Сапаныбасқару әдістері ―басқару органдары өнімнің жоспарланған күйі мен сапасына қол жеткізуді және оны қолдап отыруды қамтамасыз ете отырп өндірістік үрдіске ықпал жасайтын жолдары. Сапаны басқару әдістерін төрт топқа бөлуге болады: ұйымдық, әлеуметті-ұйымдық, экономикалық, ұйым-технологиялық.
22. Сапаның тоталды менеджмент сатысы жайлы не білесіз? Сапаны жалпы басқару (ағылшынша Total Quality Management, TQM) – барлық ұйымдық процестердің сапасын үзбей жоғарлатудың жалпы ұйымдастырушы әдісі. Total Quality Management – бұл көп жылдар бұрын Жапония мен АҚШ-та сәтті бастаған сапаны жалпы басқарудың философиясы. TQM-нің басты идеясы – компания тек өнімнің сапасын жоғарлату мақсатында ғана емес, сонымен қатар жалпы жұмыстың сапасын да, қызметкерлердің жұмыс сапасын да жоғарлату мақсатында жұмыс істейді. Осы үш негіздің үнемі жақсарып отыруы (өнім сапасы, процесстерді ұйымдастыру сапасы және қызметкерлердің квалификациясының жоғарлауы), бизнестің жылдам және тиімді дамуының негізі бола алады. Сапа клиент талаптарының іске асу дәрежесі, компанияның қаржылық көрсеткіштерінің өсуі және қызмет ететін компаниялардың өз жұмыстарының жақсару категорияларымен анықталынады. TQM екі механизде жұмыс істейді: Quality Assurance (QA) – сапаны бақылау және Quality Improvements (QI) – сапаны жоғарлату. Бірінші – сапаны бақылау – сапаның керекті деңгейін ұстанады және тауар немесе қызмет сапасындағы клиентке берілетін сенім туралы анықталған кепілдіктегі компания ұсынысымен қорытындылады. Екінші – сапаны жоғарлату – бұл сапа деңгейін тек қолдау ғана емес, сонымен бірге оны жоғарлату, соның ішінде кепілдік деңгейін де көтеру мақсатында жұмыс істейді. Бұл екі механизм – әрдайым бизнесті дамытуға, жақсартуға мүмкіндік береді. TQM жүйесінің 9000 сериялы ИСО стандартынан өзгешелігі-мұндағы қолданылған стадиялар арқылы сапа басқару процесі жүргізілген. TQM үшін олар: • сапа саласындағы жұмыстарды реттеу; сапа жұмыстарын жабдықтаушымен бірігіп жасау; • сапа бойынша жұмысшылар тобы; • адами факторларды басқару; • сапа бойынша ұлттық компаниялармен бірлесу; • сапа саласындағы саясат болу; • сапа мәдениетін қалыптастыру; • жаңа бұйым жасаудағы тексеру жұмыстары; • материал қабылдаудағы кірме тексеріс; • тәжірибелік бұйыымның сапасын бағалау, бұйым сапасын және өндірістік процесті жоспарлау; • дайын бұйымды тексеру; • бұйым сапасын бағалау; • бұйым сапасынан ақпарат беретін аппаратураны тексеру; • сапа қамту әдістеріне персоналды үйрету; • кепілді күту; • тағы басқалай әрекеттер.