23. Инновациялық іс-әрекеттің жаңалықты ендіру кезеңінің маңызын ашып беріңіз


педагогикалық қатынас принципінің мәнін ашып беріңіз



бет6/20
Дата06.01.2022
өлшемі42,35 Kb.
#12219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
28.педагогикалық қатынас принципінің мәнін ашып беріңіз.

Білім беруді модернизациялаудың стратегиялық мақсаты әрбір адамның ғұмыр бойы білім алуына немесе білімін толықтыруына нақты мүмкіндіктер туғызатын жаңа білім беру жүйесін құру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында бекітілген қосымша білім беру ұғымы (шетелдік аналогтары: extra, additive, complementari) педагог пен оқушының арасында серіктестік қарым-қатынастың дамуына мүмкіндік беретін білім берудің ерекше түрін білдіреді. Либералдық, прогрессивтік, бихевиористік, радикалды, когнитивті, гуманистік философиялық мектептер мен бағыттар ықпалымен дамыған ересектерге қосымша білім беру үдерісі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әлеуметтік, экономикалық функцияларды ғана емес, тұлғаны дамыту функциясын орындайтын білім беру қызметін көрсету саласына айналып келеді.

Педагогикалық қарым-қатынас субъектілері - адамдардың жоғарыда қарастырылған жас, тұлғалық ерекшеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен, ұстанымдарымен сәйкес ерекше сипатқа ие педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру міндеті оқытушының кәсіби, әлеуметтік, психологиялық мәдениетінің жоғары болуын ғана емес, тұлғалық кемелденуін де талап етеді.

Педагогикалық, психологиялық зерттеулерде (В.А.Кан-Калик, Г.А. Ковалев т.б.) педагогикалық қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуы онсыз жүзеге аспайтын тұтас категория ретінде қарастырылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды. Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан (Б.Ф. Ломов), қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты тек - түр қатынасында болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін (яғни, Г.П. Щедровицкий, А.А. Леонтьев, В.В. Рыжов, Г.В. Гусев және т.б.). Соңғы жағдайда ол қандай іс-әрекет, даралық па әлде ұжымдық па деген сұрақ туындайды. Біз іс-әрекеттің екі формасы да мүмкін дегенді негізге аламыз, бірақ қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектік катынаста әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың өзара әрекеттесу формалары болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет