№2(58)/2010 Серия филология



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата28.12.2016
өлшемі1,66 Mb.
#598
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Алкей Хаканович Маргулан 
В  статье  анализируются  неповторимые  грани  научно-исследовательского  творчества  выдающегося 
казахского  ученого-энциклопедиста,  титана  отечественной  науки  Алкея  Хаканулы  Маргулана. 
Отражаются новизна и актуальность научных исканий в литературоведении. Также рассматривается 
духовная преемственность казахской интеллигенции начала ХХ в. 
S.B.Zhumagulov 
Alkei Khakanuly Margulan 
In the article it is analyzed unique sides of a research creativity of the outstanding Kazakh scientific 
encyclopedist, the titan of a domestic science of Alkej Hakanuly Margulana. It is reflected novelty and an 
urgency scientific search in literary criticisms of times binding a thread. As Alash is considered character 
traits of the scientist in aspect of communication with spiritual continuity the Kazakh intelligency of the 
beginning of the XX-th century. 
 
 
 
ƏОЖ 82.0 
С.Б.Жұмағұлов, С.Т.Жүнісов  
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Ұлттық  əдебиеттанудағы  фарабитану  бастаулары 
Мақалада  ұлттық  əдебиеттану  ғылымындағы  фарабитанудың  қалыптасу  жолдары  жан-жақты 
қарастырылған.  Қазақстан  ғалымдарының  əлемдік  деңгейдегі  ұлы  ғалымның  ауқымды  ғылыми 
мұрасын  зерттеу  ерекшеліктеріне  ерекше  көңіл  бөлінген.  Сонымен  қатар  ұлттық  əдебиеттанудағы 
фарабитанудың бастауларына тəн ғылыми бағыт анықталды.    
Кілтті сөздер:  фарабитану, ұлттық əдебиеттану, Əбунасыр əл Фараби, Ақжан Машани, А.Көбесов, 
ХХ ғасырдың 60–80-жылдары, Шығыс философтары, фарабитанушылар, Фараби мұрасы. 
 
Қандай да болмасын халықтың ұлттық рухын сақтауда ұлы тұлғалары қорған болып келген жəне 
де  бола  бермек.  Халықымызды  отарлаудан  кейінгі  ұлтсыздандыру  саясаты,  ұлттық  əдебиеттің 
тамырына балта шабу арқылы да көрініс тапты. Қылышынан қан тамған қызыл өкіметтің абсурдтық 
идеялары,  бабалар  мұрасы  мен  заңды  мұрагерлерінің  табысуына  өз  кесірін  тигізбей  қоймады. 
Алаштың  маңдайалды  марқасқа  ұлдары,  қанқұйлы  өкіметтің  қасабына  ұшырамағанда,  тек  ұлттық 
əдебиеттану  ғылымы  ғана  емес,  барша  қазақ  ғылым-білімі  ертерек  қолға  алынып  ерекше  екшелері 
сөзсіз еді. 
Алаш  арыстарының  пешенесіне  жазылмаған  миссияны  олардың  рухтас  ізбасарлары  бастады. 
Сеңнің қозғалуына «жылымық жылдарының» əсері мол болғаны белгілі. 

65 
ХХ ғасырдың 60-жылдарында отандық ғалымдардың алдында жауапкершілігі мол үлкен міндет 
тұрды.  Ол — ұлы  ғұлама  ғалым  Əбунасыр  əл-Фарабидің  өмір  тарихын,  ғылымның  сан-саласына 
арнаған  баға  жетпес  еңбектерін  тауып,  зерттеп,  жан-жақты  саралап,  насихаттап  сол  арқылы  ұлттық 
əдебиеттануда үлкен бетбұрыс жасау болатын. 
Тоталитарлық  жүйе  қысымындағы  қазақ  əдебиеттануының  ғылыми-зерттеушілік  өрісінің 
маркстік-лениндік  əдіснама  күштеп  таңған  қалыпты  шеңбер  аясынан  шығып,  тың  бағытқа  бет 
бұруындағы  күрделі  белес — жылымық  кезең  деп  аталған 1956–1967 жылдар  аралығы [1, 9]. Осы 
тұсқа  дейін  қыспақ  пен  қиянат  атаулының  бəрін  басынан  кешірген  ұлттық  əдебиеттану  ғылымы 
жылымық кезеңінде жіті қимылдап, ұлттық құндылықтарды ұлықтау ісіне бел шеше кірісті. 
Адамзат  өркениетіндегі  қазақ  руханиятының  биік  тұғырын  айқындау  мен  бекітудегі 1960 
жылдар басындағы фарабитануда жасалған игі қадам жаңа өреге көтеріле түсті [1, 155]. 
Ұлттық  əдебиеттану  ғылымындағы  фарабитану  ілімінің  негізін  қалаушылардың  көшбасында 
ғұлама  ғалым  Ақжан  Машанидың  тұрары  даусыз.  Ұлы  ұстаздың  өмірі  мен  шығармашылығын 
зерттеуде  Ақжан  Машани  табандылық  танытып,  осы  ұлағатты  іске  қырық  жыл  ғұмырын  арнады. 
А.Машани əл-Фараби есімін алғаш рет 1943 жылы Чехия Ғылым академиясының президенті, соғыс 
жылдары Алматыға ығысып келген Шығыс ғылыми мұрасын зерттеуші, білікті ғалым Э.Кольманнан 
естиді.  Ол  «Орта  ғасыр  ғылымы  туралы»  баяндамасында,  Еуропа  ғылымы  Орта  ғасырдағы  шығыс, 
араб елдерінен бастау алғанын айта келіп, əл-Бируни, əл-Хорезми, Насыреддин-Туси, Ұлықбектерді 
ауызға алғанда, олардан бұрынғы осынау ұлылар ұстаз тұтатын əл-Фараби есімін ерекше атаған-ды. 
Бұл жағдай Ақжан Машаниді елең еткізді. Орта Азия ғұламалары қатарында кезіктірмеген соны 
есім ғой бұл. Рас, бұл есімді естігені бар-ды. Мағжанның «Түркістан» поэмасында: 
Түркінің кім білмейді мол мұрасын, 
Фараби тоғыз шекті домбрасын, — 
деп  келетін  сиқырлы  жолдары  бар-тын. «Фараб — Отырар  шаһарының  ежелгі  атауы.  Демек  Əбу 
Насыр  əл-Фарабидің  қазақ  халқының  перзенті  болуы  əбден  мүмкін.  Осы  ой  А.Машаниді  ұлы 
жаңалықтарға  жетеледі.  Əл-Фараби  еңбектерін  алыс-жақын  шетелдерден  іздеп  ғұламаның  көптеген 
мұраларына қол жеткізді. 
«Ташкенттен ештеңе таппаған ғалым Азия жəне Мұсылман қауымдастығының бас мүфтиі, араб 
тіліне  жетік  Зиалиддин  Бабаханның  айтуымен  Уфа,  Қазан  медресе-мешіттерінен  баба  еңбектерін 
іздейді.  Ғалия  медресесінен  əл-Фарабидің  үш  кітабын  бірден  табады», — дейді  профессор 
Ш.Əбдіраман. 
Сөйтіп, Машанидің қолында 1958–1961 жылдары əл-Фарабидің оншақты шығармасы жəне оның 
еңбегін зерттеушілердің дүниелері болып еді. Осы орайда Ақжан Машанидің сол кездегі Қазақ ССР 
Ғылым  академиясының  президенті,  академик  Қ.Сəтбаевқа  жазған  анықтама-өтініші  де  əл-Фараби 
мұрасын зерттеу кезеңінен мағлұмат беретін қызықты тарихи құнды құжат. Хат мазмұны мынадай: 
«Отырар — Фараб (Түркістан мен Арыс) қаласында руы қыпшақ түркі отбасында дүниеге келген ұлы 
ғалым əл-Фарабидің қазақ тумасы екені өзіңізге мəлім. 
Əл  Фарабидің  математика,  астрономия,  география,  геология,  философия,  медицина,  музыка 
тəрізді ғылым мен өнер салаларына арнаған еңбектері жүзден асады. 
Бірақ,  өкінішке  қарай,  КСРО-дан  оның  бірде-бір  еңбегін  таба  алмадық.  Көптен  бергі 
ізденістеріміздің барысында біз жуырда кітапханааралық абоненті бойынша Лейденнен (Голландия) 
үш кітап алдық. Оның ішіндегі екеуі араб тіліндегі əл-Фарабидің өз еңбегі: 
1) «Рисала фисус аль-Хаким» («Ғылым маржаны»); 
2) «Рисала... аль-Мадина... аль Фабила» («Қала үлгісі»). 
Осы кітаптар (1890–1895) профессор Джетерецтің неміс тіліндегі алғы сөзімен шыққан. 
Ал  үшіншісі — профессор  Брунеллдің  неміс  тіліндегі  екі  жүз  беттік  «Əл-Фараби  бойынша 
мемлекетті  басқару» (1904) кітабы.  Осы  үш  кітаптың  да  ғылыми  мəні  өте  жоғары.  Сондықтан 
оларды  фотосуретке  жəне  микрофильмге  түсірдік  жəне  оларды  қазақ,  орыс  тіліне  аудару  қажет. 
Сізден осы жұмысты кітапхана арқылы қаржыландыруға нұсқау беруіңізді өтінеміз. 
 
ҚазССР ҒА корр. мүшесі   
 
 
 
А.Ж.Машанов 
ҚазССР ҒА ОҒК директоры  
 
 
 
Н.Б.Ахметова 
15. ХI. 1961 ж.» [2, 21]. 
 

66 
Айта кетерлігі, Қ.И.Сəтбаев өтініш түскен күні «Келісемін, жүзеге асырылсын!» деп бұрыштама 
соғап  берген  екен.  Сонымен  қатар  Қазақстанда  фарабитанудың  өркендеп-өрістеуіне  ұлт  көсемі 
Д.А.Қонаев пен академик Б.Г.Ғафуров оң ықпал етіп, үлкен қамқорлық танытты. 
1961  жылғы  Ұлттық  ғылым  академиясының  хабаршысы  № 5  санындағы  мəліметіне  сүйенсек, 
аталмыш  уақытта  əл-Фараби  хақында  ауыз  толтырып  айтарлық  дүниелердің  əлі  жарыққа  шыға 
қоймағандығына көз жеткіземіз. 
«Фарабидің ізімен іс қылған Əбу Əли Сина, əл-Бируни сияқты ғалымдардың еңбегі көптеген том 
болып шығып отыр. Олар туралы өзбек, тəжік ғалымдары көптеген еңбектер жазды. Фараби жөнінде 
ондай ешнəрсе жоқ. 
Екінші  жағынан,  Фарабидің  туған  жері  Отырар  қаласы  Шыңғыстың  жорығында  қиратылған 
болса, əлі сол қалпында жатыр. Үстіміздегі жылдан бастап қазба жұмыстарын жүргізу, ескі мұраны 
зерттеу  істері  басталмақ.  Үшіншіден,  дүние  жүзіне  аты  əйгілі  ғалым  Фарабидің  мұрасын  зерттеу 
біздің  зор  міндетіміз.  Енді  бірнеше  жылдан  кейін  ұлы  ұстаздың  туғанына 1100 жыл  толады.  Соған 
қарсы осы істер жедел қолға алынғаны жөн» [2, 25]. 
Бұл кезеңде шығыс философтары «Ал муаллим ас-сани» — екінші ұстаз деп атаған Əбу Насыр 
əл-Фараби сынды ғұламаның жүріп өткен жолдары мен соңына қалдырған мол мұрасы қызу зерттелу 
үстінде болатын. 
Қазақстанда  фарабитанудың  өркендеп  өрістеуіне  ұлт  көсемі  Д.А.Қонаев  пен  академик 
Б.Г.Ғафуров оң ықпал етіп, үлкен қамқорлық танытты. 
Бұл  тұса  түркі  дүниесінің  құндылықтарын  меншіктеп,  иеленіп  алудан  алдына  жан  салмайтын 
өзбек  ағайындар,  Фарабиге  келгенде  де  үнсіз  қалмады.  Ол  əңгімені  Машани  əл-Бирунидің 1000 
жылдық мерейтойы кезінде естиді. «Ақжан-ака, əл-Фараби заманында қазақ-өзбек еншісі бөлінбеген 
ел еді ғой, енді оны қазақ тумасы деп бөле тартпай-ақ, өзбек халқына да ортақтастыра бермейміз бе?» 
—  дегендерге  Машанов: «Түркі  тумаларын  бөліп  жару  қазақтан  басталған  жоқ-тын.  Науаи,  əл-
Бируни,  əл-Хорезми  туған  кездерде  де  қазақ-өзбек  еншісі  ортақ  емес  пе  еді?  Қазақ  жері  Отырарда 
туған əл-Фарабиді ортақ еткілеріңіз келсе, онда өздеріңіз жеріне қарай еншілеп алған өзге даналарды 
да ортақтастырайық», — деп сұңғылалық танытады. 
Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  жанынан 1968 жылы  құрылған  фарабитану  тобы  атқарған 
кемел  істер  арнасы  ұлы  ғалымның 1100 жылдығының  қарсаңында  мейлінше  өрістеді.  Қазақ 
ғалымдары  ұлы  ойшылдың  мұрасын  насихаттау,  зерттеу  ісінде  мейлінше  қажыр-қайрат,  парасат 
танытты. Мəселен, 1969 жылы Сирия-Ливан сапарын жасаған А.Машанов Дамаскідегі Баб ас-Сағир 
зиратында  жерленген  ұлы  ғұламаның  зиратын  тауып,  сан  ұрпақтың  өтелмеген  парызын  орындап 
қайтты [3]. 
А.Көбесовтың  «Біздің  ұлы  жерлесіміз — Əбу  Насыр  əл-Фараби», «Орта  ғасырдағы  қазақ 
ғалымдары»  мақалаларында,  Б.Ысқақовтың  құрастыруындағы  «Орта  Азия  мен  Қазақстанның  ұлы 
ғалымдары  (ІХ–ХІХ  ғасырлар)» (1964) жинаққа  енген  зерттеулерде  де  көне  түркі  рухани 
жəдігерліктеріне  қазақ  əдебиетінің  тікелей  сабақтастығы  зерделенді.  Мəселен,  аталған  жинақтағы 
ғылыми-танымдық  мақалаларда  Орта  Азия  мен  Қазақстанның  ІХ–ХІХ  ғасырлардағы  əлемдік 
деңгейдегі  ғұламаларының  адамзат  ғылым-білімін  жаңа  биікке  көтерудегі  тарихи  қызметі 
қарастырылды. Атап айтқанда, жоғарыда келтірілген əл-Фарабиге қатысты А.Машановтың, сонымен 
қатар  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  туралы  Ə.Марғұланның,  Қадырғали  Жалайыри  жайлы 
Қ.Жүнісбаевтың  құнды  деректерге  толы  мақалалары  ұлтымыздың  рухани  əлемінде  өшпес  із 
қалдырған тарихи тұлғаларға қатысты жаңа беттерді ашты. 
Қазақ  ғалымдары  ұлы  ойшылдың  мұрасын  насихаттау,  зерттеу  ісінде  мейлінше  қажыр-қайрат, 
парасат  танытты.  Мəселен,  А.Көбесов  «Фарабидің  қазақ  жерінде  туып,  өмір  сүрген  ғалым  екенін 
қатты  ескеруге  тиістіміз.  Оның  ғылым  мен  өнерде  көтерілген  биігі,  асқан  ойшылдығы,  қазақ 
халқының  ертедегі  рухани  күші  мен  қабілетінің  жалт  еткен  көрінісі  деп  орынды  мақтаныш  етеміз» 
деген сындарлы пікір білдірген еді. 
Фарабитанудағы  күрделі  еңбектерде  ғалымның  сан  алуан  тақырыптардағы  мұрасы  кеңінен 
қамтылып, қазақ руханиятымен тығыз бірлікте зерделенеді. Мəселен, А.Машановтың тарихи деректі 
еңбегінде  ғұлама  мұрасы,  өміріне  қатысты  тың  деректер  берілсе,  А.Көбесов  зерттеуінде  даңқты 
бабамыздың  сан-салалы  ғылыми  ілімі  Пифагор,  Аристотель,  Эвклид,  Птоломей,  əл-Кинди,  Бэкон, 
өзге  де  ұлы  тұлғалардың  еңбектерімен  байланыста  талданып,  əлемдік  деңгейдегі  маңызы 
қарастырылды. 
Қазақ  руханиятының  адамзат  өркениетіндегі  өзіндік  тұғырын  танытатын  фарабитану 
А.Көбесовтың  «Фараби  жəне  фарабитану  жайлы  сөз» («Қ.Ə». — 1968. — 25 мамыр), «Фарабидің 

67 
энциклопедиясы» («Білім жəне еңбек». — 1969. — № 5), «Фараби — көрнекті педагог» («Қазақстан 
мектебі». — 1970. — № 11), «Фараби мұраларының көздері» («Қ.Ə». — 1972. — 7 сəуір), «Фараби-
Диуани-Абай», («Қ.Ə». — 1973. — 6 шілде)  Ə.Қоңыратбаевтың  «Əбу  Насыр  əл-Фараби» («Ленин 
жолы». — 1970. — 16 маус.), «Фараби философиясы туралы бірер сөз» («Лениншіл жас». — 1970. — 
23  қырқ.), «Фараби  жəне  Орта  Азия  мəдениеті» («Ленин  жолы». — 1973. — 22 ақп.),  Н.Өсеровтің 
«Ұлы  ғалым  мұрасы  хақында» («Қ.Ə». — 1970. — 18 қырқ.,  М.Жұмахановтың  «Əл-Фарабидің 
қолжазбасы» («Қ.Ə». — 1971. — 20 тамыз),  Қ.Аманкелдиевтің  «Мол  мұра» («Қ.Ə». — 1971. — 19 
қырқ.),  Н.Төреқұловтың  «Мол  мұраны  игерсек» («Қ.Ə». — 1972. — 4 тамыз), «Ғұлама  поэтикасы» 
(«Жұлдыз». — 1975. — № 9),  А.Машановтың  «Екінші  Аристотель» («Жұлдыз». — 1973. — № 9), 
М.Мырзахметовтың «Ғасырлардан ғасырларға даңқы ұласқан ақыл-ой алыптары» («Қ.Ə». — 1973. — 
7 қырқ.), Қ.Жарықбаевтың «Əл-Фараби — шығыс психологиясының негізін салушы» («Жұлдыз». — 
1973. — № 9),  Ə.Жиреншиннің  «Фараб  ғұламалары» («Қ.Ə». —1974. — 2 тамыз),  Р.Бердібаевтың 
«Ұлы  ойшыл  туған  жерде» («Қ.Ə». — 1975. — 5 қырқ.),  А.Нүсіпбековтің  «Ғұламаның  туған  жерге 
оралуы»  мақалаларымен  іргесін  бекіте  түссе,  оған  Одақ  ғалымдарынан  Б.Ғафуров  «Қымбат  мұра», 
И.Брагинский  «Əл-Фарабидің  əлеуметтік  утопиясы»  мақалаларымен  ат  салысты.  Ал  қазақтың 
тұңғыш  Ұлттық  энциклопедиясының I-томында (1971) ғұлама  өмірі,  сан  салалы  ғылыми  мұрасы 
алғаш  жүйелі  қамтылса,  əл-Фарабидің  «Музыканың  ұлы  кітабы»  А.Көбесов («Лениншіл  жас». — 
1970. — № 147–151),  1944  жылы  Бейрутта  шыққан  араб  əдебиетшісі,  ғалымы  Махмуд  Аббастың 
еңбегінде келтірілген Фараби өлеңдері тұңғыш рет ана тілімізде А.Нысаналин аудармасымен берілді 
(«Қ.Ə». — 1971. — 7 мамыр). Баба мұрасы қазақ тілінде былай сөйлейді: 
 
Қашықтасың туған жер-қалың елім, 
Небір жүйрік болдырып жарау деген, 
Шаршадым мен, қанатым талды менің, 
Шаңғыт жолға сарылып қарауменен. 
 
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып, 
Қасіреттің жасына көз жуынар. 
О, жаратқан, көп неткен ақымағың, 
Құм сықылды тез ысып, тез суынар. 
 
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, 
Əкімдікке күллісі жүгіреді. 
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп, 
Жаным менің түршігіп, түңіледі. 

Ə.Дербісəлі  фарабитанушылар  тарапынан  жоғалған  деп  жорамалданған  ғұламаның  «Өлең 
өнерінің қағидалары туралы трактатын» жариялады («Лениншіл жас». — 1973. — 20 маус.). 
Алматыда Қазақ КСР Ғылым академиясы ғалымдары мен Азия-Африка елдері жазушыларының 
V конференциясына қатысушылардың мəжілісі (1973. — 9 қырк.) əл-Фарабиді еске түсіруге арналды. 
Онда  академик  Б.Ғафуров  «Əл-Фараби  дəуіріндегі  Қазақстан  мен  Орта  Азия  халықтары» 
тақырыбындағы  баяндамасында  философтың  көптеген  шығармалары  тұңғыш  рет  Қазақстанда 
аударылып,  қазіргі  уақытта  Алматы  Фарабитанудың  басты  орталығына  айналғанын  айрықша  атап 
(«Қ.Ə». — 1973. — 14 қырқ.),  қазақ  ғалымдарының  фарабитанудағы  еңбектерін  жоғары  бағалады. 
Шындығында  əл-Фарабидің  қазақ,  орыс  тілдерінде  «Математические  трактаты», «Философские 
трактаты», «Логические  трактаты», «Əлеуметтік-этникалық  трактаттары» (1972–1975) жарық  көруі 
ұлы ойшыл мұрасын барынша рухани өмірге сіңірудегі тың серпін берсе, 1975 жылы 11–13 қыркүйек 
аралығында  Алматыда  ЮНЕСКО  көлемінде  «Əл-Фараби  жəне  Шығыс  елдері  ғылымы  мен 
мəдениетінің  дамуы»  тақырыбында  ғылыми  конференция  өткізілді.  Соның  барысында  дүние  жүзі 
ғалымдары «əл-Фарабидің мұрагері шын мағынасында қазақ халқы екенін білді» (А.Машани). 
Ұлы  тұлғаның  адамзат  өркениеті  мен  ұлт  руханиятында  алатын  орны  А.Машановтың  «Əл-
Фараби» (1970), А.Көбесовтың  «Əл-Фараби» (1971), Х.Сүйіншəлиевтің  «Əл-Фараби — əдебиетші» 
(1975),  Н.Төреқұловтың  «Əл-Фарабидің  əдеби  мұрасы» (1975), М.Бурабаевтың  «Аль-Фараби  и 
разные  науки  и  культуры  стран  Востока» (1975), А.Қасымжановтың  Б.Ғафуровпен  бірігіп  жазған 
«Аль-Фараби  в  истории  культуры» (1975), С.Сатыбекованың  «Гуманизм  Аль-Фараби» (1975), 
А.Таукелееев,  Ғ.Сапарғалиевтің  «Государственно-правовые  взгляды  Аль-Фараби» (1976), 

68 
Қ.Жарықбаевтың  «Əл-Фараби.  Библиографиялық  көрсеткіш» (1977), Ə.Дербісəлінің  «Əл-Фарабидің 
эстетикасы» (1980), А.Қасымжановтың  «Абу  Насыр  аль-Фараби» (1982) еңбектері  арқылы  терең 
зерттеліп,  Қазақстандағы  соны  ілімнің  ғылыми  негізін  бекітті.  Ж.Əбділдиннің  редакциясымен  «Əл-
Фарабидің  əлеуметтік,  этикалық  жəне  эстетикалық  көзқарасы» (1984) атты  зерттеулер  жинағы 
шықты. 
Қ.Жарықбаевтың  отандық  фарабитанудағы  тұңғыш  библиографиялық  еңбегінде  ғұлама  ғалым 
туралы 1885–1977 жылдар  аралығында  КСРО,  яғни  Қазақстанда,  жарияланған  жеті  жүзге  жуық, 
соның ішінде қазақ тіліндегі үш жүзден астам еңбек қамтылды. Ə.Дербісəлінің «Шыңырау бұлақтар» 
атты  еңбегінде  араб,  парсы  жəне  түркі  əдебиеттерінің  көне  дəстүрлі  əдеби  байланысының  рухани, 
мəдени  арналары  тың  деректер  негізінде  алғаш  рет  жүйелі  зерттеу  нысанына  айналды. «Бұл  кітап 
өзінің  тақырыбы,  көтерген  мəселелері,  көрсеткен  деректерімен  де  ерекшеленетін  туған  əдебиетіміз 
бен мəдениетіміздің тарихында мүлде жаңа өріс, жаңа бағыт ашқан еңбек» деп бағалаған Ə.Марғұлан 
пікірі тұрғысынан келгенде, еңбектің жаңашылдық қыры айқын танылады. Бұл ретте араб əдебиетінің 
қайнар  бастауы  іспеттес  бəдəуилер  поэзиясымен  қазақ  шайырларының  кейбір  ортақ  сипатының 
шығармашылық  жаңғырықтарын  қарастыру  осы  тақырыптарды  барлау  десек,  əл-Фараби  өміріне 
қатысты дерек көздері де соны ғылыми тұжырымдарымен құнды. 
Фарабитанудағы  күрделі  еңбектерде  ұлы  ғалымның  сан-салалы  мұрасы  қамтылып,  қазақ 
руханиятымен  тығыз  бірлікте  зерделенді.  Мəселен,  А.Машановтың  тарихи  деректі  еңбегінде  ұлы 
ғалым  мұрасы,  өміріне  қатысты  тың  деректер  берілсе,  А.Көбесов  зерттеуінде  даңқты  бабамыздың 
сан-салалы  ғылыми  ілімі  Пифагор,  Аристотель,  Евклид,  Птолемей,  əл-Кинди,  Бэкон  өзге  де  ұлы 
тұлғалардың  еңбектерімен  байланыста  алынып,  əлемдік  деңгейдегі  маңызы  қарастырылды.  Ұлы 
ғұламаның педагогикалық жетістіктері, идеялары кейінгі ғасырларда Шығыс пен Батыстың көптеген 
көрнекті оқымысты педагогтары мен халық педагогикасы өкілдеріне аса зор игілікті ықпал жасағаны 
анықталып  отыр.  Олардың  ішінде  əл-Бируни,  Ибн  Сина,  Омар  Хайям,  Насыреддин  Туси,  Ұлықбек, 
Əлішер Науаи, Əбдірахман Жами, Роджер Бэкон, Моисей Маймони Ибн Рошд, Жалалиддин Диуани, 
Абай, тағы басқа ғалым-ағартушылар бар [4]. 
Фарабидың  ұстаздары,  Фарабиге  дейінгі  араб  ғылымы,  ғұлама  мұрасы,  ғылым  жасау  əдісі, 
энциклопедиясы,  Фараби  жəне  музыка,  Фараби  шəкірттері,  Фараби  жəне  еуропа  ғылымы  сынды 
күрделі тақырыптар кеңінен талданған еңбекте Отырар шаһарынан Ғаббас Жауһари, Ысқақ Фараби, 
Ысмаил Жауһари, Ахмет Фараби сынды көптеген ғалымдар шыққаны анықталды.  
Фарабитанудағы  жемісті  қадамдар  қазақ  халқына  ортақ  көне  əдебиет  нұсқаларын,  ежелгі 
жəдігерлерді  де  түркітану  мəселелерімен  тығыз  сабақтастықта  зерттеу  бағытындағы  ізденістердің 
ғылыми жəне əдіснамалық негізіне айналып, барынша ұштала түсті [1; 157]. 
Қорыта  айтқанда,  бүгіндері  отандық  ғылымның  іргелі  іліміне  айналған  фарабитану  күрделі 
белестерден  өтті.  Ұлы  ғұламаның  тікелей  мұрагері  қазақ  халқы  болып  табылатынын  дəлелдеуде 
шешуші  қадамдар  ХХ  ғасырдың 60–80-жылдары  жасалған,  фарабитануды  кейіндері  жаңа  биікке 
шығаруда  əдебиетші-ғалымдар  айрықша  үлес  қосты.  Қазақ  жерінің  ұлы  перзенттерінің  бірі  Əбу 
Насыр  əл-Фараби  бабамыздың  асыл  мұралары,  ұлтымыздың  бай  рухани  əлемін  одан  əрі  асқақтата 
түсті. 
Фарабитану  ілімі  отандық  ғылымның  қандай  да  болмасын  саласының  басты  өзегі  болуы  керек 
деп білеміз. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Жұмағұлов  С.  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ  əдебиеттану  ғылымы (1956–1991 жж.):  Моногр. — 
Қарағанды: «Гласир» ЖШС, 2008. 
2  Ақжан əл-Машани. Əл-Фараби көпірі. — Алматы: «Алатау» баспасы, 2005. 
3  Машанов А. Тоғыз жолдың торабында. — 2-т. Фараби зираты // Қазақ əдебиеті. — 1969. — 18 қаңт. — 2-б. 
4  Көбесов А. Əл-Фарабидің ашылмаған əлемі. — Алматы: Санат, 2002. — 165-б. 
 
 

69 
С.Б.Жумагулов, С.Т.Жунисов  
Пути становления фарабиведения в национальной литературоведческой науке 
В  статье  всесторонне  рассматриваются  пути  становления  фарабиведения  в  национальной 
литературоведческой  науке.  Особое  внимание  уделяется  особенностям  исследований  казахстанских 
ученых  относительно  огромного  научного  наследия  великого  ученого  мирового  масштаба.  Также 
определяется научное направление истоков фарабиведения в национальном литературоведении. 
S.B.Zhumagulov, S.T.Zhunisov 
Ways of the formation of farabi studies in the national literary studies  
The article devotes ways of research of farabiknow science appearing in national literature science. There are 
researches of Kazakhstan`s scientifists about works of great scientifist on world status have been asked. So 
scientific course, which like to farabiknow science appearing in national literature have been shown. 
 
 
 
ƏОЖ 82(091):821.512.122
 
С.Б.Жұмағұлов, Д.Жолданова 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Хандық  дəуір  əдебиетіндегі  жырау  тұлғасы 
Мақалада  көркем-эстетикалық  хандық  дəуір  əдебиетіндегі  жырау  бейнесін  дамытуды  зерттеуге 
арналған  ғылыми-зерттеушілік  идеялар  қарастырылды.  Əдеби-теориялық    анықтамаларды  қарасты-
ратын, жырау бейнесінің көркем сипатын нақтылайтын зерттеу еңбектері талданды.  
Кілтті  сөздер:  хандық  дəуір  əдебиеті,  жырау  тұлғасы,  жыраулар  поэзиясы,  жыраулық  мектеп,  ХV–
ХVІІІ ғасырлар, Қазтуған, жыршы, авторлық ауыз əдебиеті. 
 
Тарих  қашан  да  өз  перзенттерінің  құнды  мұраларымен  қымбат,  əрі  барлық  кезеңдердің 
сарапшысы.  Ерлігімен  еркіндікке  құштар  күрестерге,  батырлығы  мен  бостандық  дегенде  жан 
салмайтын  байламдарға,  шешендер  мен  ел  тағдырын  шешетін  сəтте  ақыл-парасатымен,  дана-
сəуегейлігімен  өмір  шындығын  толғап  жеткізуші  жырауларға  толы  əдебиетіміз  бүгінгі  күнге  өз 
жемісін жеткізіп отыр. 
Тарих  толқынында  қазақ  əдебиеті  үшін  жарқын  белестерге  толы  бір  кезең — XV–XVIII ғасыр 
əдебиеті.  Алтын  Орданың  ыдырауымен  ноғай,  қазақ  дербестігін  алып  бөлініп  шықты.  Ақ  Орданың 
жеке  мемлекет  болып  қалыптаса  басталу  тарихында  да  заман  өз  қиындығын  кездестірді.  Бірінші 
орынға  елдікті,  қазақ  ұлтының  біртұтастығын  мақсат  еткен  хандармен  бірге,  елді  басып-жаншуға, 
өзге  елдермен  қазына  үшін  соғыстырып,  ел  берекесін  кетіруге,  халықты  қалың  тобыр  деп  қана 
түсінетін қатігез кейбір ел билеушілері де кездесті. Осы бір аға мен іні хандық үшін жауласып, əке 
мен  бала  билік  үшін  араздасып,  хан  тағы  үшін  бала  əкесін,  іні  ағасын  жұтқызып  жіберіп  жатқан, 
хандар  билігі  жиі-жиі  ауысып,  ел  басына  біркелкі  заман  орнату  қиынға  соққан  кезеңдерде  ел  қамы 
үшін, ұлт жаны үшін тарих төріне əдебиеттің бірегей өкілдері жыраулар келген еді. 
Көне  түркі  дəуірінен  кейін, XV ғасырдан  бастап  қазақ  ұлтының  атымен  аталатын  төл  əдебиеті 
алға өрлеп, əн-күймен қатар түрлі өнер саласы қайта жанданды. Осы бір кезде тарих тұғырында да, 
əдебиет əлемінде де елеулі орны бар жыраулар поэзиясы сөз өнерінде өз тұғырын айқындауға батыл 
қадам  жасады.  Егер  халық  «Өнер  алды — қызыл  тіл»  деп  есептесе,  сол  тіл  өнерін  жете  меңгерген, 
аузын  ашса  болды  көмекейінен  күмбірлеп  жыр  құйыла  жөнелетін  дарынның  жұрт  алдында  зор 
беделге  ие  болуы — заңды  құбылыс.  Сөз  өнерін  тек  қазақтар  ғана  емес,  қазақ  сияқты  көшпенді 
халықтардың  барлығының  да  аса  жоғары  бағалап,  өздерінің  ақын-жырауларына  бас  игенін  көреміз. 
Бұл жайында араб əдебиетінің тарихын жазған профессор Ханна аль-Фахури: «Басқа жұрттың сөзінен 

70 
гөрі,  ақынның  сөзі  өтімдірек  келетін;  кейде  оның  беделі  мен  билігі,  тіпті  ру  көсемдігінен  де  артық 
болатын», — дейді (Ханна аль-Фахури. История арабской литературы. — Т. 1. — 1959. — С. 51, 52). 
Көшпенділер  арасында  тіл  өнерінің  қадірлігі  сондай,  сөз  зергерлері  кейде  шыққан  тегіне 
қарамастан,  үлкен  əлеуметтік  сатыға  көтерілетін  болған.  Араб  классикалық  поэзиясының  даңқты 
перзенттерінің  бірі — Антара (525–615) сүйегі  құл,  тəні  қоңырқай  түсті  екендігіне  қарамастан,  өз 
руының  көсемі  қызметін  атқарған  исламға  дейінгі  араб  ақындарының  көпшілігі-ақ  билеушілер 
тобынан  шығып  отырған.  Өз  əміршілері  алдында  үлкен  беделі  болған  Шалкиіз,  Жиембет  сияқты 
жыраулар  да  дала  феодалдары  тобынан.  Алайда  олар  өзінің  хан  алдындағы,  халық  алдындағы 
құрметіне шыққан тегімен емес, құдіретті сөзінің күшімен жеткен [1]. 
Жырау — классикалық қазақ əдебиетінің көрнекті өкілі. Əдебиетте де, тарихта да маңызды орын 
алар  бірегей  тұлға.  Əлкей  Марғұлан  атап  өткеніндей,  жырау  рубасы  ақсақал,  халықтың  көкейкесті 
арманының  мұңшысы,  жыршысы  ретінде  өте  қажетті  тұстарда  ғана  болмаса,  суырып  салып  жыр 
тудыра  бермеген.  Ел  құрметіне  бөленген  жырауларға  жұрт  болашағына  қауіп  төніп,  қалың  бұқара 
жол  таба  алмай  тығырыққа  тығылған  екіталай  ауыр  сағаттарда  ғана  ақыл  салып,  кеңес  сұрайтын 
сипатқа ие жойқын өнер иесі [2]. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда 
ғана  туа  салған  жоқ.  Жырау  тұлғасының  көркемдік  дəстүр  арнасындағы  тамыры  тарих  тереңінде. 
«Сəугейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б. жайларға қарай болжам 
жасау,  абыздың  бір  міндеттерін  атқару — көне  дəуір  жырауларына  тəн  қасиет» [1, 119]. Иə, 
жыраулық  мектептің  түпнегізі  ұлы  дала  абыздарынан  басталады.  Ел  ертеңі  жайлы  болжам  жасап, 
данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар хан сарайында отырып, алдағы болар қауіп-қатерді 
болжап  отырды.  Хандардың  түсін  жорып,  халық  арасындағы  қарым-қатынастардың  қалай  бағыт 
алатынын  болжап,  оны  жыр  жолдарымен  жеткізіп,  абыздық  дəстүрді  əдебиетпен  байланыстыра 
дамытты. «...жырау — өз  руластарының  ақылшысы,  көсемі.  Көпті  көрген  көне  қалт  айтпайды, 
сондықтан оның сөзі, берген кеңесі жерде қалмайды. Өз сөзінің құдіретін білген жырау жай ақылшы 
ретінде  ғана  емес,  əмірші  ретінде  де  сөйлейді.  Жыраудың  хан  алдында  осыншама  ықпалды  болуы 
халық арманынан туған жай аңыз емес; бұған дəлел ретінде арыдағы Шалкиіз, Жиембеттерді былай 
қойғанда,  күні  кеше  өткен  Бұқардың  өзінің  Абылай  алдында  қандай  бедел,  құрметпен 
пайдаланылғанын еске түсіру жеткілікті» [3], — дейді М.Мағауин. 
Қазақ  əдебиетінің  тарихынан  орын  алып  мұрасы  ұлт  руханиятының  игілігіне  айналған 
жыраулармен  қатар  есімі  ел  аузында  сақталып,  аңызға  айналып  жүрген  жыраулар  да  өте  көп. 
Дегенмен оларды зерттеудегі бір қиындық, біріншіден, жыраулар шығармаларының ауызша таралып, 
бүгінгі  кезге  ауыздан  ауызға  таралу  арқылы  жеткендігінде,  екіншіден, «авторлық  ауыз  əдебиеті» 
деген  ұғымның  нақты  ғылыми  негізделуіндегі  қиындықта  болса  керек.  Осыған  байланысты 
С.Қасқабасовтың  «Жалпы,  қазақтың  сөз  өнерін  фольклор  деп  бір  бөліп  аламыз  да,  авторлық  ауыз 
əдебиеті деп үлкен екі салаға айырып жібереміз. Жазба əдебиет өз алдына. Авторлық ауыз əдебиеті 
дегеніміз — баяғы  Сыпыра  жыраулардан  бастап  кешегі  Жамбыл,  Нұрпейістерге  дейінгі,  өлең 
жырларын  ауызша  таратқан  ақын-жыраулардың  шығармашылығы.  Авторлық  ауыз  əдебиеті  деп 
аталады. Бұл — жаңа ұстаным» деген сөзі бар [4]. 
Жыр  жəне  жыраулар  туралы  деректер  М.Қашқаридің  «Диуани-лугат-ат  түрк»  еңбегінде 
кездеседі. Оның еңбегінде Шөже жырау (XI ғ.) туралы сөз болады. Онда Шөже жырау əрі көп жыр 
білетін  жыршы  екендігі  жайлы  айтылады.  Сонымен  қатар  Қорқыт (IX ғ.),  Сыпыра  жырау (XIV ғ.) 
есімдері  арқылы  біз  жыраулық  поэзияның  тамыры  əріде  жатқандығын  білеміз.  Дегенмен XV–XVII 
ғасырлар жыраулар поэзиясының дамып, жетіліп кемелденген шағы болып табылады. 
XV–XVIIІ  ғасырларда  жасалған  əдебиет  ел  мүддесін,  жұрт  мақсатын  алдыңғы  орынға  қойды. 
Бұл  кезеңдегі  жыраулар  поэзиясы  əдебиетте  өзіндік  түр  тауып,  ұлттық  сипатта  қалыптасты.  Қазақ 
елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін саралап көрсетіп, тарихын, салт-санасын, дəстүрін таңбалайтын 
келер  ұрпаққа  тəрбиелік  өредегі  ұлы  туындылар  қалдырды.  Осы  кезеңдегі  жыраулар  тобынан 
Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын алып қарасақ, бұларда кір жуып, кіндік кескен атамекен мен 
туған елге деген махаббат, отаншылдық сезімдер үлкен серпінмен сипатталады. Жыраулар, көбінесе, 
кешегі  мен  бүгінгі  өмірді,  өз  басынан  кешкен  əр  алуан  ерлік  пен  қиыншылық  сəттерді  өзара 
салыстыру арқылы ой екшегенде, олардың ел мен жерге деген əлгіндей сүйіспеншілігі де нақтылық 
мəнге  ие  болып  отырады.  Айталық,  Қазтуған  өзінің  «Алаң  да  алаң,  алаң  жұрт»  атты  белгілі 
толғауында атасы Сүйеніш пен анасы Бозтуғанның бірі күйеу, бірі келін боп түскен құтты қонысы — 
айдынды  Еділін  еске  алып,  тебірене  толғайды.  Бұл — өз  елін,  өз  жерін  беріле  сүюдің  əдемі  үлгісі 
деуге тұрарлықтай асқақ жыр [5]. 

71 
XV–XVIIІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы қазақ жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған 
бай  рухани  қазынадан  нəр  алды,  ежелгі  дəстүрлерді  дамыту,  тың  тақырыптар  игеру,  жаңа  мазмұн 
қалыптастыру  нəтижесінде  қанат  жайды.  Діни,  тəрбиелік,  қоғамдық,  əлеуметтік,  ерлік  пен  ездік, 
қарыз бен парыз, о дүние мен бұ дүние, тағы басқа жайындағы философиялық туындылар жыраулар 
поэзиясының  терең  дүниетанымдық  сипаты  болды.  Жыраулық  поэзияның  алғашқы  өкілдерінің  бірі 
деп  Сыпыра  жырау  Сұрғылтайұлы  болса,  кейінгі  өкілдері  Асан  Қайғы  (Хасан),  Қазтуған 
Сүйенішұлы,  Доспамбет  жырау,  Тіленішұлы  Шалкиіз,  Жиембет,  Марғасқа  жыраулар  болды.  Олар 
жаңа  əдеби  салаларды  қалыптастырушылар  ғана  емес,  көне  мұраны  жалғастырушылар  болып 
табылады.  Олар  шығарған  əдебиет  үлгілері — негізінен  заман,  қоғам,  өмір  жайлы  ойлы  сырлы 
толғаулар,  ақыл-өсиет  түріндегі  шешендік  сөздер,  мақал  тақілетті,  тұспал-дидактикалық  термелер, 
сондай-ақ  елді  жеңіске  бастаған  батырлардың  көзсіз  ерлігін  жырлаған.  Ерлік  эпосы,  ел  қожаларын 
дəріптейтін мадақ жырлар, қайғылы қазаға байланысты азалы сөз, естірту, жоқтау немесе қара қылды 
қақ жарған əділ қазы, я болмаса табан асты тапжылмастан сөз бастап, терең оймен жұртты ұйытқан 
ақыл иелерін қошамет тұтар арнаулар болатын. 
Жаугершілік заманда жырау жауынгер болуға да тиіс. Бұл жайт жыраулар шығармашылығында 
үлкен із қалдырды. Жырау туындылары, əдетте, өршіл романтизмге, азаматтық пафосқа толы келеді. 
Жырау аузынан шыққан жырлар өзінің сыртқы формасымен де, ішкі мазмұнымен де көбіне-ақ ұран 
іспеттес. Сондықтан да жыраулық поэзия — белгілі дəрежеде жаугершілік поэзиясы [6]. 
Өзі де жорықтарға қатынасып отырған, кейде, тіпті батыр, қолбасы да болған жыраулар əскери 
тұрмысқа қатысты сан алуан жырлар туғызуға тиіс еді. Біздің заманымызға жеткен бұл тақырыптағы 
шығармалар  батырдың  өзіне,  атына,  қаруына  мадақ  немесе  жауынгерлерді  ерлікке,  жаудан 
тайсалмауға  шақырған  өр  ұран,  иə  болмаса  қайрау  бермеген  қара  қанжардай  қайтпас  ерлерді 
мадақтау,  қаза  болған  батырларды  жоқтау  түрінде  келеді.  Жауынгер  ретінде  жорықтарға  қатысу 
жырау репертуарын одан ары байытты. Ескіден қалған мұра — қаһармандық жырларды туғызушылар 
— жыраулар болып есептеледі. 
«Қазақтың  белгілі  батырлар  жырын  ең  əуелі  Жиембет,  Шалкиіз,  Сыпыра  жыраулар  шығарып 
таратса керек. Нұрпейіс Байғанин де, Мұрын жырау да өздері жырлап берген батырлар жыры алты-
жеті атаға дейін жыраудан жырау үйреніп тарағандықтығын жəне желілі жырларды ақындардан емес, 
жыраулардан үйренгендігін айтады» [7], — дейді əдебиетші Е.Исмаилов. 
Жыраулар шығармашылығындағы көшпенділер дүниетанымы, сұлулық əлемі, өршіл де намысты 
жəне алдаспандай өткір қайсарлық болмысы толғау жанрының табиғатына, поэтикасына тəн лиризм 
мен  психологизмді  айшықты  ашу  əдеби-эстетикалық  талдаулар  арқылы  тұжырымдалды.  Ол  елдік 
үшін ерлік деп білген жыраулар тұлғасын, мұрасының поэтикалық қуатын тануға мүмкіндік берді. Ең 
бастыстысы, жыраулар мұрасындағы көркем шежіре халыққа Əз-Жəнібек, Тəуекел, Абылай, Есімхан 
сынды  хандардың,  Бөгембай,  Қабанбайдай  батырлардың  ұлтқа  ұйытқы,  елге  тұтқа  болған  тарихи 
тұлғаларын танытты [8]. 
Əдебиеттанудағы осындай кемел зерттеу, іргелі жинақ барысында «Жыраулар поэзиясы — ХV–
ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы біздің ұлтымыздың, мəдениетіміздің тарихындағы айрықша 
бір  құбылыс  деп  айтар  едім.  Өйткені  мұндай  биік  өредегі  көркемдік,  мұндай  ой  жүйесі,  мұндай 
ақындық шеберлік, ақындық рухтың шалқуы өте сирек кездесетін құбылыс» [9] болып табылатынын 
дəлелдей отырып қазақ рухына сіңірді. 
Ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге жеткен ақын жыраулар поэзиясында қазақ ұлтының тағдыр 
талайы көрініс тапқан. Терең бойлаған сайын рухыңды аспандатып, кең даланы көз алдыңа елестетіп, 
ат  тұяғының  дүбірін  құлағына  келтіретін  баға  жетпес  мұраларымыз  елдігіміздің  жырмен  жазылған 
шежіресі іспеттес. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Мағауин М. Қобыз сарыны. — Алматы, 1968. — 119-б. 
2  Маргулан  А.  О  носителях  древней  поэтической  культуры  казахского  народа // Сб.  ст.  к 60-летию  М.О.Ауэзова. — 
Алматы, 1959. 
3  Мағауин М. Ғасырлар бедері. — Алматы, 1991. — 124-б. 
4  Қасқабасов С. Олжа салған 10 томдық // Қазақ əдебиеті. — 2009. — 28 ақп. 
5  Қазақ əдебиетінің тарихы. — ІІІ-т. — Алматы, 2000. — 47-б. 
6  Мағауин М. Қазақ хандығы дəуіріндегі əдебиет. — Алматы, 1992. — 144-б. 
7  Исмаилов Е. Ақындар. — Алматы, 1956. — 44-б. 

72 
8  Жұмағұлов С. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдебиеттану ғылымы (1956–1991 жж.) — Қарағанды, 2008. 
— 217-б. 
9  Мағауин М. Сұхбат // Жұлдыз. — 1997. — № 12. — 181, 182-б. 
 
 
С.Б.Жумагулов, Д.Жолданова 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет