№22 (115) 26 қараша, 2015 жыл АҢдатпа 9 стр



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі10,27 Mb.
#6796
1   2   3   4   5   6

Х.БАЗАРБАЕВА,

              Н.Тілендиев атындағы 

балалар музыка мектебінің домбыра 

сыныбының мұғалімі.                   

                                       Г.ЗАУАТБЕКОВА,

                    қобыз сыныбының мұғалімі. 

Н

ұрғиса Тілендиев музыкасы негізінде балалардың 



шығармашылық қабілетін арттыруда маңызы зор. 

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту   музыка   

мектебіне, оның ішінде арнаулы мұғаіліміне жүктеледі. Музыкант 

тәрбиелеу – күрделі, ауқымды мәселелерді қамтитын процесс. 

Оқушының шығармашылық қабілетін ашып, оны ары қарай дамы-

тып, музыка аспабына ойнауға үйретіп қана қоймай, оның бойына 

аса маңызды практикалық дағдыларды сіңіре білу керек.


Жетісу 

университеті



ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

бейсенбі,  26 қараша,

2015 жыл

5

ИЗ ЗАЛА СУДА

Пән ретінде 

оқытылуы қажет

К

ез келген қоғамда сыбайлас жемқорлықтың таралуы 



демократияға, азаматтық қоғамның дамуы мен құқықтық 

мемлекеттің нығаюына айтарлықтай зиянын тигізеді. Соны-

мен қатар сыбайлас жемқорлық құқықтық тәртіптің нығаюы 

мен заңдық актілердің беделін төмендетеді. Яғни,  замануи 

экономиканың тірегін құрайтын нарықтық меxaнизмдер мен 

бәсекелесу заңдарын бұзады.

Сыбайлас жемќорлыќ 

дегеніміз...

Қазіргі  уақытта  әлемдік  қауымдастық 

назарында  тұрған  сыбайлас  жемқорлық 

ауқымды  мәселе  болып  тұр.  Сыбайлас 

жемқорлық  –  бұл  ұлттық  шекаралардан 

асып, барлық қоғамдар мен экономикалық 

жүйелерге  қатысты  құбылыс  болып  етек 

алуда.    Одан  әрі,  саяси  құрылымына 

және  экономикалық  даму  жағдайларына, 

аумақтық орналасуына қарамай, сыбайлас 

жемқорлық барлық елдерге тән әлеуметтік 

дертке айналып отыр.  

Этимологиялық  жағынан  «сыбайлас 

жемқорлық» теpмині «сатып алу», «пара» 

мағынаны  білдіретін    «corruptio»  деген 

латын  сөзінен  келген.  Заң  энциклопеди-

ясында  «сыбайлас  жемқорлық»  теpмині 

«саясат  немесе  мемлекеттік  басқару 

саласындағы  қылмыстық  әрекет,  ол 

лауазымдық  тұлғалар  өздеріне  сенімге 

берілген құқықтар мен билік мүмкіндіктерін 

жеке  баю  мақсатында  пайдаланудан 

тұрады»  деп  қарастырылған.  Дәл  осын-

дай  анықтама    үлкен  заң  сөздігінде  де 

беріледі.  Сыбайлас  жемқорлық  түсінігінің 

ауқымына: 

лауазымдық 

жағдайын 

заңсыз  пайдаланғаны,  яғни,  шенеуніктер 

заңсыз  артықшылықты  (мүлікті,  қызметті 

не  жеңілдікті)  аламын  деп  сыбайлас 

жемқорлықтық әрекеттерге баруы. Бірқатар 

мемлекеттер  сыбайлас  жемқорлықтың 

мазмұнын  әлеуметтік-құқықтық  құбылыс 

ретінде  кеңейтуге  ұмтылған,  ең  алды-

мен,  сыбайлас  жемқорлықтық  әрекеттер 

субъектілері 

шеңберіне 

тек 


қана 

лауазымдық  тұлғаларды  қоспай,  барлық 

мемлекеттік қызметкерлерді, сонымен қатар 

мемлекеттік емес шаруашылық субъектілер 

бастықтарын  да  қосып  отыр.    БҰҰ  сыбай-

лас  жемқорлық  ұғымына:  лауазымдық 

тұлғалардың  мемлекеттік  меншікті  ұрлауы, 

жымқыруы және иеленуін; ресми мәртебені  

бейресми  түрде  пайдалануды  жатқызып 

отыр.      Сыбайлас  жемқорлық  құқықтыққа 

қарағанда  әлеуметтік  немесе  қылмыстық 

ұғымның 


cинтезі, 

сондықтан 

оны 

қылмыстың  нақты  құрамы  ретінде  емес, 



әрекеттердің  туыстық  түрлері  жиынтығы 

ретінде қарастыру қажет деп ойлаймын.  

Кейбір  ғалымдардың  ойынша,  мұндай 

анықтама  ақталмауы  мүмкін,  ең  бастысы, 

заңды-техникалық  көзқарас  жағынан.  Ол 

жеткіліксіз,    себебі,  сыбайлас  жемқорлық 

құбылысы  құқықтық  өлшеу  шеңберінен 

әлдеқалай алшақтап кеткен.  Мысалы, Г. К. 

Мишин «сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік 

басқару саласындағы құбылыс, ол басқару 

субъектілері  өз  биліктік  өкілеттерін  жеке 

және  топтық  материалдық  және  басқа  да 

мақсаттарда  пайдалану  жолымен  қиянат 

жасаудан  тұрады»  десе,  Э.И.  Петpов,  сы-

байлас  жемқорлықтың  мазмұнын  аша 

отырып:  «сыбайлас  жемқорлық  -  бұл  кез 

келген  қоғамға  тән  сатып  алу  жүйесі,  ол 

заңсыз сыйақы немесе басқа да жеке пайда 

алу  мақсатында  лауазымдық  тұлғалармен 

және  қоғамдық  ұйымдар  басшыларымен 

жасалынатын  қасақаналық  қылмыстар 

жиынтығынан  тұрады  және    осы  сыйақы 

мен  пайдаларды  ұсынған  не  оларға  уәде 

берген 


тұлғалардың 

қызығушылығын 

қанағаттандыру үшін іске асырылатын бұл 

қылмыстармен  байланысқан  әрекеттер», 

-деп жазады.

  Бүгінгі  таңдағы  біздің  мақсатымыз– 

азаматтардың 

жемқорлыққа 

қарсы 

мәдениетін қалыптастырып, оны әрі қарай  



дамыту  болып  отыр.  Осы  орайда  жоғары 

оқу орындарында құқықтық сауаттылықты 

жетілдіру  барысында  «Жемқорлықпен 

күрес  заңнамасы»  арнайы  оқу  курсын 

барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік 

білім  стандарттарының  қатарына  міндетті 

пән ретінде енгізу қажеттілігі де бар деп ой-

лаймын. 


Себебі, 

«Жемқорлықпен 

күрес 

заңнамасы»  пәні  заңгерлер  үшін  ғана 



оқытылып  отыр  және  оның  өзі  таңдамалы 

элективті пән ретінде оқытылып келеді. Бұл 

«Жемқорлықпен  күрес  заңнамасы»  пәні 

барлық мамандық иелері (Мемлекеттік және 

жергілікті  басқару,  менеджмент,  экология, 

биология  мамандықтарының  білімігерлері) 

де  оқуы  қажет  деп  білеміз,  оларда 

мемлекеттік қызметке кіру мүмкіншілігі бар 

екендігін ескеру қажет. 

Бүгінгі  күні  өткізіліп  жатқан  «Құқық 

негіздері»  пәні  тек  құқық,  мемлекет 

дегеніміз  не,  қандай  құқықтық  салалар 

бар?-  деген  сұрақтармен  шектеліп,  жал-

пы  білім  беруді  көздейді.  Осы  орайда, 

оқытушылардың,  мектеп  мұғалімдерінің, 

жалпы  білім  саласында  жұмыс  істейтін 

басқа  да  мамандардың  біліктілігін  артты-

ру  үшін  жоғарыда  аталған  курсты  оқыту 

мүмкіндігін қарастыру қажет. 

Болат СЕРИЕВ, 

қаржы-экономика факультетінің

деканы, «Нұр Отан» партиясының

Алматы облыстық филиалының 

жанындағы сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

жөніндегі Қоғамдық кеңес                                                                  

мүшесі.

Сыбайлас  жемқорлық  дегеніміз  – 

заңда  қарастырылмаған  жеке  немесе 

дәнекерлер  арқылы  мүліктік  игілікке 

және 

мемлекеттік 

функцияларды 

атқаратын басымды тұлғалардың және 

де соларға теңестірілген тұлғалардың,  

лауазымдық  дәрежелерін  қолдана 

отырып  және  де    лауазымының 

мүмкіндіктерін  өз  мүддесіне  қолдана 

отырып мүліктік табыс алу үшін жаса-

лынатын қадамдар. 

Сыбайлас 

жемқорлық 

құқық 


бұзушылыққа  байланысты    (сыбайлас 

жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан 

Республикасы  1998  жылғы  2  шілдесінің 

«Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес 

туралы»  Заңында  ескерілген,  сонымен 

қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас 

жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа 

жағдай 


жасайтын 

әкімшілік 

және 

қылмыстық  жауапкершілікті  еліктіретін  іс-



әрекетке байланысты тәртіптер. 

Жемқорлық  қылмыстар  мен  әкімшілік 

құқық  бұзушылық  үшін  қылмыстық 

жауапкершілік  пен  жазалау,  әкімшілік 

жауапқа  тарту  және  шара  қолдану  (Уго-

ловный  Кодекс  РК  және  Қазақстан 

Республикасының 

«Әкімшілік 

құқық 

бұзушылық  туралы»  Кодексіне)  сәйкес 



қарастырылады.

Жемқорлық  құқық  бұзуды  әшкерелеу, 

бұлтартпау,  ескерту  және  оны  жасаған 

тұлғалардың  өз  құзыры  аясында  жауапқа 

тарту  прокуратура,  ұлттық  қауіпсіздік, 

ішкі  істер,  салық,  кеден  және  шекара 

қызметтері, қаржы және әскери полициясы 

арқылы жүзеге асыралады.

Жемқорлық  заң  бұзушылық  фактілер 

болған  жағдайда  азаматтар  мемлекет-

ке  1494  тегін  call-центр  арқылы  хабарлай 

алады.  Жемқорлық  заң  бұзу  фактілерін 

хабарлаған,  немесе  қандай  да  болмасын 

басқа  әдіспен  мемлекетке  жемқорлықпен 

күресуге үлесін қосқан тұлғалар 30 АЕК-тен 

100  АЕК-ке  дейін  мөлшерде  материалды 

ынталандырылатын болады.

Жемқорлық 

құқық 

бұзушылықты 



хабарлаған  және  басқа  да  жолмен 

жемқорлықпен  күреске  ат  салысқан 

тұлға  мемлекет  қорғауында  болады. 

Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға 

туралы ақпарат мемлекеттік болып табыла-

ды. 


Бұл 

ақпаратты 

жариялаған 

тұлға 


Қазақстан Республикасының «Сыбайластық 

жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен 

бекітілген  жауапкершілікке  тартылады. 

Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы 

күрес  жүргізетін  органдар  жемқорлыққа 

қарсы  күреске  ат  салысқан  тұлғаның  жеке 

қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Құқық  қорғау  органында  жұмыс  істейтін 

мемлекеттік  қызметкер,  жемқорлықпен 

күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау 

органына  қатысты  жемқорлық  қылмыс 

туралы  жалған  ақпарат  беретін  болса, 

құқық  қорғау  органының  қызметкері  тәртіп 

бойынша  қызметінен  босатылады  немесе 

жемқорлықпен  күрес  жүргізетін  органның 

ұсынуы  бойынша  сәйкес  функцияларды 

орындаудан  босату  жолымен  жауапқа  тар-

тылады.


                                                  

 Дайындаған  

А.МАДИКАНОВА,

                                           3 курс білімгері.

Індеттің алдын алу – міндет



«Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  күрес  

туралы»  Қазақстан  Республикасының  

1998 жылғы 2 шілдедегі  №267  заңының  

2-бабы 1-тармағына  сәйкес «мемлекеттік 

міндеттерді  атқаратын  адамдардың, 

сондай-ақ, 

соларға 

теңестірілген  

адамдардың лауазымдық өкілеттігін және 

соған    байланысты    мүмкіндіктерін  пай-

далана  отырып  не  мүліктік  пайда  алуы 

үшін  олардың  өз  өкілеттіктерін  өзгеше 

пайдалануы» сыбайлас  жемқорлық  деп  

ұғынылады.

Практика  лауазымдық  өкілеттілікті  асы-

ра  пайдалануды,    билік  етуді  немесе 

лауазымдық өкілеттілікті арттыру, қызметтік 

жалғандық,  сеніп  тапсырылған    мүліктерді 

ұрлау  және  иелену,  біле  тұра  өтірік    ха-

бар  айту,  өтірік айғақ көрсетуді, куәларды, 

жәбірленушілерді  немесе    сарапшыларды 

сатып  алу,  сот  шешімдерін,  үкімдерін  және  

басқаларды    лауазымдық    тұлғалардың 

орындамауы, сыбайласқан  байланыстарды 

қолдану  жиі кездесетінін  көрсетіп отыр. 

Әскери  қызметшілер  мен  азаматтардың  

сенімін  бекіту,  қызметтің  айқындығын, 

лауазымдық  өкілеттілігін  асыра  пайдалану 

фактісі  азаматтардың  құқықтарын  бұзу,  сы-

байлас  жемқорлық    құқық  бұзушылықтар 

немесе 


қылмыстар 

жасау 


фактілері 

жөніндегі  халықтың    уақытында  өтініш 

жасау  мүмкіндігін  арттыру    мақсатында, 

Талдықорған  гарнизонының  әскери бөлімдер 

мен мекемелеріндегі ақпарат тақталарында, 

жедел ден қою үшін   Қазақсатн Республика-

сы Қорғаныс Министрлігінің «сенім телефон 

нөмірлері»  көрсетілуі  ұйымдастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура-

лы,  мемлекеттік  қызмет  туралы    Қазақстан 

Республикасындағы  сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы    іс-қимыл  жөніндегі    2011-2015 

жылдарға арналған салалық  бағдарламасы  

тұрақты бақылануда.



Ерлан БЕРТАЕВ,

Талдықорған Гарнизонының 

әскери полиция бөлімінің сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы әрекет ету

жөніндегі аға офицері, әділет  капитаны. 

Наказание неотвратимо



Более  16  млн  тенге  штрафа  выплатит 

сельский аким в Алматинской области за 

взятку.  Илийский  районный  суд  рассмо-

трел  дело  в  отношении  бывшего  акима 

Нуринского сельского округа Талгарского 

района Д.Абдыкулова.

Судом установлено, что госслужащий оце-

нил свои незаконные деяния в 270 тысяч тен-

ге, а именно, он получил взятку от жительни-

цы села Нура за ускоренное предоставление 

двух земельных участков по личное подсоб-

ное хозяйство. 

-  Приговором  суда  Д.Абдыкулов  признан 

виновным  по  ст.  366  ч.  2  УК  РК  (получение 

взятки в значительном размере). Ему назна-

чено  наказание  в  виде  штрафа  в  размере 

шестидесятикратной  суммы  взятки,  то  есть 

на сумму 16 200 000 тенге, с конфискацией 

лично принадлежащего имущества, - отмети-

ла представитель пресс-службы областного 

суда Айнаш Рахимбаева. 

- Борьба с коррупцией сегодня в свете по-

ручений Главы государства стоит на особом 

месте.  Эта  стратегическая  задача,  которая 

сейчас  стоит  во  главе  угла  всех  подведом-

ственных государственных структур, - сказа-

ла сотрудник местного департамента Агент-

ства по делам госслужбы и противодействию 

коррупции Айгерим Андасбаева.

Этого же мнения придерживается заведу-

ющий  общественной  приемной  областного 

филиала  партии  «Нур  Отан»  Аманжол  Жа-

зыкбаев,  отметивший,  что  вся  работа  пар-

тийцев  в  данном  направлении  строится  в 

рамках Программы противодействия корруп-

ции на 2015 – 2025 годы.

Ну а вышеуказанный уличенный во взяточ-

ничестве аким пожизненно лишен права за-

нимать должности на государственной служ-

бе  и  в  органах  местного  самоуправления. 

Приговор не вступил в законную силу.



Нурлы БЕК.

Жетісу 

университеті



6

бейсенбі, 26 қараша, 

2015 жыл

ТҰСАУКЕСЕР КӘДЕСІ

ЖЫР АРҚАУЫ-МАХАББАТ

Айтпады 

демеңіздер

Ғаламның кіндігінде,

Санамның үңгірінде.

Сәл ғана күнге күйген,

Шықпайтын түнде үйден.

Бір жан бар-гүлзар бақтай,

Жан-жағын гүлге үйген.

Таңғалып ғарышкерлер,

Арбалып періштелер.

Күнәсін жасыратын,

Байланып,бас ұратын!

Жердегі сұлулықты,

Көруге асығатын.

Табиғат жанашыры,

Тарқайтын тез ашуы.

Сылану сүйген ісі,

Кеуде де түйрегіші.

Бойдақтар оны көрсе,

Келмейтін үйленгісі.

Көздері елітіп нұр,

Алдыңда не күтіп тұр.

Аққуға теңеңіздер,

Бақытқа бөлеңіздер,

Бір жан бар-тым ерекше,

АЙТПАДЫ ДЕМЕҢІЗДЕР!

Айқасады ай 

қабақ


Айқасады бір-біріне ай қабақ,

Жанарыңнан мөлдір тамшы тайғанап.

Төмен қарай сырғанаған жасыңды,

Сүртудемін саусағыммен аймалап.

 

Дірілдеген сөздеріңнен мұң ұқтым,



Қапаландың құрсауын да құрықтың.

Өзге жанмен кетіп едің күлімдеп, 

Енді неге жылап келдің қылықтым.

Түсіндің бе шын сезімнің не екенін,

Өзге жанның өгейсітіп кетерін.

Жылап келдің, жайдым саған құшақты,

Бұл құшағым сенің мәңгі мекенің.

                   ***

Жалын атып тұрған кезде от кеуде,

Мойымайды өзіңе айтқан жоқ деуге,

Сапарлатып кетсе-дағы өмірім,

Өлеңімді арқау етем өткенге.

Бәлкім мені  Естай сынды оқыр ел,

Сені Қорлан екен-ау деп өкінер.

Бірақ менің махаббатым мәңгіге,

Жырларыма сыр қалдырып бекінер.

Менің жаным махаббаттан асқақ шын,

Тағдыр жолын сен өзгемен бастапсың.

Төлегендей саған жалғыз жол тартам,

Арамызда жүз Бекежан бас бақсын.

Мейлі барлық қару маған оқталсын,

Бір өзің деп көрмей барам тоқтау шын.

Ақ боз аттан ауып түсер күн туса,

Қыз Жібектей сен де мені жоқтарсың.

 

                      



Асылғазы  АЙДЫНБЕК.

Мұxтар ҒАРЫШБЕК.

Алғашқы қар 

жауғанда

Алғашқы қар жауғанда арайланып,

Нұрландым ба, білмедім, қарай 

қалып?!


Аппақ аспан, қара жер шабыт беріп,

Қалықтадым ұлпадай шыр айналып.

Қара жермен тоғысып тоқтамастан,

Шендесуде сезімдер шырай бағып.

Аппақ ұлпа балқиды ене бере,

Құшағына қысылмай таудың алып.

Алғашқы қар жауғанда тоқтамастан,

Ысыды ғой жүрегім шоққа басқан.

Қаусыраған ағаштай жалындады,

Жаралған  ба деп жүрсем оны тастан.

Қараңғылық көргенде қорқып жасқан,

Демеңіздер жасы оның көптен асқан.

Ақ ұлпамен табысып тыным тапты,

Кезім келген екен ғой, толып тасқан.

Алғашқы қар жауғанда есі кетіп,

Көне шаһар төріне еніп кетіп,

Аппақ ару мың бұрала ойнақтайды,

Көптен бергі арманына қолы жетіп.

Көптен бергі арманына енді жетіп.

Жалыны емес, жанардың нұры есіп,

Аппақ ару көз алдымда бабын тапты.

Күңіренген күзді де жарық етіп.

БАЛАУСА

Қазақстан



Жадырап мәңгі атсын әр таңымыз,

Аты шулы тарихта қалсын аңыз.

Бабалардың қалдырған мол байлығы,

Қазақстан – ортақ үй отанымыз.

Бар байлығым - отаным, халқым менің.

Мақтан етем  қазақ жері кең екенін.

Мекенім - бір шаңырақ астындағы,

Ұйытқысы бірлік пенен берекенің.

Қастерлейміз өсиетті нақыл сөзді.

Жастармыз ұшқыр ойлы, өткір көзді.

Сан ғасырлар боданда болған елім,

Тәуелсіздік жемісін енді сезді.



Амина ИСАҒАЛИЕВА.

Достық


Достык сөзi адалдықтын бастауы,

Жүрегiңдi aяғыңмен баспауы.

Жiгiттikke бағынумен жақын жан,

Бip айтылған сөзден ары аспауы.

Достық сөзi зат есiм ғой дерексiз,

Ойламағын  көмексiз дос керексiз.

Табылатын жабырқасаң жаныңнан,

Iздеп келер күн сайын ол себепсiз.

Достык адал, көтередi ол тipeк,

Кеудесiнде оның дағы бар жүрек,

Армандасаң орындасын деп досың,

Тiлер саған ақ көңіл мен шын тiлек.

Үмiт етсең бірге болса айтпағын,

Жолдасыңды, ай жанса да сатпағын,

Санамалап тұрған мына күндерде,

Ниеттерiн жолдасыңның ақтағын.

Адал болғын ақ көңіл жүрекпен,

Шешiлмейді мәселелер бiлекпен.

Жүк саналмай тұрар бәлкiм досыңа,

Сене бiлсең, болсаң бipге тiлекпен.



Гауhap ТЫНЫСБЕК,

1 курс білімгері.

Сєрсенбініњ сєтіндегі 

сатира кеші

«Сатира – күштілер қаруы» деген екен 

Темірбек Қожекеев. Қай кезде болсын қазақ ойындағысын 

орайлы әзілмен, астарлы қалжыңмен-ақ жеткізе білген. Сонау 

есте жоқ ескі заманнан, яғни, айлакер Алдар Көсе мен Қожанасыр 

әпендіден бастау алатын қазақ сатирасы бүгінде өз жалғасын та-

уып келеді. Соның бір дәлелі сатираға қызмет етіп келе жатқан 

қырғи тілді қаламгер, ұстазымыз – Тұрлыхан Кәрім.

Басқалар  дүниеге  жылап  келсе, 

дүниеге  күліп  келген,  жалпы  туғанынан 

сатираға жақын ұстазымыз 1985 жылдан 

бастап  бірнеше  ұжымдық  жинақтармен 

қатар  «Құбыжық»,  «Күлдіргім  келіп 

тұрады»,  «Есімде  әлі  сол  күндер», 

«Еркек  қалай  күн  көрер?...»,  «Ма-

хаббат  оты  сөнбейді»,  «Қас  қағым 

сәт»,  «Ақшатаудан  Алатауға  дейін...», 

«Қаракөз»  кітаптарының  авторы  атан-

ды.  Осы  еңбектерінің  қатары  жаңа 

бір  туындымен  толықты.  Жақында 

қаламыздағы  Тіл  сарайында  Ахмет 

Кендірбекұлы  бастаған,  БАҚ  өкілдері, 

оқытушылар  мен  білімгерлері  бас 

қосып  Тұрлыхан  Кәрімнің  «Тілімнің 

тікені  бар»  деген  атпен  жарық  көрген 

жаңа кітабының тұсауын кесті. Кітаптың 

Сатиралық,  юморлық  туындылар  туралы  зерттеу 

жүргізу  бір    қиын  болса,  екінші  жағынан  «Қазақ  әдебиетіндегі» 

жазушы  қауымының  газетінде  жарияланған  шығармаларға  ауыз 

салу,  сын  айту  екі  қиын.  Ол  газеттің  сықақ  бұрышын  берудегі 

жетістік, кемшіліктерін  ашу тағы қиын. Шәкіртім Тұрлыхан Кәрім осы 

қиындықтарды хал-қадірінше жеңе білді.

                                                                                             Темірбек Қожакеев.

Біреулер дүние есігін ашқанда іңгәлап жыласа, 

Тұрекең сықылықтай күліпті, «сықақшы» болатынын біліпті. 

Қырқынан шыққалы-қыңыр, тұсауы кесілгеннен-терісқақпай, отызға 

толмастан-усойқы, қырыққа келместен-күйдіргі... Қалжыңымен 

қағытатын, әзілімен әлдилейтін, жас-кәріні күлкі бесігіне бөлейтін са-

тира сарбазының елуінен кейін де, әжуа-мысқыл майданынан көрінеріне 

күмән келтірмеңіздер!

                                                                                Көпен Әмір-Бек.

келеңсіз  жайттарды  астарлы  әзілмен 

жеткізді.  "Сатира  –  өмірдің  айнасы. 

Бірақ,  оның  міндеті  күлдіру  емес,  ой-

ландыру" – дейді  қазақ сатиригі Толым-

бек Әлімбекұлы. Сол секілді  Тұрлыхан 

ағаның сатирасын езуімізге күлкі үйіріліп 

тыңдап  отырғанымызбен,  іштей  терең 

ойға баттық.

«Тілімнің  тікені  бар»  еңбегі  сатирик 

ағамыздың он бесінші кітабы екен. Кітап 

әзіл,  сықақ  әңгімелер,  сықақ  өлеңдер, 

қазақы  қалжыңдар  жинақталған  бес 

тараудан  тұрады.  Бұл  кітап  Алматы 

облысының әкімі Амандық Баталовтың 

қолдауымен 

«Мәдени 

мұра» 


бағдарламасы бойынша жарық көрген.

Кеште 


сөз 

алған 


Мұратбек 

Мүбаракханұлы  сатираның  пайда  бо-

тұсауын  кесу  мәртебесіне  облыстық 

ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Ардақ 

Сыдық,  үлкен  композитор  ағамыз 

Мұратхан  Егінбай  мен  3  курс  білімгері 

Лина Айдын ие болды.

Сәрсенбінің  сәтінде  өткен  сати-

ра  кешінде  бірінші  болып  сөз  алған 

Тұрлыхан  ағамыз  кеш  қонақтарымен 

өзінің  сатиралық  шымшымаларын 

бөлісті.  Айта  кетсек,  бүгінде  қоғамда 

белең  алған  жемқорлық,  үйленуінен 

ажырасулары  тез  жастар,  еңбегі 

білінбес ұстаздар, төрт аяғын тең баса 

алмай жүрген ана тіліміз, әке – шешесін 

қарттар  үйіне  өткізген  безбүйрек  ба-

лалар  сияқты  қоғамда  болып  жатқан 

лып  бүгінгі  күнге  дейін  жету  тарихы-

на  тоқталды.  «Шәкіртсіз  ұстаз  –  тұл» 

дегендей,  кешке  қатысып  отырған 

білімгерлер сұрақтар қойып, ағамыздың 

сатирасын 3 курс білімгері Әлия Иман-

жанова  нақышына  келтіріп  орындап, 

қатысушыларды таң қалдырды.

Сәрсенбінің  сәтті  кешінде  өткізілген 

бұл  шарадан  көңілді  шықтық.  Мұндай 

кештерді Тіл сарайында өткізуді Ахмет 

Кендірбекұлы  тамаша  дәстүрге  ай-

налдырыпты.  Бұл  біз  үшін  қуанышты 

жаңалық болды.

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет