21 Қазіргі заманғы мемлекет және оның ерекше белгілері. Жоспар



бет8/36
Дата14.10.2023
өлшемі264,05 Kb.
#115130
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
саяси такырыптар

Партиялық жүйе.
Саяси өмірге қатысу мүмкіндігі бар саяси жүйелер қоғамның саяси жүйесін құрастырады. Партиялық жүйе бір-бірімен бәсенелесу негізінде қалыптасады. Партиялық жүйеге сандың көрсеткіш иегіз басады. Партиялық жүйе: бір, екі және компартиялық басып бөлінеді. Бірпартиялық жүйе – демократиялық емес мемлекеттерге байланысты; тоталитарлық, авторитарлық. Бұл мемлекетті бір ғана билік жүргізуші партия болады. 
Екіпартиялық жүйе – бұл билік үшін күресті екі партия жүргізетін жүйе, олардың ішіндегі жеңіске жеткені биліктің қарама-қарсы құрылымынен көп орын ала алады. Өте көп, бірақ негізгі күрес республикалық және демократиялық партиялар арасында жүреді және жеңіске жеткені ғана билік басына тұра алады.
Компартиялық жүйе – партиялардың саны өте көп болады, олардың барлығы да билідене таласа алады және олар бірлесіп үкімет құра алады, осындай партиялық жүйеде бір уақытта билік басында бірнеше саяси партия отыра алады.

1.Саяси партия бөлінеді?


2.Маркстік идеология?
3.Либералдық партия?

25 Саяси элита ұғымы


Жоспар:
1.Саяси элита ұғымы.
2.Элитаның классикалық қағидалары,оның қызметтері.
3.Элита мен көсемдер саясатының субьектісі.
4.Қазіргі Қазақстандағы саяси көсемдік институты және саяси элита сапасы.
5.Қазіргі Қазақстандағы көсемдік.

Саяси билікті іске асырушылар тобын қазіргі саясаттануда саяси элита (франц. еlite – ең жақсысы, таңдаулысы) деп атайды. Расында, қоғам мүшелері күнделікті жағдайда жаппай саясатқа араласып, саяси үдерісті жүргізуге қатынаса бермейді. Олардың қатынасуы, көбінесе сайлау науқанымен шектеліп, сайлау өткен соң өз сабасына түсіп, тынышталады. Шындығына келгенде, қоғамдағы саяси билік саяси элитаның қолында болады. Саясатты жүргізе біліп, саяси қызметпен кәсіби айналысу үшін арнай білім мен дайындық қажет. Кез келген адам еш дайындықсыз бірден саяси қызметке араласып, саяси шешімдер қабылдауда айтарлықтай рөл атқара алмайды. Ол үшін арнайы біліммен бірге қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың мұқтаждықтары мен мүдделерін ескеру, соларды келісті түрде іске асырудың жолдарын білу қажет. Соған орай тиісті құрал-жабдықтарды игеру қажеттілігі туындайды да, осыдан барып саясат субъектісі ретіндегі саяси элита туралы мәселе көтеріледі.


Саяси элита деп билік жүргізуге байланысты маңызды шешімдер қабылдауға тікелей қатынасатын, билік құрылымында жетекші рөл атқаратын, соған орай өзіндік артықшылықтарға ие болатын әлеуметтік топты айтамыз. Саясаттануға бұл ұғымды алғаш енгізген итальяндық ғалым, әлеуметтанушы В.Парето (1848-1923) болатын. Марксистік ілімде тарихтың жасаушысы бұқара халық деген қағидаға қарама-қарсы В.Парето және оның жасақтары, яғни элиталар теориясының негізін қалаушылар саясаттағы тұлғалардың рөлін баса айтады және олардың қандай талаптарға сай болуы керектігін негіздейді. Қазіргі саяси ғылымда оның ерекше бір саласы ретінде осы элитаның пайда болуы, қалыптасуы, қоғамдағы рөлі туралы элитология ілімі дамыған. Элитологияның басты бір мәселесіне элиталарды жіктеу мәселесі жатады. Элиталар олардың атқаратын қызметіне орай, (яғни, функционалдық белгі бойынша) саяси, экономикалық және мәдени- ақпараттық деп үшке бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет