Отбасыменмектептіңөзара байланысы Отбасы мен мектептің педагогикалық өзара әрекеттесуінің мақсаты – баланың жайлы, қуанышты, бақытты өміріне, оның жеке басының дамуына жағдай жасау.
Отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуінің мәні ең алдымен:
отбасындағы тәрбие жағдайларын зерттеу;
ата-аналармен жеке және топтық жұмыс жүргізу; тақырыптық ата-аналар жиналыстары;
ата-аналарды оқудан тыс қызықты, мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыруға тарту;
баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы білім алушының электрондық
күнделігі, телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, әңгімелесу, жеке консультациялар, сынып ата-аналар жиналысы, ашық сабақтар, ашық есік күндері, сыныптан тыс іс-шаралар (ата-аналармен бірлескен мерекелер, экскурсиялар, сапарлар, саяхаттар), балалар жұмыстарының көрмелерін ресімдеу (суреттер, аппликациялар) және т. б. арқылы жүзеге асырылады.
Ата-аналар жиналысын өткізу бойынша ұсыныстар:
сәтсіздіктерін емес, ата-аналарды сындарлы және ағарту жұмыстарын жүргізу керек.
Жиналыстың тақырыбы балалардың жас ерекшеліктеріне бағытталуы
тиіс.
Жиналыс теориялық және практикалық сипатта болуы керек:
жағдайларды талдау, тренингтер, пікірталастар және т. б.
Жиналыс оқушының жеке тұлғасын талқылаумен немесе айыптаумен айналыспауы тиіс.
Қамқоршылықкеңесжәнеоныңқызметінұйымдастыру Қамқоршылық кеңестің мақсаттары:
білім беру ұйымдарына жәрдемдесу, бекітілген жарғылық функцияларды орындау;
білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогтары үшін қажетті жағдайлар жасау;
білім беру ұйымдарына қаржылық қолдау көрсету, материалдық- техникалық базаны нығайту;
білім беру ұйымын одан әрі дамытуға жәрдемдесу.
Қамқоршылық кеңестің қызметі «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен» реттеледі.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
«Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі: қызмет ету ерекшеліктері» тақырыбында әзірленген әдістемелік ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналасқан (https://uba.edu.kz/qaz).