21 Қазіргі заманғы мемлекет және оның ерекше белгілері. Жоспар


Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары



бет23/36
Дата14.10.2023
өлшемі264,05 Kb.
#115130
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне байланысқа түскен объективті қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер құрылымын зерттеу жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар. Осындай байланыстардың елеулі бөлігі уақытша және кезекті сипатқа ие болады. Әлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі.
Әлеуметтік заң – бұл әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік әрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік әлеуметтік әрекеттерінің жалпы және қажетті байланыстарын айқындауы. Әлеуметтік заңдар тек үлкен адам бұқарасы қамтылған жағдайда ғана айқындалады және статистикалық сипатқа ие болады.
Қоғамның ұйымшылдық деңгейі
Қоғам – бұл деңгей бойынша ұйымдастырылған жүйе. Олардың өзара қатынас спецификасын ашатын және деңгейлерін тіркейтін, әлеуметтану пәнінің маңызды аспектілерінің бірі болып саналады. Әлеуметтануда қоғамның құрылысын социеталды деңгей деп атайды. Келесі деңгей – бұл әлеуметтік институт. Әлеуметтік институт тек материалдық түрдегі мекеме ғана емес, ол ең алдымен, адамдар тобының іс-әрекетінің түрақты ұйымдасқан формасы. Әлеуметтік институт – бұл мемлекет, шіркеу, жанұя, ғылым, білімберу және т.б. Әлеуметтік институттың институт қызметінің тұрақтылығына жәрдемдесетін өзіндік ұйымы мен арнайы дайындалған адамдары бар. Қоғам ұйымшылдығының ерекше деңгейіне әлеуметтік қауым жатқызылады. Оларды зерттеу – «стратификация» түсінігімен сипатталатын, әлеуметтік білімнің ең негізгі динамикалық аймағы болып табылады . Жеке адам деңгейі. Жеке адам, тұлға ең күрделі және қарама-қайшы білім беру ретінде айқындалады,- «Бір адамзат жанының тарихы біртұтас халықтың тарихынан бай”. Әр деңгей өзінің мәдениетіне, өзінің әрекет тәсілдеріне, белсенділік шегіне ие болады.
Әлеуметтік ғылымның деңгейлері
Әлеуметтік ғылым дегеніміз не және оның деңгейі қандай? деген сұрақтың жауабы әлеуметтану пәнін түсіну мен оны зерттеу ерекшелігінен айқындалады. Егер әлеуметтануды – әлеуметтік қауымдар, олардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, әрекеті мен бұқаралық тәртібі жөнінде ғылым деп саналса, онда әлеуметтік білім әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың қалыптасу мен даму механизмнің білімі ретінде белгіленеді. Осы мәселелерді шешу көбінесе жалпы ғылыми және айрықша әлеуметтік әдістер арқылы жүзеге аасырылады. Әлеуметтану ғылымының 3 деңгейі ажыратылады:
1) жалпы әлеуметтік қағида;
2) арнайы әлеуметтік қағида;
3) нақты әлеуметтік зерттеу (эмпирикалық зерттеу) — бұл әлеуметтік білімнің эмпирикалық деңгейін белгілейді. Бұл деңгейлер әлеуметтік білімнің вертикальды білім срезін құрайды. Көлденең срезі қоғамның жеке өмір әрекет салаларын зерттейтін, салалық әлеуметтанудың саның құрайды.
Мұндай оқу жолын 20-шы жүзжылдықтың 60 жылдары американ социологы Р.Мертон ұсынды және әлеуметтік білімнің 3 деңгейін құрастырды: әлеуметтік қағиданың кең деңгейі, орташа ранг қағидасы және соңғысы күнделікті зерттеулерден пайда болатын кіші жұмыс гипотезасы. Мертон бойынша, «орташа деңгей” қағидасы жалғыз жүзеге асатын және көңіл бөлуге тұрарлық қағида. Бұл қағида негізгі анализ дәрежесі ретінде Мертон үшін, индивид пен қоғамдық құрылым арқылы жүзеге асатын, әлеуметтік топ болып шықты. Мертонның әртүрлі қағидасының анализі мен мұқият сипаттауы нәтижиесінде, 60-70-шы жылдары үш деңгейлі білім концепциясы құрастырылды. Бұл концепцияның дамуы негізінде өз кезекте әлеуметтік ғылымның екінші деңгейі жөнінде көрініс толықтырыла бастады.
Әлеуметтік білімнің осындай өзіндік ажыратылуы әлеуметтану пәнінің түсінуінен айқындайтын өз тарихы бар.
Ғылым дамуының әр кезеңінде белгілі өзгерістерге ұшырауы, әлеуметтану пәнінің әдістері мен атқаратын қызметтері жаңаша түсіндіріліп жатты. Конт заманында әлеуметтану макроәлеуметтану түрінде дамыды, бұл әлеуметтік білімнің жалпы қағидалық білімге бағыттауы, қоғамды тұтас ағза ретінде сипаттауда назардың шоғырлануын белгілейді. 20 ғасырда микроәлеуметтанудың қалыптасуы, нақты құбылыстарды анализдеуде қағидалық сипаттаулардан әлеуметтік – психологиялық және социометрлік әдістерді қолдану арқылы эмпирикалық зертеулерге көшу белгіленді. Мертонның әлеуметтану қағидасы макро және микроәлеуметтанудың бірігуін көздеді.
Сондай-ақ, бұл екі деңгейден басқа әлеуметтанудың негізгі мақсаты мен бағытына байланысты, қағидалық және қолданбалы деңгейді ажыратады. Егер зерттеудің негізгі мақсаты қағиданың дамуы болса, онда ол фундаментальды қатарына жатқызылады, ал егер тек тәжірибелік ұсыныстарды алуға бағытталса, онда ол қолданбалы зерттеу қатарына жатады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет