№2(58)/2010 Серия филология


Образ Баян — образец красоты, разума, истинной любви



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата28.12.2016
өлшемі1,66 Mb.
#598
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

Образ Баян — образец красоты, разума, истинной любви  
и верности в казахской культуре 
В статье приводятся результаты исследования образа казахской женщины на примере Баян — героини 
эпоса «Козы-Корпеш — Баян-Сулу» в психофизическом, гендерном и социальном ракурсе. 
G.K.Makhanov 
Bayan’s image — a model of beauty, reason, true love and faithfulness  
in the Kazakh culture 
The article presents the results of research of the way the kazakh woman on the example of the heroine of the 
epic Bayan Sulu «Kozy Korpesh — Bayan Sulu» in the psycho-physical, gender and social perspective. 
 
 
 
 

80 
ƏОЖ 81 
Ж.Қ.Смағұлов, М.Асан 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
С.Мұқанов  поэзиясына  жаңаша  көзқарас 
Мақалада С.Мұқанов лирикасындағы жаңашылдық мəселелері мен заман шындығын жырлау бүгінгі күн 
тұрғысынан қарастырылды. Аталған тақырыпқа қатысты əр түрлі көзқарастар мен пікірлерді салғастыра 
отырып, жаңа бағыттағы ғылыми зерттеу тұжырымдары жасалды. 
Кілтті  сөздер:  С.Мұқанов,  С.Мұқанов  поэзиясы,  қазақ  əдебиеті, XX ғасыр,  Қазақстан  пролетариат 
əдебиеті, азаматық-саяси лирика, ұлттық фольклор. 
 
Сəбит Мұқанов десек, қазақ əдебиетінің алтын ғасыры дерлік кеңес дəуіріндегі арпалысқа толы 
кезең ойға оралады. Расын айтқанда, ол ғасырдың бергенінен алғаны көп. Шындықтың беті енді ғана 
ашылғалы жатыр... 
Тарихымыздан  белгілі — кеңестік  тоталитаризм  ұлыларымыздың  қазақ  əдебиеті  аренасынан 
өшіп  кетуін  қалады,  оларды  «Алаш»  деп  түбімен  құртып  жіберді...  Десек  те  өлеңге,  өнерге 
жөргегінен жарып туған қазақ ұлты əдебиет алыптарының тағы бір шоғырын бəйгеге қосып үлгерген 
болатын. «Халық жауы» деген жауыздық желеумен оларды да қоғам өмірінен шығармаларымен қоса 
алыстатпаққа ұмтылды. Осындай орынсыз кінəлаушылық біз сөз еткелі отырған Сəбит Мұқановқа да 
жабысты. Азаматтық арына, творчествосына қара күйе жағылды. «Ұлтшыл» деген стандартты айып 
тағылып, партия қатарынан шығарылды. Қысқасын айтқанда, тұтастай ұлттың элитасын, көсемдерін 
жою басты мақсат еді. 
Дегенмен  алыптардың  ұлы  ұрпағы  «социалистік  реализм»  деген  қыспақтың  ішінде  жүрсе  де, 
жазды... Қазақ əдебиеті дəрежесін өзге халықтардың əдебиетінен, өнерінен қалыстырмады, қайта биік 
ұстады. 
Ғалым, белгілі жазушы, ақын Сəбит Мұқанов та осы қатарда өзінің еңсесін биік көрсетті. Ұлты 
үшін  жанын  салды.  Талмай  еңбек  етті.  Бірақ,  неге  екені  белгісіз,  сол  үлкен  əдебиеттің  ардагері — 
Мұқановты  кейін  шегіндіре  беретініміз  байқалады.  Күлəш  Ахметова  айтқандай,  бұл  ұрпақтың 
ақиқатынан гөрі «аңызы» басымдау сияқты. 
Əрине,  өз  қоғамында  ерекше  белсенді  болған  адам,  халқының  одан  жаңа  дүниені  күтіп 
отыратынын  жанымен  сезінетін  адам  туындыларын  өте  тез  жазатыны  белгілі.  Ондайда  асығыстық 
болмай  тұрмайды.  Мысалы,  тың  көтеріп  жатқандар  жайлы  жазбақ  болған  шығармасы  сондай 
асығыстықтың  құрбаны  болды.  Оны  өзі  де  мойындап,  болашақ  бағдарламасынан  алып  тастайды. 
Бəлкім, «тың  көтеру»  науқаны  еліне  алапат  қиындық  əкелетінін  сезінген  болар.  Сондықтан  да 
жазушының  басындағы  қарама-қайшылықтың  себебіне  байыппен  қарағанымыз  жөн.  Орыс  элитасы 
«барлығымыз  да  Гогольдің  Шинелінен  шықтық»  десе,  біздің  Сəбит  Мұқанов  əдебиетті 
ұйымдастыруда  көшбасшы  бола  білді.  Соңынан  ілесіп  келе  жатқан  қаншама  ақын-жазушыларға 
жолбағдар болды. Түптеп келгенде, алдыңғы толқын айтқан «Оян, қазақты!» Сəбит те айтты. Кеудесі 
қайғы-қасіретке толы кедейдің мұңын да Сəбит жырлады. Ұлтымыздың кескін-келбеті боларлық ұлы 
тұлға  Абайдың  да  тұлғалық  қырын  Сəбит  танытты.  Күлəш  Ахметова  осы  жылы  «Жұлдыз» 
журналының  алғашқы  санына  шыққан  «Сəбит  Мұқановтың  Абай  туралы  ойларының  эволюциясы» 
атты  мақаласында: «Абайдың  ақындығын  танып-білуде  Сəбит  Мұқанов  айрықша  үлес  қосқан 
зерттеушілердің  бірі  екендігіне  сөз  жоқ.  Өйткені  ғылыми  ой-пікір  мен  көркемдік  тəжірибені  сəтті 
ұштастырып,  тамаша  қисындар,  теориялық  тұжырымдар  айтқаны  аян», — дейді [1]. Демек  Сəбит 
Мұқанов  екі  көзқарасты  қатар  анализдеуші  тұлға  деп  қарауымыз  шарт.  Тағы  да  «Сəбит  Мұқанов 
қоғамның  барлық  топтары  өкілдерінің  аса  бай  портрет  галереясын  жасады  десек  артық  айтқандық 
болмас  еді», — дейді  Мұхаметжан  Қаратаев  «С.Мұқанов  тағылымы»  атты  əдеби-сын  мақалалар 
жинағында [2]. Ленин  партиясы  өсірген,  еңбек  елінің  адал  ұлы  Сəбит  Қазақстандағы  пролетариат 
əдебиетінің  ең  алғаш  бастаушыларының  бірі  екендігі  ақиқат.  Барлық  жанрда  қалам  тербеді. 
Толғанды.  Толғады.  Енді  осы  жерден  əдеби  қайраткеріміздің  ақындығы  жайында  шамалы  қазіргі 
жаңаша  көзқарас  тұрғысынан  ой  өрбітер  болсақ,  Сəбит  Мұқановтың  арғы  буын  ұрпағына  тəн 
алғырлығының  бір  қыры  оның  халықтың  мол  қазынасы — фольклорға  қатынасынан  байқалады. 
Əдебиетке  келгенен  бастап-ақ  халық  мұрасына  ерекше  ықылас  танытқан  қаламгер,  қазақ  халық 
əдебиетінің, жеке адамдардың мұраларын жинау, жариялау, зерттеу ісімен айналысқандығына ешкім 

81 
қарсы  келе  қоймас.  Ұлт  үшін  өзі — үш-ақ  құндылық:  халық,  жер,  тіл.  Кемеңгер  Сəбит  қазақтың 
шұрайлы тілі фольклорда жатқандығын көрді. Өз шығармаларында да ежелгi ұлттық фольклорды сол 
заман  дəстүрiмен  шебер  ұштастыра  білді.  Қазақ  классикалық  жазба  поэзиясы  қарқынмен  дамыған 
тұста  халық  ақындарының  аталған  буын  өкілдері  дəстүрлі  поэзия  мен  ауыз  əдебиетінің  кейбір 
үлгілерінің жойылып кетпеуіне көп еңбек сіңірді. Ол қатарда Сəбит те бар. А.Байтұрсынов: «Қазақта 
айтыс өлең көп. Бірақ бұлар да ел ішінде жоғалып, сиреп барады. Жазу жайылған сайын айтыс өлең 
азайып, құруға бет алып барады», — деп алаңдауы ХХ ғасырдың бас кезінде болатын [3]. Бұл кезеңде 
алаш  зиялылары  ұлттық  дəстүрлердің  жойылып  кетпеуіне  қанша  күш  салғанымен  де,  əлі  толық 
сауаттанып  үлгермеген  ел  ішінде  қауіптің  жаңа  басталған  тұсы  еді.  Ал  біздің  Сəбит  Мұқанов  тура 
халықтың басым көпшілігінің көзі ашылып, көңілі оянған тұсында құнды жəдігерлеріміздің жоғалып 
кетпеуінің  кепілі  бола  білді.  Ол  ауыз  əдебиетінің  көлемді  үлгілерін  (Батырлар  жыры,  лиро-эпостық 
жырлар т.б.), алдыңғы буынның айтулы өкілдерінің мұраларын насихаттаумен қатар, өзінің жанынан 
шығарған мол көркем дүниелерімен қазақ əдебиетінің алтын қорын байыта түсті. Сəбиттің өлеңдері 
қазақ  халқының  жарты  ғасырлық  өмірін  өте  дəл  бейнелейтін,  публицистикалық  леппен  жазылған, 
тəні  фольклормен  суарылған,  азаматтық-саяси  лирика  болды.  Кезінде  заман  тынысымен,  қоғамның 
өзгерістерімен  оқушысын  таныстырып,  əрдайым  алға  жетелеп  отырған  өлеңдері  тəуелсіздік 
тұғырында  тұрған  бүгінгі  оқырмандар  тарих  көзімен  қарап,  елеп-екшеп  оқитын  бай  поэтикалық 
мұраға айналуы керек. 
Мына бір «Ыстықкөл» атты өлеңінде: 
 
Тереңдеген сырыңды, 
Шешкім келді, Ыстықкөл. 
Қаздай қалқып суыңа, 
Түскім келді, Ыстықкөл. 
Тамшы суың таласып, 
Ішкім келді, Ыстықкөл. 
Жұпар шөптің бойында, 
Жүргім келді, Ыстықкөл. 
Сағат сайын сыңқылдап, 
Күлгім келді, Ыстықкөл. 
Толқын қылып, өзімді, 
Үргім келді, Ыстықкөл. 
(Аалы Тоқамбаевтан) деп келетін тұстары бар. Жыр үлгісінде жазылған өлең. Қалың бұқараның 
тілімен  жазылған  нəзік  поэзия.  Осылай  жазғанда  ғана  халқына  жақындығын  ақтайтындай  қалып 
танытатыны анық. Фольклорды шама-шарқынша зерттеген Сəбит Мұқановтың пайымдауы да өзіндік 
қолтаңбасымен  ерекшеленетін  тұстары  бар: «Жазу  əдебиетінің  тарихы  əріден  келе  жатқан,  ерте 
мəдениеттенген  елдерде  (грек, рим т.б.) «айтыс»  ұшыраспайды. Тек мəдениеті ерте замандарда бой 
көрсеткен  араб  елінде  айтыс  үлкен  орын  алған.  Арабта  біздің  «айтысқа»  ұқсас  өлеңмен  сөйлесу 
(мұғаллақат)  бар.  Бірақ  зерттеушілердің  сөзіне  қарағанда, «мұғаллақат»  көбінесе  арабтың  көшпелі 
тайпалары бедуиндер (бəдəуи) арасында ұшырасатын көрінеді. Жазба əдебиеті ертеден келе жатқан 
басқа елдерде «айтыс» өнерінің бары ғылыми əлі дəлелденген жоқ. Ертеден көшпелі тұрмыс құрып 
келген:  қазақ,  түркімен,  монғол  сықылды  елдердің  көбінде  «айтыс»  жанры  дəстүрге  айналған.  Бұл 
жанрдың туып, өркендеуіне бас себеп бұл елдердің сауатының аздығы, мектебінің жоқтығы болған. 
Мұндай  елдерде ақынның  күші аузына түседі,  басқа  жанрлар сықылды «айтыс»  жанрын  да ауызша 
айтыс түрінде өркендетеді» [4]. 
Арғы-бергі асау замандар мен өртенді кезеңдер ұлт жадын қайта оятып, уақыт шалқарын қайта 
тербеді.  Елдік  пен  егемендік  рухы  атқа  қонды.  Азаттықтың  алауыздықтан  асқан  жауы  жоқ  екені 
белгілі жайт. Сондықтан тарихқа «өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілед» деп қарауымыз қажет. 
«Өмірде адасу, шатасу  керек. Жан тыныштығы — рухани  сатқындық», — дейді  Толстой. Егер  жан 
тыныштығын ойлаған болса «Біздің күш» өлеңінде Сəбит бұлай деп жырлар ма ед: 
 
...тыңдадым партияның үндеу сөзін, 
Шымырлап бойды билеп толқын сезім. 
Қайрат, намыс, кек, ыза араласып, 
Отырдым зорға ұстап бойымды өзім. 
Достарға бұл жалын сөз жігер, ұран, 

82 
Достан кім қаны қызбай тұрар бұған. 
Кімде-кім шын советтің ұлы болса, 
Намысы тұтанғанын айтпай ұғам! 
Сəбит  Мұқановтың  бір  ерекшелігінің  өзі  сол — шығармашылығымен  өзі  қатар  жүріп  отырды. 
Белгілі жазушы Əбіш Кекілбайұлы айтпақшы: «Сəбит — жиырмасыншы ғасырдың түйдей құрдасы. 
Əлемдік  тарихта  ғаламды  соғыстар  мен  революциялардың  үздік-создық  кезеңіне  айналған 
жиырмасыншы ғасырдағы саяси-рухани ізденістердің бел ортасында толарсағынан саз кешіп, Сəбит 
жүрді.  Өз  ғасырымен  түйдей  құрдас  азаматтың  бұлай  етпеске  амалы  да  жоқ  еді», — дейді. «Хан 
айтқан  сөзді  қара  да  айтады,  бірақ  ауызының  дуасы  жоқ»  дейтін  қазақпыз  ғой,  десек  те,  сол 
замандардың өзінде де хан айтқан сөзді ақын айта білді. Елін оятты. 
 
Көңілім мұнша қамықтың, 
Əр нəрсені ойға сап. 
Не нəрседен тарықтың? 
Осыншама ойда қап. 
Бірақ саған кінə жоқ, 
Неге бүйттің деуге де. 
Есеп жетпес тіпті көп, 
Қасірет-қайғы кеудеде. 
Мақсатыңды іздеген, 
Таба алмадың, жетпедің. 
Қылышын алып кезенген, 
Кедейліктен өтпедің. 
Қой сен бүйтіп қамықпа, 
Ілгері ұмтыл, талап ет. 
Шығуға айдай жарыққа, 
Қайраттанып бол өжет! 
 
Немесе мына бір «Шығар күнді» өлеңінде: 
Жұрт жатты төсегінде жылы оранып, 
Ұмытып, есінде жоқ, нұрлы жарық. 
Құр жанын тастаса да оянбады, 
Сұр жылан қанын сорып, тəнін шағып. 
Рас. Сəбит Мұқановтың поэзиясына сын айтушылар өте көп. Осал тұстары бар шығар, бірақ біз 
Сəбитті  «осы  заманда»  деп  қараймыз,  өзіміз  «Сəбиттің  заманына»  барып  қарауға  не  біліміміз,  не 
өреміз,  не  тарихи  таным-түсінігіміз  жетпейді!  Жанымызды,  тілімізді,  жүрегімізді  тəтті  поэзияға 
үйретіп алған тəуелсіз ұрпақ «біткен іске сыншы көптің» кебін киіп жүрген жоқпыз ба? Қазіргі ұрпақ 
əдебиетті  сүйетін  шығармыз,  бірақ  Сəбит  Мұқановтай  том-том  еңбектерімізді  қалдырып,  қазақ 
əдебиетін Сəбиттей жасап жатқан жоқпыз. 
Ғабит Мүсіреповтің: «Сəбит поэзиясының бұл дəуірдегі басты ерекшелігі — дарынды ақынымыз 
совет  дəуірінің  ең  талантты  ақыны  Владимир  Маяковскиймен  толық  үндестік  тапқанында», — деп 
айтатын  тұстары  бар.  Жаңашыл  ақын  болды.  Ендігі  ұрпақ  Сəбиттің  осы  ерекшеліктерін  айтуымыз 
керек.  Ғасырының  қай  жаңалығын  болсын  алғаш  болып  жырлады.  Бұл  пікір  өз  алдына,  жəне  де 
ақынның  ең  басты  ерекшелігі,  тағы  бір  халық  поэзиясының  өкілдеріне  тəн  қасиеті — əңгімешілдігі 
мен  шежірешілдігі.  Сəбит  өзіне  дейінгі  қалыптасқан  дəстүрлі  поэзияның  заңдылықтарын  сақтай 
отырып, халық поэзиясын жаңа бағыттағы əдебиеттің аясында дамыта білді. 
Қорыта  айтқанда,  Сəбит  Мұқановтың  поэзиясын  «қазақты  оятарлықтай»  кесек  дүние,  өзіндік 
бағасы  бар  құндылық  деп  қарауымыз  керек.  Еліне  адал  тұлға, «қазақтың  қайраткер  Сəбиті»  деп 
айтуымыз керек, айтқызуымыз заң. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Ахметова К. Сəбит Мұқановтың Абай туралы ойларының эволюциясы // Жұлдыз. — 2010. — 1 қаңт. — 127-б. 
2  С.Мұқанов тағылымы: Əдеби-сын мақалалар. — Алматы: Жазушы, 1962. — 146-б. 
3  Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. — Алматы: Атамұра, 2003. — 118-б. 

83 
4  Мұқанов С. Айтыстар // Көкейкесті əдебиеттану. — 3-кіт. / Құраст. Р.Нұрғали. — Астана: Күлтегін, 2003. — 22-б. 
 
 
Ж.К.Смагулов, М.Асан 
Новый взгляд на поэзию С.Муканова 
В статье рассматриваются проблемы новаторства в лирике С.Муканова и то, как показана в ней эпоха. 
Авторы  сопоставляют  разные  точки  зрения  и  мнения,  делают  научные  выводы  и  предлагают  новые 
направления исследования. 
 
A new outlook on S.Mukanov’s poetry 
Given article of M.Asan examines and values the describing of truth of era and image of novelty in lyric po-
etry of S.Mukanov in nowadays view. Comparing various opinions, researching thought is concluded in an 
innovative way. 
 
 
 
ƏОЖ 821.512.122 
Р.С.Каренов 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Қазақтың  «көмекей  əулиесі»  —  Бұқар  жырау  Қалқаманұлы 
Мақалада XVIII ғасырдағы  көрнекті  ақын-ағартушы  жəне  саяси  қайраткер  Бұқар  жырау 
Қалқаманұлының өмірі мен қызметі сипатталды. Оның жоңғар шапқыншыларына қарсы күресте қазақ 
жасақтарын  біріктірудегі  рөлі  көрініс  табады.  Ақынның  ұлы  хандар  Абылай  мен  Тəукенің  мінбері 
мен  серігі  ретінде  атқарған    саяси  қызметі  көрсетілді.  Оның  қазақ  əдебиеті  мен  поэзиясына  барлық 
заманның  ұлы  жырауы  ретінде  қосқан  үлесі  бағаланған.  Аталған  дара  тұлғаның  өмірі  мен  қызметін 
қазіргі  уақытта  зерттеу    мен  қазіргі  жастарды  патриоттық  тəрбиелеудегі  қажеттілігі  туралы 
қорытынды жасалды. 
Кілтті сөздер: Бұқар жырау Қалқаманұлы, жыраулық дəстүр, жыраулық поэзия, Абылай хан, Тəуке 
хан, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Олжабай батыр, Жасыбай батыр, Бұқар жырау шығармалары. 
 
Кіріспе 
ХVIII ғасырға дейін де, одан кейін де көркем ой, кестелі тіл көбінесе поэзия жанрында көрінді, 
əсіресе  поэзиялық  туындыларды  шығарушы  өнер  иелерін XIX ғасырға  дейін  жыраулар  деп  атады. 
Əдебиет  тарихын  зерттеушілердің  айтуынша, XVIII ғасырда  əріден  келе  жатқан  жыраулық  дəстүр 
одан əрі дамып, бұған қоса ақындар мектебінің күш ала бастаған шағы болды. 
XIX  ғасырда  (феодалдық-патриархалды  қоғам  тоқырау  заманына  ұшырағанда)  жыраулар  да 
«сахнадан» түсуге мəжбүр болды. Жыраулық поэзияның соңғы көрнекті өкілі — халқымыздың асқан 
кемеңгер ойшылы, қоғам қайраткері, ақпа-төкпе жыр нөсері Бұқар жырау Қалқаманұлы. 
Бұқардың  өлеңдері,  өзі  тұстас  ақындармен  салыстырғанда,  кейінге  молырақ  жеткен.  Оның 
Абылай  туралы  өлеңін  жазып  алып,  алғаш  пікір  айтқан  Шоқан  Уəлиханов  еді.  Одан  кейін  жырау 
өлеңдерін жинап, ол туралы мəлімет берген белгілі фольклорист, ақын Мəшһүр Жүсіп Көпеев (1857–
1931). 
Бұқар  сөздері  туралы  кейбір  мəліметтер  Құрбанғали  Халидтің  «Тауарих  хамсасында»  да 
кездеседі: «Абылай  ханның  қалмақпен  ақырғы  соғыстарында  қазақтар  көп  əскермен  Қалба  тауына 
келгенде,  елдің  қайта  етекке  түскенін  естіген  торғауыттар  солтүстік  Ласты,  Шорға  бойында, 
қалмақтар осы таудың оңтүстік жағы Ұржар өзені мен Емел бойында екен. Қай шеттен, қалай шабу 
керек деп  үлкендерімен  кеңескенде  қолбасылары  Бөгенбай  мен Қабанбай  батырлар  екі дай  болады. 
Бөгенбай  қалмақты  Ұржар–Емел  бойына  Тарбағатай  арқылы  асып  шаппаса,  торғауыт  ат-айылын 
тартып  дайындалып  отырады,  бізге  көрші,  жақын,  мүмкін,  олар  таудан  ерте  түсіп  кеткеніне 

84 
қарағанда,  бізден  хабар  да  алған  шығар,  ондай  жағдайда  көп  адам  шығынымен  алуымыз  мүмкін 
деген. Ал алыстағы ел алаңсыз отырады, қапысыз басамыз деп ойын айтқан Қабанбай, алыс жолдан 
аты арып, қолы əлсірейді. Мүмкін, біздің онда кеткенімізді ат ізінен білсе хабарлап қоюы, сонымен 
олар  алдан  дайын  тұрса,  арттан  бұлар  келіп  ортаға  алу  қаупі  жоқ  емес  деді.  Абылай  бұлардың 
қайсысын тыңдарын білмей, дағдарып Бұқар жырауға ишара етіп сен сөйлеші дегенде, ол: 
Сен Абылай, Абылай, 
Түркістаннан келген құл едің. 
Онан бері келген соң, 
Ұлы жүзде Төленің, 
Түйесін жайған құл едің. 
Дəулет қонды басыңа. 
Қыдыр келді қасыңа. 
Бақ үйіне түнедің, 
Алтын тұғырға кеп қонып, 
Ақ сұңқардай түледің, 
Алыстан тоят тіледің. 
Сен канжығалы Бөгенбай, 
Тақымы кеппес ұры едің, 
Түн қатып жəне жүр едің. 
Қабанбайдан бұрын найзаңды 
Қашан сен жауға тіредің, — 
деп  мəселе  шешілген.  Болмаса  осыдан  көп  нəрсе  ушығатынын  білген  еді.  Бұлар  Ласты–Шорғадағы 
торғауытты шауып, біраз адам шығын болғанымен, көп олжалы болып оралған [1]. 
Бұқар өлеңдері 1923–1925 жылдары «Таң» журналының 1–4 сандарында үздіксіз басылды. Оның 
біразын  М.Əуезов  бастырды.  Ұлы  ғалым  жан-жақты  толғап,  мынадай  ғылыми  тұжырым  жасаған: 
«XVIII  ғасырдың  атақты  жырауы  Бұқар  Қалқамановтың (1693–1787) бірсыпыра  шығармалары 
сақталып қалды; ол қазақ əдебиеті тарихында көрнекті орын алатын адам еді. Бұқар жырау Павлодар 
облысының қазіргі Баянауыл ауданында, Каржас руы ішінде туып, өскен. Ол феодалдық құрылысты 
сақтау жəне нығайту идеясын жақтаған бірсыпыра насихаттық толғаулар шығарды. Орта жүздің ханы 
Абылайды қолдап, кей реттерде Абылайдың осы жүзді басқару ісінде, оның əр түрлі дау-жанжалды 
қарау ісінде оған елеулі ықпал етіп отырған. 
Өзінің атақты «Керей, қайда барасың?» деген толғауында Бұқар Абылайға наразы керей руына 
күш көрсетіп, былай дейді: 
Абылай алдында сен бітсең, 
Құдандалы таныспын. 
Егер Абылай алдында бітпесең, 
Атасын білмес алыспын. 
Көшің кетер бір жаққа, 
Малың кетер бір жаққа. 
... Бұқар сонымен қатар өзінің шығармаларында заманының кейбір маңызды тарихи оқиғаларын 
əділ  көрсетті.  Ол  қазақ  халқының  жоңғар  феодалдарына  қарсы  азаттық  күресін  жырлады,  халықты 
бірлікке,  ерлікке  шақырды,  осы  күрестің  ерлері — Бөгенбай,  Қабанбай,  Жəнібек  батырларды 
мадақтады» [2]. 
Кейін жырау өлеңдерін жариялау ісімен С.Сейфуллин көбірек айналысты. Ол өзінің 1931, 1932 
жылдардағы  жинағында  жыраудың  бірнеше  өлеңдері  мен  шешендік  сөздерін  жариялады.  Жырау 
туралы өз ойларын ортаға салды (С.Сейфуллин. Қазақтың ескі əдебиет нұсқалары. — Алматы, 1931. 
— 83,84-б.). 
Профессор  М.О.Əуезов  пен  М.Жолдыбаев,  Ə.Қоңыратбаев  өздерінің 1933, 1934 жылдары 
жарияланған  «ХІХ–XX  ғасырлардағы  қазақ  əдебиеті»  оқулығында  Бұқар  туралы  мол  мəліметтер 
беріп, оны əдебиетіміздің тарихына енгізді. 
Шоқан  Уəлиханов  шығармаларында  басылып  жүрген  Бұқар  жыраудың  «Абылай  өлгенде 
айтқаны» деген өлеңін профессор Ə.Марғұлан Шоқан шығармаларының бірінші томына енгізіп, сол 
томның түсіндірмесінде ғылыми пікір түйеді. 
Ал  осы  жырдың  екінші  бір  нұсқасы  Г.Н.Потаниннің  «Казахский  фольклор  в  собрании 
Г.Н.Потанина»  деген  жинағында  «Абылай  ханның  мүлкін  мақтағаны»  деген  атпен  басылды.  Өлең 
мəтінінен мынадай үзінді келтіруге болады [3; 70,71]: 

85 
Күпшек санды күреңді, 
Табиғатына жаратқан. 
Қырық сан қара қалмақты 
Жарлығына жаратқан. 
Айбалтасын алтынмен булатқан, 
Еңсесі биік ақ орда 
Салтанатқа орнатқан. 
Болаттан шеге соқтырып, 
Шаңырағын торлатқан. 
Үшбу барлық бектерін 
Мəслихатқа топтатқан. 
Зəмзəм суын мыс табаққа толтыртқан, 
Қазығын ақ күмістен қақтыртқан. 
Көшсе қырық ер арта алмас, 
Тоқпағын сом алтыннан соқтырған. 
Нақыра күміс шаптырып, 
Былғарысына піштіріп, 
Шыныаяқпен іштірген. 
Орындығын оймыштап, 
Ою-нақыш салдырған. 
Сандығын сары алтынға малдырған. 
............................................................. 
Табандасқан дұшпанға 
Күнінде қылыш шауып өткерген!. 
Осы  үзіндідегі  кейбір  сөздердің  түсінігі,  жалпы  мазмұны  Абылайды,  оның  хандық  салтанатын 
дəріптейтіні айқын. 
Сонымен, Бұқар жырау — қазақ жеріне ертеден мəлім ғұлама. Оның бізге жеткен арнау, терме, 
толғаулары негізінен əлеуметтік, қоғамдық мəселені көтереді. Көп жайтты ол өзінің заманы, санасы 
тұрғысынан  шешеді.  Хандық  құрылысты  нығайту  мақсатын  көздейді.  Соған  қоса  жыраудың  кейбір 
толғаулары  адамгершілікке,  бейбітшілікке,  əділеттікке  үндейді.  Даңқты  жырау  ұстамды  моральдық 
пікірлер ұсынады. 
Тəуке хан мен Бұқар жырау 
Бұқар  жырау  Қалқаманұлы  ұзақ  жасаған  ғұмырында  қазақты  билеген  тоғыз  ханға  кеңесші  боп 
қызмет еткен. Кемеңгер би билік айтарда өлеңмен сөйлеген. Даңқты бабасының өлмес жырларын жас 
күнінен  жаттап,  жадында  сақтап  өскен,  бір  емес,  екі  мəрте  көшіріп, «Қарамесіне»  салып  қойған 
атақты  шежіреші  М.Көпейұлы: «Өз  заманындағы  жандар  бұл  кісіні  «Көмекей  əулие»  деседі  екен. 
Қара сөз білмейді, сөйлесе тек көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен» [4], — деп сипаттаған. 
Бұқар  жырау  кезінде  тым  ерте  көтеріліп,  Тəуке  хан  тұсында-ақ  хан  төңірегіндегі  ықпалды 
билердің бірі болған. Ел аузындағы əңгімелерге қарағанда, Тəуке ханның сүйікті ұлы өліпті. Хан аза 
тұтып, бас көтермей, ас ішпей жатып алыпты. 
Ұлы  жүзден  Үйсін  Төле  би,  Орта  жүзден  Қаз  дауысты  Қазыбек  би,  Кіші  жүзден  Қаражігіт  би 
барып көңіл айтқан екен, Əз Тəуке жұбанбапты, қайғысы басылмапты. Сонда қаралы ханның көңілін 
делбеп, басын сүйеп ас ішкізуші Бұқар жырау болады. Бұқардың осы ретте айтылған жыры сақталған 
[3; 72]: 
Ханымыз отыр аһ ұрып, 
Халқымыз отыр бас ұрып. 
Сабаны əкел ордаға, 
Құранды оқыт молдаға. 
Ханның сөзі түзік деп, 
Орынсыз əмір жолдама. 
Бұрынғы өткен бəрі өлді, 
Қарсы болма Аллаға. 
Төле, Қазыбек кісіміз, 
Жақсы-жаман кішіміз, 
Бұл сөзіме түсіңіз, 

86 
Дəміңізді ішіңіз, 
Риза болсаң құдайға 
Түзелер сонда ісіңіз. 
Осы сөздердің өзінен-ақ Бұқардың Тəуке алдында өтімді, беделді адам болғандығы аңғарылады. 
Сөз  өнерінің  ерен  жүйрігі  атанған  Бұқар  ханның  ел  басқару  ісіне  белсене  араласады.  Ол  туралы 
Үмбетей жырау былай дейді: 
Бұлбұл құстай сайрадың, 
Тоты көрсең жайнадың. 
Көріктей басқан күпілдеп, 
Көмекейің бүлкілдеп, 
Сөйлер сөзден таймадың. 
Тəукенің болып жаршысы, 
Халқыңның болып заршысы, 
Белді бекем байладың. 
Елді Тəуке басқарған кезде Қазақ хандығының орталығы Түркістан болды. Бүкіл қазақ ұлыстары 
бір орталыққа — ханға бағынды. Бұл мемлекет бірлігін нығайта түсуге жəрдемдесті. Бүкіл түркі текті 
халықтар  (қазақтар,  өзбектер,  қырғыздар,  қарақалпақтар)  бірлесіп,  жоңғар-ойрат  басқыншыларына 
қарсы шықты. 
Тəуке  ханның  тұсында  Бұқар  белді  жырау  жəне  би  ретінде  өзінен  жасы  үлкен  Қаз  дауысты 
Қазыбек,  Төле  жəне  Əйтеке  билер  сияқты  саңлақтармен  жолығысады.  Олармен  бірге  қазақтың 
тұңғыш  құқықтық  мөлшерінің  жиынтығы  болып  саналатын  немесе  орыс  тарихында  «Тəуке  хан 
заңдары» («Жеті  жарғы»)  деп  аталатын  еңбекті  жасауға  қатысады.  Қожаберген  жыраудың  «Жеті 
жарғы» атты көлемді дастанында былай деген жолдар бар: 
Шығайдан соң орнына Тəуке қалды, 
Кезінде Əз-Тəуке деп атақ алды. 
Қазыбек, Төле, Əйтеке ақылшы боп, 
Дейтұғын «Жеті жарғы» заң шығарды. 
Бұл даланың философияға толы, еленіп-екшеленіп халықтың сүзгісінен өткен ереже-қағидалар, 
дəстүр-қағидалар,  дəстүр-ғұрыптар  жиынтығы,  осы  заңның  үзінділері  Р.Спасскийдің  жəне 
А.Левшиннің жазбалары арқылы бізге жетті. 
Тəуке хан 1718 жылы қайтыс болады. Бұл мəлімет Бұқардың XVIII ғасырдың бас кезінің өзінде-
ақ біраз жасқа келіп қалған, қазақ хандарының сарайында атақты билердің бірі болған жан екендігін 
көрсетеді. 
Бұқардың Тəукеден соңғы əміршілермен тіл табыса алмауы 
Бұқар заманының билері мен жыраулары малымен емес, сөзімен кісілікті жандар екенін көрсете 
білген. Олардың көбі кедей болған. Бұқар жырау да мал жиюды кəсіп етпеген көрінеді. 
Өкінішке  орай,  Бұқардың  Тəукеден  соңғы  əміршілермен  тіл  табыса  алмағаны  аңғарылады. 
Жырау  кедейшілікке  ұрынады.  Тұңғыш  биографы  Мəшһүр  Жүсіптің  айтуына  қарағанда  жəне  өз 
шығармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың, тіпті, сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмайды. 
Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде күн кешеді [5]. 
Бірде  Бұқар  өзіне  ағайын  бір  байдан  мінуге  ат  сұрапты.  Бай  бергісі  келмей  бірталай  уақыт 
алдаусыратып  жүріпті  де,  ақыры  бір  күні  Бұқардың  қолына  екі  қарыс  бөз  қыстырып,  құтылмақ 
болыпты. Сонда Бұқардың айтқаны [3; 71]: 
Бұқарекең, біз келдік, 
Ақан, Төбек байларға, 
Бесті берсең семіз бер, 
Жаздай мінер жайлауға. 
Бермеймін деп атама, 
Асауыңды матама. 
Шылбырынан бір тартсам, 
Шамырқанып шамданып, 
Шалқасынан жата ма? 
Алпыстағы Бұқардың 
Сілесі құрып қата ма? 
Құлдарың мен күңдерің 

87 
Мерекеге бата ма? 
Келіп едім өзіңе, 
Түнеугі айтқан сөзіңе. 
Тіпті разы болмаймын, 
Керегенің басындағы 
Екі қарыс бөзіңе. 
Бермей қалсаң осы жол, 
Жолықпан деп ойлама, 
Жортуылшының тезіне!. 
Əз Тəукенің өлімінен кейін қазақ елі үш жүзге бөлініп, ұсақ  хандықтарға айнала  бастайды. Ал 
«Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұламаның»  ауыр  азабынан  кейін  қазақ  қауымы  тіпті  қиын  халге 
ұшырайды. Бұл — атадан ұл, анадан қыз айырылып, исі қазақ күйзелген қилы заман еді. Осы кезде ел 
билігіне  Абылай  келеді.  Абылай  сұлтан  таққа  отырысымен,  Бұқардың  да  жұлдызы  жанады.  Жырау 
қайтадан Ақ ордаға енеді. Одан ол өлгенінше шықпайды. 
Абылай хан мен Бұқар жырау 
Замандастарының  айтуынша,  Абылай  қатаң  мінезді,  шапшаң,  əрі  аямай  жаза  кесетін  адам 
болған.  Ханның  бас  идеологы  болған  Бұқар  үш  жүзді  басқару  ісінде  жəне  түрлі  дау-шарды  шешу 
кезінде Абылайға елеулі ықпал жасап, көмек беріп отырды. 
Абылайдың  өмірі  мен  қызметі  жөнінде  жүргізілген  зерттеу  бұл  тұлғаның  көшпенділер 
қоғамының  тарихында  зор  рөл  атқарғанын  көрсетеді.  Ол 1771 жылы  Түркістанда  «Үш  алашқа  хан 
көтеріледі». Өз мақсатын орындау жолында Абылай бірталай табысқа жетті. Ол Қазақ хандығының 
халықаралық беделін нығайтып, барлық көршілес жұрттармен жəне мемлекеттермен дипломатиялық, 
сауда  қатынастарын  қолдап  отырды.  Арғы  тегінен  көшпенді  бола  тұрса  да  ол  озық  желкіністерді 
жатырқамай,  үйлер  салады,  егіншілікпен  айналысады,  ойрат  жəне  қытай  тілдерін  үйренеді.  Абылай 
билік  құрған  жылдарда  феодалдық  алауыздық  тыйылып,  елдің  экономикалық  жағдайы  оңала 
бастады.  Қазақ  халқының  материалдық  əл-ауқаты  көтеріле  түсті.  Жоңғар  басқыншылары  біржола 
талқандалды. Орта Азия хандықтарымен соғыстар сəтті аяқталды. Түркістан, Шымкент, Сайрам жəне 
тағы  басқа  қалалар  қайтадан  қазақтардың  қолына  өтті.  Сондықтан  Бұқар  жырау  өзінің 
шығармаларында  Абылайды  жат  елдіктерге  қарсы  күресте  асқан  ерлік  көрсеткен  батыр,  халық 
игілігіне қамқоршы, кемеңгер көсем ретінде бейнелейді [3; 33–34]: 
Хан Абылай атандың, 
Дүниеден шықпай мініңіз. 
Алтын тақтың үстінде, 
Үш жүздің басын құрадың. 
Жетім менен жесірге 
Ешбір жаман қылмадың. 
Əділетпен жүрдіңіз, 
Əдепті іске кірдіңіз. 
Арманың бар ма, хан ием, 
Мəртебелі төбеге 
Жауыңды алып жайладың. 
Ғұлама жырау өзінің бір толғауында Абылай тұлғасын көл-көсір салыстыру, асқақ сипаттамалар 
арқылы шалқыта жырлайды [6; 53–54]: 
Əй, Абылай, сен он бір жасыңда 
Əшейін-ақ ұл едің. 
Он бес жасқа келгенде 
Арқада Əбілмəмбет төренің 
Түйесін баққан құл едің. 
Жиырма жасқа келгенде 
Абылай атың жоқ еді, 
«Сабалақ» атпен жүр едің. 
Оны да көрген жерім бар: 
Жаныс Қарабайдың қолында 
Түнде туған ұл едің. 
Жиырма беске келгенде 

88 
Бақыт қонды басыңа. 
Тақыт берді астыңа, 
Отыз жасқа келгенде 
Кең дүниеге кенелдің. 
Отыз беске келгенде 
Қара судың бетінде 
Соқтығып аққан сең едің. 
Қырық жасқа келгенде 
Алтынды тонның жеңі едің. 
Қырық беске келгенде 
Жақсы-жаман демедің. 
Елу жасқа келгенде 
Үш жүздің баласының 
Атының басын бір кезеңге тіредің. 
Ақынның  басты арманы — үш  жүздің басы қосылып, бір орталыққа бағынған күшті  мемлекет 
болуы. Осы өзінің арманын жүзеге асырушы Абылай деп есептеп, оны іс жүзінде де, сөз жүзінде де 
мейлінше  қолдайды.  Абылайға  байланысты  бір  топ  шығармаларында  қазақ  халқының  шын 
қамқоршысы,  шын  жетекшісінің  идеалдық  бейнесін  береді.  Абылай  ханның  өліміне  байланысты 
жыраудың мынадай тамаша бес жол өлеңі бар [3; 37]: 
Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, 
ханым-ай, 
Қайрусыз жылқы бақтырған, 
ханым-ай! 
Қалыңсыз қатын құштырған, 
ханым-ай! 
Үш жүзден үш кісіні 
құрбан қылсам, 
Сонда да қалар ма екен 
қайран жаның-ай!. 
Осындай  жалынышты  сөзіне  Бұқар  өз  ойына  ұялаған  Абылайдың  барлық  шарапаттарын 
сыйғызғандай.  Бұқар  жырау  Абылай  ханның  балалық  шағындағы  ауыр  күндерін,  қиын  халін  айта 
отырып, оның барлық атақпен даңққа халықтың қолдауымен жəне жеке басының қасиеті арқасында 
жеткенін, оның беделі елге сіңірген еңбегінің нəтижесі екенін былайша көрсетеді [6; 53]: 
Хан Абылай атанып, 
Жайнап шықтың жасыңнан. 
Мейман асың толғанда, 
Уақытыңыз болғанда 
Қарашың қашар қасыңнан, 
Ханның жақсы болмағы – 
Қарашының елдігі. 
Қарашы халқы сыйласа, 
Алтыннан болар белдігі. 
Жақсы əйел ұл туса, 
Патшадан болмас кемдігі. 
Айтсам сөзім таусылмас, 
Өзің ұқ артын ендігі. 
Жыраудың  ұғымында  Абылай  қазақ  халқының  басына  сұрапыл  қасірет  төнген  кезде  ел 
еңсесін көтеруге, алаш мемлекеттігін сақтауға жəне күшейтуге туған қайраткер. 
Халық  пен  хан  арасында  дəнекер  болған  Бұқар  жырау  ханды  басшы  деп, «басшысыз  халық 
азады,  халықсыз  хан  тозады»  дегенді  мықтап  ескерген.  Ол  ханға  да,  халыққа  да  осы  пікірін  айтып 
өткен. 1745 жылы  қалмақтың  ханы  Қалдан  Серен  өлгеннен  кейін  оның  елінің  бірлігі  болмай 
қалғандықтан,  олардың  азып-тозып  құрып  кеткенін  көрген  қарт  жырау  өз  халқын  осыдан  ғибрат 
алуға  шақырды.  Бірлігін  жоғалтып,  мемлекеттігінен  айрылған  қалмақ  елінің  сиқын  ол  былайша 
көрсетеді [3; 23]: 
Кеше қара қалмақ бүлінді, 
Бүлінгеннің белгісі: 

89 
Бұрқан-тарқан болысты, 
Уағыдадан азысты, 
Буыршындай тіздесті, 
Жамандықты іздесті, 
Бірін бірі күндесті, 
Жаулаған ханын қара оңбас, 
Хан қисайса бəрі оңбас, 
Ханын қалмақ жаулаған, 
Сөйткен қалмақ оңбаған. 
Сол қалмақтың жұртынан 
Үш Қарқара, Көктөбе 
Иттей ұлып қалмаған, — 
деп мемлекеттің күші халықтың бірлігінде екенін өз халқының көзіне елестетті [7; 44]. 
Халық  бақыты  мен  ел  болашағы  ақылды, «жақсы  хандарға»  байланысты  деп  санаған  Бұқар 
жырау Абылайға үлкен сенім артып, оның ел басқару саясатына зор үмітпен қараған. Алайда жырау 
ханды оңды-солды мадақтап, оған бас ие бермеген. Кеңесін тыңдамаса өткір тілмен шенеп, дегеніне 
көндіріп отырған. Халық мүддесіне кереғар келетін іс-əрекет жасаған  жағдайларда  Абылайды өткір 
сынға алып отырған. 
Бірде  Абылай  ашуланып  көрші  отырған  орыс  мемлекетімен  соғыспақ  болғанда,  Бұқар  бұған 
қарсы шығып, бұқара мүддесін қорғап қалады. Жырау бұл тұста ашулы ханға зілді айбатпен халық 
атынан қыр көрсете толғайды [3; 21]: 
Ашуланба, Абылай, 
Ашулансаң, Абылай, 
Көтерермін, көнермін, 
Көтеріп қазға салармын. 
Өкпеңменен қабынба, 
Өтіңменен жарылма, 
Орыспенен соғысып, 
Басына мұнша көтерген 
Жұртыңа жаулық сағынба. 
Күнінде мендей жырлайтын, 
Тоқсан үште қария 
Енді саған табылмас!, — 
деп қазақ-орыс қарым-қатынасына жаңа бағыт сілтейді. Аса ойшыл Бұқар жырау қай елмен болса да 
бейбіт сүру жолын таңдайды. 
Абылай  хан  мен  Бұқар  жыраудың  мақсат-мүддесі,  арман-мұраты,  ізгі  тілегі  тек  бір  ғана  ел-
жұртының игілігі, болашақтың қамы еді. 
Бұқар жыраудың қазақ елінің батырлары туралы терең толғануы 
Бұқар  өмір  сүрген  дəуірдің  ұлы  оқиғасы — жоңғар  қалмақтарының  өктемдігі,  олардың  қазақ 
жеріне  баса  көктеп  енуі.  Қалмаққа  қарсы  ұрыс  басталған  шақтан  аяғына  дейін  бар  ауыртпалықты 
Бұқар  елімен  бірге  кешкен.  Ол  əсіресе  өзі  туған  өлкесін  азат  ету  күресіне  тікелей  араласып, 
қолбасшылармен бірге, ақылшы, үгітші боп белсенділік көрсеткен. 
Қазақ  тарихында  «ақтабан  шұбырынды»  ұғымын  қалыптастырған  жоңғар  шапқыншылығы 
кезеңінде  елі мен  жерін  жаудан қорғау  үшін бес  қаруын асынып, атқа  мінген  əрбір  сарбаз  ер деген 
атқа  лайық.  Болашақ  үшін  өмірінің  жартысынан  астамын  ат  үстінде  өткізген  сол  ерлердің  есімдері 
кейінгі  ұрпақтың  мақтанышына  айналды.  Жоңғарларға  қарсы  Отан  соғысы  тұсында  Найман 
тайпасының біршама тұлғалары көзге түсіп, халықтың жадында сақталып қалды. Солардың бірі жəне 
бірегейі  Қаракерей  Қабанбай  батыр  десе,  ешкім  дау  айта  қоймас.  Қабанбай  қолына  найза  ұстаған 
батыр ғана емес, ол аса ірі қолбасшы жəне мемлекет қайраткері [8]. 
Қабанбай  батырдың  тұлғасы  сипатталатын  бір  дерек  көздері — батыр  замандастырының 
шығармалары.  Олардың  ішінде  Бұқар  жыраудың  туындылары  ерекше  орын  алады.  Мысалы, 
жыраудың  мына  бір  тамаша  жыр  жолдарында [6; 50] Қаракерей  Қабанбай  бастаған  батырлардың 
рухы былайша сипатталады: 
Қалданменен ұрысып, 
Жеті күндей сүрісіп, 

90 
Сондағы жолдас адамдар: 
Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай, 
Шақшақұлы Жəнібек, 
Сіргелі қара Тілеуке, 
Қарақалпақ Қылышбек, 
Тігеден шыққан Сатай, Бөлек, 
Шапырашты Наурызбай, 
Қаумен Дəулет қасыңда, 
Бақ-дəулеті басында. 
Сеңгібай мен Шойбек бар, 
Таңсық қожа, Мəмбет бар, 
Қасқарауұлы Молдабай, 
Қатардан жақсы қалдырмай, 
Айнақұл Бəти ішінде, 
Өңкей батыр жиылып, 
Абылай салды жарлықты. 
Ұлт  болашағы  мен  ұрпақ  үшін  өмірін  ат  үстінде  өткізген  жəне  ешбір  айқаста  сағы  сынбаған 
батыр 78 жасында  қайтыс  болған.  Қабанбай  ауырып,  қалы  нашарлап  жатқан  тұста,  қалын  сұрай 
келген Бұқар жырау төмендегіше толғаған екен [3; 72,73]: 
Айналайын, Қабанбай, 
Кіретін жауға тайсалмай, 
Жау келгенде жарағым. 
Асқынып елге дау келсе, 
Түрулі еді құлағың. 
Баса көктеп жау келсе, 
Басындырмас пырағым. 
Мың жылқыны суарған, 
Төскейдегі бұлағым. 
Бүгін түсте естідім, 
«Қабанбай ауру» дегенде, 
Құлазып көңілім қобалжып, 
Жетімсіреп жыладым. 
Арғыннан айттым жүз кісі, 
Найманнан айттым жүз кісі, 
Үйсіннен айттым жүз кісі, 
Үш жүз кісі болар ма? 
Айналайын, Қабанбай, 
Құрбаныңа атағам, 
Қара мойын бір лағың. 
Бұл дүниенің қарты едің, 
Əулиенің арты едің, 
Батырлардың мəрті едің, 
Айналайын, Қабанбай, 
Қайда болар тұрағың? 
Бұқар  жыраудың  сөзінің  соңында  айтылғандай,  Қабанбай  батырдың  қайда  жерленгені  жөнінде 
кезінде  көптеген  пікірлер  айтылды.  Кейінгі  жылдары  батырдың  Есіл  мен  Нұра  өңірінде,  яғни  Арқа 
жерінде, жерленгендігі анықталып, басына күмбез орнатылды. 
Қазақ  тарихында  Қанжығалы  руынан  шыққан  Бөгенбай  батырдың  орны  ерекше  бөлек. 
Сондықтан  Бұқар  жырау  өзінің  жырларында  Бөгенбайға  ерекше  баға  беріп,  оның  алып  тұлғасын 
бейнелеп, кейінгі ұрпаққа  үлгі ете  білген. Жыраудың Бөгенбай батырдың  өлімін  естіртуге  арналған 
əйгілі толғауында [6; 44,45] мынадай жолдар бар: 
Қазақтың ханы Абылай, 
Абылай ханым, бұл қалай? 
Ақиықты аспанға 
Ұшпастай ғып торлады. 

91 
Құлағанға ұқсайды 
Қазақтың қамал қорғаны. 
Қайғырмаңыз, ханзадам, 
Айтпасыма болмады, 
Батырың өтті Бөгенбай! 
 
Қиядан қиқу төгілсе, 
Аттың басын тартпаған, 
Қисапсыз қол көрінсе, 
Қорқып жаудан қайтпаған, 
Қазақ деген халқынан, 
Батыр шыққан даңқынан, 
Қарсыласқан асылдар 
Қорғасындай балқыған, 
Батырың өтті Бөгенбай! 
…………………………. 
…………………………. 
…………………………. 
Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай, 
Қаз дауысты Қазыбек, 
Шақшақұлы Жəнібек – 
Ормандай көп Орта жүз, 
Содан шыққан төрт тірек, 
Тұғыр болған сол еді 
Сіздей төре сұңқарға. 
Бəйгелі жерде бақ болған 
Сіздей жүйрік тұлпарға. 
Қайғырмаңыз, ханзадам. 
Келмей тұр аузым айтарға, 
Батырың өтті Бөгенбай! 
 
Өкпе қылған ел үшін, 
Жауда кеткен кек үшін. 
Қазақтың абырой-арына, 
Сарып қылған бар күшін. 
Қайыры болсын халқыңа. 
Сабыр қыл, ойла келмесін. 
Қарияң келіп жылап тұр 
Еңбегі сіңген ер үшін, 
Батырың өтті Бөгенбай!. 
Көріп  отырғанымыздай,  Бұқар  жырау  Бөгенбайды  Орта  жүздің  төрт  тірегінің  бірі  ретінде 
сипаттайды.  Ал  тоқсаннан  асқан  жыраудың  қатты  толғаныспен  Абылай  ханға  Бөгенбай  өлімін 
естіртуі: 
Құлағанға ұқсайды, 
Қазақтың қамал қорғаны, — 
деп егілгені кейінгі ұрпаққа өсиет етіп айтып кеткен бағасы екені мəлім. 
Қалмақтарға қарсы соғыста Сүйіндік елінен шыққан Олжабай батыр (1696–1792) еңбегі ерекше 
аталады.  Ол  жас  кезінде-ақ  қол  бастап,  батыр  атанады.  Кезінде  Олжабай  негізгі  күш  болған  ауыр 
қолды бастап шыққан қолбасы болады. Сондықтан оған Бұқар жырау салмағын сала түседі. Ашуды 
ақылға  жеңдіруді,  жеңіске,  қайратқа  мас  болмай,  сабырмен  іс  қылуға  үндейді.  Оған  үлкен  сенім 
артады. Ел тағдырына орда тағдырын қоса жүктейді [9; 352]: 
Қанды жорық Олжабай, 
Болат тіреу ордам-ай... 
Қолды баста, тез аттан. 
Ту көтеріп үш жақтап. 

92 
Ер кіндігін шабақта, 
Нөсер төгіп садақтан. 
Болат қару тарланым, 
Арыстандай арланым, 
Сен тіріде құламас, 
Сары ала туы орданың. 
Қалмаққа  қарсы  күресте  Малайсары  мен  Жасыбай  батырлар  ерекше  еңбектерімен  даңққа 
бөленеді. Малайсары (Бəсентиін руынан) əрі би, əрі батыр саналады. Жасыбай (Төртуыл Сүйіндіктің 
Айдаболынан шыққан батыр) жау мергенінің жапсардан жасырынып тұрып атқан оғынан Шойынды 
көлді  азат  ету  ұрысында,  қапыда  қаза  тапқан.  Оның  өлімі  соншалық  азалы,  қайғылы  болған.  Бұл 
қазаны  Бұқар,  Көтеш  ақындар  жоқтау  шығарып  жыр  еткен.  Шойынды  көлді  батырдың  атын  мəңгі 
есте сақтау мақсатымен Жасыбай көлі деп атауға ұйғарады [бұл көл Баянауылда орналасқан]. 
Жаяу  Мұса  Байжановтың (1885–1929) Бұқар  жыраудың  қалмаққа  қарсы  күресте  аты  шыққан 
Жасыбай батырдың ерліктерін толғап келгенін ескертіп, Бұқар сөзі деп бір жыр қалдырғаны мəлім. 
160 жолдық бұл жырда Бұқар жырау батыр қазасы туралы былай деп толғайды [9; 346]: 
Кешегі өткен Жасыбай. 
Көкше шақпақ тасындай. 
Сууы қатты сом болат. 
Өмірі өтті жасымай, 
Дем таусылып, дəм бітсе, 
Аялына қарай ма? 
Əзелде жазу осылай. 
Тыңда мені Абылай! 
Тақта отырып арымай, 
Болар істің қамын қыл, 
Жадырап шілде жазындай... — 
деп, Абылайға қарата сөз тастайды. 
Х.Сүйіншəлиев  «Қазақ  əдебиетінің  тарихы»  дейтін  кітабында  Жаяу  Мұса  Байжановтың  Бұқар 
сөзі  деп  қалдырған  жырын  келтіреді.  Осы  жырда  қалмаққа  қарсы  күресте  ерлік  жасаған  Жасыбай 
батырдың  қазасында  Бұқар жырау халықты  жаудан өш  алуға, ерлікпен  күресіп, жауға  кеткен  жерді 
қайтаруға,  қорлыққа  көнбей,  азаттық  үшін  табан  тіреп  шайқасуға  шақырып,  жалынды  сөздерімен 
рухтандырады [10]: 
Тыңда мені, ерлерім, 
Жау аса алмас белдерім, 
Ердің қанын қанмен жу, 
Сендер едің сенгенім. 
Жолдарың болар жорықта, 
Тыю болар зорлыққа, 
Өзі тиген өкінбес, 
Күш жұмсасаң қорлыққа. 
Ордалы байтақ елім бар, 
Бал өзені тулаған. 
Мал кіндігі жерім бар, 
Соны қорғап бағыңдар, 
Жауға қарсы барыңдар! 
Кеткен жерді қайырып, 
Ежен ханнан алыңдар! 
Дағыра дабыл ұрыңдар, 
Қамданыңдар, тұрыңдар! 
Бет күйдірген айбатпен, 
Тас үгіткен қайратпен 
Жау əскерін қырыңдар!. 
Намысты  жанитын  не  деген  отты  сөздер!  Бет  күйдірер  айбат,  тас  үгітер  қайрат  сендерде! 
Жұмыла  тізе  қосып  күш  жұмсасаңдар,  сендер  алмайтын  қамал  жоқ.  Отан  қорғау — əділетті  іс, 
сондықтан  жорықта  жолдарың  болады  деп,  қарт  жырау  жауынгерлерге  үміт  отын  жағып,  рухын 
жігерлендіреді. Көпке қарата айтылған шешендік сөздің құдіреті де осында шығар! 

93 
Бұқар жыраудың қазақ əдебиетінің қалыптасуына қосқан үлесі 
Бұқар  жыраудың  қазақ  əдебиетінің  қалыптасу  жолында  сіңірген  еңбегі,  қосқан  үлесі  өте  зор. 
Бұқар сөз өнерінің қиындығын да құрметтілігін де толық білген жырау: 
Ел бастау қиын емес — 
Қонатын жерден көл 
табылады: 
Қол бастау қиын емес — 
Шабатын жерден ел 
табылады. 
Шаршы топта сөз бастаудан 
Қиынды көргенім жоқ, — 
дейді ақын [11]. 
Бұдан  үш  ғасырдай  бұрын  тілек  түрінде  айтылған  ой  толғамдары,  парасат  пікірлері,  өсиет 
сөздері  бүгінгі  күннің  оқырмандарына  арналғандай.  Он  бір  тілектен  тұратын  осы  бір  толғаудың  əр 
тілегі  ақыл-парасаттың  қайнар  көзі  іспеттес.  Ақын  екінші  тілегінде  адамзат  баласын  өсек  сөзге 
ермеуге шақырады. Төртінші тілегінде «əуелгі байлық — денсаулық» дегендегіні аңғартса, алтыншы 
тілекте  босаға  беріктігін,  жанұя  татулығын  тілейді.  Сегізінші  тілегінде  қарт  жырау  Жер-Ана  да, 
табиғат  та  өлшеусіз,  шетсіз,  шексіз  бір  нəрсе  емес,  ол  да  болмыс,  жаратылыс  деп  аңғартады. 
Сондықтанда жер бесігімізді аздырып, тоздырып алмайық, оған да аялы алақан, жомарт жанашырлық 
керек  деп  ескереді.  Тоғызыншы,  оныншы  тілектер  адам  бойындағы  имандылық,  мейірімділік, 
сыйластық,  қайырымдылық  сияқты  асыл  қасиеттерді  аялай  білуге  жөн  сілтейді,  тəлімдік,  тəрбиелік 
түйін-толғаулар [3; 7,8]. 
Жыраудың  тілейтіні:  қазақ  елінің  тұтастығы,  бірлік  ынтымағы.  Ал  сынайтыны:  ру  арасындағы 
алауыздық,  бір-біріне  жала  жабушылық,  бітімсіздік.  Осыған  орай  ол  қазақ  руларының  мал-жан 
немесе қоныс-қыстау үшін бос қырқыспауын насихаттайды [6, 33]: 
Өлетұғын тай үшін, 
Қалатұғын сай үшін 
Қылмаңдар жанжал-ерегес. 
Мұны Бұқардың бізге қалдырған өсиеті деп түсінуге болады. 
Бұқар — Алла жолын тұтқан абыз адам. Қарт жыраудан бізге жеткен өлең-толғаулардың ішінде 
Алланы, Құранды, Пайғамбарды жəне басқа діни түсініктерді молырақ сөз ететін екі шығармасы бар. 
Соның бірінде [3; 11]: 
Құдайыңа құл болсаң, 
Шын жаратқан ұл болсаң, 
Құдай тағалам өзі берер 
Нəсіпті,— 
дейді ұлы жырау. 
Ақын ислам дініне берік болуды уағыздайды [3; 9,10]: 
Ей айташы, Алланы айт, 
Аты жақсы Құдайды айт. 
Төрт шарияр Мұстафа 
Мұсқап ашқан ғаламды айт. 
............................................... 
Құдіретімен жаратқан 
Он сегіз мың ғаламды айт. 
Ақтан сия танытқан 
Дəуіт пенен қаламды айт. 
Сөйлеу үшін жаратқан 
Сөз анасы сəлемді айт. 
Тірілікте сыйласқан 
Ата менен анаңды айт. 
Адам үшін жаратқан 
Қызықты нəубет балаңды айт. 
Бұқар  жыраудың  насихат  өлеңдерінде  адамның  мінез-құлқына,  іс-тірлігіне  байланысты  жайттар 
қазбалап  айтылады.  Оның  шығармаларында  жаманнан  бездіріп,  жақсыға  жеткізу,  ұнамды  қасиет-
қылықтарды өнеге ету, үгіттеу басым. Өсиет жырларында иландыру ниеті көп байқалады [6; 27,28]: 

94 
Екі жақсы бас қосса, 
Санат емей немене? 
Қамшылатып жүгірген, 
Шабан емей немене? 
Айтқаныңды білмесе, 
Жаман емей немене? 
Сұрағанда бермеген, 
Сараң емей немене? 
Кісі ақысын көп жеген 
Арам емей немене? 
Ішке бүккен қулығы, 
Амал емей немене? 
Сусағанда ішкен су 
Шекер емей немене? 
Еңбексізге біткен мал 
Бекер емей немене? 
Осы  жолдардан  жыраудың  əрбір  жаман  немесе  жақсы  іске  көпті  көрген  бастың  тəжірибесінен 
мысал  келтіріп,  өнеге  аларлықтай  түрде,  көңілін  қандырып,  көзін  жеткізерліктей  түрде  айтуы 
сүйсіндіреді. 
Бұқар  жырау  өлеңдерін  одан  əрі  ой  жүгіртіп  оқысақ,  одан  халықтың  өрнекті  сөздерін,  мақал-
мəтелдерін  шебер  пайдалана  отырып,  оларға  жаңа  бояу,  тың  мазмұн  беруге  ұмтылғанын  аңғара 
аламыз [6; 32]: 
Арту, арту бел келсе, 
Атан тартар бүгіліп. 
Алыстан қара көрінсе, 
Арғымақ шабар тігіліп. 
Ел шетіне жау келсе, 
Ерлер шығар түрініп. 
Ел ішіне дау келсе, 
Азулы сөйлер жүгініп. 
Ақынның мынадай өлеңдерін «Байды құдай атарда», «Адамның оңбағаны», «Сөзің ұзын болсын 
десең», «Жал-құйрығы  қаба  деп...»  шешен  сөздің,  өткір  афоризмнің  үлгісі  деуге  болады.  Мысалы, 
жыраудың мына бір тамаша өлеңін оқығанды ерекше əсер аласыз [6; 41,42]: 
Жал-құйрығы қаба деп, 
Жабыдан айғыр салмаңыз. 
Қалың малы арзан деп, 
Жаман қатын алмаңыз. 
Жабыдан айғыр салсаңыз, 
Жауға мінер ат тумас. 
Жаман қатын алсаңыз, 
Топқа кірер ұл тумас. 
Жаман қатын алғаның – 
Төркініне бере алмай, 
Төсегіне жата алмай, 
Тең құрбысы келгенде 
Оңды жауап қата алмай, 
Жалғанда қор болғаның. 
Таудан аққан тас бұлақ 
Тасыса құяр теңізге. 
Қанша малы көп болса, 
Бай қуанар егізге. 
Бұқар жырау өзінің шығармаларында халықтың еңсесін көтеріп, елге-ерге дем беріп, «Маң-маң 
басып  жүріңіз,  байсалды  үйге  түсіңіз»  деп  тынымсыз  жаугершіліктен  қажи  бастаған  елге  қуатты 
сөздерімен қайрат беріп отырады. Қанатымен су сепкен қарлығаштай халықты рухани жүдеушіліктен 
сақтап,  бейбітшіліктің  мазмұнды  тіршілігін  жыр  етеді.  Оны  мына  өлең [6; 39] шумағынан  көруге 
болады: 

95 
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек, 
Бұл үйректей болыңыз. 
Судан суға шүйгумен, 
Көлден көлге қоныңыз. 
Байлар ұғлы шоралар 
Бас қосыпты десін де, 
Маң-маң басып жүріңіз, 
Байсалды үйге түсіңіз. 
Айнала алмай ат өлсін, 
Айыра алмай жат өлсін. 
Жат бойынан түңілсін, 
Бəріңіз бір енеден туғандай болыңыз. 
Бала  шағымыздан  Бұқар  жыраудың  ғарыш  заманындағы  ақын  қаламына  оңайлықпен  орала 
бермес «Ай нұрын ұстап мінсе де» [3; 39,40] сынды ғажайып бейнелі айшығы бар өлеңіне тəнтіміз. 
Жыраудың ақындық қуатын танытатын мына төмендегі жолдар еуропалық лирикалық озық үлгілері 
деңгейінде деп толық айтуға болады: 
Əлемді түгел көрсе де, 
Алтын үйге кірсе де, 
Аспанда жұлдыз аралап, 
Ай нұрын ұстап мінсе де, 
Қызыққа тоймас адамзат! 
Əлемді түгел білсе де, 
Қызығын қолмен бөлсе де, 
Қызықты күні қырындап, 
Қисынсыз күйге түссе де, 
Өмірге тоймас адамзат! 
Жақындап ажал тұрса да, 
Жаныңа қылыш ұрса да, 
Қалжырап, көңіл қарайып, 
Қарауытып көзі тұрса да, 
Үмітін қоймас адамзат! 
Иə, əлемдік асыл сөз үлгісі осындай-ақ болатын шығар! 
Бұқар  адамның  рухани  байлығын  мейлінше  жоғары  бағалады.  Адамның  ақыл-ойына  дүниедегі 
байлық та, билік те тең келе алмайды дейді жырау. Бұған оның [6, 42,43]: 
Асқар таудың өлгені – 
Басын мұнар шалғаны. 
Көктегі бұлттың өлгені – 
Аса алмай таудан қалғаны. 
Ай мен күннің өлгені – 
Еңкейіп барып батқаны. 
Айдын шалқар өлгені – 
Мұз болып тастай қатқаны. 
Қара жердің өлгені – 
Қар астында жатқаны. 
Өлмегенде не өлмейді? 
Жақсының аты өлмейді, 
Ғалымның хаты өлмейді, — 
деуі дəлел. 
Бұқар  жырлары — халық  тіршілігінің  жорға  бесігі.  Олар — зарыққанды  жебеген,  тарыққанды 
демеген өмір арнасы [6; 21,22]: 
Айналасын жер тұтқан 
Айды батпас демеңіз. 
Айнала ішсе таусылмас 
Көл суалмас демеңіз. 
Құрсағы құшақ байлардан 
Дəулет таймас демеңіз. 

96 
Жарлыны жарлы демеңіз: 
Жарлы байға тең келіп, 
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз. 
Жалғызды жалғыз демеңіз: 
Жалғыз көпке теңеліп, 
Бір жаһанда соғысып, 
Кегін алмас демеңіз. 
Құландар ойнар қу тақыр 
Қурай бітпес демеңіз. 
Қурай бітпес құба жон 
Құлан жортпас демеңіз. 
Құрсағы жуан боз бие 
Құлын салмас демеңіз. 
Қулық туған құлаша 
Құрсақтанбас демеңіз. 
Қу таяқты кедейге 
Дəулет бітпес демеңіз. 
 
Бұқар  жыраудың  данышпандығын  көрсететін,  оның  қоғамдық,  саяси-əлеуметтік  жағдайларға 
биік тұрғыдан қарап, көзін қырандай алысқа жіберіп, өз дəуірін ғана емес, болашақты да кең шолып 
толғай, болжай білгендігіне мына төмендегі жыр шумақтары дəлел болады [12]: 
 
Күн батыста бір дұшпан, 
Ақыры шығар сол тұстан. 
Күн шығысқа қарайды, 
Шашын алмай тарайды. 
Құдайды білмес — діні жоқ, 
Жамандықта міні жоқ. 
Сол сықылды бір кəпір, 
Ауызы-басы жүн кəпір. 
Жаяулап келер жұртыңа, 
Жағалы шекпен кигізіп. 
Балды май жағар ұртыңа, 
Жемқорларға жем беріп. 
Азды көпке теңгеріп, 
Ел қамын айтқан жақсыны, 
Сөйлетпей ұрар ұртына. 
Бауыздамай ішер қаныңды, 
Өлтірмей алар жаныңды, 
Қағазға жазар малыңды. 
Есепке салар барыңды, 
Еліңді алар қолыңнан. 
Əскер қылар ұлыңнан. 
Тексізді төрге шығарма, 
Басыңа ол күн туғанда 
Теңдік тимес құлыңнан, 
Бұл айтқан сөз Абылай, 
Болмай қалмас артыңнан 
Есті мұны қартыңнан. 
Япыр-ай,  бұдан  артық  толғау,  осыдан  асыра  болашақты  болжау  мүмкін  бе?!  Қалай  бəрін  дəл 
айтқан, орынды да байсалды, өзегін өртей отырып өткір жырлаған! 
Ақын осы ұлы толғауын айтқанда бұл келеңсіз істің бірі де ел ішінде жоқ еді. Соған қарамастан 
жырау  алдағы  заманды  бейнелегенде,  адамның  рухани  күйреп  азып-тозатынын,  аяусыз  қырылып, 
зобалаңға  ұшырайтынын  тап  басып  сипаттаған.  Бұл  жыр  жолдары  керемет  көрегендік  екеніне XX 
ғасырдағы қазақ жеріндегі өмір шындығы куə болды. 

97 
Түйін 
Басы  ашық  нəрсе  сол,  Бұқар  жырау — шығармалары  ғасырлар  бойы  маңызын  төмендетпеген 
классик  ақын.  Қазақ  классицизмі  өрлеп  тұрған  дəуір  еді  бұл.  Ресейде  Державин,  Ломоносов, 
Сумароков  қандай  орын  алса,  Бұқар  жырау  біздің  ұлттық  мəдениетімізден  сондай  орын  алады. 
Классик-ақындардың  айтар  негізгі  ойлары  қоғамның  мемлекеттік  құрылысы,  халық  пен  билік 
жүргізушілердің  қарым-қатынасы,  мораль  мəселелері  төңірегінде  тоғысып  жатады.  Бұқар 
шығармашылығы  көп  ғасырлық  тарихы  бар  поэзияның  қорытынды  туынды  іспеттес  екенін  атап 
айтқан жөн. 
Ерекше  айта  кететін  жайт,  жырау  шығармаларының  стилі  қарапайым,  логикасы  жатық,  терең 
мағыналы.  Ақынның  тілі  таза,  өрнекті,  ұғымды.  Философиялық  ойлы  жырлары  өмір  сырының  əр 
қырлары: бақтың, тақтың, дəулеттің, тіршіліктің өркендеп өсу, өшу сияқты заңдылықтарының тиегін 
ағытып, елдің қайратының қаншама азып, тозса да, тұтқасы халықта, оның бірлігінде екенін көрсете 
білуі.  Сондықтан  Бұқар  жырау  шығармаларына  үш  ғасырдан  бері  əрбір  жаңа  ұрпақ  ерекше  ынта 
қойып, жаңа қырынан танып келеді. 
Жыраудың  шығармаларын  жинауда  ерекше  еңбек  сіңірген  адамның  бірі — Мəшһүр  Жүсіп 
Көпеев. «Бұл  кісінің  сөзін  түгел  жазамын  деушіге  Нұхтың  өмірі,  Аюбтың  сабыры,  Аплатонның 
ақылы керек», — деген екен Мəшһүр Жүсіп атамыз. 
Осы  орайда  Бұқар  жыраудың  Қытай  архивінен  отыз  алты  толғауының  табылуын  иісі  қазақтың 
мəдени-рухани өміріндегі зор қуаныш, елеулі жаңалық деуге болады. Бұл жағдай бабамыздың əлі де 
болса халыққа жетіп болмаған құнды еңбектері, ескерусіз қалған елеулі мұрасы бар екеніне еш күмəн 
туғызбайды. 
Таяу арада Қарағанды облысы Аққара ауылының тұрғыны Тұяқ Ысқақовтың ел аузынан жазып 
алған Бұқар жыраудың мына шумақтары осыған дəлел: 
Қыста соғым соймаған, 
Марқа етіне тоймаған 
Ас қадірін біле ме? 
Бөрілі таудан аспаған, 
Бедеуге қамшы баспаған 
Ат қадірін біле ме? 
Жайлы жерге жатпаған, 
Дəмді тағам татпаған 
Жат қадірін біле ме? 
Сөз  соңында  айтарымыз,  келер  ұрпаққа  данышпан  да  кемеңгер  бабамызды  қызыл  тілдің 
құдіретін  жеріне  жеткізіп  айта  да,  жырлай  да,  толғай  да  білген  «сөз  пайғамбары»  жəне  қоғам 
қайраткері ретіне таныта білу — біздің үлкен борышымыз. 
 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Халид Құрбанғали. Тауарих хамса: (Бес тарих) / Ауд. Б.Төтенаев, А.Жолдасов. — Алматы: Қазақстан, 1992. — 105, 106-б. 
2  Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. — Алматы: Жазушы, 1985. (Басылым 1979 ж. басталды. — Т. 19. 
Зерттеулер, мақалалар / Жауап. шығ. Л.Əуезова, Т.Əкімов). — 406-б. 
3  Бұқар  жырау  Қалқаманұлы.  Шығармалары. — Алматы:  Қазақстан  Республикасы  мəдениет  қоры; «Мұраттас» 
ғылыми-зерттеу жəне баспа орталығы, 1992. — 95 б. 
4  Қаныш елі. Родина Сатпаева: Фотокнига / Сост. О.В.Таланова. — Алматы — Павлодар: Жібек жолы, 1999. — 19-б. 
5  Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. — Үш 
томдық. — Т. 1 / Құраст. М.Мағауин, М.Байділдаев. — Алматы: Жазушы, 1984. — 91-б. 
6  Қалқаманұлы Бұқар. Ай, Абылай, Абылай! Толғаулар. — Алматы: Жалын, 1993. — 96 б. 
7  Мұқанов Қ. Абылайхан мен Бұқар жырау // Жаңа Сарыарқа. — 2009. — № 2. — 44-б. 
8  Жұматаев Р. Батырлардың үлкені Қаракерей Қабанбай// Алаш. — 2009. — № 1(22). — 16-б. 
9  Сүйіншəлиев Х. Қазақ əдебиетінің тарихы: Оқулық. — Алматы: Санат, 1997. — 352 б. 
10  Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері: Оқу құралы. — Алматы: Білім, 2003. — 164-б. 
11  Мағауин М. Қазақ хандығы дəуіріндегі əдебиет: Оқулық. — Алматы: Ана тілі, 1992. —97, 98-б. 
12  Қуанғанов Ш.Т. Бұқар жырау жəне оның заманы. — Алматы: Республикалық «Мұрагер» қоғамы, Ғылым, 1992. — 
14-б. 
 

98 
Р.С.Каренов 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет