2020 ж. қаңтар, №1 (57) Журнал 2005 ж. қаңтардан бастап шығады


Сан атауларына ұйытқы болған фразеологизмдер



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата04.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#89859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
2.Ғ. МҮСІРЕПОВТІҢ «ҰЛПАН» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ

Сан атауларына ұйытқы болған фразеологизмдер. 
Сан есімдер фразеологизм жасауға ұйытқы болып, айналасына басқа сыңарларды 
үйіріп, о бастағы сандық ұғымнан көп жағдайда алшақтайды да, абстракцияланып кетеді. 
Бір ауызды болу – «ұйымшыл, ынтымақшыл»: Бір ауызды болып қойған ел бірер күн 
сөйлескен болады. 
Екі езуі құлағында – «қуанышты», «мəз-мейрам»: Нұрым да «омин-омин» деп, аузын 
толтырып, жалаңбас бас есі жоқ, түсі жоқ, терлеп-тепшіп, екі езуі құлағында, алақандай 
шегір көзі ақайып кеткен. 
Жеті атасынан бері уызы арылмаған – «бақ-дəулеті үзілмеген»: Жорға Нұрым жеті 
атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған... бір жауыз еді. 
Жан-жануарлар атаулары ұйытқы болған фразеологизмдер. 
Фразеологизмдерге ұйытқы сөздердің ішінде жан-жануарлар атауларының да көлемді 
орны бар. Жан-жануарлар атаулары ұйытқы болып келуі жалпы фразеологизмнің халықтың 
салт-дəстүр, тұрмыс-тарихымен тығыз байланысты. 
Ат жалын тартып мінді – «өзі – өз болды, өзіне-өзі келді:
- Мен өзім ат жалын тартып мінгелі мұндай қорлық көргенім жоқ», – деді Байжан.


ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1 (57), 2020 
ВЕСТНИК КГПИ №1 (57), 2020 
ISSN 2310-3353 
ISSN 2310-3353
12 
Ат жүрмеген жерде қалу – «шамасы келгенше көмектесу»: Осы қыздың тұсында «ат 
жүрмеген жерде қалмақшы» болып отырмыз, – деді Бірке. 
Өлшемдік ұғымдарды білдіретін фразеологизмдер. 
Бұл топтағы фразеологизмдердің тілде туып, қалыптасуы қазақ халқының уақыт пен 
кеңістікті, көлемді, ұзындық пен қашықтықты өлшейтін өлшем атаулары болмаған көшпен-
ділік тіршілігімен тікелей байланысты. 
Көзін ала бере – «көрсетпей, назары басқа жаққа ауған кезде»: Амантайдың көзін ала 
беріп, Итбай ақшасын байқау үшін қалтасына қолын да салып қояды. 
Уақыт өлшемін білдіретін бұл фразеологизмнің жасалуына «көз» соматизмі темірқа-
зық болып тұр. 
Бие сауым уақыт – «биенің екі сауымының арасы, яғни қазіргі уақыт бойынша бір 
сағат шамасындағы мезгіл»: Бейшалардың қосылған құшағының өмірі, тым болмаса бір бие 
сауым уақытқа да жетпейді. 
Көз көрім жер – «алыс»: Өрісі көз көрім жер, ұзақ кеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет