23. Л. Пастердің


Бактерия клеткасының сыртқы құрылымы, сипаттама



бет8/24
Дата25.11.2023
өлшемі132,41 Kb.
#127466
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
микро

29. Бактерия клеткасының сыртқы құрылымы, сипаттама.
Прокариотты организмдер жасушаларының құрылысы жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылысы тәрізді күрделі құрылымдардан тұрады (5-сурет). Микроб жасушасы қабықшамен қоршалған. Олардың құрылымына капсула, жасуша қабырғасы және цитоплазмалық мембрана кіреді. Бұл қабықша жасушаға белгілі бір пішін беріп тұрады, түрлі зиянды әсерлерден қорғайды және ол арқылы жасуша мен қоршаған орта арасында зат алмасуы жүріп отырады.
Капсула – кейбір микроорганизмдердің жасуша қабырғасының айналасында кілегейлі қабат ретінде түзіледі. Микробтардың басым көпшілігінде капсула полисахаридтерден құралса, ал жеке бір түрлерінде (айталық, сібір жарасы бацилласында) полипептидтерден тұрады. Капсула жасушаны құрғап қалудан, тағы да басқа қолайсыз жағдайлардан (фагоциттерден, антиденелерден) қорғайды және микробтардың вируленттік қасиеттерінің сақталуына себепші болады. Сібір жарасы қоздырғышы болса капсуланы макроорганизм денесінде де түзеді.
Жасуша қабырғасы – бактерия жасушасының негізгі құрылымдық бірлігі болып саналады. Ол цитоплазмалық мембрана мен капсула ортасында орналасса, капсула түзбейтін микробтарда ол жасушаның сыртқы қабықшасын құрайды. Жасуша қабырғасы микоплазмалар мен L-пішінді бактериялардан басқа барлық прокариотты организмдерде болады. Ол микробтардың пішінін бірқалыпты сақтап тұрады, бактерияларды осмостық қысымнан және басқа да зиянды факторлардан қорғайды, метаболизмге қатысады. Жасуша қабырғасының беткейінде бактериялардың экзотоксиндері мен басқа да протеиндерін тасымалдауға қатынасатын ұсақ саңылаулары орналасқан. Бактерия жасуша қабырғасының негізгі компоненті болып пептидогликан, немесе муреин саналады. Пептидогликан микроб жасушасының қаттылығын, беріктігін қамтамасыз етеді. Грам-оң бактериялардың жасуша қабырғасындағы пептидогликанның мөлшері жалпы құрғақ затының 80%-ын құраса, грам-теріс микробтардың жасуша қабырғасындағы құрғақ заттың 1-10%-ын құрайды. Грам-оң бактериялардың жасуша қабырғасының қалыңдығы 50 нм, ал грам-терістерінде небары 5-15 нм ғана болады. Грам-оң бактериялардың көпшілігінің жасуша қабырғасында 50%-ға дейін тейхой қышқылы болады. Олар көп мөлшерде цитоплазмалық мембрана беткейінде, ал аз мөлшерде жасуша қабырғасының сыртқы жағында орналасады. Пептидогликанның микрофибриллалары микроб жасушасының негізгі қаңқасын құрайды (6-сурет). Протеин торшаларды құрап, шатаса орналасуының нәтижесінде пайда болған саңылауларынан заттардың жасуша ішіне енуі және жасушадан сыртқы ортаға шығуы іске асырылады.
Жасуша қабырғасының химиялық құрамы мен құрылымына қарай микробтар грам- оң және грам-теріс организмдерге бөлінеді. Грам тәсілімен бояған жағдайда йод ерітіндісі (Люголь ерітіндісі) және этил спиртінің әсерінен негізгі бояғыштар (генцианды фиолетті, кристалды фиолетті) жасуша компоненттерімен әрекеттеседі де, бояуды денесіне сіңіріп алады, ал грам-теріс микроорганизмдерде негізгі бояулар шайылып кетеді. Осының нәтижесінде грам-оң бактериялар негізгі бояулармен (күлгін, көк) боялса, грам-теріс микробтар болса қызыл түске, яғни қосымша бояғыш заттармен (фуксин) боялады.
Цитоплазмалық мембрана жасуша қабырғасы мен цитоплазманың аралығында орналасқан тығыз құрылым, оны электрондық микроскоп көмегімен көруге болады. Мембрана фосфолипидті және екі протеинді қабаттан тұрады. Цитоплазмалық мембрана арқылы тіршілікке қажетті әртүрлі заттар мен олардың иондары өтіп тұрады. Мембранада жасушадағы осмостық қысымның қалыпты жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Жасуша мембранасында қоршаған ортадан келіп түскен қоректік заттарды жіктеп, жасушаның тіршілігіне қауіпті заттарды ажыратып тұратын сезімтал рецепторлары және жасушаның
метаболизм процесін реттеп тұратын ферменттері болады. Мембрана мөлшері жасушадағы құрғақ заттың 10%-ын құрайды. Кейбір микроорганизмдерде (микоплазмаларда) мембраналар жасушаның сыртқы қабықша қызметін атқарады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет