глава «Боб и Лючия» была исключена. Тем не менее некоторая концептуальная близость «американ-
ской трагедии» к проблематике других глав «Кактуса» может быть усмотрена в фрейдистской речи
«ученого-сексолога», который говорит следующее: «Этот процесс превращения энергии в творче-
скую называется сублимацией. Именно это происходит, когда, к примеру, скажем, плотник,
обезумевший от желанья,
напишет солнечный сонет
о той, которой рядом нет,
и в этом выразит признанье.
А, скажем, яростный поэт,
обезумевший от желанья,
Поэма О.Сулейменова «Кактус»:…
Серия «Филология». № 2(66)/2012
61
сколотит в страсти табурет
и в этом выразит признанье.
Теперь скажи мне, милый Боб,
что для солдата есть любовь?
И верю, ты ответишь:
«Бой!..» [9; 192].
В этом отрывке можно найти некоторое сходство с той ситуацией «Кактуса», как ее видит Аман.
С его точки зрения, Жаппас не имеет права называться поэтом, однако, будучи увлечен Рысью, он
пишет ей стихотворные послания «с несвойственным ему темпераментом», так же как описанный
ученым-сексологом обезумевший от желания плотник. Правда, если продолжить аналогию, то и
«яростный поэт» Аман в своей страсти должен бы совершить что-нибудь ему несвойственное, соот-
ветствующее сколачиванию табурета. Например, вместо Жаппаса заняться редактированием журна-
ла. Однако ничего похожего на это не происходит, и, как сказано выше, впоследствии О.Сулейменов
исключил «Американскую трагедию» из текста поэмы «Кактус».
Итак, рассмотрев две последовательные редакции поэмы «Кактус», можно убедиться, что ее ре-
дактирование автором шло по множеству направлений и решало весьма разнообразные задачи. Одна-
ко среди них можно выделить ряд задач, решение которых в ходе работы над редактированием текста
поэмы шло по направлениям весьма определенным и совершенно стабильным. Такая стабильность
обнаруживается как в синхронном (в пределах одной редакции), так и в диахронном плане (от пре-
дыдущей к последующим редакциям). Назовем важнейшие из обнаруженных тенденций.
Во-первых, образ Амана с самых первых строк второй редакции поэмы ощутимо снижен по
сравнению с первой редакцией и становится значительно более комичным, приобретая все больше
черт самовлюбленного графомана. Этому служит целый ряд изменений текста поэмы. Это и каламбур
«граф Аман / графоман». Это и длительное умолчание Амана о своем денежном долге, внезапное
узнавание читателем о котором в момент «поединка» создает комический эффект, заставляя заподоз-
рить, что одной из причин гнева Амана является постоянное напоминание Жаппасом про этот долг.
Это и последовательная редукция роли Гомера Аблаева, в незнании творчества которого Аман обви-
няет Жаппаса, меняющегося от поэта-сатирика XVII в. до не имеющего ни малейшего отношения к
литературе феодала XVIII в. Это и отсутствующее в первой редакции заявление Амана о «полезно-
сти» его стихов, и его признание в былой склонности к плагиату. Это и чувство переполняющего его
восторга, когда незнакомая почтальонша назвала его «первым» совсем в другом смысле, нежели он
понял. Одновременно с некоторым снижением образа Амана О.Сулейменов весьма последовательно
устраняет черты сходства Амана с самим собой и, как следствие, устраняет правомерность рассмот-
рения Амана как лирического героя поэмы. Этой цели служит исключение имевших место в первой
редакции хронологических совпадений творческой биографии Амана с биографией самого поэта.
Однако наряду с первой тенденцией в ходе редактирования поэмы можно обнаружить и вторую,
которая, на первый взгляд, может показаться прямо противоположной первой. Во множестве эпизо-
дов, связанных с темой взаимоотношений между мужчиной и женщиной, в том числе во всем, что
касается купли-продажи супругов, в поздних редакциях поэмы Аман уменьшает или вовсе утрачива-
ет столь характерную для него в первой редакции склонность к циничным насмешкам. Название гла-
вы «Цена любви» меняется на более нейтральное «Знак Амазонок». Снимается двусмысленный ка-
ламбур о форме и содержании, который даже сам Аман в первой редакции оценивал как пошлость,
исключена его насмешливая фраза «каждый — купец своего счастья». И еще есть целый ряд описан-
ных выше примеров редактирования поэмы в указанном направлении. Одновременно с этим все бо-
лее подчеркивается значимость отношений с Жаппасом и Рысью для Амана. В первой редакции Аман
аргументировал свой визит к Жаппасу тем, что «журнал один, деваться некуда», во второй же и по-
следующих редакциях он отказывается от этого аргумента, являющегося случайным фактом. Это
подчеркивает, что конфликт между двумя персонажами имеет более глубокий и закономерный ха-
рактер. Финал поэмы, начиная со второй ее редакции, представляет собой чрезвычайно эмоциональ-
ное обращение Амана к Рыси. Кроме того, начиная со второй редакции, стихотворение «Кактус рас-
цветает раз в столетье ночью…», служащее лейтмотивом всей поэмы и приобретающее в финале чер-
ты взволнованного любовного послания, принадлежит уже не Жаппасу, как в первой редакции, а
Аману.
В полном соответствии с такой тенденцией в поздней редакции значительно меньше внимания
уделено творческой деятельности Амана. Этим дается понять, что вопросы творческого метода и во-
С.Н.Машкова
62
Вестник Карагандинского университета
обще литературы в поэме имеют второстепенное значение. По той же самой причине в поэме умень-
шено количество реминисценций из В.Маяковского по сравнению с первой ее редакцией. Кроме того,
следует обратить внимание на то, что в сцене разговора Амана с почтальоншей в первой редакции об
Амане говорится в третьем лице, во втором же случае именно он является субъектом речи и субъек-
том сознания этого фрагмента.
Таким образом, проанализировав и сопоставив две редакции поэмы «Кактус», можно сделать
вывод, что основным направлением редактирования стал образ Амана, который постепенно все
больше утрачивает черты, давшие основание рассматривать его как лирического героя. Возможно,
что такие изменения стали следствием развернувшейся вокруг поэмы многолетней дискуссии, участ-
ники которой, независимо от их аксиологической оценки образа Амана, были склонны трактовать его
именно как лирического героя поэмы. Однако независимо от того, что именно побудило
О.Сулейменова к редактированию поэмы, работа шла именно в этом направлении.
Список литературы
1 Миль Л. В поисках «знака явлений» // Вопросы литературы. — 1970. — № 9. — С. 23–41.
2 Марченко А.М. Песнь песней или исторический детектив? // Вопросы литературы. — 1979. — № 9. — С. 41–59.
3 Аннинский Л. Вопросы и ответ // Дружба народов. — 1970. — № 6. — С. 266–269.
4 Каратаев М. Диалектика поэтических дерзаний // Собр. соч.: В 3 т. — Алма-Ата: Жазушы, 1987. — Т. 3. — C. 341–
382.
5 Медовников С. Возвышенное и земное // Радуга. — 1972. — № 8. — С. 165–175.
6 Ровенский Н. Кактусы и маки // Простор. — 1970. — № 6. — С. 96–99.
7 Сидоров Е. На мировом кочевье: о поэзии О.Сулейменова // Простор. — 1986. — № 3. — С. 195–198.
8 Турбин А. Бремя памяти: о стихах О.Сулейменова // Литературная газета. — 1970. — 17 июня. — С. 4.
9 Сулейменов О. Повторяя в полдень: Стихи разных лет. — Алма-Ата: Жазушы, 1973. — 288 с.
10 Сулейменов О. Глиняная книга. — Алма-Ата: Жазушы, 1969. — 251 с.
11 Захаренко Е.Н., Комарова Л.Н., Нечаева И.В. Новый словарь иностранных слов. — 2-е изд., стер. — М.: ООО Издат.
центр «Азбуковник», 2006. — С. 784.
С.Н.Машкова
О.Сүлейменовтің «Кактус» поэмасы: мəтін тарихына орай
Мақалада «Кактус» поэмасының екі дəйекті редакциясы қарастырылған. Бұл ретте басқаша мəтіндер
түгелдей ескеріліп, шығарманың жекелеген редакциясын дайындау барысында О.Сүлейменов енгізген
қысқартулар мен толықтырулардың нұсқалары талданған. Редакцияладың негізгі нысаны поэманың
басты кейіпкері — Аманның бейнесі болып табылды. Бұл кейіпкерді ақын өмірбаяндық белгілерден
бірте-бірте ажыратып көрсетіп отырады.
In the article there analyzed two consecutive editions of the poem «Kaktus». There were taken into considera-
tion all differences in separate expressions, that were introduced by O.Suleimenov during his preparing the
separate editions of the poem. The main area of edition is the image of the main hero of the poem — Aman,
who frees himself from autobiographical features by the poet.
Серия «Филология». № 2(66)/2012
63
ƏОЖ 82.0
Ө.Əбдиманұлы
Əл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы
Мағжанның ақындық əлемі
Мақалада Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы мен поэтикалық əлемі қарастырылады. Əйгілі
ақынның шығармаларын талдау негізінде оның ақындық шеберлігі, дүниетаным ерекшеліктері,
эстетикалық жəне рухани құндылықтары зерделенеді. Автор классик поэзиясындағы əдеби əдістерді,
шығармашылық эволюцияны, ағартушылық реализм, сентиментализм, символизм проблемаларын
зерттейді. Ұсынылған зерттеу М.Жұмабаевтың қазақ лирикасындағы жаңашылдығын көрсетеді,
бұның өзі қарастырылып отырған мəселенің қазіргі қазақ əдебиеттануында өзекті болып
отырғандығын көрсетеді.
Кілтті сөздер: ақындық əлем, шығармашылық, шеберлік, дүниетаным ерекшеліктері, рухани
құндылықтар, шығармашылық эволюция, ағартушылық реализм, əдеби əдістер.
ХХ ғасырдың бас кезі қазақ əдебиеті үшін өркендеудің басы болған, жазба əдебиетіміз жан-
жақты дамыған, көркемдік танымның жаңа биігіне көтерілген кезең болып табылады. Осы тұста
əдебиет ұлттық сананың оянуына өлшеусіз үлес қосып, ұлттық рухқа ерекше серпін берді. Қазақ
əдебиеті көркемдік ізденістер тұрғысынан да, жанрлық баю тұрғысынан да кемелдене түсіп,
алашшыл əдебиеттің қуат күшімен ұлттың ұлы мұраттарын алға тартты. Сонымен қатар қазақ
əдебиеті томаға-тұйық күйде қалып қоймай, шығыс жəне түркі əдебиетімен тығыз байланыстарға
түсіп, дəстүр жалғастығын жандандырды. Халқымыздың рухани-мəдени болмысы, соның ішінде
əдебиетте орыс жəне батыс əдебиетімен байланыстарға түсіп, кəсіби əдебиет талаптарына жауап
беретіндей деңгейде даму жолына қадам басты.
Бұл байланыстар сан-салалы болып келеді. Осы тұста төл əдебиеттің нəрін қанып ішіп, шығыс,
батыс əдебиеттерінің озық үлгілерін əдебиетіміздің даму үдерісіне негіз еткен ұлттық əдебиетті тың
өріске бастаған шығармашылық тұлғалар тобы шықты. Оның бастауында Шəкəрім, Ахметтер тұрса,
Мағжан сынды бір туар дарындар ұлттық əдебиетті асқарға алып шықты десе болғандай.
Сондықтанда біз əдебиет тарихында айрықша орны бар, поэзия əлемінде толған айдай толықсып
туған Мағжан Жұмабаев шығармашылығын ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі өзгеше
құбылыс деп білеміз, солай бағалаймыз да. Бұл, таласы жоқ, ақиқаттық шындық.
М.Жұмабаев поэзиялық туындылары арқылы қазақ лирикасы мен эпикалық жанрын өзге жарық
та жарқын жолға салған əдеби мұра болып табылады. Мағжанның қазақ əдебиетін дамытудағы
еңбегіне жəне əдебиетті өрісін кеңейткен жаңашылдығына осы тұрғыдан қараған жөн. Кезінде
мағжантанудың алғашқы кірпішін қалаған Жүсіпбек Аймауытов бұл туралы: «Қазақ əдебиетіне
Мағжанның кіргізген жаңалығы аз емес, орыстың символизмін (бейнешілдігін) қазаққа аударды,
өлеңді күйге (музыкаға) айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан бітірді, жаңа өлшеулер
шығарды. Романтизмді күшейтті, тілді ұстартты» [1], — деп ақын ұстанымының көркемдік
болмысын тап басып таныған болатын.
Ақынның өміршең əдеби мұрасының уақыт тезінен иілмей өтуінің де бір сыры осында жатыр.
Қуатты классикалық дүниеге айналуының құпиясына да осы тұрғыдан үңіліп, үлгі-өнегесінің дəстүр
болып қалыптасуының мəнін мен маңызын да осы сипаттан бағалауымыз қажет.
Жалпы Мағжан Жұмабаевтың ақын ретінде қалыптасу кезеңі қазақ тарихының отаршылдық
дəуіріндегі ұлттық сана оянуы, оянған сана жетегінде жаңа жол іздеп, елді бостандықтың бозала
таңына, жарық күнге шақыру дəуіріне тұспа-тұс келді. Шығармашылық болмысы қия шыңға қанат
қақтырған талапты да талантты ақын аласапыран дəуірдің барша қарама-қайшылықтарын жүрегімен
сезініп, тарихтың тар жол, тайғақ кешуін бастан өткере жүріп жетілді. Тағдыр тезіне иілмеді. Талқыға
салған тағдырдан қайрала да шыңдала түсті. Мағжан шығармашылығын идеялық тұрғыдан сынға
алған С.Мұқанов өзінің «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» кітабының Мағжанға арнаған тарауының
қорытындысында: «Ақындық жағына келгенде Мағжан, əрине, қазақтың күшті ақындарынан
саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, əдебиетіне жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі
көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ» [2], — деп шындықты ашып
айтады.
Ө.Əбдиманұлы
64
Вестник Карагандинского университета
Саналы ғұмырын сөз өнері арқылы өмір мəнін түйсінуге арнаған ақын дүние-тіршіліктің сан-
салалы құбылысын көркемдік шындықпен шырайландыруға ұмтылды. Шығармашылық
ұстанымының өзі айқындаған сара соқпағынан еш айнымаған ақынды сол тауқыметі мол жылдар тез
есейтіп, қиялына қанат, қаламына қайрат бітіріп, ұлттың ұлы ақынына айналар даңғылға алып
шықты.
Бұл туралы кезінде академик С.Қирабаев: «Мағжан бүкіл ұлтқа тəн ұғым-сезімнің, поэтикалық
өнердің шекарасын кеңейтіп, қазақ əлемінің жан дүниесін ашып берді. Оның таза қазақтық рухы
кімнен де болса жоғары. Мағжан суреткерлігі бүкіл қазақтың өмір үшін күресі мен қайғысын тұтас
қамтиды. Халықтың сан-салалы тіршілігінің ол үшін бөтені жоқ. Бəрі де Мағжан қаламында өлең боп
ойнап, сыңғырлап, сылдырап, жалтырап кетеді. Барлық ұлы ақындар сияқты, Мағжанға да шындықты
сезінудің сиқырлы күші дарыған. Мағжан ақындығының құпиясы оның өз тұсының шындығын дəл
бейнелеуінде ғана емес, өлеңінің сиқырлы күшінде. Ол бірде өмірдің күлкісіндей қуанышты
бейнелесе, бірде жылаған, қайғы тұтқан қазақтың жан сезімін көрсетеді, ақын осындай алмасып,
ауысып жатқан дүниенің бір сəттік қозғалысын көз алдыңа əкеледі жəне ол лып етіп өте шығады.
Мағжанның ақындық жолының күрделілігі де осында» [3], — деп Мағжан ақындық болмысының
табиғатын тап басып таныған-ды.
Иə, шындығында да, Мағжан жан дүниесіндегі екі ұдай күрес оның поэзиясында айқын белгі
беріп тұрады. Адами, азаматтық ой тартыстан жаралып, қоғамға, қоршаған ортаға деген налыс пен
реніштен туындайтын көркемдік түйіндер бедері лирикасындағы мұңлы толғаныс, өксікті өкініш,
шерлі қайғы, күйініш арқылы көрініс тапса, құрыш қуаттан өрілген романтикалық өршілдік мөлдір
махаббат, сұлу сезім, сəулелі қуаныш, асқақ арман, мерейлі мақсат, үкілі үміт əлдилеген рухты жыр
арқылы өріледі. Ұлы суреткердің шығармашылығындағы тарихтың қатпарлы сырын терең түсіну,
өткенді бажайлау, болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар
замананың сындарлы сындарымен астасып жатады.
Мағжан Абай дəстүрін жаңашылдықпен дамыта алды. Ол Абайдағы ой-толғанысты сұлу
сезіммен əрлей, əшекелей отырып сананы ғана емес, жүректі де баурады. Жүректен шыққан сөзді
жүрекке жеткізе білді. Сезімге тіл бітіріп, тəнге тəн тəтті сырды жанға дəру етті.
Мағжан өз поэмалары арқылы эпикалық жанрдағы ой-толғамды, саяси-əлеуметтік мəні зор
мəселелерді алға тартқан сыр толғауға айландырып, тарихи деректі ақындық қиял арқылы дамытып,
тарихи шындықты көркемдік шешім арқылы көркемдік шындыққа айландырды.
Оның «Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Жүсіп
хан», «Өтірік ертек», «Тоқсанның тобы», тағы басқа поэмалары — қаһарман тағдырын ел
тағдырымен астастырған, ел тағдырын ер тағдырымен ұштастырған, екі тағдыр шешімін көркемдік
шындықтың желісімен жымдастырған егіз шындықтың еншісін бөлген туындылар. Осы тұрғыдан
алған да мағжантанушы Ш.Елеукеновтің: «Қазақ поэмасының басында Мағжандай ақынның тұруы
бұл жанрдың бағын ашты. Кеңес тұсында мансұқталғанына қарамастан, Мағжан сеуіп кеткен дəн
булығып болса да əр тұстан өркен тебетін» [4], — деген пікірге шараң жоқ.
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы — эстетикалық талғам-танымнан мəйегінен нəр алған,
мазмұн мен пішін бөлінбес бірлікте тұтасқан бүтін дүние. Сондықтан Мағжан шығармашылығынан
қазақ поэзиясының жаңа буыны басталады десек, артық айтқандық емес. Ақын лирикасының
құдіреттілігі оның пішіндік сонылығы, тіл шұрайлығы, образдық дəлдігі, мазмұн байлығы арқылы
ерекшеленеді. Толғауы тоқсан ой-толғамдарының жаңашылдығы, сурет қанықтығы, сөз ойнату
шеберлігі бəрі жинақтала келе, Мағжан поэзиясының өзгеге еш ұқсамас өзіндік айырым-белгісін
айқындайды. Оны енді-енді байыптай бастадық.
Бүгінде мағжантану қанатын кеңге жайып келеді. Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы
жайында қалам тартып жүрген əдебиетші-ғалымдар Т. Кəкішев, Ш. Елеукенов, Б. Қанарбаева,
Е. Тілешов, Б. Кəрібаева, Д. Қамзабек, А. Шəріп, тағы басқа ғалымдар еңбектерінде ақын мұрасы сан
қырынан сөз етіліп келеді. Мағжан жайлы жазылған дүниелердің ішінен, төмендегідей еңбектерді
айрықша атап өтуге болады. Ш.Елеукеновтың «Мағжан» атты еңбегі ұлы суреткердің өмірі мен
шығармашылығын жан-жақты саралауға арналған тұңғыш көлемді зерттеу болды. Автор мұнда
ақынның өмір өткелдерін жəне шығармашылығының кезеңдерін терең зерделеген. Ғалым
Т.Кəкішұлының «Мағжан мен Сəкен» ғылыми эссесі екі ақынның өмірі мен шығармашылығын архив
мағлұматтарымен бекітіп, тарихи деректерге сүйене отырып, көркемдік талдаулар жасауымен құнды.
Б.Қанарбаева «Жырымен жұртын оятқан» атты монографиясында Мағжан Жұмабаев
шығармаларының фольклорлық қырлары, дəстүр мен жаңашылдық жөнінде ой толғайды.
Мағжанның ақындық əлемі
Серия «Филология». № 2(66)/2012
65
Е.Тілешовтің «Суреткер жəне көркемдік əдіс» монографиясында ақынның шығармашылық
эволюциясы, ақын поэзиясындағы ағартушылық реализм, романтизм, сентиментализм, символизм
көркемдік əдістері кеңінен қарастырылады. М.Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық
сарында жазылды. Ол түсінікті еді.
Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға
тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық идея бұл кезең
əдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дəстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін
жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін «Алтын хакім Абайға» деп атауының өзінен ақынның ұлы
Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы əр түрлі келеңсіз мінез-
құлықты, əрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге
шақырады. «Жазғы таң», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Қазағым», т.б. өлеңдерінде ақын осы
тақырыптарды көтерді.
Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінде ел мен жер тағдырына алаңдаушылық
басымдау көрінеді. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің əрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол:
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін де өнер-білім ашып жатыр [5; 15], —
дей келіп, қазақ арасында білім мен білмекке ұмтылыстың əлі де кейіндеу жатқанына өзегі өртене
өкініш білдіреді. Шындығында, Мағжан дəуіріндегі қоғамдағы көрініс қандай еді?.. Мыңды айдаған
байлар мал қамында, оқыған-зиялылар шен қамында. Отаршылдықтың қасіретін тартқан халық ұлт
ретінде жойылып кетудің аз алдында. Бұл кезеңді «Ері қамауда, малы талауда», — деп Ахмет
Байтұрсынұлы дəл тауып айтқан. Елден бірлік кеткен, біліктіден билік кеткен кер кез еді бұл. Міне,
Мағжанды өксітетін жайт. Өкініш көп, үміт аз. Қайтпек керек? «Үмітсіз — шайтан» деп білетін
халықтың ұлы Мағжанның ендігі тілегі де, тірегі де, үміт артары да, əрине, ұлт азаттығын ту көтерген
қайтпас-қайсар жаңа дəуірдің қаһарман ұландары. Өзінің:
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте — бұлт, жерде желмін гулеген,
Жер еркесі — желдің жөнін кім сұрар? [5; 79], —
деп басталатын «Мен кім?» атты өлеңінде Мағжан өзі қадірлейтін осындай айбатты да қайратты, адал
да ұлт күрескерінің айбынды бейнесін ашып береді. Ақынның лирикалық «мені» — романтикалық
ұлы қуатқа ие, азаттықты аңсаған, əділетті көксеген, арманы биік, ерекше жаралған, ерен тұлға.
Ендеше, ел үшін туған ерге тең келер күш болуы мүмкін бе?! Жоқ!
Өзім — тəңірі, табынамын өзіме,
Сөзім — құран, бағынамын сөзіме!
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе? [5; 80], —
дейтін лирикалық тұлға бойында санаға сиымсыз алапат күш бар. Бірақ ол — көркемдік шындықтан
сомдалған тұлға. Ондағы қаһармандықтың қуат-күші шынайы шындығымен сенімді.
Ақынның азаттық үшін күрес жолындағы арманын ақтайтын үміт отының бірі — «арыстандай
айбатты, жолбарыстай қайратты» жастар. Мағжан үшін жастардың орны бөлек. Оларды ақын Алаш
арманын болашаққа жеткізер, Алаш рухын алға жетелер алтын көпір деп біледі. Өзінің «Мен
жастарға сенемін» деп аталатын өлеңінде ол жастардың бойынан сұңқар ұшар биіктікті, тұлпарға тəн
жүйріктікті, имани күштілікті көре отырып, Алашқа бостандықтың бозала солар аттырарына сенеді!
Жастарды шабытты жырға қоса отырып, оларды мақтан тұтады. «Мен жастарға сенемін!» деген ұлы
сенім — Сұлтанмахмұттың «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам» деген ұлы
арманымен астасып жатыр.
Мағжан поэзиясындағы басты тақырыптың бірі — ел мен жер тағдыры. Жыр əлеміне қадам
басқан сəттен бастап-ақ, ұлт азаттығын жыр арқауының өзегіне айналдырған ақын туған елінің өткен
тарихынан ой маржанын теріп, кейінгінің өткеннен сабақ алуының мəні зорлығына назар аударады.
Ақын көркемдік қиял арқылы тарихи деректер қатпарынан шын шындықтың шешімін тапқысы
келеді. Ақын «Өткен күн» атты өлеңінде Алтай мен Атыраудың арасын ен жайлаған «аталы
жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың» бір кездегі еркін өмірінің шырқын бұзған отаршылдық дəуірді
айта келіп:
Өткен күнді ойласам,
Ойға терең бойласам,
Ө.Əбдиманұлы
66
Вестник Карагандинского университета
Кешегі қайран қазақтың
Сəулеті мен дəулеті
Көз алдыма келеді [5; 66], —
деп, өткенді аңсайды, надандықтың, бірліктің жоқтығынан «қолда бар алтынның қадірін»
білмегендікке өкінеді.
Күшің кеткен баяулап,
Жүрсің атсыз жаяулап,
Ит надандық желкеңде
Шабайын деп аңдып тұр
Қылышын ұстап таяулап [5; 67], —
деп, халық басына төнген қатерді бейнелі суреттейді.
Қазақ даласына ақ пен қызылдың қырғынын əкелген 1917 жылғы оқиғалар кезеңіндегі аумалы-
төкпелі жағдайды жырлағанда да ақын осы бір көркемдік шыншылдықтан айнымайды. «Бостандық»,
«Есімде... тек таң атсын», т.б. өлеңдерінде ақын ұлт бостандығы жолындағы күрестегі ұлы
мұраттарын айқындайды. «Бостандық» өлеңінде қуана отырып, бостандықтың рухын кіршіксіз пəк
періштеге теңейді.
Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние арпалысып, өзгелер қай
жеңгенің менікi деп тұрғанда, ізгі тілектен бір таймаған ақын халқына тəуелсіздік таңын тəңіріне
жалбарына отырып тілейді. Əйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі, үміті басымырақ ақынның.
Осындай көңіл күйде жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі — «Сағындым». Мағжан мен Сəкеннің өмірі
мен шығармашылығын мұрағаттық деректер мен шығармалары негізінде салғастыра отырып
қарастырып, талай мəлімсіз жайттың қатпарын ашқан ғалым Т.Кəкішұлы бұл өлең туралы мынадай
түйінді ой түйеді: «Мағжанның түрмеде отырғанда жазған «Сарғайдым», «Сағындым» өлеңдері
абақтыдағы ақынның жан сырын, хал-жайын көркемдікпен елестеді жəне мұң-шері жағынан
Сəкеннің Колчак түрмесінде шығарғандарымен үндеседі..» [6]. Шындығында да, өлең абақтыда
отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді. Тар қапаста отырған ақын туған жері — сайын
даласын, ақ сүтін берген анасын, туған ел-жұртын, сезімге адал сүйген жарын сағынады.
Сағынышының ең зоры — бостандық.
Бостандықта өткен күнді сағындым,
Желдей зулап кеткен күнді сағындым.
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,
Ойдағыны, өткен күнді сағындым [5; 127], —
деп, ол еркін өмірдің жарқын күндерін аңсайды. Еркін күндер елесінің қиялына ерген ақын, елін
еркіндікке жеткіземін деп абақтының азабын тартып отырғанын өлең өзегіне айландырады. Онда
мұңнан гөрі, жеке адамның көңіл-күйіндегі кейбір толғанысты сəттердің суреті басымырақ. Ақын
жырында болашаққа сенім мол.
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! [5; 128] —
деген жолдарда Мағжанның ұлтына, халқына деген шексіз махаббаты сезілсе, одан кейінгі
Қалың елім, қалың қара ағашым,
Қайраты мол, айбынды ер, алашым!
Өзі-ақ құлар, сырын берме, сабыр қыл,
Ақымақтар байқамаған шамасын [5; 128], —
деген жолдардан оның ертеңгі болашақтан үміті, қалай болғанда да осы қиындықтың артында азат
күндердің келеріне деген сенімі көрінеді.
Өмірге құштарлық, айналасындағы адамдарға, туған табиғатқа, жер-анаға ғашықтық туралы
ойлар — Мағжан өлеңдерінің басты сипаттарының бірі. Ақын нені жырласа да, ерекше сезіммен,
шын жүректен жырлайды. Сол себепті де оның өлеңдері сыршыл да, сазды да, бейнелі. Мағжан не
жазса да суреттеп жазып, образбен береді. Ақын поэзиясында адам мінезі мен табиғат құбылысы
астасып жатады. Қай шығармасында болмасын Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Ол
туған табиғаттың сұлулығын паш етіп, адам мен табиғат бірлігінен жарасымдылық табады.
Мағжан туған табиғатты жырлағанда, кіршіксіз тазалықты, сезімнің тұнба тұнығын содан
іздейді. Ақынның шерлі жүрегі содан ғана тағат тапқан. Ақынның табиғатты жырлаған өлеңдері:
«Қайық», «Жел», «Толқын», «Көкшетау», «Алатау», «Жазғытұрғы», «Күз» жəне т.б. Оның лебінен
жылылық ескен əдемі өлеңінің бірі — «Жел».
Мағжанның ақындық əлемі
Серия «Филология». № 2(66)/2012
67
Мазасы жоқ жел ерке,
Оянып, ап тым ерте,
Жорғалай басып кетеді.
Тыныш жатқан түс көріп,
Көлдің бетін кестелеп,
Оны əуре етеді [5; 129].
Мұнда ақын желдің «ерке мінезін», ешкімге мойынұсынбас еркіндігін баса жырлайды. Өйткені
ақын жаны да сол еркіндікті аңсайды. Осы тақырыптағы озық үлгідегі өлеңінің бірі — «Толқын».
Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады,
Толқынмен толқын жарысад.
Күңіренісіп кеңеспен,
Бітпейтін бір егеспен,
Жарысып жарға барысад…
Сылдыр, сылдыр сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді,
Береді де өледі,
Өледі толқын, тынады [5; 135, 136].
Ақын тілсіз де тылсым толқынға жан бітіріп, жансыздан жанды сурет жасайды. Мұнда
толқынның да өмірі мəңгі емес деген пікір жоқ. Өлеңнің ішкі сырына үңілсек, толқын өлімі —
мəңгілікке жалғасқан өлім, жарына бел беріп, рахат тапқан өлім, ол мың қайталанып, мəңгілікке
ұласқан тынымсыз тіршілік. Мағжан — поэзиядағы саздылық, əуезділікке баса назар аудара отырып,
еуропа, орыс символистерінің өлеңдерінен дəстүр тапқан ақын. Мағжан символизмі туралы
мағжантанушы Б.Қанарбаева: «Мағжан — батыс əдебиетінде ХІХ-шы ғасырда, орыс əдебиетінде ХХ
ғасырдың басында гүлдене бастаған символизмді, қазақ əдебиетінің топырағында түрлендірген ақын»
[7], — деп əдемі айтқан. Иə, Мағжан — еуропа ақындарының шығармашылығындағы мөлдір
бұлақтан сусындай отырып, оны қазақ поэзиясының сұлулығымен үндестіре білген ақын. Мағжанның
жаңашылдығын осы тұрғыдан таныған жөн.
Мағжан — қазақ поэзиясының жарық жұлдызы ұлы — Абайға еліктей отырып, ұлы ұстаз жолын
ұстанғанмен, өзінше жол табудан əсте жалықпай, көп ізденген жан. Өлеңдеріндегі табиғат суреттері,
оның тылсым шақтары ақын көңіл-күйімен, мұң-қайғысымен, қуаныш-шаттығымен қат-қабат келіп
отырады. Осының бəрі тұтаса келіп Мағжан суреттеп отырған дəуірдің бейнесін толық ашып береді.
Сондықтан да бейнешілдікті ең шырқау биігінде көрсету үшін, ақын өз басындағы қайғы мен
қасіретті, мұң-зарды халық басындағы ауыр күндермен астастыра жырлайды.
Қап-қара түн. Түн баласы күңіренед.
Күңіренумен бір-біріне үн беред.
Сөгінеді, сүрінеді, жығылад,
Қара түнде көр көзімен не көред?!
Қап-қара түн. Шегір көзді жындар жүр,
Қап-қара түн. Қайғы мен қан ойнап тұр,
Қайғы менен қара қанға тұншығып,
Түн баласы ауыр ойлар ойлап тұр.
Қап-қара түн. Уақыт ауыр өтеді,
Ой артынан ойлар келіп кетеді.
Түн баласы көр көзінен жас төгіп,
Күн шығыстан бір пайғамбар күтеді [5; 52].
«Пайғамбар» өлеңіндегі осы жолдар Мағжанды ұлтының ғана емес, бүкіл əлем жоқшысындай
танытады. Батыс халықтарының басындағы қайғы-қасіретті түнге, жай түн емес қап-қара түнге
ұқсатуынан осыны байқаймыз. Қап-қара түнді жанды бейнеге айналдырған ақын оған ауыр ой
ойлатады, «көзінен жас төккізеді», сөйтіп өлең мазмұнын тереңдетіп, қасірет сарынының күшеюіне
күш салады. Ақын əлемді құтқарушы — Шығыс деп, Күнді азаттық символына айналдырады.
Мағжан тек өлеңнің ішкі мазмұнына ғана емес, сыртқы түрі мен сөздерінің бейнелі қолданысына
қатты назар аударған ақын екендігін жоғарыда айттық. Ол қандай сөз қолданса да талғап, ой
Ө.Əбдиманұлы
68
Вестник Карагандинского университета
таразысынан өткізіп, өлеңнің ішкі-сыртқы тұтастығының сай келіп отыруын көздеген. Өйткені оның
өлеңдерінен басы артық, бос сөздерді кездестіре алмайсыз. Қай өлеңін алсаң да белгілі бір ырғақпен,
əдемі əуезбен, сөз өнерінің сиқырлы əлеміне тарта береді. Сондықтан да Мағжанның «суретті,
кестелі, көркем сөзі» — ешкімге ұқсамас өзіндік өрнек. Мағжан өлеңдеріндегі сұлу сезім оның
махаббат тақырыбындағы өлеңдерінен айрықша сезіледі. Ақынның мөлдір сезімі жан сыры арқылы
өріліп, өлең жолдарынан өзгеше шуақ төгеді.
Мағжанның махаббатты — жүрекке қуат берер, нəр берер асыл сезім деп бағалауы — азаттық
оймен астасып кеткен өзгеше бір түйін. Ақынның осы бағытта жазған өлеңдерінің бірі «Сүй, жан
сəулем» — махаббаттың асыл мұратынан, тұнық сезімінен жаралған жыр маржаны.
Сүй, жан сəулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы тəтті у тарады қаныма.
Бұл лəзаттың бір минутын бермеймін
Патша тағы, бүкіл дүние малына…
Сүй, жан сəулем, тағы да сүй, тағы да
Жылы тəтті у тарады қаныма.
Жасағаннан бір-ақ нəрсе тілеймін,
Өтпесе түн, атпаса екен таңы да [5; 94].
Осы өлеңде ақын махабаттың бір сəттегі қызыққа, лəззатқа толы шағын тұмса күйінде жеткізіп,
«Бұл лəззаттың бір минутын бермеймін, Патша тағы, бүкіл дүние малына» деп, бүкіл ақыл-ойды,
жан-дүниені сезім жеңген сəттің жанға дəру шынайы шыншыл суретін жасайды.
Мағжанның əуезділігі күйше күмбірлеп келетін, оқыған сайын əдемі əн тыңдағандай мейірің
қанатын өлеңдері жетерлік. «Жұлдызды — жүзік, Айды алқа ғып берейін», «Жан жарымды бір
сүйейін түсімде», «Шолпы», «Сүй, жан сəулем», «Сен сұлу» т.б. əсем лирикалары — міне осының
куəсі. Мағжанның бұл өлеңдері наздылық, саздылық, əуезділік, əсемдік жағынан əлемдік поэзия
жауһарларынан еш кем түспес сырлы дүниелер.
Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,
Хош иісті түрлі-түрлі гүл сұлу,
Əдемі аспан төбедегі көк шатыр,
Асқар тауы, дариямен жер сұлу.
Сылқ-сылқ күліп, сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып, қаңқылдаған қу сұлу,
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан,
Күн шығарда көтерілген бу сұлу [5; 96].
«Сен сұлудағы» сүйген жарына ессіз ғашық, жарына деген пəк сезімін сұлу суреттермен
өрнектеген ақынның жар сұлулығына деген «өзіндік» көзқарасы туған табиғаттың сұлулығымен,
іштей тоғысып жатыр емес пе?! Ақынның мың құбылған көркемдік кестесіндегі лапылдаған от
сезімнің жалынын сезіну үшін оны бір деммен оқып шығып, ыстық жүрек ынтығын шынайы
қабылдай білу керек. Сонда ғана ажарлы асыл сөзден жаралып, біртұтас болып құйылып түскен
сырты сұлу, ішкі иірімі мол, мағынасы терең жұмыр дүниенің бар болмысын тани түсеміз.
Иə, Мағжан — қазақ поэзиясында өзіндік жаңашылдығы мен дəстүр қалыптастырған, соны
ізденістері арқылы өзіндік өнерпаздығына ғана тəн əдеби əдістер əкелген ақын. Ахмет Байтұрсынов
ХХ ғасыр басындағы поэзияға азаттық сарынды арқау етсе, Мағжан қазақ лирикасына сыңғырлаған
нəзік əуез нəрін құйып, ұлттық рухты ұлттық сезімнен қуат алған өзгеше үнмен жырлады. Оның рухы
биік өршіл жырлары тəуелсіздіктің туын бикке желбіретер рухани құдірет.
Жалпы алғанда, Мағжан шығармашылығы — қазақ поэзиясына өзгеше леп əкелген, соны
шығармашылық ізденіс жемісі. Қазақ оқырманы Мағжан поэзиясын енді ғана тұщына оқып, «мың
қайталап», жанына лəззат тауып жатуының сыры осында. Қазақ əдебиеттану ғылымы оның ұлттық
ақын ретіндегі ұлылығын енді-енді тану жолына түсті. Мағжантану мəңгіге жалғасын табады.
Əдебиеттер тізімі
1 Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы // Бес арыс. — Алматы: Жалын, 1992. — 293-б.
2 Мұқанов С. ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті. — Алматы: Атамұра, 2008. — 242-б.
3 Əдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. — Алматы: Білім, 1995. — 133-б.
4 Елеукенов Ш. Мағжан. — Алматы: Санат, 1995. — 264-б.
Мағжанның ақындық əлемі
Серия «Филология». № 2(66)/2012
69
5 Жұмабаев М. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1989. — 448 б.
6 Кəкішұлы Т. Мағжан мен Сəкен. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1999. — 158-б.
7 Қанарбаева Б. Мағжан-символист. — Алматы: Экономика, 2007. — 37-б.
О.Абдиманулы
Достарыңызбен бөлісу: |