21 Қазіргі заманғы мемлекет және оның ерекше белгілері. Жоспар


Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет



бет6/36
Дата14.10.2023
өлшемі264,05 Kb.
#115130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
саяси такырыптар

Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет.
Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет – ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды.
Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.
Демократия тікелей мағынасында халықтың өзі қоғам өмірін ұйымдастыруын білдіреді. Бірақ бүгінгі танда әлемнің бірде-бір елінде шынайы мағынасындағы демократияның орнамағаны ақиқат. Көпшілік елдерде тек сол халық билігінің мінсіздігіне ұқсастырылып, жақындастырылуы ғана кәрініс тапқан.
Мұндай қоғамдарда әлі күнге дейін қоғамдық өмірді реттеу қызметін өкілеттік және басқа да билік органдары, яғни, мемлекет атқаруда. Шын мәнінде бүгінгі күнгі демократия - мемлекеттіліктің бір түрі, ол, тіпті, мінсіз деп танылуы мүмкін. Басқа жағынан қарағанда, демократияны дамыту процесі - өз өмірін орнықтыруда халықтың маңызын арттырып, рөлін үнемі күшейту және соған сәйкес, оның өкілетті органдарының, яғни, мемлекеттің қоғамдық қызметін әлсірету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет