23. Инновациялық іс-әрекеттің жаңалықты ендіру кезеңінің маңызын ашып беріңіз


Мұғалімнің инновациялық даярлығының диагностикасын ашып көрсетіңіз



бет4/20
Дата06.01.2022
өлшемі42,35 Kb.
#12219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
26. Мұғалімнің инновациялық даярлығының диагностикасын ашып көрсетіңіз.

Мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастыру – уақыты жеткен, уақыт талабы.

Мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастыру дегеніміз – әлемдік бәсекеге қабілетті білім беруді жүзеге асыратын жаңа парадигманың қоғамды дамытудағы үлесін арттыру; білім беретін оқу орындарындағы инновациялық реформаларды жүзеге асыруды жеделдету; білім беру жүйесінде инновациялық өзгерістерді, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық, коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану.

Мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастыру біріншіден, мұғалімнің инновациялық белсенділігінен басталады. Мұғалімнің инновациялық белсенділігі – жаңаны білсем, үйренсем, қолдансам деген инновациялық іс-әрекеттерді білдіреді. Инновациялық іс-әрекет дегеніміз, мұғалімнің жаңашыл идеяларын, жаңашыл әдіс-тәсілдерін оқу-тәрбие үрдісіне, өз кәсіби тәжірибесіне, оқу орны жағдайына, білім алушылардың дәрежесіне байланысты енгізуін айтамыз. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «әдістеме», «өзгеріс», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану және жаңа технологиялар арқылы жүзеге асыру. Осы жағдайда мұғалім жаңа технологияның қыры мен сырын меңгереді, инновациялық іс-әрекеттерін жоспарлап, жүзеге асыру механизмін қолданады. Бұл мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша құруды көздейді. Мұғалімнің бойында үш түрлі біліктілік қалыптасуы қажет: пәндік біліктілік (териялық білім пән арқылы беріледі); педагогтік біліктілік (педагогиканың негізін, ұстанымдарын, әдіс-тәсілдерін, сабақты ұйымдастырудың негізгі нысандарын білуі тиіс); технологиялық біліктілік (технологиялар арқылы білім берудің сапасын көтеру, өз бетімен іздену қабілетін қалыптастыру). Бұл мұғалімнің білім беру тәжірибесінде өзінің идеясын жүзеге асыруға көмектесетін өмірлік бағыттылығы бар әдіснамалық білімдер жиынтығын құрайды.

Бұл бағытта көптеген ғылыми-зерттеулер жүргізілуде:

- педагогтардың кәсіби сапасын арттыру, олардың педагогикалық білігін қалыптастыру:Н.В.Кузьмина, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, О.А.Абдуллина, В.А.Сластенин,

- оқытушының инновациялық және психологиялық-педагогикалық даярлығын жетілдіру: Г.Қ.Нұрғалиева, М.И.Дьяченко, Г.М.Храмов, Н.А.Абишев, К.Бұзаубақова және т.б.;

- оқытушылардың ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру:

М. Н: Скаткин, М. А. Данилов, Б.Б.Баймұханов, А.Е.Әбілқасымова және т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет