педагогтер отбасында дүниеге келген. Білімі жоғары.
бастаған.
борышын өтеген.
«инженер-технолог» мамандығы бойынша аяқтаған.
бойынша аяқтаған.
2005 ж. «Бастау Снаб» ЖШС-де инженер болып қызмет атқарған.
заңгер қызметін атқарған.
сы, ал 2011 жылдан аппарат басшысы қызметін атқаруда.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
КСРО- ның «Ерен әскери қызметі үшін» («За отличие в
хатымен марапатталған.
саяси күш ретінде нақты шешілуін қажет ететін маңызды міндеттер тұр.
көмектесу.
маған жақсы таныс.
көп балалы жанұяларға және т.б. жан-жақты қолдау көрсету;
бойынша жұмыстар жүргізу.
партия мен кандидатты таңдауға шақырамын.
Өмірбаян
Тараз қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.
университетінің «экономист» мамандығын бітірді.
міндетін атқарды.
орынбасары лауазымын атқарды.
өндірістік компаниясының директоры.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
мүшесі.
Кеңесі жұмыс тобының мүшесі.
облыстық филиалының директоры.
орынбасары.
Отбасылы, төрт баланың анасы.
насихаттауға және оларды жүзеге асыруға көмектесу.
мүдделерін қорғау.
жұмыс орындарын ашу.
септесу.
секілді проблемаларға көңіл бөлу.
таныту.
күшін біріктіруге күш салу.
насихаттау.
жаңартылуына ықпал жасау.
көгеріштендіріп, абаттандыру.
жүретін жолдарды көшеішілік жарықпен қамтамасыз ету.
11
// «Жамбыл - Тараз» // №10 (1298), 10 наурыз 2016 Жыл //
сайлау - 2016
№5 сайлау округі бойынша тараз қалалық мәслихатының
депутаттығына кандидат
Қызылғұлова ләззат Әбілдақызы
Өмірбаян
Қызылғұлова Ләззат Әбілдақызы 1972 жылдың 1
қаңтарында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар
ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ.
1989 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық институтының «Филология»
факультетіне «ұлттық мектептердегі орыс тілі мен
әдебиеті» мамандығы бойынша түсіп, 1995 жылы
бітіріп шықты. Ұстаздық қызметін 1995 жылы Қордай
ауданының Бетқайнар ауылындағы Ы.Алтынсарин
бастауыш мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі болып бастап, онда 1998 жылдың 13 ақпанына
дейін жұмыс істеді. 1998-2000 жж. аралығында Тараз
қаласының №1 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметінде жұмыс істеді.
2000-2001 жж. аралығында Ақтау қаласының №13
мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі қызметінде болды. 2001 жылдың тамыз айында
Тараз қаласына қайта оралып, №1 гимназияға қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналасты. 2006
жылдан оқу-тәрбие ісі жөнінен директордың орынбасары
қызметін атқарды.
2013 жылдың қазан айынан №1 гимназия директоры
болып тағайындалды.
Еңбек өтілі – 20 жыл, санаты – жоғары.
2008 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының
қатарында. 2013 жылдан бері қалалық филиалдың
Саяси кеңес мүшесі.
сайлауалды бағдарламасы
Біріншіден, округімізге карасты ауданды абаттан-
дыру мәселелері, оның ішінде көгалдандыру, мектепке
қарасты көшелердің асфальтталуы мен жөнделуі,
аулалардың аумағы мен көшелердің жарықтандырылуы.
Қала тұрғындарының демалатын және қыдыратын орын-
дары мен балалардың ойын алаңдарын аббаттандыруға
бөлінетін қаражат көлемін арттыруға ықпал ету.
Екіншіден, «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты
жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға
белсенді қатысуды қамтамасыз ету. Осы саланы дамытудың
маңызы зор. Бұл бағытта тұрғындардың ортақ ой-пікіріне
құлақ түре отырып, нақты нәтижеге жұмыс істеу.
Үшіншіден, білім беру мен денсаулық сақтау
салаларының мәселелері оның қызметінде басты кезекте
тұр, соның ішінде аталған салаларды қаражаттандыру
мәселесі. Білім беру қызметінің сапасын арттыру және
қолжетімді ету жолында еңбек ету.
Төртіншіден, балалар мен жастардың тәрбиесі,
балабақша мен орталықтардың құрылысына көңіл бөлу, осы
орайда мемлекеттік балалар клубтары мен орталықтарын
құру. Көпұлтты мемлекетімізде көптеген діни ағымдардың
бар екендігі бәрімізге аян. Бос жүрген жастарымызға дұрыс
тәрбие беру үшін, округімізге қарасты ауданда бос қалған
ғимараттарды жастардың пайдасы мен игілігіне беруге
атқарушы органдардың назарын аудару.
Бесіншіден, сыбайлас жемқорлық пен қызметтік құқық
бұзушылықпен күрес жүргізу, азаматтардың құқықтары мен
мүдделерін барынша қорғап, мемлекеттік бағдарламалар ая-
сында бөлінген бюджеттік қаражаттарды жұмсау бойынша
партиялық бақылау жүргізу.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сізді және сіздің жанұяңызды 20 наурыз 2016
жылы болатын сайлауға дауыс беруге шақырамыз!
Қызылғұлова Ләззатқа дауыс бергеніңіз,
Сіздің таңдауыңыз – Сіздің болашағыңыз!
№25 сайлау округі бойынша тараз қалалық мәслихатының
депутаттығына кандидат
Мауленов Нариман бөлдешұлы
Өмірбаян
Мауленов Нариман Бөлдешұлы, 1972 жылы 8 қарашада Жамбыл облысы,
Талас ауданы, Ақкөл ауылында қарапайым көп балалы жұмысшы отбасында
дүниеге келген.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
1979-1989 жылдар аралығында Талас ауданы (С.Шәкіров) А. Жданов
атындағы қой совхозындағы А. Жданов атындағы орта мектебін бітірген.
1989-1990 жылдары СССР-дің Госкомстат Қазақстан филиалында Есеп
және статистика МИПК-ның «ауыл шаруашылық мекемелерінің бухгалтерлік
есебі» мамандығын алған.
1990-1991 жылдары Ақкөл ауылшаруашылық кәсіптік техникалык
училищесінің «ВС категориялы жүргізуші» мамандығын алған.
1999 жылы М.X. Дулати атындағы ТарМУ «қаржы және несие» мамандығына
түсіп, кейін А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ -Түрік университетіне
ауысып, 2004 жылы «экономист-қаржыгер» мамандығын алып шығады. 2004
жылы аталған оқу орнына түсіп, 2006 жылы бітіріп «заңгер» академиялық
дәрежесін алған.
Мауленов Нариман Бөлдешұлы еңбек жолын 1990 жылы туып өскен ауы-
лында, яғни Талас ауданы, Сәду Шәкіров атындағы қой совхозының құрылыс
бөлімінде жұмысшы болудан бастады.
1991-1993 жылдары аралығында Сауда-Саттық кәсіпорнының экспедитор
қызметін атқарды.
1993-1994 жылдары аралығында Жамбыл облыстық «Жамбылотын» ААҚ
отын базасында снабженец болып, 1995-1996 жылдары осы кәсіпорыннан
вице-президенті қызметтерін атқарған.
1996-1998 жылдары «Нариман и К» фирмасында директор, 1998 жылы
«Аулие-Ата LTD» ЖШС бас директорының орынбасары, ал 1998-1999 жылдары
осы мекеменің бас директоры болып қызмет етеді.
2001-2011 жылдары «Транзит-Көмір» ЖШС облыстық көмір отын базасының
директоры қызметін атқарады.
2012-2015 жылдар аралығында ҚР Әділет Министрлігі тіркеу қызметі және
құқықтық көмек көрсету комитетінің Жамбыл облыстық жылжымайтын мүлік
орталығының РМҚК директорының орынбасары қызметін атқарды.
2015-2016 жылдар аралығында халықаралық әмбебап тауар биржасы
«DIAMOND» АҚ президентінің қызметін атқарды.
2015 жылдың 13 желтоқсан айында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында
«Кедендік Одақ елдерінің Құрметті азаматы» орденімен марапатталған.
сайлауалды бағдарламасы
Менің сайлауалды бағдарламам ҚР Президентінің Жолдаулары мен
реформалық бағдарламаларынан туындайды.
1. Тараз қаласы мен Жамбыл облысы өңірінің әлеуметтік-экономикалық
тұрақты дамуына, халық тарапынан келіп түскен өзекті мәселелер бойынша
түрлі деңгейдегі атқарушы, өкілетті органдар алдында мәселе көтеру, олардың
орындалуына ықпал ету.
2. Құрылыс саласы бойынша бірнеше жылдан бері кәсіпкерлікпен
айналысатындықтан сайланып отырған округ аймағындағы көшелерді
абаттандыруға, күл-қоқыстан тазартуға, көшелерді жарықтандаруға, тозығы
жеткен жолдарды жөндеу мен олардың өз қалпында сақталуына, дер кезінде
жөнделуіне жауапты қалалық мекеме жұмыстарына бақылау жасау, назарда ұстау.
3. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» даму стратегиясынан, «Нұрлы
жол – болашаққа бастар жол» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және басқа да
реформалық бағдарламалардан туындайтын бағыттардың Тараз қаласы халқының
әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін толық және нақты жүзеге асуына ықпал ету.
4. Көп жылдық кәсіпкерлік салада тәжірибемнің болуына орай ұлттық
экономикамыздың жетекші күші болып табылатын кәсіпкерлікті жан-жақты
қолдауға белсене араласу, шағын және орта бизнесті дамыту, Президентіміз атап
кеткендей «Қуатты бизнес – қуатты мемлекет» құруға атсалысу.
5. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаларын енгізуге қатысу, атаулы әлеуметтік
қолдауларды көбейту және өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер мәселесін
шешуге ықпал ету. Азаматтардың (көп балалы отбасылар, мүгедектер, табысы
төмен отбасылар және асыраушысынан айырылған) әлеуметтік қорғалуына,
жәрдемақылар мен төлемақыларды уақытында, толық және әділетті түрде алуына
бақылау мен қадағалауды күшейту.
6. Осы сайлау округі аумағы азаматтарына жаңа жер телімдерін беру бағытындағы
жұмыстарды бақылауда ұстау, аталған аумақта инфрақұрылымның (ауыз су, газ,
жол, электр энергиясы) жүргізілуіне ықпал ету.
7. Тұрғындар арасында ұлтаралық татулықтың, достық пен келісімнің
тұрақтылығының ары қарай сақталуына ықпал ету, рухани және мәдени ортаның
қалыптасуына жағдай жасау.
8. Тараз қаласының көрікті де көркем жерлерінің тарихи орындардың туристерді
тартатын Еуразияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталығына айналдыру үшін
барлық мүмкіндіктерді қарастыру, сол арқылы қосымша жұмыс орындарын ашу,
қосымша бюджетке табыстар түсіру.
9.Тараз өңірінен шыққан дарынды жастарға (шығармашылық, өнер, ғылым,
спорт т.б салалар бойынша) қолдау көрсету, үздіктерді түрлі деңгейдегі бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы насихаттау, мектеп қабырғасында және аула клубтырын
құру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, қаланың шет аймақтарында шағын
спорт алаңдарының салынуына ықпал ету.
10. Сайлау округі тұрғындарының қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілуіне
ықпал жасау, шалғай аудандар мен аумақтарда тұратын балалардың мектеп және
оқу орындарына қатынасын қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілуіне ықпал
ету. Қоғамдық автобус тасымалын таңертеңнен кешкі жұмыс уақытысының
аяқталуына, мектептегі сабақтың аяқталып балалардың үйіне дейін жетіп
алуына дейінгі уақытқа тоқтамай қызмет атқаруын қамтамасыз етуге ықпал
ету. Сонымен қатар, қоғамдық тасымалдаушы мекемелердің жолақыны негізсіз
көтерілуіне қарсы тұру.
№12 сайлау округі бойынша тараз қалалық мәслихатының
депутаттығына кандидат
Мәдімаров ғазизжан Жақсығұлұлы
Өмірбаян
Ғазизжан Жақсығұлұлы Мәдімаров 1964 жылдың мамыр айында
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылында дүниеге келген.
1981 жылы республикалық физика-математика мектебін бітірген
соң 1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің «қолданбалы
математика» мамандығын алып, Жамбыл гидромелиоративтік-
құрылыс институтына жұмысқа келді. Институттың ғылыми
зерттеу секторында жұмыс атқарып өз мамандығынан дәріс берді.
1988 жылдан бастап Жамбыл қалалық комсомол комитетінде
бөлім басқарды, қалалық комсомол комитетінің ІІ хатшы қызметін
атқарды. Хатшы қызметін атқарған кезінде жастар демалысы, патри-
отизм, жастар арасындағы құқық бұзудың алдын алу мәселелерімен
шұғылданды.
1990 жылдан Жамбыл есеп-экономикалық, Жамбыл
политехникалық колледждерінде дәріс берді.
2001 жылы білім беру қызметін көрсету үшін лицензия алып,
Тараз қаласында «Тараз - Ғасыр» колледжін ашып, 15 жылдан
бері колледжді басқарып келеді. Ғ.Ж. Мәдімаров басқарған ұжымда
40-тан астам оқытушылар мен қызметкерлер 8 мамандық бойынша
500-ден астам студенттерге білім беруде.
Отбасылы, үш ұлы мен қызы бар.
сайлауалды бағдарламасы
Мен жастармен және жеткіншектермен жұмыс жүргізіп,
тәжірибе жинақтаған педагог және азамат ретінде өмірлік белсенді
позиция ұстанып, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді дұрыс
қабылдай отырып, егер Сіздер сенім көрсетіп қалалық мәслихаттың
депутаттығына сайлаған жағдайда мына мәселелерді көтеріп,
шешуге ұмтыламын:
1. Саяси бағыт:
- ұлтаралық келісімді, бірлікті, тұрақтылықты насихаттау;
- мемлекетіміздің ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге
бағытталған іс-шаралардың жүзеге асуын қадағалау;
- өткен тарихымызды бағамдау арқылы жастардың бойында
патриоттық сезімді қалыптастыруға жағдай жасау;
- тең құқықтық және қызметтестік принциптерін қорғау.
2. Білім және тәрбие:
- мектептер мен коллдеждерде білім мен тәрбие берудің
инновациялық жолдарын арттыру;
- балабақшадан бастап мектеп қабырғасына дейінгі тәрбие
берудің озық дәстүрін қалыптастыруға ұйытқы болу;
- қазіргі таңдағы мұғалім кадрлардың қоғамдық беделін арттыру.
3. Денсаулық сақтау және әлеуметтік сала:
- мүгедектердің, зейнеткерлердің, әл-ауқаты төмен және көп ба-
лалы отбасылардың мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық
мәслихат тарапынан пәрменді шаралар қолдануды қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтауға пайдаланатын бюджет қаржысын жұмсауды
бақылау жөніндегі тиімді шараларды жасап, жүзеге асыру;
- барлық халықтың қолжетімді ем қабылдауына мүмкіндік жасау.
4. Қылмысқа қарсы күрес:
- қалада жасөспірімдер қылмысын, көшедегі бұзақылықты
ауыздықтау. Бұл үшін демеуші қаржысы, жергілікті бюджеттің
есебінен жасөспірімдерге аула клубтарын құрып, олардың жанына
спорт алаңдарын жасауға талпыну;
- жеке меншікті қолдау жөніндегі құқық қорғау орындарының
жауапкершілік дәрежесін көтеру.
5. Қала тазалығы және экология:
- қаланы көріктендіру, арық жүйесін қалпына келтіруге бай-
ланысты қаржыны тиімді пайдалану жолындағы мәслихаттың
жұмысын жандандыру;
- қала тұрғындары бойында қоршаған ортаға деген тазалық
мәдениетін қалыптастыруға ұйытқы болу.
6. Коммуналдық қызмет:
- бұл саладағы табиғи монополистердің қызметін реттеу
үшін тәуелсіз сарапшылар мен қоғам белсенділерінің жұмысын
үйлестіру. Сол арқылы жарыққа, газға, жылуға, суға негізсіз
тарифтерді көтеруге жол бермеу;
- мөлтек аудандардағы көп пәтерлі үйлерді жеке пәтер
кооперативіне біріктіру.
7.Шағын және орта бизнесті қолдау:
- шағын және орта бизнеспен айналысуға халық белсенділігін
арттыру;
- жеңілдетілген несие берудің көлемі мен формасын ұлғайту
және түрлендіру;
- жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз еткен кәсіпорындарға
қолдау көрсету.
№16 сайлау округі бойынша тараз қалалық мәслихатының
депутаттығына кандидат
бөлекбаев Жұмабек Әбдікәрімұлы
Өмірбаян
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауы-
лында 1959 жылы 20 наурызда дүниеге келген.
Алматы қаласындағы «Еңбек Қызыл Ту» орденді
Қазақ ауыл шаруашылық институтын 1982 жылы
«ауыл шаруашылығын электрификациялау»
мамандығы бойынша бітірген. Инженер-элек-
трик. 2011 жылдың 23 тамызынан бастап қазіргі
уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімдігінің
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасының «Жамбыл-Жылу»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі, Тараз қалалық
мәслихатының III-V шақырылым депутаты.
Үйленген, бір ұл, екі қызы бар.
сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар! Егер, Сіздер сенім
артып, менің кандидатурамды қолдап дауыс
берсеңіздер, мен мына мәселелерге аса назар
аударып, оң шешімін табуға күш-жігерімді
жұмсаймын:
- « Н ұ р л ы ж о л » м е м л е к е т т і к
инфрақұрылымдық даму бағдарламасын, «5
институционалдық реформаны жүзеге асыру
бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске
асыруға үлес қосуға;
- «Нұр Отан» партиясының XVII съезі
шешімдерінің жүзеге асуына қызмет етуге;
- «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын
қайта жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасына
сәйкес көп қабатты тұрғын үйлердің жылу
жүйесін жөндеуге ықпал етуге;
- Коммуналдық қызметтің (жылу энергия-
сы мен ыстық су, жарық көзі, жертөлелерді
техникалық жөндеу) сапалы және қолжетімді
болуына ықпал жасауға;
- Округ аумағында орналасқан әлеуметтік-
мәдени нысандарға күрделі және ағымдағы
жөндеу жұмыстарының дер кезінде сапалы
жүргізілуіне қол жеткізуге;
- Салауатты өмір салтын насихаттау
мақсатында округ аумағында бұқаралық
спортты дамытуға, мәдени іс – шаралардың
өткізіліп тұруына нақты үлес қосуға;
- Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған
жұмыстарға атсалысуға.
- Жемқорлықпен күресуде жүйелі түрде
жұмыс атқаруды ұйымдастыруға;
- Қоғамдағы ұлтаралық келісімді нығайтуға
белсенді араласуға;
Сондай-ақ, округ тұрғындарымен тұрақты
түрде кездесулер өткізіп, туындаған өзекті
мәселелерді уақытылы шешуге ықпал етуді
өзімнің азаматтық борышым деп білемін және
Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға бар күш-
жігерімді, білімімді жұмсауға уәде беремін.
Республикалық бюджеттің қаражатының есебінен төленді.
Республикалық бюджеттің қаражатының есебінен төленді.
Республикалық бюджеттің қаражатының есебінен төленді.
Республикалық бюджеттің қаражатының есебінен төленді.