38. тұлғаға бағдарланған технологияның ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
Оқушы мақсаттары мен құндылықтарының, оның iс-әрекетiнiң бiрiншi рөлiнiң және мұғалiм қызметiнiң оқу процесiн ұйымдастырушы ретiндегi екiншi рөлiнiң басымдылығының парадигмасы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың әр түрлi типтерiнде өз көрiнiсiн тапты. Оқыту мұндай жағдайда оқушының өзiн iс жүзiнде көрсетуіне және оқытылатын пәндердi меңгеру барысында өзiнiң жеке қасиеттерiн дамытуға арналған оқушы мен мұғалiмнiң бiрлескен iс-әрекетi түрiнде түсiндiрiледi.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту парадигмасының негiзiнде әрбiр оқушының бiрегей мәнiн және оның оқу өрiсiнiң даралығын тану ниетi жатыр. Мұғалiмнiң рөлi бiлiм беру, бiлiктiлiктер мен дағдыларды сiңiруде ғана емес, оқушы өзiнiң жеке әлеуетiне сүйенетiн және оқытудың тиiстi технологиясын пайдаланатын пайдаланатын тиiстi бiлiм беру ортасын құруда болып табылады.
Оқушы жеке тұлғаға бағдарланған бiлiм беру жүйесiнiң нақ ортасында тұр, бұл өз кезегiнде педагогикалық процестiң технологиясын ұқыптылықпен жасауды талап етедi. Онда әрбiр оқушының ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерi барынша есерiлiп, оның әлеуметтiк мүмкiндiктерiнiң ашылуына және дамуына жағдай жасалуға тиiстi. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бiрi - оқушылар бiлiмiнiң дербес модельдерiн iске асырудың бiр мезгiлде жүргiзiлуi. Бұл үшiн әрбiр оқушыға барлық оқу пәндерiн меңгерудiң өзiндiк бiлiм алу өрiсiн жасау мүмкiндiгi берiледi. Оқушы оқытудың дара мақсаты мен мағынасына, оқытылатын пәндердi таңдауға, оқу материалынан озып кетуге және оны тереңдетуге, оқытудың қарқынын, нысандары мен әдiстерiн, әлемнiң жеке картинасын таңдауға құқылы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |