43. тірек конспектісімен оқыту оқыту технологиясының ерекшеліктерін тұжырымдаңыз.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің не гізгі міндеттері-баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету; оның қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ықыласын іскерлігін қалыптастыру, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту» дей келіп оқытудың жаңа мазмұны, тиімді әдістемелер мен педагогикалық технологиялар мәселелері бойынша жедел ақпарат беру үшін қазіргі коммуникациялар жүйесін жасау міндетін қояды. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бір технологияның өзі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Белгілі психолог Выгодский «Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады»,- дейді.
Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар: Үйренушінің белсенділік іс әрекетін дамыту; Оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру; Үйренушінің дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру; Көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне қабылдау эмоциясына әсер ету;
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері Үнемі қайталау, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану Жеке бағдарлы қарым қатынас,ықпал, ізгілік,зорлықсыз, еркімен оқыту Әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге,өсуге,табысқа жетуге жағдай жасау Оқытумен тәрбиелеуді біріктіру
Достарыңызбен бөлісу: |