Лексика, выражающая психическое состояние человека
Важнейшей проблемой языкознания на сегодняшний день является исследование взаимосвязи лин-
гвистики и человека. Понятия «Язык» и «Человек» всегда в единстве и во взаимосвязи. В статье все-
сторонне рассматриваются языковые и неязыковые методы и средства лексики, выражающие психи-
ческое состояние человека. Рассмотренные проблемы направлены на раскрытие языкового видения и
природы психического состояния, которые зарождаются от психологических особенностей человека.
Investigating a human in connection with linguistics nowadays became one of the important spheres of the
science about language. The notions of ‘language’ and ‘human’ come together and are very closely related.
The article deals with the lexis expressing psychic state through verbal and non-verbal ways. Issues discussed
here are directed to revealing the linguistic vision and nature of psychic state which emerge from the psychic
peculiarities of human being and nowadays is of great concern for society.
ƏОЖ 811.512.122’367
Ж.А.Құсайынова
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана
Модальді мəнді кодтау, декодтау мəселесі
Мақалада модальділік категориясы (санаты) психолингвистикалық тұрғыдан талданған.
Қолданыстағы кейбір жеке морфологиялық тұлғалар мен сөйлемдердің модальділік мəнін ажырату
қиындыққа соғады. Автор негізгі деректерге сүйеніп, психолингвистикадағы кодтаушы, декодтаушы
контекст көмегімен лингвистикалық талдау қажеттігін көрсетті, сондай-ақ психолингвистикалық
тұрғыдан сөйлемнің негізгі қызметін анықтау үшін мəнмəтінаралық салыстырулардың қажеттігін,
сыртқы экстралингвистикалық ықпалдың əсерін жан-жақты салыстыру керектігін дəлелдеді.
Кілтті сөздер: модальділік, модальділік санаты, кодтау, декодтау, психолингвистика,
психолингвистикалық түсінік (бағыт, заңдылықтар), лингвистикалық талдау, мəтін, мəнмəтін, мəтін
лингвистикасы.
Ғылыми еңбектерге сүйеніп, модальділік санатының психолингвистикалық сипатын есепке
алып, белгілі жағдаяттарға мəн бере қараудан мəнмəтіндегі синтаксистік бірліктердің жұмсалу
мақсатын дəл айқындауға қол жеткіземіз. Бұл жағдайда психолингвистикалық салыстырулар бүткіл
шығарма деңгейіндегі жағдаяттық, əлеуметтік, субъектаралық қарым-қатынасты есепке ала отырып
сипаттауды қажет етеді. Өйткені сөйлеу, оның құрылымы — күрделі грамматикалық байланыстан,
бір-біріне тəуелді мағыналық-құрылымдық байлаулардан тұратын, қозғалмалы функционалды жүйесі
бар құбылыс. Сөйлеудің бұл жүйесін В.П.Белянин: «Психолингвистикалық түсініктерге сəйкес,
адамның сөйлеуін ұйымдастыруы тіл туралы мəліметтердің пассив қоймасы болып табылмайтынын
атай көрсеткен жөн. Бұл — динамикалы (қозғалмалы) функционалды жүйе. Сонымен бірге сөйлеу
тəжірибесін қалыптастыру үдерісі мен оның нəтижесі арасында ұдайы əрекеттестік жүріп жатады.
Басқаша айтқанда, адам сөйлеу үлгісіндегі жаңа ақпаратты алған кезде оны өңдеп қана қоймайды,
Модальді мəнді кодтау, декодтау мəселесі
Серия «Филология». № 2(62)/2011
51
соған қоса, өзінің сөйлеу тəжірибесінің бүкіл жүйесін қайтадан құрады. Осының бəрі адамның
сөйлеуін ұйымдастыруды өзін-өзі ұйымдастыратын аса күрделі жүйе деп есептеуге мүмкіндік
береді», — деп талдап береді [1; 19].
Модальді мəн үстеуші грамматикалық құрылымдарды психолингвистикалық бағыттың ізімен
талдасақ, сөйлемдер, мəнмəтінаралық мағыналық, құрылымдық, əсіресе жағдаяттық астарға тереңірек
мəн береміз. Өйткені психолингвистикалық бағытта мəнмəтіннің өзі сөйлеуді қалыптастыратын
тілдік бірлік ретінде қаралып, мəтін мен мəтінаралық байланысқа, жағдаятқа сəйкес əрбір тілдік
бірліктің жұмсалу мақсатына барынша тереңірек көңіл бөлінеді. Демек, психолингвистика берілген
ақпараттың модальділігін ажыратуды жағдаяттық астармен қабылдауды үйретеді. Яғни, модальді
бірліктерді жалқылай талдамай, сөйлеу əрекетінің бағытына, мақсатына сəйкес жұмсалу, түрлену
мүмкіндігін саралайды. Психолингвистикалық бағыт бойынша талдасақ, жағдаятты бірінші орынға,
ал соған сəйкес грамматикалық бірліктің түрлену қызметін екінші орынға қоямыз. Ал сөйлеу
əрекетінде ақпаратты сыртқа шығарып, оның қабылдануы — бірнеше сатылық деңгейде жүзеге
асатын, күрделі құбылыс. Бұл тұста сөйлеушінің ақпаратты сыртқа шығаруы, екінші субъекті
тарапынан ол ақпараттың қабылдануы, өзіндік көзқарасы, қорытуы қатар ескеріліп отырады.
Егер психолингвистика заңдылықтарына сүйенсек, сөйлеудің астарын, грамматикалық
бірліктердің жұмсалу мақсатын кодтау, декодтау тұрғысынан анықтаймыз. Біз қарастырған модальді
құрылымдардың да мəтін аясындағы семантикалық ерекшелігін, көп функциясын нақтылау үшін, осы
негізге сүйене отырып талдауға болады. Модальді мағынаны декодтау — өте күрделі құбылыс. Бұл
— шығармадағы əлеуметтік жағдай, субъектаралық қарым-қатынасты есепке ала отырып
сипатталатын грамматикалық ерекшелік. Декодтауды жүзеге асыру үшін, кодтаудың құрылымын
игеретіндей ақпараттық кеңістікпен таныс болу — негізгі шарт.
Декодтауға тірек болатын субъектаралық əлеуметтік қарым-қатынастың қалыптасуы да күрделі.
Мұндай қарым-қатынасты тұтас шығарма деңгейінде сипаттап, ал əрекетті мағыналық жақтан бір-
біріне тəуелді мəтін деңгейінде ажыратамыз. Коммуникативтік қарым-қатынас, əрекет ішкі
байланыста дамиды. Яғни, қарым-қатынас субъектаралық əрекеттен сараланады. Бұлар бірін-бірі
толықтыру сипатындағы белгілермен өлшенеді. Субъектаралық байланыстың астарынан
сипатталатын коммуникативтік қозғалысқа, қарым-қатынасқа А.Леонтьев мəн берген. Автор бұған
қатысты төмендегідей ой қорытады: «Сонымен, коммуникативті актілер дегеніміз — тұлғааралық
коммуникациялардың əр түрлі нұсқаларының болуына мүмкіндік беретін белгілі бір қоғамдық
коммуникативті кеңістікте іске асатын тұлғааралық əрекеттер. Қарым-қатынас пен əрекет
мақсаттарының күрделілік деңгейі бойынша ажыратылады. Қарым-қатынас өз бойында ең жақын
немесе жекелеген мақсаттарды қамти алатын кешенді мақсатқа бағытталады. Осыған сəйкес, қарым-
қатынас жекелеген немесе ең жақын мақсаттарға қол жеткізуге бағдар ұстанған, əрекет субъектісі
жете түсінген əрекеттерден жинақталады» [2].
Л.М.Шайкенованың талдауынша, сөйлеу əрекетінде мəн беретін қарым-қатынастың теориялық
негізін Л.Витгенштейн дамытқан. Бұл туралы автор «Перформативы: виды и способы выражения»
деп аталатын еңбегінде Л.Витгенштейн теориясының жетістіктерін төмендегіше сипаттап,
субъектаралық қарым-қатынасты айқындау экстралингвистикалық факторлармен толықтыра
қарағанда анықталатынын саралайды: «Л.Витгенштейн тəсілінің ерекшелігі оның бұл факторларды өз
теориясының орталығы етуінде жатыр. Сөйлеуді ол адам қарым-қатынасының мақсатты жəне
шектеулі бөлшегі ретінде қарастырады... Осылайша, Л.Витгенштейн тілдің ішкі контекстерін ғана
емес, адам қарым-қатынасының барлық жүйесінен түзілетін жəне тіл соның бір элементі ретінде
қамтылатын тілден тыс жағдайларды да ескеру қажеттігі туралы ойға келеді» [3].
Талдай келгенде, модальділік санатын (сөйлеуде жанданатынын ескере отырып) осындай ішкі
əрекеттен қалыптасатын қарым-қатынас деңгейінде сипаттаймыз. Ал субъектаралық əрекеттің,
қарым-қатынастың сырын мəтінаралық байланыстың негізінде түсінеміз. Төмендегі бұйрықты
сөйлемдердің жұмсалу мақсатын жоғарыда айтып өткен субъектаралық қарым-қатынасты ескерген
жағдайда ғана дұрыс қабылдаймыз. Яғни, бұйрық берудің өзінде де субъектілердің қарым-қатынасы
ескерілген жағдайда астарлы модальді реңктің бояуы бірінде жағымсыз көзқараспен, екіншісінде
жағымды көзқараспен астарласып, өзгеше сипат алып түрленеді. Мысалы, бұйрық райдың ІІІ-жақ
жұрнақтарынан жасалған төмендегі үзінділердің модальді реңкі тең емес. Бірінде Тəкежанға айтқан
наразылық, екіншісінде Дəркембай сияқты кедейлерді паналатқан Абай бұйрығының астарында ішкі
құптауы сипатталған. Мысалы: Абай Ерболдан Тəкежанға сəлем айтты: Қумасын! Қазынасын
жемейді! Мынаның аз ғана малына жайылыс берсін жəне Жұмағұлды тыйсын! — деді (М. Ə.).
Ж.А.Құсайынова
52
Вестник Карагандинского университета
Интенция Субъектаралық
қарым-қатынас
...Абай бір жұмысты жайғады да, енді Дəркембайды қасына шақырды.
– Дəркембай, сенің екі жолдасың осы қойдың қасында болсын. Айрылмайды. Ал өзің дереу
мынау атқа, мына жер қорығыш Тəкежанның атына мін де, қазір шапқылап отырып осы
маңдағы өзіңдей ауылдарға хабар айт. Мен жіберді де! Шыңғысқа жете алмай, осы жақын
маңда қойлары аштан бұралып, қырылып жатқан ауылдар тегіс жүруге жарайтын қойларын
алып, азаматтарын сайлап, дəл осы үш қорыққа, Құнанбай қорығына айдап келсін! (М. Ə.). Екі
мəнмəтінде де бұйрықты сөйлемдер бұйыру қызметін атқарған. Бірақ бірінші мысалда бұйырудың
астарынан наразылық, қарсылық сезілсе, екіншісінде бұйырудың астарында субъектаралық қолдау,
түсінісу, құптау модальді мəндері ашылады. Оның сырын тұтас мəтінде суреттелген жағдаятқа
сүйеніп, субъектаралық қарым-қатынас астарымен бірлікте қараудан саралаймыз.
Екінші жағынан, мұндай грамматикалық амалдардың көп функциялы қызметінің астарын сөйлеу
актісіндегі субъекті мақсаты, ниеті, яғни интенциясынан, алшақтату мүмкін емес. Сөйлеудің
қалыптасуы мен түсінілу сатысын субъекті интенциясымен бірлікте қарау да — сөйлеу актісінің
ажырамас бір бөлігі. Сөйлеудің бағытын декодтауға тірек болатын психолингвистикалық фактор.
Коммуникация бар жерде субъект (жеке тұлға) бар. Субъект — белгілі бір əлеуметтік топтың
өкілі, сондықтан сөйлеу əрекетін əр субъекті ішкі мақсат, ниетімен астарластырып отырады. Бұл
туралы К.Қ.Садирова: «Интенция іштен сыртқа бағытталады, ол дауыс көмегімен субъективтіліктің
объективтенуінен жəне субъекті мен объектінің, ой мен ойдан өткізілгеннің, сана мен санада
игерілгеннің екі жақты өзектіленуінен тұратын болмыс», — деген түсінік берген [4; 85–89].
Интенция коммуникативтік акт үстінде жанданады. Бірақ интенцияның қабылдануы да
субъектаралық қарым-қатынасқа бағынады. Интенция коммуникативтік акт бойында тек айтушыға,
не тыңдаушыға қатысты болмай, екі жақтың ниетімен толысып, дамып отырады. Бұның өзі
интенцияның сөйлеу актісі, коммуникативтік жағдай, сөйлеу актісіне дейінгі кезеңді қамтитын
өзіндік құрылымы бар психолингвистикалық ықпал екенін дəлелдейді. Яғни, «тілдік қатысымға
түспекші адам мақсатқа жету үшін жəне ниетін іске асыру үшін адресатқа белгілі жайттан бастап, сол
адресаттың бұл айтқанға қалай қарайтыны, өзінің айтатынының желілік мазмұнын қалай түзу
керектігіне дейінгі факторларды, сөзінің салмағын ойластырып отырады» [4; 127–129].
К.Садирова «интенция» терминінің мəтінге де, сөз актісіне де, дискурсқа да қатысты
талдауларда қолданылатынын айта келе, оның жүйеленуімен байланысты түзілетін құрылымы
негізінде пайда болатын түрлерін төмендегідей жіктейді: «креативтік интенция», «рецептивтік
интенция», «референттік интенция», «коммуникативтік интенция» [4; 85–89]. Автордың бұл
жіктемесі интенцияның күрделі құрылымынан хабардар етеді. Зерттеушінің ойынша, мұндағы
креативтік интенция тек дискурсты бастаушыға ғана тəн, коммуникацияның туындап сыртқа
шығуындағы бастапқы қозғалыс нүктесіне сай келсе, рецептивтік интенция дискурсты қабылдаушыға
ғана тəн, ол коммуникативтік жағдайды өзі үшін ішкі күйге айналдырады. Референттік интенция
сананың сөз құру қойылымынан, яғни қандай да бір мəселені шешуге сай туындаған ой толғақтан
тұрады. Ал коммуникативтік интенция дискурсты бастаушыға да, оны қабылдаушыға да тəн [4; 85–89].
Жағдаят
Əлеуметтік
астары
жағдай
1-сурет. Модальді мəнге əсер ететін экстралингвистикалық ықпалдар көрінісі
Модальді мəн
Модальді мəнді кодтау, декодтау мəселесі
Серия «Филология». № 2(62)/2011
53
Бұл теориялық мəселелерден интенцияның ішкі даму, қалыптасу сатысы жəне белсенетін
сыртқы сатысының тұтас құрылымдық жүйесін қабылдаймыз. Интенцияның креативтік түрінде
коммуникативтік акті бастаушының ішкі мақсаты, ал рецептивтік сатыда қабылдаушының ішкі
мақсаты жүйеленсе, референттік сатыны екі жақтың ішкі ойымен астарласқан, интенцияның соңғы
сатысына дейінгі аралық кезең деп бағалауға болады. Ал коммуникативтік саты — интенцияның
сөйлеудегі көрінісін жарыққа шығаратын соңғы кезеңі. Бұл тұста интенцияның көмескі құрылымы
субъектаралық қарым-қатынастың астарымен түсініледі. Сонымен, интенция тек ниет күйінде
қалмайды, субъектінің əрекет жасауына қозғау салады. Сөйлеу актісін жандандырады.
Субъектаралық қарым-қатынаста интенция бірде ішкі ниеттің сəйкес келуімен, бірде қарама-
қайшылықта көрініс береді. Міне, осы тұста интенция модальді мəнді қозғалысқа түсіреді. Модальді
мəннің ішкі құрылымын дамытуға тірек болады. Көп функциялы тілдік бірліктердің қызметін
ажыратуға тірек болады. Демек, интенция — ақпараттың қате түсінілмеуі үшін сөйлеу тілінде
ескеріліп отыратын қажетті бөлік. Сондықтан интеция сөйлеу актісі теориясымен байланыста
қаралатын модальді мəннің астарын ажыртуда маңызды орынды иеленеді.
Модальді мəннің құрылымын психолингвистикалық бағытта қабылдағанда интенция,
субъектаралық қарым-қатынас, жағдаят, əлеуметтік жағдай, автор-субъектінің көзқарасы бір
құрылым бойында түйісіп, бұл құбылыстың көп қабатты семантикалық жіктен дараланатын тілдік
табиғатын айқындап, ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді. Модальді мəнді анықтауда
ескерілетін психолингвистикалық ықпалдардың көрінісі 1-суретте берілген.
Егер лингвистикалық тұрғыдан мəнмəтін мағыналық-құрылымдық жақтан тиянақтылықты
реттеуші бірлік ретінде сипатталса, психолингвистикада мəнмəтін ақпаратты декодтауға тірек
болатын бірлік ретінде қабылданады. Яғни, психолингвистика мəнмəтіннің мағыналық-құрылымдық
тиянақтылығын сөйлеудің мəн-мағынасын ашуға тірек болу қабілетімен, субъектаралық қарым-
қатынастың сырын ашуға сеп болуымен өлшейді. Сондықтан психолингвистикада мəнмəтіннің
құрылымдық тиянақтылығынан гөрі, олардың ішкі байланыстағы қозғалысына, мəнмəтінаралық
байланысқа ерекше көңіл бөлінеді. Психолингвистикадағы мəнмəтін сипатын В.П.Белянин:
«Психолингвистика мəтін лингвистикасымен тығыз байланысты. Егер мəтін лингвистикасы мəтінді
негізінен қалыпты күйде — жазудың, яғни сөйлеудің, аяқталған өнімі ретінде қарастыратын болса,
психолингвистикада мəтін динамикалы сипатта — сөйлеу əрекетінің өнімі ретінде қарастырылады.
Мəтін лингвистикасы шеңберінде анықталған мəліметтерді пайдалана отырып, психолингвистика
мəтіннің тұтастығы, ондағы мағыналық саңылаулар саны (яғни түсіп қалған тұстар), эмоциялылығы
(оның эмоцияны жеткізу қабілеттілігі) прецеденттілігі (мəтіндегі өзге мəтіндерге сілтемелер саны)
сияқты сипаттарына баса назар аударады», — деп ажыратады [1; 17].
Осындай субъектаралық қарым-қатынас деңгейінде сипатталатын модальді мəнді декодтаудың
қиыншылығы да бар. Яғни, бұл үрдіс тұтас шығарма бойындағы кодтау мəселесімен қабаттасады.
Кодтау — бірнеше қабатты күрделі құрылым. Оның грамматикалық сипаттамасын И.В.Арнольд:
«Берілген арна бойынша хабар жіберуге мүмкіндік туғызатын белгілер мен оларды біріктіру
ережелерінің жүйесі код деп аталады», — деп саралаған [5; 6].
Ал модальді мəнді декодтау ішкі кодтардың құрылымына ой жүгіртіп, семиотикалық
бірліктердің қызметін атқаратын мəнмəтінаралық жікті салыстыру, оларды бір-бірімен байланыстыру
сияқты үздіксіз сабақтастыруды қажет ететін талдаулар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ойымызға
қатысты теориялық бекітулерді де И.В.Арнольд зерттеулерінен кездестірдік. Автор: «Сонымен, тіл —
өз кезегінде бірнеше субкодтарға ыдырайтын жəне қызмет ету үдерісінде өзге кодтармен жəне
хабарлармен əрекеттесетін код типтерінің бірі... Мазмұнның күрделі құрылымы айтылудың күрделі
жүйесін қажетсінеді жəне жекелеген элементтер арқылы емес, олармен хабардың біртұтас
құрылымының əрекеттестігі арқылы жеткізіледі», — деп [5; 42], сөйлеудің тұтас мазмұнын ашуға
тірек болатын тілдік бірліктердің кодталу құрылымын талдаған.
Субъектілердің өзара қарым-қатынас, əрекетімен байланыстырмасақ, белгілі бір үзіндіде орын
алған модальді мағынаны өз мəнінде, өз мақсатында талдай алмас едік (өйткені мəнмəтінде
грамматикалық құрылымдар көп функциялы қызметімен ерекшеленеді). Əрине, құрылымдық
синтаксис бойынша бұл бірліктердің құрамындағы тірек сөздер көмегімен, мəнмəтіндік семантика
шеңберіндегі сөйлемдердің байланысынан модальді мағынаны ажыратқанмен (кейбір жағдайда ғана),
оның мотивіне талдау жасай алмаймыз. Мəселен, төмендегі сөйлемдерде орын алған субъекті
өкінішінің астары түсініксіз, беймəлім қалыпта қабылданар еді. Өйткені субъекті арасындағы
модальді қатынастың пайда болу сырын декодтау қиыншылық тудырады. Мысалы: Əңгіме осылай
Ж.А.Құсайынова
54
Вестник Карагандинского университета
аяқталып, жатар мезгіл жетті. Малқар жеке бөлмеде, Балқияның қасында, құс төсектің үстінде,
ойдан əлі арыла алмай жатып: — О, тəңірі, енді Шөгелдің тілеуін тілеттің бе?! — деп, ауыр
күрсініп қалды (Ғ.М.). Бұл мəтінде орын алған модальді мəнді декодтаушы мəтіннен ажырата
қолдану тіпті мүмкін емес. (Күн ұзын тулап Малқар жуасып қалған екен, ыршыған жоқ. Ішінен
қынжылса да, сыртымен қуанғансып жатыр: — Шөгелім тұрғанда, кімге берем?– деді. Өз басымен
əуре болып, бықсып отырса да, феодал Малқар əлі мығым. Мығым болатыны — қолынан мөр
кеткенмен, əзір ел кетпейді. Сондықтан болашақ кедей болыстың онымен санаспасқа амалы жоқ
(Ғ.М.).
Психолингвистикада мəтінаралық байланыс, ондағы семантикалық бірліктердің байланысы
үздіксіз. Сондықтан мəнмəтінаралық байланыстан дараланатын қарым-қатынас, субъектаралық
əрекетке мəн беретін психолингвистикалық бағытқа назар аудару барынша қажет етіледі. Осындай
жағдайда ғана мəнмəтінаралық байланыс тізбегінен модальді реңкті қалыптастыратын ішкі
тіректердің құрылымына еркін бойлап, əрбір синтаксистік құрылымның мақсатқа сай қызметін дəл
анықтаймыз. Осы тіректермен толық таныс субъекті ғана белгілі бір модальді мəнді жеткізуге негіз
болған семиотикалық белгілердің жұмсалу мақсатын ажыратып, кодтау, декодтау сатысынан өтеді.
Кодтау, декодтаудың ішкі байланысы туралы Ю.М.Лотман: «Мейлінше күрделі хабар мейлінше
дəл қабылдануы үшін, адресант пен адресаттың толықтай сəйкес келетін кодтарды пайдалануы талап
етіледі... Тіпті, күрделі жағдайлардың өзінде қабылдаушы əуелі хабардың өзіне таныс кодтардың
қайсысымен құпияланғанын əлдебір белгілер бойынша танып алады, ал «оқуға» содан кейін ғана
кіріседі», — деп түйіндеген [6].
Айтылған теориялық мəселелерді төмендегі мысалдармен бекітуге болады....Көзінің тауық
соқырлығы бар Абзал түнде нашар көретін....Ол қазір бір аттап, бір тоқтап, қайықты көру тұрсын
оның қай маңда екенін де жобалай алмай, шалдан дыбыс күтіп жөткірініп келе жатты. Мұсағұл
қыбыр етпеді: «Құлап неге өлмейсің, неге шұңқырға омақасып мойның үзілмейді» (Ə.С.). Бұл
мəнмəтіндегі модальді мəннің декодталуы бірнеше тараудан кейін сипатталған төмендегі кодтармен
жалғаса шешіледі.
... Аман-саулықтан кейін шаруа айтар реті келгенде, абдырап, жаңа ғана таңдайы астына
сақтап келген көп сөзін бауы үзілген моншақтай шашып алды.
– Абзалжан, баяғыда айтқан жанашырлық сөзің бар еді. Соны арқаланып келдім. Бала
оралды,– деді ол төтесінен. Абзал үріккен де, сасқан да жоқ, тек жайбарақат көсілген аяғын жиып
алып, шалға жақындай отырды. Басқарманың осы қылығынан ықылас нышанын таныған Мұсағұл
қалбаңдап, білген-көргенін алдына түгел жайып салды.
– Араласқаным, қолымды қандағаным жоқ, өз көзіммен көргенім рас дей ме?
– Нақ солай көріпті, араласпапты (Ə.С.).
Бұл үзіндіде Абзал мен Мұсағұл арасындағы қарым-қатынастың алғашқы көрінісі беріліп,
субъектаралық сенімді көзқарас (Мұсағұл тарапынан) суреттелсе, келесі үзіндідегі екі субъекті
арасындағы əрекет «Құлап неге өлмейсің, неге шұңқырға омақасып мойның үзілмейді» сөйлемінде
кодталған модальді мəннің шешімі немесе декодталудың тірегі болып табылады. Соңғы мəнмəтінді
декодтаушы тірек деп атауға болады. Мысалы: «...Түн ортасында есік қағылғанда, аталы-балалы
екеуі бір мəмілеге, келе алмай əлі арбасып отырған.
– Бұл қайсың?– деді шал дəліз есігіне тез жетіп.
– Мен ғой.
Абзал дауысын таныған Мұсағұл қаннен-қаперсіз есік ілгегін ағытты. Омыраудан шап берген
қуатты қол оны аяғын жерден-көктен бір тигізіп далаға сүйреп алып шықты... Ал иегін
пальтосының жағасына тығып, есік көзінде сүмірейіп тұрған Абзалды көргенде, қаны қайнап, тұла
бойы дірілдеп қоя берді (Ə.С.). Мəнмəтінаралық байланыс субъекті наразылығын астарлаған «Құлап
неге өлмейсің, неге шұңқырға омақасып мойның үзілмейді» сөйлем мазмұнын жағдаят астарымен
саралауға мүмкіндік берген.
Осындай мəнмəтінаралық байланыстан анықталатын ішкі кодтардың маңызына И.В.Арнольд:
«Əрбір кодтың белгілері одан да гөрі ірі масштабты келесі кодтың кодограммасын құруға қажетті
бөлшектер сияқты болып табылады жəне тұтастық ретіндегі барлық хабарға мүмкіндігінше өз үлесін
қоса алады», — деп назар аудара келе, оның грамматикалық мəнін, қажеттілігін анықтап берген [5; 9].
Тілдік деректерді негізге алып талдасақ, модальді мəнді декодтайтын мəнмəтіндер үш орында
көрініс береді:
алдыңғы орында;
Модальді мəнді кодтау, декодтау мəселесі
Серия «Филология». № 2(62)/2011
55
соңғы орында;
ілеспелі орында.
Модальді мəнді декодтауға негіз болатын тірек мəнмəтіндер алдыңғы орыннан белгілі болса,
мəнмəтіндік семантика шеңберіндегі синтаксистік бірліктердің жұмсалу мақсатын, интонациялық
ырғағын ажырату қиындық тудырмайды. Мұнда ақпаратты қабылдаушы алдын ала субъектаралық
əрекетті, қарым-қатынасты салыстыра саралап, əр қолданыстың ішкі мазмұнын дəл декодтап
отырады. Психолингвистикалық бағытта пайымдасақ, ақпаратты түсіну, мағыналық байланысты
жүйелеу кілтіне алдын ала ие болады. Мысалы: «Айт, ендеше, бұның мендегі сөзін. Жүр былай!» —
деді Құнанбай (М.Ə.). Осы сөйлемде орын алған субъектаралық наразылықты алдыңғы
мəнмəтінаралықта орын алған декодтаушы тіректермен бірлікте шешеміз. Бұған Құнанбай бастаған
топтың Қодарға қарсы əрекеті, Дəркенбай мен Құнанбай арасындағы қарым-қатынасты суреттеген
декодтаушы мəтіндер тірек болады.
Төмендегі мəнмəтінде орын алған күдіктену мəнін декодтайтын мəтіндер де алдыңғы орында
орналасқан. Мұндай жағдайда интонация компоненттері: дауыс ырғағы, кідіріс қозғалысқа түсіп,
алдыңғы тараудағы сөйлемдердің мазмұнымен іліктестіре, ішкі семантикалық байланысты реттейді.
Төмендегі үзіндіде Дүрия жүрегіндегі қорқынышпен жалғаса сипатталған күдіктену реңкі интонация
бірліктерінің қызметімен дараланады, ал сөйлем интонациясының құрылымы, сөйлемде қалыптасқан
модальді мəннің астары алдыңғы тарауларда қамтылған мəнмəтін (Дүрия мен Ермек арасындағы
оқиға ізімен) семантикасымен астарласа қалыптасады. Дүрияның ойындағы күдігі соңғы қорытынды
бөліктегі сөйлемдерді қажетті интонациялық жікпен айтқанда дараланады. Мысалы: Жігіттер кіріп
барғанда, екі қолын жүрегіне басып, оң жақта сөйлеп тұрған Дүрия шошынғандай «аһ» деп терең
тыныс тартты да, тəлтіректеп барып, жүкке сүйеніп қалды. Онсыз да жүдеу жүзінде бір тамшы
қан қалмай, шөлмектей болып ағарып кеткен.
– Не болды, Дүрия?
– Неден қорықтың?– десіп, Естай мен Жолбарыс ұмтылып барып, екі қолтығынан сүйей
берген-ді. Дүрия сол орнында көзін тарс жұмған күйі қолымен маңдайын ұстап сəл тұрды да, аздан
соң есін жиғандай, жігіттерге бір түрлі таңдана, күлімсірей қарады.
– Ештеме емес, қазір-ақ өтіп кетеді,– деді баяу тіл қатып.
– Неге олай? Біз келгенде, шынында да, бірдеңеден шошыдың ғой, не болды? — деді Естай төр
алдына жайғасып жатып.
Дүрия айтсам ба, айтпасам ба дегендей төмен қарап сəл бөгелді де, басын көтеріп жауап
берді.
– Менің ауруым қазір көзге көрініп жүретін екі аяқты адам бейнесіне көшті ғой... Жаңа
далаға шыққанда, алыстан сақшы формасын киген Жолбарысты біреуге ұқсатып... Сол адам
соңымнан қалмай осында тағы келе жатыр екен деп, жүрегім қозғалып кеткені... (Қ.Ж.).
Мұндағы грамматикалық амалдар субъектінің ішкі күдігін, өз-өзіне сенімсіздігін көрсеткен.
Күдіктену модальді мəнін декодтайтын мəнмəтіндерді алдыңғы тарауларда орныққан Естай мен
Дүрия өміріндегі, жүрегіндегі мұңды, өкінішті сəттерден іздейміз (шығарманың басқы тарауларында
суреттелген Естай мен Дүрия өміріндегі сəт). Яғни, тұтас шығарма мазмұнымен байланыстыра
қарағанда ғана, осы үзіндідегі соңғы сөйлемнің модальді мəні жағдаятпен астарласа декодталады.
Модальді мəндер тек белгілі бір күрделі синтаксистік тұтастық аясындағы сөйлемдер
байланысынан айқындалмайды, кейбір сөйлемдердің модалді мəні басқы тараулардағы сөйлемдердің
семантикасына бағына ажыратылады. Мəселен, төмендегі үзіндіде Əйгерімнің Абайға деген
наразылығы, оның семантикасын түсінудің ішкі кілті мəтінаралық байланыста қарастырғанда ғана
нақтыланады. Мысалы:
Абай Əйгерімнің жүзіне таңдана, қызығып қарағандай. Келіншегін оқшау əзілмен қарсы алды:
– Ербол, Əйгерімнің жүзіне қарашы, талайдан сағынған əндерін еркін шырқап, құлпырып қалған
ба, немене?
Ербол қоса сүйсініп:
– Бəсе, алғашқы ақша қарға аунап жортқан түлкідей, жүні құлпырып қапты ғой, өзінің!– деп,
Əйгерімнің өзін де күлдірді...
Үшеуі де бұл сияқты ойда жоқтан айтылған оқшау бір теңеуге күлісіп тұрса да, Əйгерім
қысылыңқырап қалды. Қызарған жүзінен сыпайы күлкісін тыймай тұрып, Абай сөздеріне
наразылықтай қарсылық айтты.
Ж.А.Құсайынова
56
Вестник Карагандинского университета
– Сізден іріккен əнім бар ма еді! Нені аяп ек?... — деді де, өңі өзгере беріп, қабағына кейіс
алған бойынша үйіне кетті (М.Ə.).
Соңғы сөйлемдердің айтылу ырғағын алдыңғы тараулардағы сөйлемдердің семантикасымен
байланысты қараймыз. Бұл ерекшеліктер модальділік санатының семантикалық байланыстан
айқындалатын заңдылық екенін тағы бір дəлелдеді.
Сонымен, сөйлеуде орын алатын модальді мағынаны декодтауда сүйенетін мəнмəтіндердің
орналасу тəртібін төмендегі 2-суретпен көрсетуге болады. Бұл сурет модальді мағынаны анықтауға
тірек болатын мəнмəтіннің алдыңғы орнындағы көрінісіне сəйкес келеді.
2-сурет. Декодтаушы мəнмəтіннің алдыңғы орындағы көрінісі
Болжалды модальді мəнін ажыратқан төмендегі мəнмəтіннің декодталуы соңғы орындағы
мəнмəтінмен шектеседі. ...Сол күні кештетіп Ыбрайым да жетті. Ұстаған екі-үш итбалығын
Əлжанға табыс етіп, Мұсағұлдың ақ балық іздеп Маңғыстау асқанын хабарлады. Адамға
қайырымы аз, елден безген тұйық шалдың бұл қылығына жұрт қайран қалғанмен, оның түп
сырын Əлжаннан бөтен адам шамалай алмады (Ə.С.). Егер мəнмəтіндегі əрекетпен салыстыра
талдамасақ, бұл үзіндіде суреттелген үміттену, болжау модальді мəндерін ажырату мүмкін емес.
Өйткені модальді мəн тұтас құрылымдағы тілдік бірліктердің жалпы мазмұнынан, жағдаят астарынан
ғана айқындалады. Бұл мəнмəтіндегі модальді мəннің декодталуы тек екі субъекті қатысымен
шешіледі. Сол арқылы субъектаралық сенім, бағалау модальді мағыналары ашылады.
Көрсетілген 3-сурет модальді мағынаны анықтауға тірек болатын мəнмəтіннің соңғы орындағы
көрінісіне сəйкес келеді.
3-сурет. Декодтаушы мəнмəтіннің соңғы орындағы көрінісі
Келесі мысалда көп функциялы сөйлемдердің модальді мəнін декодтайтын мəнмəтіннің ілеспелі
орында тұруын байқаймыз. Осы декодтаушы мəтіннің ықпалымен Апырай, жарығым-ай, көзіңнің
жанары өзгеріп кеткен екен! лепті сөйлемінің мағынасы, көп функциялы қызметі нақтыланады.
Ойымызды төмендегі мысалдар бекітеді: Соңғы кезде ел арасында «Ақан сері Қисық ағашта жын-
шайтандармен бірге тұрады екен, баласы екеуі де қағындыға шалыныпты деген өсек дүр ете
қалды. Бірде Баратай ауылының бір ақсақалы серінің отты көзінен көзін алмай, үрейлене ақыл
айтқан: — Қарағым, Ақан ренжи көрме, халық айтса, қапы айтпайды, — анау қисық ағашта
жападан-жалғыз қалай тұрасың. Жын иектеп алған дейді ғой өзіңді. Ай, атамзаманнан сол арада
жын соққанын құлағымызбен естіп ек. Оның үстіне ол жеркепеңді əкең тастап кеткелі не заман?
Иесіз үйді содан бері жындар ордасымен басып, иемденіп алған шығар-ау. Қарағым-ау, сол арадан
неге қоныс аудармайсың, басыңды шыр айналдырып алғаннан сау ма? Қарағым, жаным ашыған соң
айтам, битке өкпелеп тоныңды отқа салма, қайтейін, жалғыз-жарым жүріп қор болмасын деп,
бір-екі көйлек бұрын тоздырғаным бар, ақыл ғып айтамын... Апырай, жарығым-ай, көзіңнің
жанары өзгеріп кеткен екен...! (С.Ж.). Бұл мəнмəтінде «Апыр-ай» мүшеленбейтін көп функциялы
сөйлемінің модальді мəнін декодтайтын тіректер бір құрылымда, ілеспелі орында жинақталып
берілген. Сол арқылы қабылдаушы субъект немесе оқырман модальді мəннің астарын өз мəнінде
түсіне алады.
Декодтаушы мəнмəтін
Модальді мəн
Модальді мəн
Декодтаушы мəнмəтін
Модальді мəнді кодтау, декодтау мəселесі
Серия «Филология». № 2(62)/2011
57
Бір мəнмəтінде модальді мəнді кодтайтын, декодтайтын белгілер жинақталып берілген төмендегі
мысалды да ілеспелі мəнмəтіндерге жатқызамыз. Мысалы: Бұл екеуі Базаралыны да көздеп берді.
Өзара ақылдасқанда Майбасар:
– Поштаның таланғанын ойлаймысың? Есіңе алшы! Пошта жүргізілетін күні Базаралы келіп,
барды біліп кеткені қане! Сол жолы өз еліне бара сала, Əділханды аттандырған сол. Көзбе-көз
айтып кеткен қияс сөзі əлі есімнен кеткен жоқ! Осы бəленің тап ортасында жүрген Базаралының
дəл өзі! Оның сырты момын, іші қу! — деген.
Тəкежан өзінің де Базаралыдан əлденеше рет көрген тізесін еске алды. Сөйлетпей, тапап
кеткендей боп жүретін омырауы бар. Балағаз айдалып кетсе, ертең артынан жоқшы боп шығып,
бүлік шығаратын да сол. Сондықтан Майбасарды құптап: Ақылыңыз көкейіме əбден қонды...
Қалағанда нағыз қатты қадайтын сол! — деп Базаралыны бірге көрсетті (М.Ə.). Көрсетілген
хабарлы сөйлем модальді мəннің синкретті белгісін меңгерген. Бұл сөйлемде алдыңғы субъектінің іс-
əрекетін құптау жəне жанама субъекті ретінде алынған Базаралының іс-əрекетіне наразы болған
модальді мəндерді жинақтап берілген. Бұл құрылымда да кодтаушы тірек соңғы орында, ал
декодтаушы тірек мəтін алдыңғы орында көрініс тапқан.
Келесі сурет модальді мағына тірегінің ілеспелі орындағы көрінісіне сəйкес келеді (4-сур.).
4-сурет. Декодтаушы мəнмəтіннің ілеспелі орындағы көрінісі
Декодтаушы, кодтаушы мəнмəтіндер тарауаралық қашықтықта орналасып, модальділіктің тұтас
шығарманың, ондағы оқиғалардың ішкі байланысынан талданатын күрделі семантикалық санат
қатарындағы белгілерін де толықтырады.
Ойымызды талдауға негіз болған төмендегі мысалдар арқылы бекітеміз: « Иə, адам баласы
қаншалық қан жұтып, қасірет шеккенмен, жүрек сүюден талмайды екен. Жүрек сүюден тоқтаған
күні тіршіліктің де ешқандай мəні қалмайтын шығар. Жер бетінде сені сүйетін, сенсіз өмірім қараң
деп білетін бір адамның болғаны қандай жақсы? Тіпті, сені жалпақ ел жақсы көрмей-ақ қойсын,
бүкіл əлем əлпештеп алақанына салмай-ақ қойсын, сол əлемнің бір бөлшегі саналатын жалғыз əйел
заты саған жан тəнімен беріліп, махаббатын сыйласа, сенің де таза-тақыр бақытсыз болмағаның.
Бəлкім, əйел махаббатының адамды қанағаттандыратын құдіретінің өзі де осында жатқан шығар.
Тəңірім бұл дүниеде ешкімді сүймей не біреуге сүйікті болмай, құр алақан өтуден сақтасын. Тек енді
қатал тағдыр Гүлжиһандай асылды мұның тар маңдайына сыйдырсын да...» (Қ.Ж.).
Мəнмəтіндегі Естайдың ішкі күдігі алдыңғы жағдаяттармен байланыстыра қарағанда ғана айқындала
түседі.
Қорыта келгенде, модальді мағынаның мəтіндегі көрінісін дəл анықтау үшін,
психолингвистикалық бағыттың ізімен салыстыру қажеттілігі əр кезде туындайды. Бұл жағдайда бір-
бірімен мағыналық байланыстағы мəнмəтіндердің өзіндік қызметтік жүйесі де анықталады. Яғни,
кодтаушы, декотаушы мəнмəтін деп құрылымдық даралау орын алады.
Əдебиеттер тізімі
1 Белянин В.П. Психолингвистика. — М.: Флинта, 2005. — 232 с.
2 Леонтьев А.А. Психолингвистические проблемы семантики. — М.: Наука, 1983. — С. 223.
3 Шайкенова Л.М. Перформативы: виды и способы выражения. — Алматы: Қазақ ун-ті, 2003. — С. 11.
4 Садирова К.Қ. Қазіргі лингвистикадағы «дискурс» терминінің интерпретациясы // ҚазҰУ хабаршысы. — 2007. —
№ 4 (103).
5 Арнольд И.В. Стилистика декодирования. — Л.: ЛГПИ, 1974. — 76 с.
6 Лотман Ю.М. Внутри мыслящих миров. Человек — текст — семиосфера — история. — М.: Язык рус. культуры,
1996. — С. 13–22.
Декодтаушы мəнмəтін
Модальді мəн
Ж.А.Құсайынова
58
Вестник Карагандинского университета
Ж.А.Кусайынова
Достарыңызбен бөлісу: |