21. Магнит өрісінде токқа әсер етуші күш. Ампер заңы



бет1/11
Дата05.02.2023
өлшемі1,52 Mb.
#65269
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

21. Магнит өрісінде токқа әсер етуші күш. Ампер заңы.
Тұрақты магниттер және олардың бір – бірімен, сондай – ақ темірмен әсерлесу қабілеті ертеден белгілі ( магнит өрісі материяның бір түрі арқылы өтеді). Греция – магнесия – руда, қытайда да белгілі болған. Ал жіңішке өткізгіштер бойымен ағатын токтың (оларды түзу сызықты ток деп атаймыз) магниттік стрелкамен әсерлесуін тек 1820 ж. Дат (Дания) физигі Эрстед байқаған болатын. (Эрстед Ханс Кристиан даниялық физик, 1777 – 1851 ж.ж.) 1820 – 1823 ж.ж. Ампер Эрстед тәжірибелерін дамыта отырып, токтардың тек қана тұрақты магниттермен ғана емес, олардың өзарада әсерлесетіндігін анықтады (Ампер Андре Мари 1775 – 1836 ж.ж. француз физигі, математигі және химигі). Сонымен, электр токтары өзара әсерлеседі екен. Мысалы, бойымен ток жүріп тұрған жіңішке өткізгіштер, егер олардағы токтардың бағыттары бірдей болса, бір –біріне тартылады, ал қарама –қарсы болса, онда тебіледі. Осындай екі параллель өткізгіштердің бірлік ұзындығына келетін өзара әсер күші, токтың және шамасына пропорционал, ал олардың арақашықтықтарына кері пропорционал болатынын тәжірибе көрсетті, яғни:
(5.1)
Бұл екі параллель шексіз ұзын өткізгіштер бойымен жүрген токтардың өзара әсерлесуін сипаттайтын, яғни жеке жағдайға жазылған Ампер заңы болып табылады. Осы заңның кез-келген формадағы өткізгішке қолданылатын жалпы өрнегімен біз төменде танысамыз.
(5.1) формуласын мына түрде жазуға болады:
(5.2)
мұндағы - магнит тұрақтысы деп аталады. Ампердің анықтамасы бойынша және м болғанда шамасы Н/м – ге тең болатынын пайдаланып, - дің сан мәнін табуға болады. Ол үшін осы мәндерді (5.2) өрнегіне қойсақ мынаны аламыз:
(5.3)

Токтардың өзара әсері магниттік өріс арқылы жүзеге асады. Сонымен қозғалыстағы зарядтар, яғни токтар, өздерін қоршаған ортаның қасиетін өзгертеді – онда магнит өрісін тудырады. Бұл өріс ондаған қозғалған зарядтарда ( токтарда) белгілі күштің әсер етуінен байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет