№22 (115) 26 қараша, 2015 жыл АҢдатпа 9 стр



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата03.03.2017
өлшемі10,27 Mb.
#6796
  1   2   3   4   5   6

№22 (115) 26 қараша, 

2015 жыл

АҢДАТПА

9 стр

5 бет

11 бет

4 бет

Ә.Б.БЕКТҰРҒАНОВ,

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің 

ректоры, з.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА 

корреспондент-мүшесі.

БОЛАШАЌТЫЈ ЖАРЌЫН 

ЖОЛЫНДА

1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ



М

іне, биыл Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін 

еліміздің халқы төртінші жылы мерекелеуде. Жыл 

өткен сайын Ұлт Көшбасшысының тұлғасы әлемдік деңгейде  

айшықтала түсуде. Өйткені, оның Қазақстанды дамыған   

30 елдің қатарына енгізу бағытындағы игі  істері шет елдік 

саясаткерлердің  де назарын өзіне аударуда.

Расында 


Елбасының 

тәуелсіз 

мемлекетімізді  нығайту  жолындағы 

әрбір  қадамы  бағалауға  лайықты.  Со-

нау  қиын-қыстау  кезеңнен  елімізді 

сүріндірмей  алып  өтіп,  жұртымызды 

жұдырықтай  жұмылдырып,  Қазақстан 

халықтарының  ынтымақ-бірлігін  берік 

сақтап, 

сарабдал 

басшылығымен 

мемлекетімізді  өркениет жолына жетек-

теуде    Нұрсұлтан  Әбішұлының  еңбегі 

орасан  зор.    Бүгінгі  таңда  Тәуелсіз 

Қазақ елі берік  қалыптасты, тарихымыз 

түгенделіп,  тіліміз,  дініміз    қайта  орал-

ды.  Мемлекеттік  ұлттық  рәміздеріміз 

айбынданып,  тұғырлы  Туымыз    биікте 

желбіреп тұр. 

Президентіміз  тек  қазақ  елінің  ғана 

емес, сонымен бірге  Кеңестер Одағының 

шекпенінен  егемендігін  алып  шыққан 

бұрынғы  «бауырластардың»  басын 

қайта қосып, ТМД-ның негізін салуға да 

ерекше тер төкті. Саяси, экономикалық, 

мәдени  интеграция  құруға  арналған 

көптеген  бастама-жобалардың  ав-

торы  болды.  Мәселен,  Еуразиялық 

экономикалық  қоғамдастық,  Бірыңғай 

экономикалық  кеңістік,  Кеден  одағы, 

Ұжымдық  қауіпсіздік  шарты  ұйымы, 

Шанхай  Ынтымақтастық  ұйымын  т.б. 

солардың  қатарында  атауға  болады. 

Сондай-ақ,  Түркітілдес  мемлекеттер 

одағының құрамында да біздің еліміздің 

беделі үлкен. Қазақстанның Еуропаның 

қауіпсіздігі 

және 


ынтымақтастығы 

ұйымына,  Ислам  ынтымақтастығы 

ұйымына  төрағалық  етуі,  Дәстүрлі 

әлем  діндерінің  съездерін  өткізуі, 

Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  мүше  бо-

луы - осы сөздеріміздің бір дәлелі. Ширек 

ғасырға  жуық уақыт ішінде қазақ деген 

ұлтты,  Қазақстанды  БҰҰ  құрамындағы 

барлық  мемлекеттер  түгел  мойында-

ды.  Әлемнің  150-ден  астам  елдерімен 

дипломатиялық  қатынас  орнатылды. 

Қазақтың  шекарасы  айқындалып,  ол 

Қытайдың,  Ресейдің,  Өзбекстанның 

Жоғарғы  заң  шығарушы  органдарын-

да  тиісті  ратификациядан  өтті, 

заңды күшіне енді. 

Бүкіл  әлемді  экономикалық 

дағдарыс шайқалтып, небір ал-

пауыт мемлекеттер экстремизм 

мен  терроризмнің    құрбанына  

айналып  жатқанда  Елбасының 

халқының қамын ойлап күн кешуі 

оның  көреген  көшбасшылық 

келбетін 

көрсетеді. 

Мыса-


лы,    «Қазақстан  жолы-2050: 

Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ»,  «Нұрлы  жол  – 

болашаққа 

бастар 

жол» 


атты    халыққа  Жолдауында 

дамудың    стратегиялық  жоспа-

рын  құрып,  елімізде  түбегейлі 

инновациялық- индустриялық бетбұрыс 

жасады.  Жасап  қана  қойған  жоқ, 

оны  жүзеге  асырудың  жарқын  жол-

дарын  белгілеп  берді.  Айталық,    бес 

институционалдық  реформаға  қатысты 

«Нақты  100  қадам»  -  ұлт  жоспарын 

алып  қараңыз.  «Кәсіби  мемлекеттік 

аппарат  құру»,  «Заңның  үстемдігін 

қамтамасыз  ету»,  «Индустрияландыру 

және экономикалық өсім», «Есеп беретін 

мемлекетті  қалыптастыру»  деп  атала-

тын  бөлімдерден  тұратын  бұл    ресми 

құжатты – еліміздің  экономикалық даму 

бағытындағы  түпкілікті  бағдарламасы 

деп қабылдауға болады. «ХХІ ғасырдың 

ортасындағы  тарихи  апогей  қамтымды 

әрі нақты айқындалды. Бағдарлама жан-

жақты  жасалды,  біз  не  істеу  керектігін 

білеміз әрі оны қалай істеп, сол арқылы 

қандай  мақсаттарға  жететінімізді  де 

болжап  отырмыз.  Әлбетте,  өмір  бір 

орында  тұрмайды,  тарих  қашанда 

өзінің  аргументтерін  алға  тартады. 

Құбылысты,  бұрылысты  кезеңге  дай-

ын болуымыз керек», -деп  Елбасының 

өзі  айтқандай  біздің    халқымыздың 

болашақтың  берік  қамалын  құруға 

ұмтылуы қуантады.

Болашақтың  берік  қамалы  дегенге 

келсек,  ол  -  шағын  және  орта  бизнесті 

өркендету,  көліктік,  энергетикалық, 

индустриялық 

және 


әлеуметтік 

инфрақұрылымдарды    дамыту.  Бұл 

салада 

шетелдік 



инвесторларды  

кеңінен тарту қажеттігі де назардан тыс 

қалмауы тиіс.

«Болашағымыздың  тірегі –жастарға»  

үлкен  сенім  артқан  мемлекет  басшысы 

олардың    білім    мен  ғылымды    терең 

меңгеріп  төрткүл  дүниеге  түгел  та-

нылуы  үшін    де  жан-жақты  жағдай 

туғызуда.  Әсіресе,  үш  тұғырлы  тілді: 

қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытуды 

мектеп  табалдырығынан  бастау  бүгінгі 

күннің көкейтесті талабы екенін баса ай-

туда. Бұл тұрғыда Назарбаев зияткерлік 

мектебінің  бағытын  ұстанған  дұрыс. 

Ғылымның  индустрияландыру  және 

экономика  салаларына  мамандар  дай-

ындайтын  10  жоғары  оқу  орнының  ба-

засын нығайту да назардан тыс қалған 

жоқ.

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң 



Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  көкейтесті 

мәселелерді  көтерген  халықаралық  

жиындарда көш басында көрініп келеді. 

Қазақстанның  ядролық  қарудан  бас 

тартып,  дүниежүзінде  бейбіт  өмірді 

мәңгілік  сақтауға  талпынған  алғашқы 

қадамының  өзі  оның  халықаралық 

дәрежедегі мерейін үстем етті.

Шетелдік  сапарларының  бәрінде 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Украинадағы, 

Тәжікстандағы, сондай-ақ  Ауғанстан мен 

Сириядағы  адам  төзгісіз  қақтығыстар 

туралы  пікірін  батыл  айтып,  анық  бай-

лам жасауда. Жақында ғана өткен БҰҰ 

Бас  ассамблеясының  70-сессиясында  

сөйлеген  сөзінде Елбасы әлем басшы-

лар  мен    саясаткерлерін  жер  бетінде 

бейбітшілік  пен  бірлікті  мәңгі  сақтап 

қалуға шақырды. Соның ішінде  орнықты 

даму,  қарусыздану  және  ядролық  қару 

таратпау  режімін  нығайту,  өңірлік  және 

жаһандық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 

мәселелерінде  өзара    бірігіп  іс-қимыл 

жасау  керектігін  айтты.  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының жүз жылдығына «Жаһандық 

Стратегиялық  Бастама–2045»  жоспа-

рын әзірлеуді ұсынды.

Оның  мәні  –  барлық  ұлттардың 

әлемдік  инфрақұрылымға,  ресурстарға 

және  нарықтарға  қол  жеткізуінің  әділ 

шарттары  негізінде  әлемдік  дамудың 

жаңа  трендін  қалыптастыру,  сондай-ақ 

адамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ 

жауапкершілікті  орнықтыруда  екенін 

тілге  тиек  етті.  Сондай-ақ,  БҰҰ-дың 

штаб    пәтерін  Азияға  көшіруге  ұсыныс 

білдірді. Қазақстан халқы Ассамблеясы 

құрылымын  халықаралық  институттық 

дәрежеде  қолдануды  ұсынып  отырған 

шет  мемлекеттердің  «ЭКСПО-2017» 

халықаралық көрмесіне қатысуға үлкен 

құлшыныс білдіруі де еліміздің беделінің 

артқанынан  белгі береді.

Міне, 


Президентіміздің 

осындай 


әлемдік 

дәрежедегі 

белсенділігін, 

халқының 

болашағына 

деген 


қамқорлығын,  өркениет  жолындағы 

ұлы  бастамаларын    біз    әрқашан 

қолдаймыз,  қуаттаймыз.    Әр  жылы  

Тұңғыш  Президент  күнін  жылы  жүрек, 

ыстық ықыласпен мерекелейміз.  Мере-

ке құтты болсын, әріптестер!



БАЛАНЫҢ ӨТІРІК АЙТУ 

СЕБЕПТЕРІ...

ҚАЙТА ОРАЛҒАН 

МАХАББАТ

ЖИЗНЬ ПРЕКРАСНА!

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ 

ДЕГЕНІМІЗ...

Жетісу 

университеті



ҚОҒАМ

бейсенбі, 26 қараша, 

2015 жыл

Баспасөз -2016



2

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Сіз  бен  біздің  қолымызға  тиетін  «Жетісу 

университеті» 

басылымы 

алғашқыда 

кішкене  форматта  әрі  тек  оқу  орнында 

ғана таралған болатын. Газет аз уақыттың 

ішінде өзіндік көзқарас, бағыт-бағдары бар 

ұстаным  қалыптастырып  үлгерді.  Бүгінде 

облыстың  ақпарат  айдынында  бірден-бір 

жастар  басылымы  болғандықтан,  алар 

орны  да  ерекше.  Себебі,  жас  ұрпақты 

ұлтжандылыққа  тәрбиелеуде,  басты  ны-

сан  болып  табылатын  ақпарат  құралы, 

ешқашан өміршеңдігін жойған емес. 

Бүгінде 

жарияланатын 

мақалалар 

мазмұны мен газеттің безендірілуі бәсекеге 

түскен тұста, облыс көлемінде жарық көріп 

келе жатқан, белді басылымдар қатарында 

болуы көңіл қуантады. Әрине, ол бір күннің 

немесе  бірлі  жарым  адамның  еңбегі  ғана 

емес. Ол мына білім ошағындағы ұстаздар 

мен шәкірттеріміздің белсенділігінің арқасы. 

«Сырт  көз  –  сыншы»  демекші,  басқа  қала 

немесе басқадай оқу орнынан келген, жан-

дар  қызыға  қарайтын  басылымымыздың 

күн санап өрісі кеңейе берсін.

Өз 

бесігімізде 



тербетіп 

жеткізген 

басылымға  үлкен  жанашырлық  танытып, 

жазылу  науқаны  кезінде  қолдау  көрсете 

білейік. 

Салтанат  ТИНИСТАНОВА,

техника ғылымдарының кандидаты, 

доцент. 

Қолжетімді басылымнан 

сырт қалмайық

РЕКТОРМЕН  КЕЗДЕСУ



Ж

ылдағы дәстүрге орай университетіміздің ректоры, 

заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның 

корреспондент-мүшесі Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғанов 

білімгерлермен кездесті.

Кездесу  барысында  білім  ордасының 

басшысы  І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу 

мемлекеттік  университетінің  мамандарды 

дайындау  саласындағы  жетістіктері  тура-

лы мазмұнды әңгімеледі. Жыл артқан сай-

ын  білім  беру  базасының  нығайып  келе 

жатқандығын,  тәрбиелік  ұйымдастыру 

жұмыстарының  жан-жақты  жүргізілетіндігін 

тілге  тиек  етті.  ЖМУ-дің  бакалавриа-

тын    тәмамдаған  маман  иесі  оқуын  әрі 

қарай  жалғастыру    үшін  ұзаққа  бармай-

ақ    осындағы  магистратурада  білім  алу  

мүмкіндігі барын, тіпті ғылым жолына түсем 

десе  одан  әрі  докторантурада  оқи  ала-

тынын  да  ұқтырып  өтті.  Білім  ордасының 

ең    үлкен  жетістігі  -  Германиядағы  AQUIN 

халықаралық  аккредиттеу  агенттігінен 

бірнеше  оқу  бағдарламасының,  сондай-

ақ  бакалавриат  пен  магистратураның 

56  мамандығы  мамандандырылған  ак-

кредиттеуден  өткізілгенін  айтты.  Соның 

нәтижесінде түлектеріміз қазіргі күні төрткүл 

дүниенің түкпір-түкпіріндегі іргелі білім беру 

орындарында  білімдерін  жалғастыруда 

және  танымал  компанияларда  жұмыс 

істеуде. Жыл сайын 40-тан астам универси-

тет білімгерлерінің академиялық ұтқырлық 

бойынша  шет  елдік  жетекші  жоғары  оқу 

орындарында  бір  мезгіл  білім  алып, 

тәжірибеден  өтетіндігіне  терең  тоқталды. 

Айталық, 

Варшава 

университетінде, 

Грецияның 

Афина 


технологиялық 

білім  беру  университетінде,  Чехияның 

агротехникалық  университетінде,  Риганың 

техникалық  университетінде,  Польшаның 

Лодзь  университетінде,  АҚШ-тың  Айда-

хо  университетінде,  ал  магистратура-

да  оқитын  магистранттар  міндетті  түрде 

ғылыми  тағылымдамадан  Еуропа  мен 

Азияның  беделді  оқу  мекемелерінен  өтіп, 

тіл ұстартып келетінін,  шетелдік жоғары оқу 

орнына  ағылшын  тілін  жетік  меңгергендер 

ғана бара алатынын ескертіп өтті. 

Университет  басшысы  ЖМУ-де  білім 

беру  саласы,  әсіресе,  ғылыми  жобалар 

бағытындағы    студенттердің  талпынысы 

өндірістік іс-тәжірибемен тығыз байланысты 

екенін  нақты  мысалдар  арқылы  түсіндірді. 

Атап  айтқанда,  энергетика  және  маши-

на  жасау  бағытында  Талдықорғандағы 

«Метакон»,  «Интеграл»  зауыттарымен, 

Үштөбедегі  «Казсиликон»  комбинаты-

мен,  «Қайнар-АКБ»  аккумулятор  зауыты-

мен  тығыз  байланыста  екенін,  сол  секілді 

білім  ордасында  ғылыми  зертханалар  мен 

орталықтар  бір  жерге  шоғырландырылып, 

ғылыми кластер бойынша  жұмыс істейтінін 

сөз етті. Кластердің құрамына «Жастардың 

аймақтық 

инновациялық 

орталығы», 

«Ілиястану», «Өлкетану және ғылым фило-

софиясы»,  «Адам  психофизиологиясы», 

«Аймақтық  экологиялық 

зерттеу»,  «Геофизикалық 

ортаның  биофизикалық 

мониторингі», «Математи-

ка және жаңа технология», 

тағы  басқа  зертханалар 

мен  орталықтар  енетінін, 

ондағы 


студенттердің 

ғылыми  ізденістері  өз 

жемісін  беріп  отырғанын 

мәлімдеді. 

Сондай-ақ, 

екі  жылдан  бері    об-

лыс  көлемінде  тарай-

тын  12  беттік  «Жетісу 

университеті» 

газетінің 

жарыққа шығып жатқаны,  

2  жаңа  құнды  камераға 

ие 

телестудияның 



жұмыс  істейтіні,  жалпы  бұл  журналистика 

мамандығына  оқып жатқан студенттер үшін 

лабораториялық-тәжірибелік  орталықтың 

рөлін  атқаратыны  туралы  да  түсінік  беріп 

өтті.

«Жанамын  деген  жүрекке  от  беремін» 



дегендей  университет  білімгерлері  жыл 

сайын  республикалық  және  халықаралық 

олимпиадаларға  қатысып  жүлдеге  қол 

жеткізеді.  Білім  ошағында  «Шағала»  би 

ансамблі, «Жас түлек»  студенттер театры, 

«Мөлдір»  вокальды-аспаптар ансамблі т.б  

үйірмелер  және  түрлі  спорттық  секциялар 

жұмыс  істейді.  Аймақтардан  келген  сту-

денттер жатақханамен қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік  тұрғыдан  мұқтаж  студенттер-

ге  және  мүгедектерге    материалдық  көмек 

жиі  көрсетіледі.  Белсенді  білімгерлер  на-

зардан тыс қалмай лайықты марапатталып 

отырады.  Міне,  осының  бәрі  де  ректордың 

тұшымды  әңгімесі  арқылы  студенттердің 

санасына жетіп жатты. 

Кездесу барысында білімгерлер ректорға 

өздерін  толғантып  жүрген  сауалдар-

ды  қойып,  оған  жан-жақты  жауап  алды. 

Сауалдардың  арасында  сыни  пікірлер  де 

айтылмай  қалған  жоқ.  Керісінше  студент-

тер  орынды  талап  қойып,  батыл  сөйледі. 

Мәселен,  жатақханаға    байланысты, 

университетіміздің  туы  туралы,  Тәуелсіздік 

мерекесін  аттап  өтіп,  Жаңа  жылға 

дайындықты бастап жіберудің  дұрыс емес 

екендігі жөнінде, әскери кафедраның ашы-

луын  білімгерлердің  құптайтындығын,  тіпті 

әскери шен беру мәселесі  жайлы студент-

тер өз ойларымен  ортақтасты. Сондай-ақ, 

«Нұрлы  жол»  бағдарламасына  байланы-

сты  Астанада  өткен  жиынға  университет-

тен 25 білімгердің қатысып қайтқанын тілге 

тиек  етіп,  білім  ордасы  басшылығына 

ризашылықтарын білдіріп өтуді де ұмытқан 

жоқ. Кездесу  өте әсерлі өтті.

                   

 Үсен ДАУЫЛБАЙҰЛЫ.

Ќуанышпен ќауышты

Жуырда  педагогика  және 

психология  факультетінің 

студенттері 

қазақ 


эстрадасының 

жұлдызы 


Жеңіс 

Ысқақовамен 

кездесті.  Бір  қызығы,  әнші  

Жеңіс  Ысқақова  1990  жыл-

дары  Жетісу  мемлекеттік  

университетінде дәріс алған 

екен. Бірақ жанұя жағдайына 

байланысты  оқуын  аяқтай 

алмай,  басқа  оқу  орнына 

ауысып  кетіпті.  Ә,  дегенде-

ақ,  осындай  мәліметтің  өзі 

университет  білімгерлерінің 

бойында  қызығушылық  оят-

ты.  Олар  кездесу  барысында  түрлі  сауал-

дарды қойып, құлшына түсті. 

Әсіресе, 

музыка 

мамандығының 



білімгерлері әншінің шығармашылық өміріне 

терең үңілді. Мәселен, 1 курс студенті Има-

шева  Мөлдір  мен  4  курс  студенті  Тұрсын 

Надиманың:    «Жеңіс  апай,  Сіз  музы-

ка  өнеріне  қалай  келдіңіз?,  Қандай  өнер 

байқауларына  қатыстыңыз?»-  деген  сау-

алына  Жеңіс:  «Мен  бала  кезімнен  бастап-

ақ  ән  айтуға  құмар  болып  өстім.  Мектеп 

қабырғасында жүрген кезімде түрлі мәдени 

іс-шараларға  қатысып,  сахнада  ән  сала-

тынмын.  Сол  құштарлығымның  арқасында  

бүгінгі күні айтулы әнші дәрежесіне жеттім. 

Жасымда  көптеген  өнер  байқауларына 

қатысып,  жүлделі  орындарға  ие  болдым. 

1987  жылы  Юрмала  қаласында  өнер 

байқауына қатысып, «Көрермен көзайымы»  

номинациясы  бойынша  марапатталдым»,- 

деп күле жауап берді.

«Әу  демейтін  қазақ  жоқ»  дегендей  кез 

келген  қазақтың  ән  айтып,  күй  шертетіні, 

өнерден  құр  алақан  еместігі  бәрімізге  аян. 

Әйтсе  де    әнші  ретінде  танылып,  суырыла 

алға  шығып  даралану  үшін  асқан  дарын, 

тума талант, талмай еңбектену қажет. Әнді 

кең тыныспен, асқақ үнмен, шыңына жеткізе 

шырқай  білу  –  орындаушылық  шеберліктің 

шырқау биігі, бұл - әншіге қойылатын қатаң 

талап.  Қашанда    халық  шынайы  өнерді 

бағалағанда  лайық  көрген  өнер  иесін  ғана  

«әнші»  деп  атаған.  Біздің  кейіпкеріміз  де 

халық көңілінен шығып, өз өнерін шыңдауға 

келгенде  ерінбей  еңбектенетінін  студент 

жастарға  жайдары  мінез,  жайма  шуақ 

әңгімесі арқылы паш етті. Әдетте жұлдыздар 

«паңдау»  келеді  ғой,  бірақ  Жеңістің 

қарапайым  отбасында  тәрбиеленгені  тұла 

бойынан байқалып тұрды. 

Қазақ  эстрадасының    жұлдызы  Жеңіс 

Ысқақовамен болған  кездесу  жастарымызға 

ерекше әсер етті  ғой деймін, болашақ музы-

ка мамандары әншімен қимай қоштасты. 

Д.ЖАРКЕНОВА,

  аға оқытушы.

Жуырда  университет  спорт  залында   

«ҚР  Конституциясының  20  жылдығына» 

арналған факультеттер арасында қол күрес 

спорт  ойынынан  жарыс  өтті.  Жарысқа: 

мәдениет  және  өнер,  қаржы-экономика, 

жаратылыстану-техникалық,  гуманитарлық, 

заң,  физика-математика,  педагогика  және 

психология  факультеттерінің  білімгерлері 

қатысты.  Әр  топтан  55,  60,  65,  70,  75,  80 

килограмдық салмақтағы бір ұл, бір қыздан 

14  бала,  барлығы  сайыс  алаңында  98 

білімгер  күш  сынасты.  Жартылай  финалға 

өткен  командалар  қарама-қайшы  кездесу 

ойындары арқылы финалға жолдама алды. 

Ақтық  ойындардың  нәтижесі  бойынша: 

І  орынды    мәдениет  және  өнер,  ІІ  орынды 

заң, ІІІ орынды  жаратылыстану факультеті 

иеленді. 

Команда  ойыншылары  ішінде  әдемі  ойын 

өрнегін көрсете білген білімгерлері физика - 

математика факультетінен: Ә.Құрманғалиев, 

Е.Құдайберген,  Е.Нурет;  мәдениет  және 

өнер  факультетінен:  Н.Тоқтаров,  Д.Дуз-

Оглы,  Ж.Жарасов,  Р.Айтқазиева,  қаржы-

экономика  факультетінен:  Ж.Қасқырбай, 

М.Ахметов;  жаратылыстану    факультетінен: 

Д.Бижанов,  А.Талғатова;  гуманитарлық 

факультетінен:  Б.Әшімов,  А.Асқатқызы, 

Г.Асқатқызы өз шеберліктерімен көзге түсті. 

Жарыстың бас төрешісі Д. Байдильдин, бас 

хатшысы  М.Алиев,  төрешілер:  Ө.Танабаев, 

Б.Сарсенбаев,  Қ.Умаров,  М.Қажықанов, 

Т.Дуанаевтар болды.



Мұрат АЛИЕВ,

                            оқытушы, магистр.

Қол күресінен жарыс өтті



Қоңыр  күздің  қараша  айы 

университетіміздің 

білімгерлері 

үшін  жемісті  болды.  Осы  айдың 

басынан  ЖМУ  спартакиадасы  ең 

шешуші кезеңге келіп жетті. 

Әсіресе,  4-19  қараша  аралығында 

факультеттер  арасында    гір  көтеру 

бойынша өткен жарыс қызықты болды. 

Жарысқа  төрт  факультет:  мәдениет 

және 


өнер, 

қаржы-экономика,    

жаратылыстану-техникалық, 

заң 


факультеттерінен 

28 


білімгер 

қатысты.    «Күш  атасын  танымас» 

дегендей    білегі  күшке  толы,    құрыш 

қолды    жастар  топ  жарып  жүлдені 

қанжығасына  байлады.  Сайыстың 

жалпы 


қорытындысы 

бойынша      

І орынды  заң факультеті, ІІ орынды  қаржы 

-экономика факультеті, ІІІ орынды  мәдениет 

және өнер факультеті иеленді. 

Топ  спортшылары  ішінде  әдемі  ойын 

өрнегін 

көрсете 


білген 

білімгерлер: 

Д.Дуз-Оглы,    Ж.  Жарасов,  Б.Досжанов, 

Б.Амирханов, Е.Айтжан, Е.Мухан, Н.Жапар,  

С.Балтабайларға 

ризашылығымызды 

білдіреміз.

Құрыш қолды күштілер



Жетісу 

университеті



ВУЗИНФО

четверг, 26 ноября,

2015 год

3

Золотая осень

Бюджетные авто

Знаменитый  публицист  Дмитрий  Ивано-

вич    Писарев  когда-то  сказал:  «Человек, 

действительно  уважающий  человеческую 

личность,    должен  уважать  её  в  своём  ре-

бенке, начиная с той минуты, когда ребенок 

почувствовал  своё  «Я»  и  отделил  себя  от 

окружающего  мира». Каждый человек, вы-

бирая  свою  профессию,  отталкивается  от 

того, что ему нравится, какой род деятель-

ности  более  близок  ему.  За  5  лет  работы 

воспитателем я ни разу не пожалела о вы-

боре    своей  профессии.  Дети  –  это  цветы 

жизни, которые дарят нам радость и согре-

вают  своими  лучиками-улыбками,  от  кото-

рых наше сердце становится светлее и до-

брее. Мы учим их, как правильно себя вести 

и что делать, сами не замечая, как многому 

они учат нас. Самую глобальную проблему 

порой  можно  исправить,  обняв  ребенка  и 

прижав к себе. Маленький человечек в одно 

мгновение забудет о своей печали,  и никог-

да не забудет о вашей доброте. Как же по-

рой  не  хватает  этих,  казалось  бы,  простых 

вещей во взрослой жизни!

В работе с детьми одним из самых важ-

ных  аспектов  я  считаю  индивидуальный 

подход  к  каждому  ребенку.  За  целый  день 

я стараюсь уделить внимание персонально 

каждому,  поговорив,  поиграв,  ответив  на 

интересующие  вопросы  или  научив  чему-

либо. Для того, чтобы показать, что каждый 

ребенок уникален по-своему, мы часто про-

водим  различные  тематические  мероприя-

тия,  посвященные  каким-либо  праздникам 

и  событиям.  Такие  мероприятия  позволя-

ют  раскрыть  в  ребенке  творческие  способ-

ности,  а  познавательные  игры  и  конкурсы 

развивают  в  детях  логическое  мышление, 

образное восприятие окружающей среды  и 

командный дух.

Утренник «Радуга», проведенный в сред-

ней группе  под названием «Золотая осень», 

прошел в приятной осенней атмосфере. Це-

лью данного мероприятия было ознакомить 

детей  с  приметами  осени,  дать  представ-

ление о пользе овощей и фруктов для здо-

ровья  человека,  а  также  раскрыть  в  детях 

потенциал, показать их творческие способ-

ности. В самом начале утренника дети спе-

ли песню А. Досмагамбетова под названием 

«Осенью». Далее сыграли в дидактическую 

игру  «Угадай наощупь»: ребята нащупыва-

ли и угадывали названия овощей и фруктов, 

находившихся  в  мешке.  Многие  из  детей 

впервые увидели каравай и спели песню об 

этом  прекрасном  хлебобулочном  изделии. 

Дети  активно  участвовали  в  подготовке 

данного  утренника,  и  главная  роль  -  роль 

Красавицы  Осени,  досталась  девочке  из 

группы. Ребята встретили Осень с малень-

кими подарками -  стихотворениями о ней, 

отгадали загадки, после чего в зале начался 

ливень – игра, в которой дети по окончанию 

музыки должны были оказаться под зонтом. 

Ребята увлеченно и с интересом сыграли в 

игру под названием «Солнышко и дождик».  

На  утренник,  подготовленный  маленькими 

талантами, в основном пришли их бабушки, 

и  дети  не  могли  не  спеть  для  них  хорошо 

известную  им  песенку  «В  гости  к  бабуш-

ке».  Далее  последовала  развлекательная 

игра «Аттракцион» для маленьких гостей из 

других групп. Маленькие зрители делились 

на команды и на скорость собирали грибы. 

Финальным номером стала театрализация 

русской народной сказки «Репка», в которой 

приняли участие самые активные малыши. 

В  подготовке  и  проведении  утренника 

«Золотая  осень»  выступала  помощником 

воспитатель этой же группы Смагулова Ба-

хытгуль Ильясовна.

Родители  и  дети  остались  довольны, 

утренник завершился веселым чаепитием! 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет