№2(66)/2012 Серия филология


Из истории формирования некоторых сакральных понятий



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата15.03.2017
өлшемі2,03 Mb.
#9987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Из истории формирования некоторых сакральных понятий  
в устойчивых словосочетаниях с компонентами числительных 
В  статье  рассматривается  формирование  некоторых  сакральных  понятий  в  устойчивых 
словосочетаниях с компонентами числительных в казахском и английском языках. Авторы отмечают, 
что  в  устойчивых  словосочетаниях  с  компонентами  числительных  ярко  выражено  лексико-
семантическое поле сакральных понятий. 
The article is devoted to the history of the sacred concept forming in fixed expressions with numerals in Ka-
zakh and English languages. The authors define a series of numbers which are considered to be sacred ones 
according some concept beliefs. 
 
 
 

30 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 811. 512. 122 ׳38 
Р.С.Мусина, М.Ə.Мəретбаева  
Карағанды «Болашақ» университеті 
Көркем мəтін жəне баяндау формалары 
Мақалада көркем мəтіннің коммуникативтік, тілдік жəне көркемдік ерекшеліктері негізге алына оты-
рып, баяндау формаларының тұтас мəтін жүйесіндегі орны мен қызметі, тілдік-құрылымдық сипаты 
басшылыққа  алынған.  Жалпы  мəтіннің  құрылу  ерекшеліктері,  қарым-қатынастың  ұйымдастырылу 
жолдары,  мəтін  төңірегіндегі  мəселелер  қарастырылады.  Мəтіннің  жан-жақты  зерттелуі,  қолданылу 
аясы  cөз  етіледі.  Мəтін  тіл  білімінің  ең  басты  бөлігі  ретінде  көрініс  табады.  Мəтін — қарым-
қатынастың, тіл табиғатының маңыздылығын танытатын біртұтас құрылым. 
Кілтті сөздер: коммуникативтік ерекшеліктер, тілдік ерекшеліктер, көркемдік ерекшеліктер, зерттеу 
формасы, тіл білімі, тіл табиғаты, тілдік сипаттама. 
 
Жалпы  мəтін — адамзаттың  тілдік  қарым-қатынасындағы  алғышарттар  мен  оның 
ұйымдастырылу  ұстанымдары  туралы  ғылым.  Мəселе  төңірегіндегі  қарқынды  да  жемісті  ізденістер 
дəстүрлі  тілдік  лингвистикадағы  стилистика,  соның  ішінде  көркем  əдебиет,  ғылыми  стильдер 
саласында жүйелі сипат алып келеді. Мұны сан алуан көзқарастар мен ұстанымдарды, қағидалар мен 
тұжырымдамаларды  тірек  ететін  ғалым-мамандардың  тақырып  төңірегіндегі  өзекті  мəселелерге 
арналған  ғылыми  еңбектерінен,  монографиялар  мен  ғылыми-танымдық  мақалалардан,  оқу 
құралдарының жарық көруімен, сондай-ақ мəселенің даму бағдарына арналған конференциялар мен 
симпозиумдардың  өткізіліп  жатқанынан  бағалауға  болады.  Тіл  зерттеушілерінің  мəтін  мəселесіне 
деген бетбұрысы олардың жалпы тілдік сана мəселесіне деген ықыласын аңдатады. Мұның астарында 
тілдік тұлға мен адамзаттың əлемдік образын ашу, тану ниеті жатқаны жасырын емес. Себебі əрбір 
мəтінде тілдік жүйеден хабары бар тілдік тұлғаның əрекеті орын алады. 
Мəтін  табиғатына  деген  қызығушылықтың  кездейсоқтық  еместігін  дəлелдейтін  факторлар 
баршылық:  тілдің,  қазіргі  тіл  біліміндегі  көзқарастар  тұрғысынан  қарағанда,  өте  ауқымды  да 
салмақты құбылыс екенін, коммуникацияның құрамдас бөлігі болып табылатынын түсіндіруге деген 
талпыныс,  мəтін  арқылы  жүзеге  асырылатын  адамзат  іс-əрекетінің  түрлі  жақтарымен  тілдің  өзара 
байланысын зерттеп тануға деген қадам, сонымен қатар мəтін арқылы жанды əрі сан қырлы болып 
келетін  тіл  болмысын  ашуға,  оның  заңдылықтарын  меңгеруге  деген  талап-ниет  арқылы  уəжделеді. 
Сондықтан тілдік зерттеу пəні ретінде оның басты əрекетінің бірі — мəтінді ұйымдастыру қызметіне 
тоқталудың өзектілігі орасан. 
Мəтін — өте күрделі қайшылықтарға толы тұтасқан құрылым. Осы тұтастықтың ұйымдасуына 
негіз  болатын  оның  композициялық-құрылымдық  формалары.  Композициялық  құрылымдық 
формалар — мəтіннің  негізгі  құраушы  компоненттері.  Мəтінде  баяндалатын  мəселе,  көрініс,  түрлі 
мағлұматтар  осы  формалардың  өзара  құрылымдық-мағыналық  байланысуының  нəтижесінде 
бейнеленеді. Бұл көбінесе көркем əдебиет мəтіндеріне тікелей қатысты. 
Көтеріліп  отырған  өзекті  мəселе  туралы  көрнекті  ғалым  М.М.Бахтиннің  «Текст  есть  как 
первичная  данностъ  гуманитарно-философского  мышления  и  является  той  непосредственной 
действительностью,  из  которой  только  и  могут  исходитъ  эти  дисциплины» [1] деген  пікірі  бүгінде 
мəтін лингвистикасы аталып отырған жаңа ізденіс бағытына жол ашатын бағдарлама бола алды. Бұл 
пікірді  неміс  ғалымы  З.И.Шмидт  те  қолдай  отырып,  мəтіннің  ең  алғашқы  құрылымдық  тұтасқан, 
базалық категория екендігін айтады. Қазіргі кездегі зерттеушілердің еңбектерінен де мəтіннің альфа 
мен омега екендігін баяндайтын тұжырымдамаларды келтіруге болады [2]. Олардың пікірінше, тілдің 
ең  басты  бірлігі  сөз  немесе  сөйлем  емес — мəтін  болып  табылады.  Тек  мəтіннің  өзі  ғана  жанрға 
тəуелсіз, дербес тілдік тұтастық құрайды. 
Мəтін  теориясы  саласында  елеулі  еңбек  етіп  келе  жатқан  неміс  лингвисті  П.Хартманның 
пікірлері  де  қазіргі  қазақ  ғалымдарының  мəтін  туралы  тұжырымдарына  негіз  болып  жүр. «Қазіргі 
кезде  мəтінді  зерттеуге  бағытталған  лингвистика  қалыптасып  үлгерді,  бұл  лингвистикалық  сала 
тілдік зерттеулер ішіндегі аса үлкен екпінмен дамып, ғылымға айта қаларлықтай жаңалықтар əкеліп 
жатқан  ғылыми  майдан.  Ол  лингвистика  мəселелерінің  диапазондық  аумағын  кеңейте  отырып, 
барлық лингвистикалық идеялардың — өткен, бүгінгі жəне алдағы ой-пікірлердің басын қосады. Тіл 

Көркем мəтін жəне… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
31 
білімінің бұл саласы болашақ лингвистикалық ізденістерге бағдар бола алады» деген пайымдаулары 
бүгінгі тіл білімінің даму бағыт-бағдарын дəл сипаттайды [3; 208]. 
Жалпы  тіл  білімінде  тіл  теориясының  жалпы  мазмұндық  аспектісі  əр  түрлі  бағытта 
қарастырылады.  Мəселен,  Л.В.Щерба [4], В.М.Жирмунский [5], Б.А.Ларин [6], С.Д.Кацнельсон [7] 
еңбектерінде  тіл  шынайы  практикалық  сана  ретінде  қарастырылады,  тілдің  санамен,  мəдениетпен, 
психологиялық əрекетпен байланысы сөз болды. Сол кездің өзінде аталған ғалымдар «мəтін» ұғымы 
туралы  нақты  тұжырымдамалар  жасамағанмен,  мəселенің  алғышарттарын  ашып  үлгерді.  Мұны 
Л.В.Щерба  негіздемесіндегі  үш  жақты  жүйенің  тілдік  материал  ұғымына  сүйенетін 
дискриптивистердің пікірлерінен байқауға болады. 
Мəтін  лингвистикасы  өз  кезегінде  бірқатар  тілдік  пəндермен  байланысып,  өзара  сабақтасып 
жатады.  Соның  ішіндегі  ғылымда  жиі  айтылып,  əдістанымдық,  теориялық  тұрғыдан  жүйелік  сипат 
алып  келе  жатқаны — мəтін  лингвистикасы  мен  лингвостилистика.  Лингвостилистика  саласының 
объектісі,  зерттеу  пəні — мəтін  типтерін  айқындау,  оларға  сипаттама  беру  болып  табылады. 
Функционалдық лингвистиканың лингвостилистикадағы ең маңызды тараулардың бірі екені белгілі. 
Екінші жағынан, мəтіндердің типін анықтау, мəтін деңгейіндегі типологиялық құрылымды жүйелеу 
мəтін  лингвистикасының  жетекші  бөлімі  болып  табылады.  Сондықтан  мəтін  лингвистикасы  мен 
лингвостилистиканың зерттеу обсерваториясы əрдайым бір арнаға келіп, тоғысып жатады. 
Лингвостилистиканың  маңызды  міндеттерінің  бірі  ретінде  тілдің  экспрессивтік  құрамдарының 
зерттелуін  атауға  болады,  яғни  əр  түрлі  деңгейдегі  тілдік  бірліктердің  экспрессивтік-эмоционалдық 
əлеуетін  қарастыру  жəне  оның  сөйлеу  əрекеті  кезіндегі  жүзеге  асырылуын  қарастырылуы.  Бұл 
стилистикалық  парадигматика  мен  синтагматиканың  өзара  əсерін  көрсетеді.  Отандық  тіл  білімінде 
стилистика  мен  мəтін  лингвистикасының  өзара  байланысы  изоляцияланбаған  тілдік  бірліктерді 
зерттеуге деген жалпы талпынысқа мүмкіндік бергені байқалады [8]. 
Белгілі  неміс  ғалымы  Э.Косернудің  пайымдауына  сүйенсек,  мəтін  лингвистикасы 
лингвистикалық  ой-санадағы,  құрылымдық-функционалдық  жəне  генеративтік-трансформациялық 
лингвистикамен  қатар  тұратын  негізгі  үш  бағыттың  бірі  болып  саналады [9]. Ол  жеке  дербес  тіл 
білімінің  саласы  ретінде  жаңа  ғана  қанат  жайып  келе  жатқанына  қарамастан,  тілдік  мəселелерінің 
ауқымдылығы жағынан жоғарыда аталған ғылым салаларымен иық тірестіре алады. 
Қазіргі  таңда  мəтін  лингвистикасының  даму  бағыты  ретінде  қалыптасып  келе  жатқан  бірнеше 
ағымды атауға болады. 
1. Негізгі  қасиеттері  тұтастық  пен  тығыз  байланыстылық  болып  табылатын,  ең  жоғары  жүйе 
ретіндегі мəтіндік зерттеулер. 
2. Мəтін  типологиясын  коммуникативтік  көрсеткіштері  жəне  соларға  қатысты  лингвистикалық 
белгі-қасиеттерімен бірге құрастыру. 
3. Мəтінді құрайтын бірліктерді қарастыру. 
4. Ерекше мəтіндік категорияларды анықтау. 
5. Мəтін  əсерінен  болатын  тілдік  бірліктердің  сапалық  дəрежелерінің  жүзеге  асырылуының  əр 
түрлі деңгейлерін айқындау. 
6. Фразааралық байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттеу. 
Мəтін  лингвистикасындағы  өзге  салалар  туралы  Қ.С.Қашқынбаева  неміс  лингвисті 
П.Хартманның мынадай жіктемесі барын алға тартады: 
1) жалпы мəтін лингвистикасы; 
2) нақты мəтін лингвистикасы; 
3) мəтін типологияларының лингвистикасы [3]. 
Мəтін лингвистикасы мəтіннің түрлі аспектілеріне кешенді талдау жүргізеді. З.Я.Тураева оның 
қазір де белгілі болған мынадай түрлерін көрсетеді: 
1) онтологиялық аспект — мəтіннің өмір сүру формасы, оның мəртебесі, статусы, ауызекі сөйлеу 
тəсілінен айырмашылығы; 
2) гносеологиялық  аспект — мəтіндегі  объективті  шындықтың  көріну  сипаты,  көркем  мəтін 
жағдайында — эстетикалық шындықтың нақты əлемдегі көрінісінің сипаты; 
3) жеке лингвистикалық сипат — мəтінді тілдік рəсімдеу сипаты; 
4) психологиялық аспект — қабылдау сипаты; 
5) прагматикалық  аспект — мəтін  авторының  объективтік  шындыққа  жəне  мазмұндық 
материалға деген қарым-қатынасының сипаты. 
Əрбір аспектіні жеке-жеке қарастыра отырып, төмендегідей тұжырым жасауға болады: 

Р.С.Мусина, М.Ə.Мəретбаева  
32 
Вестник Карагандинского университета 
1. Мəтінді  жоғарғы  дəрежелік  деңгей  ретінде  зерттеп  тану — мəтіннің  сөйлемдегі  қарапайым 
құрылымнан  ерекшеленетін,  күрделі  тұтасқан  құрылымдық-семантикалық  бірлік  екенін  көрсетеді. 
Коммуникативтік тұтастықпен жымдасатын бұл бірлік мағыналық, грамматикалық жақтан аяқталған 
тұтас  ой,  логикалық,  грамматикалық  жəне  семантикалық  байланысқа  түскен  бір  бүтін  ретінде 
қабылданады.  Мəтіннің  ауқымды  құрылымдық  базасын  құрайтын  сыртқы  жəне  ішкі  құрылымдық 
қарым-қатынастарды бақылау — зерттеудегі ең жемісті бағыттардың бірі болмақ. 
2. Мəтін  типологиясын  құрастыру  объектінің  өзіндегі  қайшылықтар  мен  үздіксіз  байқалып 
жататын  вариативтік  секілді  едəуір  қиыншылықтар  мен  кедергілердің  бары  екенін  алға  тартады. 
Дегенмен, аталған бағытта айта аларлықтай жемісті еңбектер де жоқ емес. Тіл білімінде бүгінгі күнге 
дейін  ертегілер,  балладалар,  лирикалық  өлеңдер  мен  мифтер,  детективтер,  қысқа  газет  мақалалары 
мəтіндерінің коммуникативтік, құрылымдық, семантикалық ерекшеліктерінің сипаттамасы жасалған. 
Бір ғана функционалдық стильге жататын мəтіндердің типіне сипаттама жасаумен қатар, мəтін 
типологиясын  жүйелеудің  басқа  да  өлшемдері  бар  екені  байқалады.  Мəселен,  Г.В.Ейгер,  В.Л.Юхт 
мəтін типологиясына деген екі түрлі жолды нұсқайды: 
1) біріншісі  мəтіндегі  өзара  үйлесімділіктің  типіне  сипаттама  жасауға,  сондай-ақ  мəтіннің 
коммуникативтік  ұстанымдары  мен  құрылымдық  семантикалық  ерекшеліктерін  зерттеуге 
бағытталған мəтін элементтерінің өзара байланысына негізделеді; 
2) екіншісі  структурализмнің  негізін  қалаушы  Р.Л.Якобсон  ұсынған  сөйлеу  актісі  үлгісінің 
аясында құрылуға негізделеді. 
Осылайша,  ақпаратты  жіберушінің,  таратушының  бағыттауына  қарай  мəтіннің  жекелік  немесе 
ұжымдық сипатын айқындауға болады. Жеке мəтіндерге көбінесе көркем шығармалардың мəтіндері 
жатады. Ал ұжымдық мəтіндердің қатарына ғылыми проза, ресми іскери сөйлеу мəтіндері кіргізіледі. 
Мəтін  түрлерін  зерттеуде  əсіресе  көркем  мəтінді  зерттеуге  ерекше  назар  аударылып  келеді. 
Көркем  мəтін  өзінің  сан  алуан,  көп  қырлы  қасиетіне  қарай  əдебиет  пен  лингвистиканың  зерттеу 
аумағынан  кең  түрде  қарастырылады.  Мəтіннің  түзілуі — бұл  күрделі  психологиялық, 
физиологиялық үдеріс. Мəтінді түсіну де, қабылдау да оқырманнан белгілі бір біліктіліктерді талап 
ететін  шығармашылық  үдеріс.  Оқырманның  мəтінді  түсіне  отырып  қабылдауы  əр  түрлі  танымдық 
деңгейде жүзеге асады. Көркем мəтінді əрі ғылыми, əрі көркем нысанға айналдыруға болады. Көркем 
мəтінді  ғылыми  тұрғыдан  қабылдағанда  оқырман  шынайы  шығармашылық  процесті  зерттеп, 
мəтінтанушы «автордың ерік-танымына» бағынбай, ондағы берілген мазмұн мен ойды, мəнді нəрсені 
мəтіннен  аршып  алуға  тырысады.  Ал  көркем  мəтін  ретінде  қабылдауда  оқырманның  авторға  деген 
сенімі  жоғары  болады  да,  ол  автордың  қалауымен  жүріп,  автордың  қиялы  мен  көркемдік  əлеміне 
еріксіз  еріп  отырады.  Көркем  мəтінді  ғылыми  əрі  көркем  құбылыс  ретінде  қабылдау  оның  мазмұн 
межесі  (мағынасы)  мен  тұрпат  (формасы)  межесінің  айрықша  болуына,  оның  қызметіне 
(эстетикалық),  ең  бастысы — мəтінтүзуші  автор  жəне  оны  қабылдаушы  оқырман,  оны  талдаушы 
мəтінтанушы  тұрғысынан  келгендегі  көркем  мəтіннің  көпқырлы  ерекшелігіне  байланысты  болып 
табылады.  Көркем  мəтіннің  осындай  күрделі  құбылыс  ретіндегі  сан  алуан  қасиет-сапасын  тану  тек 
қана тіл туралы білімдермен шектелмейтіні анық. 
Композициялық сөйлеу формалары (КСФ) мəтін құраушы бөлшектер болып табылады. 
Əңгімелеу,  суреттеу,  ойталқы  нақты  шығармада  бірнеше  сөйлемнен  құрылған  тұтас  мəтіннің 
үзінділерін  құрайды.  Əдетте  ол  əдеби  үдеріс  нəтижесінде  туындайтын  категориялар  деп  аталып, 
мəтін  композициясын  құрайтын  бірліктерге  сəйкес  келетін  мəтін  үзінділері  ретінде  қарастырылып 
жүр. Осы себептен де оларды композициялық-сөйлеу формалары деп атау қалыптасқан. Қазіргі мəтін 
лингвистикасында  оларды  өзіндік  тілдік  ерекшелігі, сипаты  бар  коммуникативтік-сөйлеу  əрекетінің 
көрсеткіші  деп  қарастыру  қалыптасып  келеді.  Яғни  мəтіннің  тілдік  таңбалық  ерекшелігінен  гөрі, 
олардың  коммуникативтік  ұйымдасқан  идеялық-мазмұндық  ерекшелігін  тану  мəселесі  ерекше 
маңызға  ие  болып  отыр.  Тіл  үшін  мəтін  ақиқат  өмірдегі  құбылыстардың,  білімдердің  таңбалық 
сипаты  маңызды  болса,  сөйлеу  үшін  мəтін — бұл  ойды  жеткізудің  құралы,  ойлау  əрекетінің  де 
нəтижесі  болып  табылатындығы  ерекше  мəнге  ие.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  КСФ-на  тəн  мынадай 
белгілерді атап көрсетуге болады: 
1. Ол айрықша мағыналық категория болып табылады. 
2. Ол идеалдық мағынаға ие жəне ол материалды таңбалардан тыс өмір сүре алмайды. Мəтіннің 
материалды таңбалық сипаты оның сыртқы қабығы болып саналады. 

Көркем мəтін жəне… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
33 
3. КСФ бұл тілдің емес, ойлаудың логикалық формасы. Бұл қандай да бір берілген мазмұнның, 
шындық өмір туралы берілген ақпараттың формасы, ал оны біз тілдік таңбалар арқылы тани аламыз. 
4. КСФ  қалыптасқан  типтік  формалық  сипатқа  ие.  Нақты  сөйлеуден  тыс  барлығына  бірдей, 
жалпыланған,  тілдік  тұрғыдан  сұрыпталған  жүйе,  сөйлеу  композициясының  біртектес  қалыптасқан 
формасы болып табылады. Күнделікті сөйлеу барысындағы сөздеріміз осындай КСФ-тардың идеялық 
формаларының нақты көрінісі болып есептеледі. 
5. А.Леонтьевтің  пікірінше,  композициялық-сөйлеу  формалары  сөйлеудің  аяқталған  бірлігі 
болып табылады. 
Осы  белгілердің  өзінен-ақ  КСФ-ның  лингвистикалық,  логикалық,  психолингвистикалық 
ерекшеліктерге ие күрделі құбылыс ретінде екенін көреміз. 
КСФ  ойлау  үдерісінің  құрылымын,  типін  жəне  ойлау  бөлшектерін  өзара  жəне  бір-бірімен 
байланыстырудың тəсілдері мен жолдарын бейнелейтін форма болып табылады. Ойлауды құрайтын 
маңызды бөлшектерге уақыт пен кеңістік жəне себеп-салдар жатады (1-сур.). 
Материяның  формасы  жəне  оның  жасалуы  əр  түрлі  болғаны  сияқты  оның  ұйымдасуының  да 
түрлі  жолдары  бар.  Алайда  оларды  екі  құрылымға  бөліп  қарастыру  қалыптасқан:  уақыт  құрылымы 
жəне кеңістік құрылымы, экстенсивті жəне интенсивті құрылымдар. Экстенсивті құрылым кеңістікте 
өмір сүрсе, интенсивті құрылым уақытқа байланысты өмір сүреді. Экстенсивті құрылымға бірыңғай 
заттарды байланыстырудың қалыптасқан түрлері тəн болса, интенсивті құрылымға себеп-салдарлық 
сипат тəн. Осыған сүйене келіп, құрылымдық байланыстың екі түрін ажыратуға болады: «əңгімелеу» 
(интенсивті құрылым) жəне «суреттеу» (экстенсивті құрылым). 
Сыртқы  өмір  уақыт  пен  кеңістік  шеңберінде  жүзеге  асып  қана  қоймайды.  Сыртқы  өмірдің 
сыртқы бейнелері суреттеуде немесе əңгімелеуде нақты тілдік көрініс алады. Бұл екі КСФ-тан басқа 
«ойталқы» деген түрі бар. Егер де оқиғаның, іс-əрекеттің уақыт ішіндегі өрбуі тұрғысынан интенсивті 
құрылымды шартты түрде əңгімелеуге тəн құрылым десек, ойталқыға логикалық құрылым тəн болып 
келеді. 
 
1-сурет. Мəтін құрылымын құраушы бөліктер 
Кеңістік қатарлас нəрселердің орналасу тəртібін көрсетсе, уақыт қатарлас нəрселердің бірін-бірі 
ауыстыруын,  себеп-салдар  бірінің  екіншісінің  пайда  болуына  əкелетін  құбылыстардың  байланысын 
көрсетеді. 
КСФ-ның  бұл  типтік  түрлерінің  модификациясы  əрқалай.  Құрылымы  жағынан  олар 
«классикалық»  үлгіде  немесе  күрделі,  аралас,  өзгермелі  құрылымды  болып  келуі  мүмкін.  Алайда 
мəтіннің  қандай  да  бір  модификациясы  (қалып  алуына,  формалануына)  сөйлеушінің  субъективтік 
ұстанымына тығыз байланысты болады. 
КСФ формалануына мыналар ықпал етеді: 
1)  шығармадағы уақыт межесі, яғни шығармада айтылып отырған объективті уақыт (фабулалық 
уақыт) пен субъективті уақыт (баяндау уақыты) үйлесімділігі; 
2)  шығармадағы оқиға, деректерді сипаттаудағы кеңістік үйлесімділігі. 
Шығармадағы  уақыт  пен  ақиқат  уақыттың  арасында  уақыт  жағынан  бірдей  немесе  алшақ 
қатынас орнауы мүмкін. 
Ақиқат  уақыт  пен  көркем  уақыттың  үйлесімділігі  шығарманың  көркем  уақыт  пен  кеңістіктегі 
үйлесімділігін жасайды. 
Себеп‐салдар
Уақыт
Кеңістік

Р.С.Мусина, М.Ə.Мəретбаева  
34 
Вестник Карагандинского университета 
Мəтінді  құрамдас  бөліктерге  ажырату  мəтіннің  мүшелену  категориясымен  тығыз  байланысты 
жүзеге  асырылады.  Оқырманның  хабарды  жеңілірек  түсінуі,  автордың  бөлшектер  арасындағы 
мезгілдік,  логикалық,  кеңістіктік  байланыстарды  бағдарлап  отыруы  сияқты  мəселелер  осы 
категорияның басты сипаттарына жатады. 
Сонымен, мəтіннің композициялық-сөйлеу формалары — табиғатынан екі жақты құрылым. Ол 
—  ойлаудың  бір  түрі,  яғни  сөйлеу  əрекетін  жүзеге  асырады,  əрі  сөйлеу  əрекетінің  бір  түрі,  яғни 
қатысым түріне жатады. 
Композициялық-сөйлеу  формаларының  əрқайсысы  тұтас  шығарманың  көркемдігін  жасауға 
қатысатыны  анық,  алайда  осылардың  қайсысы  қаншалықты  жəне  қалай  автордың  көркемдік  дара 
стилін  жасауға  үлес  қосатындығы  зерттеуді  əлі  де  қажет  ететін  үлкен  маңызды  мəселе  болып 
табылады. 
Əңгімелеу мəтіндері синтаксистік құрылымы жағынан басқа мəтін түрлеріне ұқсамайды. Оның 
лексика-грамматикалық  құрылымдарының  өзгешелігі  əр  автордың  сөз  баяндаудағы  стиліне  өзінше 
реңк береді. 
Көркем  шығарма  негізінен  көркемдікті  суреттеуге  құрылатындықтан,  онда  суреттеу  мəтіндері 
басым болып жататындығы заңды құбылыс. Тіпті қазақ əдебиетінде тек суреттеу мəтіндерінен ғана 
тұратын  көркем  туындылар  бары  белгілі.  Мəселен,  М.Əуезовтің  «Қыр  суреттері»  əңгімесі  осының 
жарқын  үлгісі  бола  алады.  Осы  сияқты  тек  əңгімелеу  мəтіндерінен  ғана  тұратын  көркем 
шығармаларды  атауға  болады.  Көркем  туындылардың  ішінде  ертегі,  мысал  жанрындағы 
шығармаларда əңгімелеу мəтіндері басым болып жатады. Себебі кішкентай оқырмандарға арналған 
бұл  шағын  жанр  шығармаларында  оқиғаның,  ойдың  бірізділігі  қатаң  сақталады  да,  оқушыны  өзіне 
оңай ілестіріп отырады. 
Мысалы: 
1)  Ертеде  бір шал  мен кемпір  болыпты. 2)  Олардың  үш  баласы, бес ешкісі  бар  екен. 3) Бір 
күні  үлкен  баласы  басқа  жерден  пайда  кəсіп  қылуға  талап  етіп,  өзіне  тиген  енші  ешкісін  сойып 
алып, етінен кемпір мен шалға бір түйір де берместен арқалап кетіпті. 4) Келе жатса бір өнерші 
байдікіне келеді. 5) Бұл байға өнер үйренуге ол жігіт жалданыпты (Ы.Алтынсарин. «Тазша бала» 
ертегісінен). 
Осындағы  сөйлемдердің  өзара  тізбектік  байланысы  олардың  əңгімелеу  мəтіні  құрылымына 
сəйкестігін танытып тұр (2-сур.): 
 
Темасы  
 
 
      Ремасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-сурет. Тізбектеле байланысқан əңгімелеу мəтіні 
Мұндағы  етістік  сөздердің  -ып/-іп/-п  көсемшелі  тұлғасы  тек  қана  оқиғаның  өткен  шақта 
болғанын білдіріп қана тұрған жоқ, оқиғаның бірізділігін, бірінен кейін бірі болғанын білдіріп тұрған 
ертегі  жанрына  тəн  ерекше  стильдік  элемент.  Бірінші  сөйлемнің  аяқталуы  мен  екінші  сөйлемнің 
басталу сипатына да ерекше жанрлық-стильдік ерекшелік тəн: 
 арқалап кетіпті → келе жатса — лексикалық қайталау; 
 бір шал мен кемпір болыпты → олардың — жіктеу есімдігі; 
 өнерші байдікіне келеді → бұл байға — сілтеу есімдігі. 
шал мен кемпір  
Ертеде 
Олардың  
Кəсіп іздеу 
Үлкен бала 
үш бала, бес ешкі 
кəсіп іздеп кету 
өнерші бай  
жалдану  
Бұл бай  

Көркем мəтін жəне… 
Серия «Филология». № 2(66)/2012 
35 
Мұндағы  бір  сөйлем  мен  екінші  сөйлемді  мағыналық  жəне  құрылымдық  жағынан 
байланыстырушы тəсілдер жалпы əңгімелеу мəтінінде ерекше белсенділікпен қолданылады. Осындай 
тəсілдердің  арқасында  əңгімелеу  мəтіндері  ауызша  əңгімелеу  стиліне  жақын  тартып  тұрады.  Осы 
сияқты ерекшелікті мына мысалдан да байқауға болады: 
Сонан соң бұлар бір үлкен көп ағаш көріп, соған келіп кіріпті де, өзі аралап ағаштың ішіне жүре 
беріптіСөйтіп жүріп бір ақ отау көріпті де, оған келіп кіріптіКіріп біраз отырған соң, екі пері 
қызы  ұшып  келіп,  сол  үйдің  төбесіне  қонып  отырып,  екеуі  бір-біріне  айтыпты  (Ы.Алтынсарин. 
«Алтын-Айдар» ертегісінен). 
Берілген  мысалдардағы  сөздердің  сөйлем  басында  қайталанып,  сабақтасып  келуі  оның 
фоникасына,  архитектоникасына  ерекше  əсер  етеді.  Қазақ  мəтінінің  фоникалық  (музыкалық, 
əуезділік)  құрылымын  (оркестровкасын)  зерттеу  қазақ  ғылымында  əлі  бел  алып  кеткен  жоқ. 
Поэтикалық өлең мəтіндерінің ғана дыбыстық əуезділік қасиеті кейбір ғалымдардың зерттеулерінде 
қарастырылғанмен, оның қара сөзге қатысты зерттелуі өз шешімін əлі де тапқан жоқ деуге негіз бар. 
Ол  туралы  Р.Сыздық  былай  дейді: «Бұл  жөнінде  (өлең-мəтіннің  фоникасы)  ішінара  З.Ахметовтың 
«Казахское  стихосложение»  жəне  біздің  «Абай  өлеңдерінің  синтаксистік  құрылысы»  деген 
монографияларымызда  сөз  болады.  Ішінара  дейтін  себебіміз  мынада.  Текстің  əуезділігі,  немесе 
дыбыстық эффект, тек қатар келген сөздердің басқы дыбыстары, я болмаса өлең жолдарының бірінші 
сөзі  біркелкі  дауысты  дыбыстан  басталып,  ассонанс,  біркелкі  дауыссыз  дыбыстан  басталып, 
аллитерация  құралуы  арқылы  ғана  пайда  болмайды» [8; 197]. Өлең-мəтінге  қатысты  бұл  проблема 
қара сөз мəтіндерінің де өзекті мəселесі болып табылады жəне ол əлі де зерттеуді қажет етеді. 
Жоғарыда келтірілген ертегі шығармалардағы əңгімелеу мəтіндерінде автор бейнесінің ІІІ-жағы 
айрықша стильдік қызметте келеді. ІІІ-жақ əрдайым бақылаушы, соның арқасында тыңдаушы оқушы 
да  сырт  бақылаушы  рөлінде  көрінеді.  Шығарма  бойынша  шығатын  ой  қорытындысы  мен 
тұжырымдар сол бақылаулардың нəтижесінде синтетикалық сипатта жасалады. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества: Сб. избр. тр. — М.: Сов. Россия, 1979. — С. 178. 
2  Шмидт З.И. «Текст» и «история» как базовые категории // Новое в зарубежной лингвистике. — М.: Прогресс, 1978. 
— Вып. VІІ. — 480 с. 
3  Қашқынбаева К.С. Ғылыми мəтіндердегі лингвостилистикалық ерекшеліктерді зерттеудің маңыздылығы туралы. — 
Алматы: Ғылым, 2006. 
4  Щерба Л.В. Избранные труды по русскому языку. — М.: Наука, 1957. — 230 с. 
5  Жирмунский В.М. О ритмической прозе // Русская литература. — 1966. — № 4. — C. 18–23. 
6  Ларин Б.А. Эстетика слова и язык писателя. — Л.: Изд-во ЛГУ, 1974. — 326 с. 
7  Кацнельсон С.Д. Краткий очерк языкознания. — Л.: Изд-во ЛГУ, 1941. — 120 с. 
8  Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. — Алматы: Мектеп, 1973. — 212 б. 
9  Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — Алматы: Санат, 1993. — 49 б. 
 
 
Р.С.Мусина, М.А.Маретбаева  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет