17
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жеке көзқарастың
заманауи тенденциялары баланы
жалпы оқу ортасына қосуды, қосымша білім
беру құрылымдары мен қолдау әдістерін құруды,
олардың икемділігін
қамтамасыз ету, дидактикалық технологияларды бейімдеу, оқу мақсаттары мен
міндеттерін саралау арқылы мектеп бағдарламаларына қол жеткізуді қамтамасыз
етуді көздейді.
Инклюзивті білім беру балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар
балалар арасындағы арақашықты біртіндеп жоюмен сипатталады.
Бұл жерде назар басқа көрсеткіштерге аударылады: оқу нәтижелері,
баланың әлеуметтенуі және әл
-
ауқаты, мектептегі
қоршаған ортаны бағалау
және жағдай сапасы.
Білім беру процесінің барлық қатысушыларында инклюзивті мәдениетті
қалыптастыруға, білім алушының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға
көбірек көңіл бөлу ұсынылады. Әлеуметтену процесінде, оқу бағдарламаларын
игеруде қиындықтарды жеңуде білім алушыға қолдау көрсету қажет. Білім беру
ұйымдары ата
-
аналармен, дәрігерлермен,
тәрбиешілермен, әлеуметтік
серіктестермен, мамандармен байланыс орнатуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: