23. Л. Пастердің



бет20/24
Дата25.11.2023
өлшемі132,41 Kb.
#127466
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Bacillus cereus. Бұл микроорганизм улануды, құсуды, диареяны және жүрек айнуын тудырады. Ол тамақпен өмір сүреді және өте оңай көбеюімен сипатталады.

  • Treponema pallidum. Бұл микроорганизм пенициллинмен күреседі және денеден тыс тіршілік етпейтіндігімен сипатталады. Сондай-ақ, бұл микроб жыныстық жолмен берілетін мерезді қоздырады.

    41. Микроорганизмдердің табиғаттағы рөлі
    Бактериялардың халық шаруашылығында да маңызы зор. Оны өте ертеден-ақ, ірімшік жасау, сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындау үшін қолданған. Сонымен бірге мата, былғары өнеркәсібіне кеңінен пайдаланады. Бактериялар сүттің құрамындағы қантпен қоректеніп, сүт қышқылын түзеді. Ал сүт қышқылы сүтті ашытыл, айранға айналдырады. Сүт қышқылы бактериясын орамжапырақ ашытуға, шөптерден сүрлем жасауға пайдаланады. Түзілген сүт қышқылы орамжапырақ пен сүрлемді бұзылудан сақтайды. Сірке қышқылы бактерияларының көмегімен тамаққа пайдаланатын сірке суы алынады. Оны қияр, саңырауқұлақ, алма, қарбыз, т. б. жемістерді тұздау үшін қолданады. Бактериялардың табиғатта және халық шаруашылығында маңызы зор. Олардың кейбір түрі өсімдік қалдығы, жануарлар өлексесі, саңырауқұлақтарда қалған қалдықтар ды ыдыратыл, шірітеді. Топырақ құнарлығын жақсартуға қатысады. Бактериялар зат айналымына қатысып, тіршіліктің жалғасуына себепші болады. Цианобактериялардың кейбір түрі бос азотты синтездеп, нәруызға айналдыра алады. Сөйтіп нәруыз өндіру үшін арнайы суқоймаларда өсіріледі.Ғалымдар көпке дейін саңырауқұлақтарды төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатқызып келді. Қазіргі биология оларға өсімдіктерге де, жануарларға да тән белгілері болғандықтан, ағзалық әлемді жіктеуде ерекше орын берді. Сөйтіп олар өз алдына өсімдіктерге жақын ағзалық зат ретінде дербес саңырауқұлақтар дүниесіне топтастырылды


    Шіріту бактериялары - біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы (санитары). Себебі олар өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. Топырақта қарашіріктің түзілуіне себепші болады. Тау жыныстарын ыдыратып, жартастар мен сусымалы құмдарды құнарлы топыраққа айналдырады. Топырақ бактериялары өсімдіктерге қорек дайындайды. Топырақтағы қарашірікті минералды заттарға айналдырады, онымен өсімдіктер қоректенеді. Бактериялар топырақты минералды заттармен байытып қана қоймай, сонымен бірге топырақтың құрылымын жақсартады. Топырақ неғұрлым құнарлы болса, онда бактериялар да соғұрлым көп болады. 1 г қара топырақта 5-6 млрд бактерия болады. Топырақ бактериялары өсімдіктің өсуі мен дамуына ықпал жасайды. Өсімдіктің тамырында және оның айналасында көптеген бактериялар дамып, өсімдіктің тіршілігіне септігін тигізеді. Кейбір бактериялар ауадағы азотты өзіне сіңіріп, топырақты азотты қосылыстарымен байыта - ды (оған түйнек бактериялары жатады).
    Түйнек бактериялары– Rhіzobіun туысына жататын аэробты бактериялар.
    Түйнек бактериялары кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырында түйнек түзіп және олармен селбесе даму нәтижесінде атмосферадан азот сіңіріп, өсімдікке қажетті физиол. белсенді заттар түзеді. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің (жоңышқа, т.б.) топырақты азотқа байытатынын алғаш рет француз химигі Ж.Б. Буссенго (1802 – 87) байқады. Егер бұршақ дақылдарының тамырында Түйнек бактериялары көп жиналса, онда бұл өсімдіктер байланысқан азоттың болмағанына қарамастан тіршілік ете береді. Жас Түйнек бактериялары таза дақылдарда пішіні таяқша тәрізді, көл. 0,5–0,9*1,2––3,0 мкм, спора түзбейді, терісграмды (Грам әдісі бойынша клеткалары боялмайтын) бактериялар.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет