025586060, 22-4-12.

Алдымен аудан прокурорының орынбасары Алмат Аб-

дуллаев сөз алып, прокурорлық талдау жасады: 

– Жалпы, атқарылған шаралар нәтижелі деуге келмейді. 

Керісінше  жол-көлік  оқиғасының  саны  жыл  өткен  сайын 

артып  келеді.  Мәселен,  2011  жылдың  сегіз  айында  төрт 

жол  апаты  тіркелсе,  2013  жылы  –  22-ге  жетті.  Ал,  2016 

жылдың тамыз айына дейін 30 жол көлік оқиғасы тіркелді. 

Оның 20-ы немесе 67 пайызы кентте орын алса, қалғаны 

ауылдық  жерлерде  көрініс  тапты.  Соның  салдарынан  50 

адам зардап шексе, қайтыс болғандардың саны – 8, – деді.

Шынында,  жолдағы  қауіпсіздік  –  өзекті  мәселе. 

Өйткені,  жол-көлік  оқиғаларынан  мертіккен,  жапа  шек-

кен, қаза тапқан адам саны елдегі өлім-жітімнің отыз пай-

ызын  құрайтын  көрінеді.  Деректерге  сүйенсек,  жыл  сай-

ын  жол  апаты  жиілеп  барады.  Ауданда  өткен  жылмен 

салыстырғанда  жол  апаты  150  пайызға  ұлғайыпты.  Ал, 

зардап шеккендер 72,4 пайызға артты. Мұндай рекордтық 

көрсеткішке  жетуге  ащы  суға  тәуелділердің  үлесі  басым. 

Оның үстіне, жол қозғалысындағы ахуал күрделене түсті. 

Яғни, автокөлік саны артты, жолдың жайы мәз емес және 

ондағы белгілердің дұрыс орналастырылмауы да жол көлік 

оқиғасының жиілеуіне сеп болуда. Кенттің инфрақұрылымы 

сын  көтермейді.  Мектеп  және  балабақша  жанынан 

өтетін  жолда  жаяу  жүргiншiге  арналған  жолақтар  да  көп 

емес.  Ең  бастысы,  көлік  көбейгенімен,  жүргізушілердің 

жауапкершілігі азайып кетті. Жиында осы мәселелер баса 

көтерілді.  Сондай-ақ,  үйлену  тойындағы  «кортежді»  де 

қатаң  бақылауда  ұстау  керектігін  аудан  әкімі  қатаң  тап-

сырды.

Статистика мамандарының талдауы көрсеткендей, жол 



апатының 90 пайызы жүргiзушiлердiң кiнәсiнен орын ала-

ды екен. Жол апатының орын алу себептерiне қарағанда, 

жүргізушінің 24 пайызы жылдамдықты шамадан тыс асы-

рады екен. Сондай-ақ, апаттарға көше қиылыстарынан өту 

ережесiнiң бұзылуы – 11 пайыз, маневр жасаудағы қателiк 

– 10 пайыз, жаяу жүргiншiнiң жолдан өту ережесiнiң бұзуы 

– 10 пайыз, қарсы беттегi жол бөлiгiне шығып кету – 9 пай-

ыз себепші болады. 

Прокуратура,  осы  мақсатта  жол  апатын  азайтып, 

тиімділікке  қол  жеткізу  үшін  «Қауіпсіз  жол»  атты  жоба 

әзірлепті.  Осы  жоба  аясында  жергілікті  билік  пен  құқық 

қорғау саласы бірлесе жұмыс жасауды ұсынып отыр. Яғни, 

бектілген  іс-шаралар  бойынша  бірлескен  түрде  қызметтік 

тығыз  қарым-қатынас  орнатып,  орындалуын  қамтамасыз 

етіп, ұйымдасқан түрде жұмыстар атқару. Екіншіден, кент 

және елді-мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз 

ету  мақсатында  рейдтік  тексерістердің  пәрменділігін 

арттыруды,  рейдтік  тексерістерге  жергілікті  атқарушы 

органдардың  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 

өкілдерін  қатыстыруды  ұйымдастыру.  Үшіншіден,  жол 

белгілеріне  қатысты  орын  алған  барлық  кемшіліктер  мен 

заң бұзушылықтарды түбірімен жоюды көздейді.



СӨЗ  СОҢЫ.  Жиында  көтерілген  негізгі  мәселе  жол 

көлік  оқиғасын  азайту.  Яғни,  қайғылы  оқиғалардың  ал-

дын алу жайы қаралды. Әрине, жергілікті билік пен құқық 

қорғау саласы көтерген мәселе өзектілігімен мәнді. Алайда, 

жүргізушілердің жауапкершілігі артпай жол көлік оқиғасы 

азая  қояр  ма  екен?!  Сондықтан  инфрақұрылымды  дамы-

тумен қатар, тұрғындарды адам өміріне жауапкершілікпен 

қарауға үндеу нәтижелі болса... 



Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

ЖАЛЮЗДЕР ЖАСАЙМЫЗ

Жалюздердің  барлық  түрлері  бар. 

Жалюзидің  4  терезесіне  1  терезе  тегін. 

Тапсырыс  2-3  күнде  орындалады.  Өлшеу, 

орнату тегін.

Хабарласу  телефоны:  87028207078, 

87076877525.

«Облыстық 

олимпиадалар 

және 

қосымша  білім  беру  орталығы»  осы 



мекеменің  экономисі  Мейіржан  Асханов 

тың әкесі 



Инятхан Асхановтың  

қайтыс  болуына  байланысты  отбасына 

көңіл айтады.

***

№192  Келінтөбе  орта  мектебінің 

ұжымы,  осы  мектептің  директоры  Досжа-

нова Қалдықыз Базарбайқызына жұбайы



Назаров Мейрамбек Ғабитұлының

мезгілсіз  қайтыс  болуына  байланысты 

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

НЕГЕ ӨРШІП ТҰР?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет