23. Инновациялық іс-әрекеттің жаңалықты ендіру кезеңінің маңызын ашып беріңіз


тұлғаға бағдарланған технологияның ерекшеліктерін атап көрсетіңіз



бет5/20
Дата06.01.2022
өлшемі42,35 Kb.
#12219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
27. тұлғаға бағдарланған технологияның ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.

Педагогикалық сөздіктерде: «Тұлғаға бағдарлану тұғыры–қазіргі педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері, баланың жеке, шығармашылық ерекшеліктерін ашу және есепке алу. Жеке тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық, заттық-дидактикалық және психологиялық моделі» деп анықтама беріліп, рухани және интеллектуалды сапаларының қалыптасуына бағытталады [3]. Жеке тұлғаға бағдарлану тұғыры әлемдік деңгейдегі практикада қолданыста болып, бірнеше жолдары белгілі болған. Тұлға - адамгершілік ұстанымдары өзі үшін және қоршаған орта үшін маңызды болып саналатын, өзін байланыстар мен қарым-қатынаста көрсете алатын, әлеуметтік тұрғыда негізделген, оның психологиялық сипаттамаларының жүйесінде қарастырылатын жеке адам болып табылады. Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, жеке адамның негізгі қызметі қоғамда қалыптасқан адамның тәжірибесін жасампаздықпен қабылдау болып табылады. Ә.Мұханбетжанованың зерттеуінде «тұлғаға бағдарлы білім берудің негізгі ерекшелігі педагогикалық технологияға қатысты қарастырылады. Оның негізі түсіндіруден-түсінуге, монологтан-диологқа, әлеуметтік бақылаудан-дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу, ал педагогтың негізгі міндеті қарым-қатынас болып табылады» [2, 35 б.]. Тұлғаға бағдарлы білім берудің басты идеясы оқыту үрдісіндегі субьектілік қатынастарда қалыптастыру болып табылады. Ғалымдардың пікірінше, тұлғаны құндылық ретінде қабылдау, субъектілік тәжірибесінің ерекшелігін, даралығын, тұлғаның әлеуеті мен мәндік күшін ашуға бағыттап, оның қатынастар жүйесі мен бағдарларының өзара әрекеттесуіне ықпал етеді. Біздің зерттеуімізде тұлғаға бағдарлы тұрғыдағы көзқарастар талдана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекетінің бірі еңбек екендігі айқындалды. Ғалымдардың көзқарасынан білім берудің тұлғаға бағдарлануы деп баланы еңбек іс-әрекетінің субьектісі ретінде өзін өздігінен жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерінің дамуы, өздігімен еңбектенуі, өзін-өзі танытуға, өзіндік тәжірибесінің негізінде жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағыттау деп түйіндейміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет