№2(78)/2015 Серия филология


Особенности формирования семантики производного слова



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата03.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#6467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Особенности формирования семантики производного слова 
В статье рассмотрены особенности формирования и семантики производных слов. Автором отмечена 
семантическая соотносительность производящих и производных основ, которые формируются в ходе 
развития производной семантики.  Кроме того, приведены мнения ученых касательно формирования 
семантики  производных  слов.  Дано  определение,  проанализированы  семы  в  структуре,  обобщены 
причины семантических изменений в словообразовании. 
 
A.K.Kupayeva  
Features of semantic development of derived word 
This article deals with the features of meaning formation of derived words in word formation and nominative 
function of derivatives. The author makes points on semantic connection and differences between base word 
and its derivation. In addition, this article narrates about views of different linguists on word formation mean-
ing of derived words. The author gives description of seme, which are kept in meaning structure of deriva-
tions and act in formation of meaning in different degrees. This seme has an impact on the complexity of 
meaning of derived word.   Moreover, this article gives the analysis of mechanisms of semantic change in 
word formation.  
 
 
References 
1  Oralbаyeva N., Kurmanlaliyev K. Genaral problems of theory of word formation, Pavlodar: Sytin publ. house, 2011, 348 p.  
2  Salkynbay A. Historical word formation (semantic aspect): Мonograph, Аlmaty: Kazakh University publ., 1999, 309 p. 
3  Gak V.G. Principles and methods of semantic analyses, Мoscow: Nauka, 1976, 379 p. 
4  Kassym B. Kazkh language and vitality of Kazakh language. Proceedings of scientific-theoretical conference devoted to the 
85
th
 anniversary of R. Syzdykh, Аlmaty, 2009, p. 188–190. 
5  Tikhonov А.N. Problems of linguistics, 1967, 1, р. 112–120. 
6  Kubryakova E.S. Types of Linguistic meanings. Semantics of derived word, Мoscow: Nauka, 1981, 200 p. 
7  Hakimziyanova D.F. Semantic derivation of verbs of physical reacting on object in Russian, Tatar and English.10.02.20 – 
Comparative-historical, typological and comparative linguistics: Abstract of disser. thesis ... cand. of philological science, Кazan, 
2008, p. 7. 
8  Mikhailov М.А. Speech nomination and morpheme distinction, Krasnoyarsk, 1989, p. 157. 
9  Historical Semantics and Cognition (Cognitive Linguistics Research 13); edit. by A.Blank; Peter Koch., Berlin; New York: 
De Gruyter Mouton, 1999, p. 22. 
10  Panov M.V. Potemkin MSPI, 1956, LI., 5, p. 129–165. 
11  Zaisanbayeva G.N. Metaphorical word formation: Scientific monograph, Oskemen: S. Amanzholov EKSU, 2012, 112 p. 
12  Suinzhanova Zh.K. Wordformation meaning of compounds. 10.02.02 – Kazakh language: Abstract of disser. thesis ... cand. 
of philological science, Аlmaty, 2009, p. 22. 
13  Lim A.K. Turkic Languages, 15, 2011. 
 
 
 
 
 
 

Серия «Филология». № 2(78)/2015 
39 
ƏОЖ 81-1:811.512.122 
Ж.З.Кадина, М.Ш.Қабанов, Б.С.Сатеева 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
(E-mail: kadina_71@mail.ru)  
Толғау поэтикасының ерекшелігі 
Поэтикалық мəтіннің прозадан өзгеше түсер жері ретінде сыйыстыру құбылысы да нақты дəлелденген 
жайт. Бұл ерекшелік жыраулар поэзиясының мəтіндерінен жиі кездеседі. Мақалада сөзді ықшамдап, 
ойды  кеңейту  үшін  жыраулар  ыңғайлас  құрылымдардан  тұратын  сыйыстырылған  периодтардың 
молдығына,  нақты  айтсақ,  толғаулардың  көбінде  оқиға,  пікір,  түрткі  себептерді  санамалап  келіп,  əр 
тармаққа  түйін  болар  сөзді  толғау  соңында  бір-ақ  айтқан  жерлеріне  тоқталған.  Авторлар  келтірген 
мысалдар негізінде толғауларда сыйыстыру (ықшамдау) бар дегенге тоқтам жасайды. 
Кілт сөздер: синтаксистік құрылыс, ырғақ, өлшем, сыйыстыру, жырау, үнемдеу, ықшамдау. 
 
Поэзияның  синтаксистік  құрылысына  тікелей  əсер  ететін  ырғақ,  өлшем  талаптары  бар. 
Осы талап  негізінде  өлеңді  сөздің  мəтінінде  прозалық  туындылардан  өзге  түсер  өрнектер  пайда 
болып  жатады.  Үнемдеу  құбылысы  осы  өзгешеліктің  бірі.  Олар — поэзиялық  шығармалардың 
мəтінінде ғана жүзеге асып, сол туындының айшықты өрнегі бола алатын тілдік амал.  
Тіл  білімінде  «тілдік  үнемдеу  (лингвистическая  экономия)»  термині  жайлы  Э.Д.Розенталь  мен 
М.А.Теленковалардың  сөздігінде  былай  делінген: «В  подобных  случаях  «экономия»  противостоит 
«избыточности» и имеет свое материальное выражение. Однако и в тех случаях, когда используемые 
языковые  средства  в  количественном  отношении  остаются  без  изменения,  но  появляются  удобные 
готовые модели, устойчивые сочетания, более совершенные унифицированные формы и т. п., можно 
говорить o лингвистической экономии» [1]. 
Бұл амалды «үнемдеу заңы» деп те жалпылауға болады. Оған қатысты ғалым Б.Сағындықұлы: 
«Біздің  байқауымызша,  үнемдеу  құбылысы  тілдің  бүкіл  жүйесін — фонетиканы  да,  лексиканы  да, 
морфологияны  да,  синтаксисті  де  қамтиды.  Алайда  бұл  заңдылық  тіл  білімінде  əр  түрлі 
терминдермен  аталып  жүр.  Мысалы,  ол  фонетикада  «элизия», «апакопа», «гаплология»  деп  аталса, 
лексикада  «метонимия»,  морфологияда — «сіңісу», «кіріккен  сөздер»,  синтаксисте — «эллипсис», 
«толымсыз  сөйлемдер», — дейді  де,  осы  терминдердің  барлығының  басын  қосып, «үнемдеу  заңы» 
деп атауды құп көрген [2].  
Ал  зерттеуші  Ж.Баймұрыновтың  қазақ  тіліндегі  үнемдеу  құбылысына  байланысты  жазған 
кандидаттық диссертациясында үнемдеу құбылысының психологиялық сипаты терең ашыла түскен [3]. 
Үнемдеу  құбылысы — көркем  туындылардағы  ерекше  ықпалды  тəсілдің  бірі.  Ғалым 
Қ.Өмірəлиев  ықшамдау  құбылысының  пайда  болу,  даму  жолына  байланысты  төменгідей  тұжырым 
жасайды: «Негізінен, сөздердің  ықшамдау  процесі  тілдің  эволюциялық даму,  қалыптасу  барысында 
күрделіден  оңайға қарай ұмтылу  əрекетінен  пайда  болады.  Ықшамдау  заңдылығының ауызекі  тілге 
тəн  екендігін  ескерсек,  егер  бұндай  ықшамдалған  тұлғалар  жиі  қолданылатын  болса,  бірте-бірте 
əдеби  нормаға  ене  бастайды.  Сонымен,  ықшамдау  заңдылығына  ұшырайтын  тілдік  бірліктер, 
біріншіден, жоғары жиіліктегі көп қолданылатын тілдік бірліктер, екіншіден, алдымен ауызекі сөйлеу 
тілінде пайда болып, кейіннен қолданыс нəтижесінде біртіндеп тілдік нормаға ене бастайды» [4]. 
Өз  кезегінде  бұлар  да  көркем  шығармалар  мəтіні  көтере  алатын  құбылысқа  айналады. 
Сондықтан ықшамдау амалы көбіне өлеңді туындының аясында қолданатын тəсіл ретінде танылады.  
Ықшамдау  құбылысы  синтаксистік  мəселе  болғандықтан,  бұлар  біздің  де  қарастырмақ 
нысанымызға  айналады.  Бұл  тəсілдің  негізгі  əрі  орамдысы — сыйыстыру.  Осы  турасында  белгілі 
ғалым Р.Сыздықова: «Өлеңнің синтаксистік құрлымының прозадағыдан айырмашылығының бірі де 
—  ықшамдау  (үнемдеу)  принципінде.  Бұл  процесті  тудыратын  мотивтер  де  əр  алуан,  олардың 
ішіндегі бастысы – белгілі бір айтылмақ ойды (не бөлшегін) өлеңнің белгілі бір бөлігіне (айталық, бір 
немесе екі тармағына) сыйғызу болады, яғни өлшем талабы, одан кейінгі ұйқас талабы, бұдан соңғы 
стильдік талаптар. Ықшамдаудың амалдары жəне сан алуан. Синтаксис саласындағы ықшамдаудың 
бір түріне, біздіңше, сыйыстыру тəсілі жатады. Ол өлеңге де, қара сөзге де тəн» [5], — дейді.  
Профессор  Т.Қордабаев  бұл  мəселеге  өзінің  «Тарихи  синтаксис  мəселелері»  атты  ғылыми 
еңбегінде: «Поэзия  синтаксисінің  тағы  бір  ерекшелігі — ондағы  сөйлемдердің,  синтаксистік 

Ж.З.Кадина, М.Ш.Қабанов, Б.С.Сатеева 
40 
Вестник Карагандинского университета 
элементтердің  орналасуы,  сыйысуы  жағынан  да,  олардың  көлемі,  саны  жағынан  да  күрделі  болып 
келуінде» [6; 187], — деп назар аудартады. 
Аталған  ғалым  поэзиялық  туындылар  мəтініндегі құрмаластардың  осындай  түзілісін  заңдылық 
деп  таниды: «Проза  синтаксисінде  сөйлемнің  ең  күрделі,  жайылыңқы,  көлемді  түрлерінің  бірінен 
саналатын  көп  бағыныңқылы  сабақтастардың  өздерінде  де  екі-үштен  артық  бағыныңқы  компонент 
келе бермейді. Бағыныңқы компонент саны одан арта қалса, айтуға да, түсінуге де көп қиыншылық 
келтіреді.  Ал  жыр  түрінде  берілген  өлеңдерде  бірнеше  компоненттердің  бір  басынқыға  жетектеліп 
айтылуы — заңды құбылыс» [6]. 
Ал  бірнеше  бағыныңқылы  құрмалас  сөйлемнің  жай  сөйлемге  айналу  мүмкіншілігінің  мүлдем 
жоқ екенін айта отырып: «Поэзияда өте орынды, үйлесімді етіп бір ғана сөйлемге сыйғызып берілген 
пікірді,  ойды  прозада  ондай  синтаксистік  бөлшектің  құрамына  сыйғызып  беруге  тіпті  мүмкін 
болмайды,  немесе  беріле  қалған  күнде  де  оның  құрылысы  мейілінше  күрделеніп,  ұғымы  ауырлап 
тұрады» [6; 140], — дегенді аңғартады. 
Өлеңді  шығарма  болғандықтан,  сыйыстыру  тəсілі  толғаулар  мəтіндерінде  де  орын  алады  жəне 
олардың  бойынан  біраз  көлемде  табылып  жатады.  Толғаулардағы  сыйыстыру  бір  басыңқыға 
бағындырылған 
бірнеше 
бағыныңқы 
түрінде 
сипатталады. 
Бұларды 
бағыныңқылар 
баяндауыштарының қосымшаларының түрлеріне қарай бөлгенді құп көреміз.  
Міне,  бұндай  сыйыстыру  түрін,  яғни  көсемше  жұрнақты  түрмен  келген  бағыныңқы 
сөйлемдердің топтасып бір басыңқыға бағынуын, ерекше атауымызға болады. 
Р.Сыздықова  көсемшенің  сыйыстыру  амалына  қатысты: «Сыйыстыру  амалы  көсемше 
тұлғаларын  пайдалану  арқылы  жүзеге  асырылатыны  мəлім.  Мағыналас  бірнеше  сөйлемнің 
алғашқыларының баяндауышын -ып жұрнақты көсемшемен беріп, оларды бір құрмалас сөйлем ішіне 
сыйыстыруды қазақ синтаксисі жиі қолданады» [5], — деп көрсеткен. 
Ақтамберді  жыраудың  «Күлдір-күлдір  кісінетіп»  деп  басталатын  толғауында  бұл  қосымшалы 
бағыныңқы  сыңарлар  тобы  мол  кездеседі.  Тіптен,  сол  толғаудың  көп  бөлігі  бағыныңқы 
компоненттері -ып көсемшелі сөйлемдер сыйыстырылған құрмалас сөйлемдерден тұратынын айтуға 
болады: 
Ағарып атқан таңдай деп, 
Шолпанды шыққан күндей деп, 
Май қаңбақта ағалардың 
Майданда дабыл қақтырып, 
Ерлердің жолын аштырып, 
Атасы басқа қалмақты 
Жұртынан шауып бастырып, 
Түйедегі наршасын, 
Əлпештеген ханшасын 
Ат артына мінгізіп, 
Тегін бір олжа қылар ма екеміз! [7; 122]. 
Ал  Үмбетей  жыраудың  «Бəкеге»  деген  толғауында  көсемше  баяндауышты  бағыныңқы 
сөйлемдердің əрқайсысы бір-бір тармақ көлемінде орналасқан: 
Тоқымы кеппей топтанып, 
Ел тануға аттанып, 
Жылқышысын дойырлап, 
Жылқыларын сойырлап, 
Көрші жұртты шулатып,  
Жаудай шаппақ не сұмдық! [7; 127]. 
Екі  толғаудан  берілген  жолдардағы  сыйыстыру  тəсіліндегі  бағыныңқы  сөйлемдер  тізбегін 
жасауға  ортақ  бір  негіз  себеп  болған.  Ол — ойдың  динамикасын  күшейту  мақсаты  (осы  тұста 
Абайдың  «Жаз»  өлеңі  туралы  айтылатын  ғылыми  пікірлер  еске  түседі).  Бұл  тақырыптық  идеяның 
толғаулар  бойында  бір  басынқыға  бағындырылған  сөйлемдер  жасауға  көсемшенің  -ып 
қосымшасының өте қолайлы екенін мына фактілер де айқын дəлелдей түседі. 
Доспанбет жырау:  
Күректей мұзды тоңдырып, 
Кірмембес суыр қолға бас болып, 
 

Толғау поэтикасының ерекшелігі 
Серия «Филология». № 2(78)/2015 
41 
Күңіреніп күн түбіне жортқанмын ... 
Ағарып атқан таңдай деп, 
Шолпанды шыққан күндей деп, 
Май қаңбақта ағалардың аты жусап жатыр деп, 
Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп, 
Жазы да көп жортқан екенбіз 
Арғымақтың талдай мойнын талдырып, 
Үйде қалған арудың 
Ақ иіндігі аударып [7; 69]. 
Бұқар жырау: 
Арыстанының барында  
Жорғасы болса мінісіп, 
Торқасы болса киісіп, 
Толғамалы қамшы қолға алып, 
Толғай да толғай дəурен сүрмес пе [8; 16]. 
Жалпы,  бұл  қосымшамен  келіп  бір  басыңқыға  бағындырылған  бағыныңқы  қатар  көптеп 
кездеседі. Оның өзіндік себебі де бар. Ол қимыл-сын бағыныңқылы тармақтардың үстемеленіп лек-
легімен  келу  қабілетінде  жатыр.  Нақты  айтсақ,  іс-əрекет,  қимылдың  бірінен  соң  бірі  үздіксіз 
болуынан. 
Тегі,  бағыныңқылардың  арасынан  қимыл-сын  бағыныңқысының  осындай  қолданысқа  икемді 
екені — заңды  құбылыс.  Қимылдың  сынын,  қалай  жүзеге  асқанын  білдіретін  жолдардың  үздіксіз 
берілуі  ырғаққа  да,  өлшемге  де,  стильге  де  қолайлы.  Орыс  тіл  білімінде  бұл  сияқты  түзілімдерді 
(ыңғайлас  құрылымдар  жарыса  беріліп,  соңынан  қорытынды  жасалатын  түзілімдер) «период»  деп 
атайды. 
Мұндай түзілімдер А.Байтұрсынұлының «өрнекті сөйлемдерімен» үйлеседі: «Өрнекті сөйлемдер 
деп  сөйлемдердің  бастары  қосылып,  кестелі  болып  құралуын  айтамыз.  Ондай  сөйлемдер  нақ 
текеметке, яки кілемге, салған түр сияқты болғанмен, өрнек-өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемді 
айтқанда, дауыс көтеріліп, төмендеп, əнше оралып, қайырылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлем 
оралым  (яки  шұбыртпа)  деп  аталады.  Оралым  екі  мүшелі  болады.  Бір  мүшесінде  пікір  тақырыбы 
болады да, екіншісінде пікір баяны болады. Сондықтан бастапқы тақырыпшы мүше делініп, екіншісі 
баяншы мүше делініп айтылады. Өрнекті сөйлемді иіріп-жиырып, жай сөйлемге айналдыруға болады. 
Жай сөйлемді жайып, далитып, өрнекті сөйлемге айналдыруға болады. Өйткені өрнекті сөйлем қанша 
үлкен болғанмен, бəріне қазық болатын бас пікір жалғыз-ақ болады» [9; 373].  
Сөйтіп,  мұндай  құрылымдар  толғаулардың  жанрлық  ерекшелігі  тұрғысынан  қарағанда  өзгеше 
бір фигура жасайды. 
Көсемшенің  болымсыздық  мағыналы  -й  қосымшалы  баяндауыштар  да  осындай  тізбек  жасай 
алады.  Мұнда  бұл  бағыныңқылар  қимыл  əрекеттің  сипатын  берген.  Əсіресе  ерлік  мазмұнды 
толғаулардың бойында болымсыздық мағынадағы  жұрнақты бағыныңқылы сөйлемдер тізбектеліп 
келіп, сол күйімен бір басыңқыға бағындырылған жерлерін жиі байқауға болады. Мұндағы тармақтар 
қатарының  дүркінділігінің  де  орнын  ерекше  атай  кетуге  болады.  Соның  салдарынан  туындының 
ұйқас қатары, ырғақ толқыны күшейе түскен.  
Шалкиіз жырау: 
Тау аралап жол салмай, 
Тас аралап құс салмай, 
Арқанының бауырын қыдырмай, 
Арғымақ ару атылар арытпай, 
Жат жерлерге бармай өзін танытпай, 
Өзден болмай би болмай, 
Атаның батыр туған ұлына 
Ойда жатымақ ұсар ма! [7; 89]. 
Үмбетей жырау: 
Жалғызбын деп шошымай, 
Еш малшыға қосылмай, 
Қара жерге отырмай, 
Күпіңді салып астыңа, 
Жең жастанып басыңа, 

Ж.З.Кадина, М.Ш.Қабанов, Б.С.Сатеева 
42 
Вестник Карагандинского университета 
Қол-аяғың төрт жақта, 
Жатушы едің сол шақта, 
Ұмыттың ба соны, Абылай!  [7; 132]. 
Бұқар жырау: 
Ел шетіне жау келсе, 
Өтініп оны ала  алмай, 
Алдына келген жақсының 
Қадірін оның біле алмай, 
Қадір-құрмет қыла алмай, 
Артында қалған жамандар 
Бас-басына тозбас па... [8; 16]. 
Нормативті  синтаксис  бойынша, -май, -мей  құранды  жұрнағы  шартты  бағыныңқылы  сабақтас 
жасалуының  өнімді  тəсілі  болып  есептеледі.  Ал  жыраулар  поэзиясының  синтаксистік  құрылысына 
қарай  отырып,  біз  оның  толғауларда  қимыл-сын  бағыныңқы  сабақтасты  да  жиі  жасайтынын 
байқаймыз. Жыраулар өз шығармаларында болымсыздықтың өзін істің орындалуының амалы қылып 
отырады. 
Бағыныңқылы  бөліктегі  баяндауыштар  жатыс  жалғаулы  есімшеден  болған  етістік  тұлғалы 
болып,  əрі  сол  тізбекті  түрде  бір  басыңқыға  бағындырылған  түрін  байқасақ,  ең  алдымен, 
А.Байтұрсынұлының  мына  бір  пікіріне  ден  қоямыз: «Өрнекті  сөйлемнің  тақырыпшы  мүшесіндегі 
пікір баяншы пікірге тіркес мағынада болғанда, жалғасыңқы оралым деп аталады: 
Тоғыз айға толғанда, 
Шамалы күн болғанда, 
Кіші жұма өткенде, 
Ұлы жұма жеткенде, 
Боз кемпірді қозғалтты, 
Ыңырантты, толғантты (Ерсайын) [9]. 
Осы  құрылымды  бірыңғай  бағыныңқылы  қатар  толғаулар  бойынан  да  кездеседі.  Іс-əрекет, 
қимылдың жүзеге асқан, болған мезгілін білдіретін бағыныңқылардың осындай құрылыммен келген 
тұстары көп. 
Асан қайғы:  
Ахыретке барғанда, 
Хақ қасында тұрғанда 
Қыдырдың өзі болғай жарыңыз! [7; 65]. 
Үмбетей жырау: 
Жиырма жасың толғанда, 
Алғашқы бақты тапқанда, 
Шырыштың басын қаққанда, 
Қанжығаңа бас байлап, 
Жау қашты деп айғайлап, 
Абылайлап шапқанда 
Ұмыттың ба соны, Абылай! [7; 133]. 
Бұл құрмалас сөйлем осы бөлікке бір топталады да, мұндай сипатты ерекшелік сол толғаудың келесі 
бір бөліктерін де қамтиды: 
Қалдан ханның əскері 
Іздеп сені əрі-бері 
Қапыда ұстап алғанда, 
Алып барып Тəшкенде 
Көр зынданға салғанда, 
Елің қыран қалғанда, 
Тоқсан жақсы үш жүзден 
Сені сұрай барғанда... [7; 133]. 
 
Анау бір жыл атанған 
Əскерді қырғыз қырғанда, 
Басынан оба қылғанда, 

Толғау поэтикасының ерекшелігі 
Серия «Филология». № 2(78)/2015 
43 
Ол хабарды ел біліп 
Көзіңнің жасын көл қылып, 
Қысылған əскер басының 
Қасына барып тұрғанда, 
Ақ боз атты шалғанда, 
Мойныңа кісен салғанда, 
Бабай түкті шашты Абыз 
Содан бата алғанда, 
Тілеуің қабыл болғанын 
Басыңа қыдыр қонғанын 
Ұмыттың ба соны, Абылай!  [7; 135]. 
Бұқар жырау:  
Мейманасың толғанда, 
Уақытың болғанда, 
Қарашың кетер қасыңнан [8; 46]. 
Мұнда да белгілі бір оқиғаның болған кезін үстемелеп беруде не ерекшелік бар деген ой туары 
хақ.  Автор  ол  қатар  арқылы  басқа  оқиғаларды  қосалқы  суреттей  алады,  əрі  бір  идеяның  шығу 
себептерінің көптігін білдіреді. 
Толғаудың  -ғанда, -генде  формасы  арқылы  жасалған  тармақтарында  əр    мезгілдік  сипат 
үдемелете  дамыту  болғанмен,  бұл  параллелизм  тұйықталып,  ой  бір  логикалық  тиянақ  тапқанда 
статикалық жай-күйді байқауға болады.  
Жыраулар  шығармашылығындағы  шартты  мəнде  келген  сөйлемдердің  маңызы  ерекше.  Олар 
өздері  қатыстырылған  мəтін  жолдарының  мазмұнын  аша  түседі.  Сондықтан  да  түйдектеліп  келген 
жырау  туындысының  тікелей  əсерінен  болатын  сыйыстыру  амалының  ендігі  бір  түрін  жасаудағы 
шартты  рай  формасының  ықпалын  көре  аламыз.  Бұған  бағыныңқы  бөліктегі  баяндауыштардың 
шартты рай -са, -се қосымшасымен келген құрмалас сөйлемдер жатады. 
Доспанбет жырау: 
Екі арыстап жау шапса, 
Оқ қылқандай шаншылса, 
Қан жусандай егілсе, 
Аққан судай төгілсе, 
Бетегелі сары арқаның бойында 
Соғысып өлген өкінбес  [7; 67]. 
Ақтамберді жырау: 
Ел шетіне жау келсе, 
Алдыңа, сірə, дау келсе, 
Батырсынған жігіттің, 
Күшін сонда сынаса, 
Баласы өсіп жетпесе, 
Сөзі көпке өтпесе, 
Жал құйрықсыз жалғыздар 
Олай-бұлай боп кетсе 
Əкесі сорлы қор болар [7; 106]. 
Контекстке байланысты алғанда -са, -се қосымшасы шартты бағыныңқылы сабақтасқа тəн, бірақ 
жыраулар  шығармаларындағы  кездесетін  жолдарда  бұл  қосымша  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас 
жасауға икем қолданылады.  
Шалкиіз жырау:  
Жығылғанды тұрғызсаң, 
Жылағанды уатсаң, 
Қисайғанды түзетсең 
Тəңірінің үйі бəйтолла 
Сұлтан иелі, қарсы алдында жасапты! [7; 83]. 
Бұқар жырау: 
Сүйтіп жүрген кезінде, 
Алғырынан айрылса, 

Ж.З.Кадина, М.Ш.Қабанов, Б.С.Сатеева 
44 
Вестник Карагандинского университета 
Қанаты түптеп қайрылса, 
Құс жаманы жапалақ 
Оған да қор болмас па [8; 16]. 
Жоғарыда  толғаулардан  берілген  жолдарда  шарттық  мағына  айқын  көрініп  тұр,  яғни  іздеудің 
шарты берілген. Дей тұрсақ та, ой жіберіп оқыған адам немесе мəтінді түсіну құзыреті жоғары адам 
бұл  үзіндінің  құрастырушы  сыңарлардың  арасынан  мезгілдік  қатынасты  да  байқаған  болар  еді. 
Жоғарыдағы тармақтар іздеу əрекетінің шартымен бірге қашан іздеу керектігін де нұсқап тұр. 
Бəлкім,  мұнда  психикалық  себеп  бар.  Психология  ғылымынан  мəлім  болғандай,  іс-əрекет 
теориясы  бойынша  əрекеттің  орындалуының  шарты  психикалық  үрдістің  кезеңі  мезгілі  жағынан 
оның  орындалуынан  бұрын  тұрады,  яғни  мезгілдік  қатынастар  шартпен  қапталдасып  отырады. 
Сондықтан  да  тілді  қажетті  прагматикалық  деңгейде  меңгерген  тілдік  тұлға  (жырау)  мезгілдік 
мағынаны шартқа «сіңіріп» жіберген. 
Сондай-ақ  -да, -де  шылаулы  шартты  рай  тұлғалалы  етістікпен  келген  баяндауышты  бірнеше 
бағыныңқы сөйлемдер сыйыстырылуын Бұқар жыраудың мына толғауынан кездестіреміз: 
Əлемді түгел көрсе де, 
Алтын үйге кірсе де, 
Аспанда жұлдыз аралап, 
Ай нұрын ұстап мінсе де, 
Қызыққа тоймас адамзат!  
Əлемді түгел білсе де, 
Қызығын қолмен бөлсе де, 
Қызықты күні қырындап, 
Қисынсыз күйге түссе де, 
Өмірге тоймас адамзат! [8; 175]. 
Мұнда адам баласының қандай жағдайда болсын өмірдегі бар қызыққа тоймайтынын беру үшін 
бірнеше қатармен келген қарсылықты мəндегі сөйлемдер легі қолданылған. 
Поэзия  мəтіндерінде  құрмалас  сөйлемдер  бағыныңқы  компоненттерінің  қатысуымен  жүзеге 
асқан  сыйыстыру  амалын  осыдан  көре  аламыз.  Олар  өздері  қатыстырылған  жолдардың  ерекше 
сипатын осылайша көрсетіп тұрады. Сондай-ақ құрмалас сөйлем басыңқы сыңарларының жыраулар 
туындылары  ішіндегі  аталмыш  ерекшелікке  барған  орамын  да  байқауға  болады.  Осы  жерде 
А.К.Таусоғарованың: «Енді  осы  құрылысқа  кері  процесс  сабақтас  құрмалас  сөйлемде  басыңқы 
сыңардың  бірнешеуі  бір  ғана  бағыныңқымен  синтаксистік-композициялық  қатынаста  тұратынын 
көреміз» [10], — деген пікірін бере кеткенді жөн көрдік.  
Олардың бұл реттегі сипатын басыңқы компоненттер баяндауышының тұлғасы тұрғысынан сөз 
етеміз.  Толғауларда  көбіне  басыңқы  сыңар  баяндауыштары  есімшенің  болжалдық  мəнді 
қосымшасымен  келіп  сыйыстырылуы  кездеседі.  Бұл  толғау  жанрының  негізгі  мазмұнынан  келіп 
туындайтын жайт десе де болғандай. 
Шалкиіз жырау: 
Менім ием Темір іс етсе, 
Айналаңды берік етер. 
Жиған малың тəрік етер, 
Атың, тоның бұлды етер, 
Өз басыңды олжа етер [7; 76]. 
Бұқар жырау: 
Жетпіс бес жасқа келгенде, 
Жылуы болмас қойынның, 
Қаруы болмас сойылдың, 
Өлмесең де жойылдың, 
Əр атаққа қойылдың. 
Сексен бес жасқа келгенде, 
Екі қара көзді алар, 
Ауыздағы сөзді алар 
Бойыңдағы əлді алар, 
Бетіңдегі нұрды алар, 
Бойыңдағы шырды алар, 

Толғау поэтикасының ерекшелігі 
Серия «Филология». № 2(78)/2015 
45 
Аузыңдағы тісті алар, 
Бетіңдегі түсті алар, 
Өлмегенде нең қалар! [8; 36]. 
Көріп отырғанымыздай, бұл амал басыңқы бөліктегі баяндауыштың қайталануы арқылы жүзеге 
асып  тұр.  Демек,  мұнда  автор  басыңқы  сыңардағы  баяндауыш  мүшені  қайталау  арқылы  мəтін 
желісіндегі ойды кеңейтіп, дамытады. Нəтижесінде мəтіндегі түйдекті ойды береді. Бұдан бұл сөйлем 
мүшесінің өздері қатыстырылған мəтін көлеміндегі кең ауқымды қызмет аясын байқай аламыз. 
Бұқар жыраудың «Кеше қара қалмақ бүлінді» деп басталатын толғауында түсіндірмелі салалас 
құрмаластың  басыңқы  сыңар  баяндауыштары  жедел  өткен  шақтың  қосымшасы  арқылы  қатар 
тізбектеліп сыйыстырылады: 
Кеше қара қалмақ бүлінді, 
Бүлінгеннің белгісі; 
Бұрқан-талқан болысты, 
Уағдадан жылысты, 
Жамандықты іздесті, 
Бірін-бірі күндесті [8; 23]. 
Келтірілген үш толғаудың алдыңғы екеуінде есімше қосымшалы баяндауыштар қайталанған. Ал 
соңғысында  жедел  өткен  шақ  қосымшасы  əр  түрлі  негізгі  етістікке  жалғанып  басыңқы  сыңардың 
əуезі мен ырғағын жасап тұрғанын көре аламыз. Бұл сыйыстыру түрі іс-əрекет, қимылдың түйдекті, 
лек-легімен берілуіне байланысты болатынына нақты дəлел. 
Мұндай конструкцияны қазіргі грамматикада көп басыңқылы сабақтасқа жатқызып жүр [2; 12]. 
Біз  мұны  толғау  жанрындағы  ерекше  бір  синтаксистік  көркем  фигура  деп  қарауға  мүдделіміз. 
Өйткені  басыңқылардың  арасында  салаластық  қатынас  болғандықтан,  мұндай  түзілімдер  сабақтас 
пен  салаластық  қатынастардың  қатар  тоғысуы  арқылы  жасалған  аралас  құрмаластың 
заңдылықтарына келеді. 
Осылайша, біз құрмалас сөйлемдер сыңарларының өлең жолдарында кездесетін бір ерекшелігін 
көре  алдық.  Бұлар  ұйқас,  ырғақ  жасау  мақсатымен  қоса  хабарды  түйдекті  жеткізумен  де  тығыз 
байланысты. 
Поэзияның  прозадан  өзгеше  түсер  жері  ретінде  сыйыстыру  құбылысын  атауға  болады.  Сөзді 
ықшамдап,  ойды  кеңейту  үшін  жыраулар  ыңғайлас  құрылымдардан  тұратын  сыйыстырылған 
периодтарды  молынан  қолданады,  тіпті,  толғаулардың  көбінде  оқиға,  пікір,  түрткі  себептерді 
санамалап  келіп,  əр  тармаққа  түйін  болар  сөзді  толғау  соңында  бір-ақ  айтады.  Толғауларда 
сыйыстыру (ықшамдау) бар деуімізге де осы жайт себеп болып отыр. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Розенталь Д.Э., Теленкова М.А. Словарь-справочник лингвистических терминов. — М.: ООО «Издательство Аст-
рель»; ООО «Издательство АСТ», 2001. — С. 611–613. 
2  Сағындықұлы Б. Тең дəрежедегі қатынастағы тілдік бірліктер: Филол. ғыл. д-ры ... автореф. — Алматы, 2004. 
3  Баймұрынов  Ж.М.  Қазақ  тілі синтаксистік  құрылысындағы  үнемдеу  құбылыстары:  Филол.  ғыл.  канд. … дис. — 
Астана, 2009. — 131 б. 
4  Өмірəлиев Қ. XIX–XX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. — Алматы: Ғылым, 1976. — 20-б. 
5  Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. — Алматы: Ғылым, 1970. — 140-б. 
6  Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мəселелері. — Алматы: Ана тілі, 1965. — 244 б. 
7  Алдаспан: XV–XVII ғасырлардағы қазақ ақын, жырауларының шығармалар жин. — Алматы: Жазушы, 1971. — 210 б. 
8  Бұқар жырау Қалқаманұлы шығармалары. — Алматы: Мұраттас, 1992. — 206 б. 
9  Байтұрсынұлы А. Ақ жол: Өлеңдер мен тəржімелер, публ. мақалалар жəне əдеби зерттеу. — Алматы: Жалын, 1991. 
— 336–377-б. 
10  Таусоғарова А.К. Өлең мəтінінің синтаксистік ерекшеліктері. — Алматы: Жазушы, 2004. — 140-б. 
 
 

Ж.З.Кадина, М.Ш.Қабанов, Б.С.Сатеева 
46 
Вестник Карагандинского университета 
Ж.З.Кадина, М.Ш.Кабанов, Б.С.Сатеева 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет