Курстық жобаны қорғау тәртібі
Бөлім меңгерушісі курстық жобаны қабылдайтын комиссияның құрамын тағайындайды. Студенттер комиссия алдында курстық жобаның мазмұнын толық баяндап, қабылданған шешімдерін дәлелдеп, комиссия мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап береді. Студенттің еңбегін бағалауда комиссия курстық жобаның мазмұнын, сапасын, көлемін, қабылдаған шешімдердің ерекшеліктерін және қойылған сұрақтарына жауап берілуіне көңіл аударады.
Курстық жобаны комиссия мүшелерімен қатар курстық топтағы оқушылар алдында қорғау тиімді. Себебі, оларда өзінің жобасын
салыстыра отырып, кемшіліктерін байқайды және баяндаушы студент болашақ дипломдық жұмысты қорғауға тәжірибе алады. Комиссия мүшелері өзара кеңесіп қорытынды баға белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |