туыстыҚ ПеН
тАтулыҚтың МекеНі
Балабақша мерекеге орай безендірілді.
Ересек және ортаңғы топтар арасында
тақырыпқа сай көрме ұйымдастырылды.
Шараны балабақша меңгерушісі Лейла
Кеңесқызы ашып берді. Фестиваль екі
тілде өтілді, онда Жамбыл облысы әкімдігі
білім басқармасының оқу - әдістемелік,
мектепке дейінгі мекемелер, және өзін-өзі
тану, мектепалды даярлық кабинетінің
әдіскері Айгүл Қаптағайқызы елдік шараның
маңыздылығына тоқталды. Фестивальде
№7, №23, №27, №15 балабақша ұжымдары
концерттік бағдарламаларын көрсетіп, №38
«Толағай» балабақшасының тәрбиеленушілері
қазақ халық ертегісі «Қарлығаштың
құйрығы неге айыр?» көрінісінен үзінді
көрсетті. Балдырғандар ән айтып, би билеп,
өз өнерлерін көрсетті және қонақтармен
көңілді тренинг жүргізілді. Бұл фестиваль-
ге балабақша меңгерушілері, әдіскерлері,
балабақша қызметкерлері, сонымен қатар
соғыс ардагерлері және ата-аналар қатысты.
Шара соңында балабақша меңгерушісі
Лейла Кеңесқызы қатысушыларға алғысын
білдіріп және соғыс ардагерлері мен ата –
аналарға сыйлықтар табыстады. Балабақша
бүлдіршіндері де өз тараптарынан қолдан
жасалған қолөнерлерін сыйлады.
Гаухар МЫРЗАЛИЕВА,
Гүлнар БАКИРОВА,
№38 «Толағай» балабақшасының
қызметкерлері.
елімізде алғаш тойланған Алғыс айту күні №38 «толағай» балабақшасында
кең көлемде аталып өтілді. «Қазақ жері – туыстық пен татулықтың мекені»
тақырыбында фестиваль өтті.
тәуелсіздігімізге 25 жыл толуына орай, қала тұрғындары арасында бұқаралық
жүгіруден жарыс өтті. салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау
мақсатын көздеген шараны қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі
ұйымдастырды.
Индира БАЙҚОНЫС
Сенбі күні таңғы сағат сегізден басталған жарысқа
18 жастан бастап, 70 жасқа дейінгі 300-ге жуық
адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік
қызметшілер, білім және денсаулық сақтау
салаларының қызметкерлері, студенттер және қала
тұрғындары болды.
Марафоншылар орталық «Достық» алаңынан бастап,
Тұңғыш Президент саябағына дейін жүгіріп өтті.
Таразда жыл сайын бұқаралық спортты насихат-
тау мақсатында көпшіліктің қатысуымен марафон
өткізіліп тұрады.
- Бұл жарыстың жөні бөлек. Себебі, биыл
қазақстандықтар тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің 25
жылдық мерейтойын атап өтпек. Бүгінгі ұрпақ батыр
бабаларымыздың азаттық жолындағы жанкешті күресін
ұмытпай, егемендіктің қадірін білуі тиіс. Мұндай
спорттық іс-шаралар жастарды отансүйгіштікке
баулиды,-дейді Жамбыл политехникалық колледжінің
1 наурыз Алғыс айту
күніне төле би көшесі
бойында орналасқан №8,
4 үйдің тұрғындарына
арналған мерекелік іс–
шара өткізілді.
№11 балабақшада жыр алыбы Жамбыл
Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына
орай «Жамбыл атам – жан азығым»
тақырыбында танымдық шара өтіп, онда
бүлдіршіндер өлең оқыды.
тұрғындар
ризашылығына
бөленді
балалар Жамбылды
жаттады
Арсен БАЙЗАҚ
Мерекелік іс-шараны өткізуге
қалалық білім бөлімі, №10 орта мек-
теп, №41,40,27 балабақша ұжымы
атсалысты. Елімізде алғаш тойланған
Алғыс айту күнінің жоғары деңгейде
өтуіне ұйымдастырушылар үлкен
дайындықпен келді. Мектеп дәліздері,
асхана бөлмелері қанатты сөздермен,
шарлармен безендірілді. Алғыс айту
күніне орай №41 балабақшаның
«Еркем-ай» тобы мен №10 орта
мектеп оқушылары өздерінің
өнерлерімен жиналған көпшілікті
тәнті етті. Концерттік бағдарламада
бүлдіршіндер мың бұрала би билеп,
ән айтса, «Жас Ұлан» ұйымының
мүшелері өздерінің жүректен
шыққан жыр жолдарымен анасына,
отбасына, ұстаздарына, еліне, соғыс
ардагерлеріне ризашылықтарын
жеткізді. Ал мерекелік іс–шараға
жиналған ата-аналар атынан
Камила Ташкеева ұйымдас-
тырушыларға алғысын айтып,
ризашылықтарын білдірді. Ме-
реке аса жоғары көңіл-күймен
өтіп, жиналған көпшілік осындай
ауқымды шараның жалғасын бола-
тынына сенім білдірді.
Шындығында, жоғарыдағы Төле
би көшесіндегі №8, 4 үйлерде тұратын
тұрғындардың дені - әлеуметтік
аз қамтамасыз етілген отбасылар.
Осындағы тұрғындарға мерекелік
көңіл-күйді сыйлауды мұрат еткен
шараны ұйымдастырушылар алдағы
мерекелерде көпшіліктің көңілінен
шығатын бағдарламаларын дайын-
дап отыр.
Жамбыл тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып,
оған қатысушылар «Жыр патшалығының алыбы-Жамбыл»
атты баяндама оқылып, Жамбыл Жабаевтың өлеңдері, қысқаша
тарихына, шығармашылығына, айтыстарына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, көрме ұйымдастырылып, Ж.Жабаевтың
кітаптары, жылжымалы қалталар, шығармалары, суреттері,
наградалары, өлеңдері, газет қиындылары бейнеленген. Ересек-
тер топтарының тәрбиеленушілері арасында ақындар сайысы
өткізілді. Балалар Жамбылдың жыр-толғауларынан, өсиетінен,
батасынан үзінді шумақтарын жатқа айтып, Жамбыл мен
Айкүмістің айтыстарынан көрініс келтірді. Аптаның соңғы күні
педагогтер арасында эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа
барлық топ тәрбиешілері, пән жетекшілері қатысып, жеңімпаз
болған командалар Мақтау қағаздарымен марапатталды.
Кулия ДЖАЙНАКОВА,
№11 балабақшаның қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
рахмет саған, туған ел!
Шынықсаң шымыр боласың.
Азаттық таңына арналды
студенті Нұралы Қойшыбай.
Марафон соңында жеңімпаздарға естелік сыйлықтар да
табысталды.
9
// «Жамбыл - Тараз» // №10 (1298), 10 наурыз 2016 Жыл //
таныМ
Үш ғасыр бойы төгілген бабалардың қаны, аналардың көз жасы, халықтың жетім бақыты, жарықтың
жесір уақыты тарихи аманатқа адалдық танытып, тәуелсіздікке қол жеткіздік. биыл тәуелсіздігімізге
25 жыл толып отыр. Ал ел егемендігінің жолында жанын пида еткен жерлесіміз Қайрат Рысқұлбековтің
дүниеге келгеніне 50 жыл. 13-ші наурыз - Халық қаһарманының туған күні.
«...кӨРМегеН ҚОШ бОл, тАңдАРыМ»
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Азаттық жолында халық үшін қан кешкен
азапты жылдар көрген қасіретті түстей көзден
ғайып болса да, көңілде ізін қалдырып кетті. Кең
даламызды алып кесенеге айналдырып жіберген
зұлматты заманда тәуелсіздік әр Алаш баласының
соңғы демі біткенше айтып өткен арманы еді...
Шаңырағы өртеніп, қазаны мәңгіге төңкеріліп
қалған қазақы ауылдар қаншама?.. Жан-жақтан
жаудың темір сақасы тиіп, асықтай шашылған
Алаштың артында бесігімен бірге тапталып кеткен
сәби-ғұмыр, кейуана тірлікке күң болып кеткен
қыз-тағдыр, құрсағындағы бөбегімен бірге құм
астында көміліп қалған аяғы ауыр байғұс ана-
лар аз ба еді?! Өткен ғасырлардағы, үстіміздегі
ғасырдың басындағы қанды шайқастар, ірілі-
ұсақты небір көтерілістер, ең ақырғысы тарихқа
«Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енген, кейіннен
«Желтоқсан» ұлт-азаттық көтерілісі» деген бағаға
ие болған 1986 жылғы жастар мен студенттердің
жанкештілігі, тәуелсіздікке қан төгіссіз бейбіт жол-
мен қол жеткізу үшін арпалысқан өршіл ұрпақтың
ерен ерліктері халық санасынан өшер ме?!
Халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен
бірге мақтанышына айналған бұл оқиғаның аяулы
құрбандарының бірі Қайрат Рысқұлбеков еді. Қазақ
қызының бір тал шашы болып тәуелсіздік жолында
үзіліп кеткен жерлесіміз Қайрат Ноғайбайұлы 1966
жылы 13 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм
ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге
келді. 1973-1981 жылдары Шу ауданындағы Төле
би ауылында орналасқан Сәду Шәкіров атындағы
мектеп-интернатта оқып, сегіз жылдық білім
алды. Мектепте сабақты жақсы үлгеріп, сыныптан
сыныпқа емтихансыз көшіп отырды. Қоғамдық
жұмыстарға белсене араласып, мектептің ба-
стауыш комсомол ұйымының хатшысы болды.
1981-1983 жылдары Бірліктегі бұрынғы Киров
атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты
бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға
дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып,
Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді.
1986 жылы мамырда әскери борышын абырой-
мен өтеп, сол әскери бөлімшенің жолдамасымен
Алматы сәулет-құрылыс институтына келіп,
сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түседі. 1986 жылы
16 желтоқсанда Қазақстанның бас тізгіні қайдағы
біреуге тапсырылуына бейбіт наразылық білдірген
жастар мен студенттерге қосылып, орталық
алаңға шығып, шеруге қатысты. Қазақ қыздарын
шашынан сүйреп, айуандықпен тепкілегендердің
оспадар-озбырлығына шыдамаған, ана қауымын
пір тұтып сыйлап өскен ол қыздарға араша түсіп
«бұзақы» атанды. Ақыры 1987 жылы 16 маусымда
Рысқұлбековке ең жоғары жаза – өлім жазасына
кесуге бұйрық берілді. Зиялы қауым өкілдерінің
өтінішінен кейін ғана Қайраттың ату жазасы
амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру
жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды
темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз
себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия
жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.
Ол өжет, намысшыл, ұлтжанды ғана емес, со-
нымен қатар сын сәттiң өзiнде сағы сынбай,
абақтының апанында жатып та қыздарды 8 наурыз
Қалалық мәдениет үйінде қалам қайратын ел қажетіне жұмсап, халқына қалтқысыз қызмет етіп
жүрген Қазақстанның Құрметті журналисі Мақұлбек Малдарбековтің шығармашылық кеші өтті.
ізгілікпен өрілген әсерлі кеш
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Кеш шымылдығын облыс әкімінің аппарат
басшысының орынбасары Тимуржан Нұрымбетов
ашып, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың Құрмет грамо-
тасын тапсырып, кеш иесіне деген ізгі лебізін білдірді.
Кеш барысында Мақұлбек Біләлбекұлының
журналистік жолын қалыптастырып, жетістікке жетуіне
өз септігін тигізген ұстазы, Жамбыл облыстық «Ақ
жол» «Еңбек туы» газетін 20 жылдан астам уақыт
басқарған қарт қаламгер Баттал Жаңабайұлы сөз
кезегін алып, шәкіртіне деген жүрекжарды лебізін
білдірді. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін жур-
налистика жайлы айтары бар Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткерлері, ақын Қайырбек Асанов пен
«Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры Мейрам-
бек Төлепберген таңдаған мамандығына қылаудай кір
түсірмей адалдық танытып жүрген Мақаңның толымды
істері мен жетістіктеріне тоқталды.
Ақпарат кеңістігінде БАҚ өкілдерімен араласып,
қоян-қолтық еңбек етіп жүрген М.Х. Дулати атындағы
ТарМУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Махметғали Сарыбеков те кеш иесі жай-
лы әңгіме өрбітіп, жастар тәрбиесіне қосып жүрген
үлестеріне тоқталып, ризашылығын білдірді. Сөзінің
соңында ізгі ниетінен туған үзік сырларымен бөлісіп
қана қоймай, Мақұлбек Біләлбекұлын «Мұхаммед Хай-
дар Дулати – үздік табыстары үшін» атты төсбелгісімен
марапаттады. Және М.Х. Дулати атындағы білім
ордасының жас өнерпаздары автордың шығармасы
негізінде дайындалған қойылымдарын ұсынды.
Ән-жырмен көмкерілген кеш барысында
Қазақ мемлекеттік университетінің «Журналисти-
ка» факультетін 1977 жылы бітірген курстастары
«Мұқағали» журналының бас редакторы, «Алаш» әдеби
сыйлығының лауреаты Батық Мәжитұлы, ақын Сайлау-
бай Тойлыбаев, ҚР Мәдениет қайраткері, Дінмұхаммед
Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының
профессоры Ораз Қауғабай және белгілі журналист
Болат Жаппарұлы сөз сөйлеп, қаламгердің қаламынан
туған туындылары туралы сөз қозғады. Ал облыстық
мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы
басшысының орынбасары Мүбәрак Жинақбаева кеш
иесіне Алғыс хат ұсынып, иығына шапан жапты.
40 жылға жуық
шығармашылықпен
айналысқан автордың
тәлім-тәрбиеге,
балалық шаққа деген
сиқырлы сезімге, өткен
күнге деген сағынышқа
толы «Әжемнің ақ батасы», «Әжемнің көк
байрағы» атты туындылары жарық көрген болатын.
Осынау шығармашылық кештің соңында автордың
«Ізгілік ілімі» атты келесі кітабының тұсауы
кесілді. Бұл кітабына қаламгер әр жылдары жазған
мақалалары, естеліктері мен эсселері, арнау өлеңдері
мен ой толғамдарын топтастырған. Бұл туындысында
автор ел мен жер тағдыры, уақыт тынысы, адамзат
құндылығына қатысты ой-пайымдауларын оқырман
назарына ұсынады.
Сырлы сазға толы шығармашылық кездесу
барысында сөздерін Мақұлбек ағамыз жазған сазгер-
лер Садық Құнанбаевтың «Үшаралым» және Асхат
Абзалбековтің «Сырлы сезім» атты әндері сахна төрінде
алғаш рет шырқалып, халықтың қошеметіне бөленді.
– Халықаралық әйелдер мерекесiмен құттықтап
хат жолдапты. Мекенжайы жоқ мұрағаттарда
жасырылып, уақыт өткен сайын аршылып келе
жатқан осы іспетті тың деректер оның рухының
өр, адамгершiлiгiнiң зор екенiн көрсетсе керек.
«Құрметтi қаракөз қарындастар мен жылы
жүздi жеңгейлер!
Шын жүрек, ақ көңiлiммен
Алғашқы көктемнiң күлiмдеген
Құттықтаймын, 8 март мерекесi,
Халықаралық Әйелдер күнiменен!
Қ-шы (құттықтаушы) қайын ж/е (және)
ағаларың
Жәрдем берер жағаларың!
Қыздар үшiн тар қапасқа
Келiп түскен тұлпарларың»,- дейді
тоталитарлық тозақтың тұтқыны болған Қайрат
өзінің аруларға айтқан ең соңғы құттықтауында. Ал
қазақтың басына төнген қаралы сәтте Қайратпен
1-сыныптан бастап бірге оқыған, өзімен бірге
жыр шумақтарын жарыса жазып өскен құрбасы,
махаббаты Гүләйім Құттыбекова қайғыдан қан
жылап ауыр дертке ұрынған халде қалыпты...
Сондай қайғылы халде күйзеліп жүрген шағында
Қайраттың рухына өлең жазған екен.
Ұзын да емес, қысқа да емес, ортамын,
Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын.
Қанды қақпан қармағына іліккен,
Қайрат құрбым, торқа болсын топырағың!
Ерлігіңе қуанам да сүйінем,
Қайрат құрбым, рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына аһ ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Жыр шашатын жүрегің де тілінді,
Есімің де ел аузына ілінді.
Тіршілікте елеусіз боп жүрдің де,
Көз жұмған соң, кім екенің білінді,- депті
тебіренген қаһарманның ғашығы. Қасқалдақтай
қаны қалғанша, бозторғайдай жаны қазағым
деп шырылдап өткен Қайраттың рухы еліміздің
тәуелсіздігіне айналды. Қазақ ұлтының
пешенесіндегі нәубеттің барлығына қанмен
нүкте қойылған сол күн өмірге жаңадан кел-
ген сәбидің көз жасымен жуылып кеткендей.
Алып шаһар Алматының абақтысына сыймаған
ұлтшыл ұрпақты қала сыртына қоқыс тастағандай
лақтырып жатқан көрініс отыз жылдан кейін
көрген түстей көлеңкеге сіңіп кетті. Тірі болса ол
ел-жұртын жарыққа жетелейтін билік өкілі немесе
әлем әдебиетіне желтоқсан туралы ұлы дастан жа-
затын ақын болар ма еді?.. Бірақ оның маңдайына
батырлық жазылды. Қайрат һәм оның заманда-
стары ойланбай отқа түсіп кетпегенде, бүгін біз
тәуелсіздікті түсімізде көрер ме едік, кім білсін?..
Ол - отызға жетпей-ақ аты аңызға айналып, ерлігі
ұрпаққа мәңгілік үлгі болған Халық қаһарманы.
25 жылдық Тәуелсіздік, бейбітшілік, достық
үшін тағдырлы халықтың талапты ұрпағының
атынан Қайраттың рухына мәңгілік алғыс, ерлігіне
мәңгілік тағзым!
10
// «Жамбыл - Тараз» // №10 (1298), 10 наурыз 2016 Жыл //
сайлау - 2016
Республикалық бюджеттің қаражатының есебінен төленді.
№8 сайлау округі бойынша тараз қалалық мәслихатының
депутаттығына кандидат
тастанқұлов Альмахан сұлтанқұлұлы
Өмірбаян
Тастанқұлов Альмахан Сұлтанқұлұлы 1976
жылдың 26 маусымында Жамбыл облысы,
Жамбыл ауданы, Пионер ауылында дүниеге
келген. Ұлты - қазақ.
1993 жылы Пионер ауылында орта мектепті
бітірді. 2002-2005 жж. «Парасат» колледжін
тәмамдады.
1998-2002 жж. Пионер шаруа қожалығында
жұмысшы болып бастаған.
2005 жылдан бері «Сити-Құрылыс» ЖШС-
де директоры.
Үйленген, үш ұл, бір қыз тәрбиелеуде.
сайлауалды бағдарламасы
1. Еліміздің егеменділігін сақтауға,
оның әлеуметтік экономикалық дамуын
қамтамасыз етуге бағытталған барша
игі бастамаларды қолдай отырып, қала
тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінің әл-
ахуалын, хал-жағдайын жақсартуға арналған
нақты шешімдердің қабылдауына ықпал ету.
2. Емдік мекемелердің материалдың-
техникалық базасын нығайтуға ықпал ету.
3. Мектептерді жөндеуге, олардың
м ат е р и а л д ы қ - т е х н и к а л ы қ б а з а с ы н
нығайтуға, бюджет қаржысын бөлуге қолдау
көрсету.
4. Қаланы суландыруға, осы арқылы
тұрғындардың бау-бақшаларын тиімді
пайдалануына, жеке шаруашылықтарын
жүргізуіне қолайлы жағдай туғызуға күш
салу.
5. Басты саясатым – жаңа жұмыс орын-
дарын ашу мен шағын және орта бизнесті
қолдау арқылы тұрғындарды жұмыспен
қамтамасыз ету. Бұл орайда әлеуметтік
әділеттіліктің сақталуына, аз қамтамасыз
етілген отбасылар мен зейнеткерлерге, көп
балалы жанұялар мен мүгедектерге көмек
көрсетуді ұйымдастыруға ерекше мән беру.
6. Қала тұрғындарының денсаулығы мен
жас ұрпақтың болашағын қамтамасыз етудің
негізгі себебі ретінде қала тазалығына баса
назар аударамын: қала экологиясын қорғау,
оны жақсарту шараларын іске асыру – басты
бағытым болады.
7. Менің мақсатым – қаланың әрбір
тұрғынының мүддесін жас ұрпақтың еркін
өсіп-жетілуіне үлес қосу және осы мақсаттар
үшін барша күш-жігерімді жұмсап,
азаматтық борышымды өтеу!
Құрметті сайлаушылар!
Депутаттық - мансап емес, міндет.
Сондықтан мен өзімнің азаматтық парызым-
ды өтеп, Сіздер үшін қызмет етуді өмірдегі
ең басты парызым деп білемін.
Сіздер артқан сенімді ақтауға, азаматтық
парызымды орындауға өмірлік тәжірибем де,
қабілетім де, күш-қуатым да толық жетеді.
№20 сайлау округі бойынша тараз қалалық мәслихатының
депутаттығына кандидат
сеитбек Жамбыл бескемпірұлы
Өмірбаян
Сеитбек Жамбыл Бескемпірұлы 1980 жылы 26
ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. 1996 – 1998
жж. Түлкібас агробизнес колледжінде «бухгалтерлік
есеп және аудит» мамандығы бойынша оқыған. 1998 ж
«AB INFORM» ЖШС-де компьютерлік курс мұғалімі
болған. 1999-2000 жылдары «Полиграф-сервис» ЖШС-
де типография меңгерушісі қызметін атқарған. 2000-2001
жылдары «Эль-Ко» ЖШС-де оператор болған. 2001-2003
жылдары «КазТрансГаз - distribution» ЖШС-де Оңтүстік
Қазақстан газ басқармасының Түлкібас өндірістік
филиалында менеджер қызметін атқарған. 2003-2005
жылдары «STOWN RM» ЖШС-де жобалаушы, директор
қызметтерін атқарған. 2005 жылдан ЖК «Сеитбек Ж.Б.»
жеке кәсіпкерлікпен айналысады.
Үйленген, бір ұлы бар.
сайлауалды бағдарламасы
Қазақстанның және біздің қаламыздың әлеуметтік-
экономикалық жағымды қозғалыстағы дамуына
қарамастан жұмыссыздық, қылмыс жасаушылық, бала-
лар бақшасында орындардың болмауы, жасөспірімдердің
бос жүруі сияқты қала тұрғындарын толғандыратын
өзекті мәселелер жеткілікті. Осы жағдайлар қалалық
мәслихаттың депутаттығына өзімнің кандидатурамды
ұсынуға итермеледі. Сайлаушыларымның алдын-
да жоғары жауапкершілікті сезіне отырып, өзімнің
төмендегідей сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:
- Қалалық өкілетті орынның сессияларында, олардың
тұрақты комиссиясының алдында өзімді сайлаған аймақ
сайлаушыларының әлеуметтік көкейкесті мәселелерін
шешуге белсенді атсалысу;
- Сайлаушылардан түскен мемлекеттік органдарға
қатысты мәселелерді күн тәртібіне қоюды қолға алу;
- Соғыс және еңбек ардагерлері мен зейнеткерлердің,
мүгедектер мен әлеуметтік мәселесі бар тұрғындардың
әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға
әрекет жасау;
- Жалғызбасты және көп балалы аналардың
әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға
ықпал ету;
- Қаланың тазалық мәселесін шешуге атсалысу;
- Көшелерді жарықтандыру, аяқ-жолдар (тротуар) мен
жолдарды жөндеуге, салуға ықпал ету.
Мәселелерді шешу:
- Ауыз сумен, әсіресе жаз айларында, тоқтаусыз
қамтамасыз ету;
- Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімді және
сапалы болуын жақсартуға;
- Өзімнің сайлау аймағымдағы тұрғындардың жас
мамандарының жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуге.
Көңіл аударылатын мәселелер:
- Спорттық құрылымдардың, мәдени-ағарту
мекемелерінің жүйесін дамытуға;
- Қолданыстағы заңнама аясында сайлау аймағындағы
кәсіпкерлердің құқығын үнемі қорғауға;
- Азаматтардың құқығын қорғап, қызметтік тәртіп
бұзушылық пен жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу;
- Сайлау аймағындағы тұрғындардың келелі мәселелерін
шешу мақсатында, сайлаушылармен тұрақты түрде кез-
десу жасап тұру.
Құрметті сайлаушылар!
Сіздерді 2016 жылдың 20 наурызында дауыстарыңызды
маған берулеріңізді сұранамын!
№4 сайлау округі бойынша тараз қалалық мәслихатының
депутаттығына кандидат
Асқарбеков Арын ильясұлы
№24
Достарыңызбен бөлісу: |