№2(78)/2015 Серия филология


Лексика текстов художественной фантастики



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата03.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#6467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Лексика текстов художественной фантастики 
По роману А.-Х.Ф. Мархабаева «Лучи звезд доходят до земли» 
Лексика  на  вербальном  пласте  текстов  художественной  фантастики  нуждается  в  специальном 
рассмотрении.  Всеобщая  народная  лексика,  специальная  лексика,  квазитермины,  разные 
профессиональные  слова,  неологизмы  используются  в  целях  наиболее  реального    представления  мира  
фантазии,  который  описывает  писатель,  для  донесения  научно-фантастической  или  технической 
информации,  касающейся событий и явлений,  для  уточнения, описания, ознакомления   необходимых 
реалий. Авторские неологизмы, встречающиеся в текстах фантастики в научной литературе, называют 
по-разному.  Использованные  автором  термины  в  рассматриваемом  тексте  можно  назвать 
квазитерминами,  однако  надо  признать,  что  их  нельзя  отнести  к  ряду  поэтических  окказионализмов. 
Квазитермины  образованы  аналитическим  словообразовательным  способом  казахского  языка
использованы для наименования разных квазиреалий. 
 
А.S.Аdilova, А.Sh.Smailova  
The vocabulary of literary fantasy texts  
On the basis of А.-Kh.Ph. Markhabayev’s novel «The rays of stars come to earth» 
The verbal  level of vocabulary of the Kazakh literary fantasy texts need to make special determination. 
The following constructions like  general and national vocabulary, special vocabulary, quasiturbine, different 
professional words, neologisms help to the author express the feeling which was produced according to some 
events or situations, also the author can describe the real emotions which was the result of some activity and 
the writer can express his knowledge according to scientific researches or determine the special scientific or 
technical terminology where kept a lot of information. These kinds of methods are considered to be as the 
best one to describe, transfer, select and analyze the information. Some authorial neologisms in fantasy texts 
can be called differently in scientific literature. The examples which are discussed in the texts can be called 
quasiturbine. Nevertheless the quasiturbine cannot be considered to be occasionalism. The quasiturbine is 
made from analytical Kazakh language and using to call different quasiradials. 
 
 
References 
1  Мarkhabayev А.-Kh. Poetry of Kazakh fantasy, Аlmaty: Kazahskiy universitet, 2008, р. 175. 
2  Epshtain М.N. Тypes of new words: The experience of classification, [ER].Access mode: http://www.topos.ru/article/5174 
3  Syzdyk R. Innovation and old in Kazakh language, Аlmaty: Аrys, 2009, p. 169. 
4  Мuratova G.A. Needs and spontaneity in Kazakh literature, Almaty: Atamura, 2002, p. 45–46. 
 

Серия «Филология». № 2(78)/2015 

ƏОЖ 81’ 
Ж.Д.Рапишева
1
, М.Қ.Жүнісова
1
, З.Қ.Сейдахметова
2
, А.Ю.Кишенова
2
 
1
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті; 
2
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті  
(E-mail: r_zhanat@mail.ru)
 
Терминологиялық лексиканың бұқаралық ақпарат  
құралдарында қолданылу ерекшеліктері 
Мақалада жаңа қолданыстар мен терминдердің бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ), оның ішінде 
баспасөз  беттерінде  қолданылу  ерекшеліктері  қарастырылды.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жиі 
қолданылатын терминдер мен кірме сөздер, жаңа қолданыстар талданды. Терминдердің қалыптасып, 
нормалануы,  бір  жүйеге  түсіп,  қалыптануы  (кодификация)  тұрақты  қолданылып,  дамуына  БАҚ-тың 
тигізетін  əсер-ықпалы  нақты  тілдік  деректермен  дəлелденген.  Авторлар  БАҚ-тың  қазақ  тілінің 
терминологиясын 
қалыптастырып, 
дамытудағы 
орны, 
терминдерді 
нормаландырып, 
тұрақтандырудағы  қызметі  ерекше,  ал  мемлекеттiк  тiлдiң  қолданылу  аясын  кеңейтуде  ұлттық 
терминологияны реттеудiң, жүйелеу мен дамытудың маңызы зор деген қорытынды жасады. 
Кілт сөздер: термин, терминдік тіркестер, жаңа қолданыстар, шетелдік кірме терминдер, бұқаралық 
ақпарат құралдары, баспасөз, терминдердің нормалануы. 
 
Қоғам  өмірінің  көрсеткіші  болып  табылатын  БАҚ  ондағы  саяси,  əлеуметтік,  экономикалық, 
мəдени,  спорт,  өнер,  кино,  денсаулық  сақтау  жəне  білім  беру  салаларындағы  барлық  мəселелерді 
жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке 
таныстырып жеткізетін де əмбебап құрал болғандықтан, журналистер қауымын ғаламның ақпараттық 
бейнесін  жасаушылар  деп  тануға  негіз  бар.  Осы  топтың  жинау,  талдау,  саралау,  іріктеу  сияқты 
сатылардан өткізіп барып көпшілікке ұсынатын түпкі өнімін зерттеушілер медиамəтін деп атайды.  
Қазіргі кезде бүкіл адамзат электрондық БАҚ-тың əсер ету объектісіне айналып отырғаны мəлім. 
БАҚ  түрлерінің  қай-қайсысында  да  қолданылатын  əмбебап  құрал  ретінде  медиамəтін  əлеуметтік-
реттеуші  қызметін  атқарады.  Академик  Р.Сыздық  қазақтың  ұлттық  жазба  əдеби  тілінің  даму 
барысында  көркем  əдебиет  стилінің  жетекші  орын  алатынын,  яғни  доминантті  стиль  екенін,  айта 
келіп  былай  дейді: «Сөз  жоқ,  бұл  күнде  тіл  тəжірибесінде  публицистиканың,  көпшілік  ақпарат 
құралдары — баспасөздің, радио мен телевидениенің де рөлі күшейе түскенін мойындау қажет» [1]. 
Əр түрлі БАҚ-та медиамəтіннің өзіндік ерекшеліктері болатыны мəлім, дегенмен, оның əмбебаптық 
сипаты, негізінен, өзгеріссіз қалады.  
Қазақстанда Интернет, кабельді теледидар қарқынды дамып келеді. Қазіргі заманғы ақпараттық 
технологиялар ақпарат нарығында кеңінен қолданыс табуда. Ұлттық теледидар мен радиостансалар 
ұлттық ғарыштық жүйе арқылы таратылуда. 2002 ж. CaspioNet (операторы Eutelsat) ғарыштық арнасы 
құрылды. Республиканың барлық аумағында кабельдік жəне ғарыштық арналар арқылы BBC, CNN, 
Deutsche Welle арналарының  бағдарламалары,  Азаттық  радиосы,  Польшаның Polonia арнасы, 
ресейлік жəне басқа да телерадиоарналар көрсетіледі. 
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер миинстрлігінде əлемнің 20 елінен 80-нен астам шетелдік 
БАҚ-тың  өкілдері  тіркелген.  Олардың  қатарында BBC, Associated Press, Интерфакс, France Press, 
Reuters, ITAR-TASS сияқты дүние жүзіне танымал аса ірі ақпараттар агенттіктері бар екен. 
Бүгінгі  тəуелсіздік  кезеңі  тұрғысынан  қарайтын  болсақ,  баспасөздің  халық  алдындағы  міндеті 
орасан  зор.  Ол  қоғам  ішінде  жаңа  сипаттағы  əлеуметтік  көзқарасты  қалыптастырып,  оны 
орнықтыруды  мақсат  етеді.  Коммуникацияның  ең  басты  құралы — баспасөз  тілі  де  халық  тілінің 
сұрыптан өткен, əбден жетілген əдеби нормасымен жазылуға тиіс. 
Бүгінде   ақпарат,   соның   ішінде   баспасөз   ақпаратының   маңызы   артып,   адамзат   өмірінде    
энергия,   материя   секілді   міндет   атқаратын   іргелі   ұғымға   айналды.   Сондықтан     ХХІ   ғасырды  
ақпарат  дəуірі  ретінде  бүкіл  əлем  мойындап  отыр.   
Жаппай  бұқаралық  санада  ғалам  бейнесін  қалыптастыру  үшін  қоғамдық-саяси  ұғымдарды 
білдіретін  терминологияның  маңызы  зор.  Адам  санасы  дамуының  ең  жоғары  сатысы  ұғымға 
негізделген  ойлау  болып  табылады,  адам  санасындағы  тарихи  таным  үрдісінің  сөзге  жинақталып 
көрсетілетіні  анық.  Адам  танымы  тек  ұғым  арқылы  ғана  анықталады  десек,  сол  ұғымды  білдіретін 
лексикалық бірліктер, терминдер болып саналады.  

Ж.Д.Рапишева, М.Қ.Жүнісова т.б. 
10 
Вестник Карагандинского университета 
Баспасөздің  қоғам  өмірінде  алатын  орны  қаншалықты  зор  болса,  тілді  дамытып,  байытудағы 
қызметі де  соншалықты зор.  Адамзат  баласы  үшінші  мыңжылдықта  өркениеттің  барлық  салаларын 
жаһандандыру  кезеңін  бастады.  Баспасөз  материалдарында  жаңа  сөздер  мен  жаңа  қолданыстар 
қоғамда болып жатқан осындай өзгерістерге орай күн санап қатарын толықтырып келеді. Ғалымдар 
бұл  мəселеге 1) сыртқы  жағдаяттардың,  яғни  өмірде  болып  жатқан  жаңа  құбылыстардың,  тың 
ұғымдардың; 2) тілдің  өзінің  ішкі  даму  заңдылықтарының,  яғни  сөз  мағынасының  өзгеруінің, 
кеңеюінің,  басқа  да  əр  түрлі  тіркесу  құбылыстарының  болатындығынан  деп  көрсетеді [2]. Басқаша 
айтқанда, экстралингвистикалық жəне интралингвистикалық факторлар əсерін дұрыс ескерген жөн. 
Жаңа қолданыстарды көпшілік арасында таратып, насихаттап, орнықтыру, тұрақтандыру ісінде 
бұқаралық ақпарат құралдарының жетекші орынды иемденетіні сөзсіз. Осыған қатысты пікірге ғалым 
Ш.  Сарыбаев: «Əдеби  тілімізде,  оның  ішінде,  əсіресе,  лексиканы,  сөздік  қорымызды  байытуда 
ақпарат  құралдарының  маңызы  ерекше...  жаңа  қолданыстарды  дүниеге  келтіруде  көркем  əдебиет 
емес, мерзімді баспасөз, ақпарат құралдарын бірінші орынға қояр едік», — дейді. Газеттердегі жаңа 
қолданыстар  еліміздің  егемендік  алуымен  жəне  қазақ  тілінің  мемлекеттік  мəртебеге  ие  болуымен 
тығыз байланыста өрбіді.  
Баспасөздің  мақсаты  қалың  оқырманға  ғылыми  ақпарат  беру  емес,  көпшілікке  қажетті  жалпы 
ақпаратты  негізді  жеткізу  үшін  салалық  терминдерді  пайдаланады.  Зерттеуші  М.Н.  Володина: 
«Салалық ұғымдардың тілдік көрінісі саналатын терминдер арнаулы білімдерді репрезентациялаудың 
айрықша  тəсілі  болып  табылады.  Қандай  да  бір  арнаулы  ұғымдарды  білдіретін  термин  маңызды 
ақпараттың  бір  бөлігін  сақтап,  жеткізуші  ретінде  түсіндіріледі.  Ол  ақпарат  бөлігі  белгілі  бір 
терминсферада аса құнды болып саналады», — дегенді айтады [3].  
ХХ ғасырдың соңғы он жылындағы еліміздің егемендік алуы, тіліміздің мемлекеттік мəртебесін 
иемденуі,  сондай-ақ  еліміздің  Ата  Заңын  жəне  мемлекеттік  рəміздерді  қабылдауы  жəне  де  елімізде 
жүргізілген,  жүргізіліп  жатқан  саяси-экономикалық,  тағы  басқа  реформаларға  байланысты  қазақ 
баспасөзі  жаңа  сөздер,  жаңа  қолданыстармен  байи  түсті.  Бұл  кезеңде  баспасөз  беттерінде, 
экстралинвистикалық  факторлар,  яғни  қоғамда  болып  жатқан  өзгерістер  мен  ғылыми-техниканың 
дамуындағы  жаңалықтарға  байланысты  пейджер,  ұялы  телефон,  плеер,  бейнекамера,  валюта, 
тендер, аукцион, бизнес т.б. жаңа сөздер пайда болды. Сондай-ақ лексикалық құрамның тілдік ішкі 
даму заңдылықтарына байланысты пайда болған жаңа қолданыстарды баспасөз беттерінен өте  жиі 
кездестіруге болады. 
Жаңа  қолданыстардың  бip  тобын  бұрын  орысша,  қазір  қазақша  баламасымен  қолданылып 
жүрген, яғни мағынасы бұрынғыша ескі, бipaқ жаңа формада қолданылып жүрген отбасы, ақпарат, 
зейнеткер,  зейнетақы,  өтемақы,  ұшақ  т.б.  сөздер  құраса,  ал  екінші  тобын,  керісінше,  яғни  ескі 
формада,  бірақ жаңа  мағынада  қолданылып  жүрген  əкім,  төраға,  нарық  т.б.  сөздер  кұрайды.  Жаңа 
қолданыстардың  көпшілігін  бұрын  орысша  нұсқада  қолданылып  келген  сөздерді  қазақша  атау, 
қазақша беруге байланысты туындаған сөздер кұрайтынын байқаймыз. 
Тəуелсіздік  алғаннан  кейін  күнделікті  тіршілікке,  тұрмыс-салтқа  байланысты  сөздермен  бірге 
eнді халықаралық мəні бар терминдік сөздерге балама табу талабы күшейе бастады. Ол үшін қазақ 
тілінің  ішкі  қорындағы  мүмкіндіктер  пайдаланылып,  қаншама  терминдердің  қазақша  баламалары 
қалыптасты.  Олардың  алғашқы  көрінісін  қай  кезеңде  болмасын  бұқаралық  ақпарат  құралдарынан 
байқауға  болады.  Баспасөз  беттерінде,  біріншіден, 1920–1930 жж.  жиі  қолданылып,  кейін 
қолданылудан  шығып  қалған  бірқатар  сөз  қайта  жаңғыртылды:  кеңес — совет,  төраға — 
председатель, хатшы — секретарь, жал — аренда, құқық — право, сарапшы — эксперт. 
Eкіншіден,  орыс  сөздерінің  баламасы  жасанды  сөздер  арқылы  берілетін  де  жағдайлар  болды. 
Мысалы: ақпарат — информация; сұраным, сұраныс — спрос, əнұран — гимн, елтаңба — герб, ұшақ — 
самолет,  көкөніс — овощ,  бағдарлама — программа,  өркениет — цивилизация,  рəсімдеу — 
оформление,  демеуші — спонсор,  өтем — компенсация,  отбасы — семья,  жекешелендіру — 
приватизация,  пікірсайыс — дискуссия,  саяжол — аллея,  қуғын-сүргін — репрессия,  көпсайыс — 
многоборье, мұражай — музей, жүктеме — нагрузка, əуежай — аэропорт, төлқұжат — паспорт т.б. 
Бұл сияқты баламалық жаңа  сөздер көбінесе сөзге жұрнақ жалғау, сөздерді біріктіру, тіркестіру 
тəсілдері  арқылы туған. 
Үшіншіден,  бірқатар  орыс  сөздеріне  балама peтiнде  жергілікті    жəне  байырғы,  көне  сөздер 
пайдаланылды.  Мысалы:  кеден — таможня,  қолтырауын — крокодил,  егемен — суверенитет, 
əмбебап — универсал,  кешен — комплекс,  жарғы — устав,  тəркілеу — конфисковать,  асаба — 
тамада,  нарық — рынок,  бап — статья,  əкім — администратор,  ғарыш — космос,  ғимарат — 

Терминологиялық лексиканың бұқаралық… 
Серия «Филология». № 2(78)/2015 
11 
сооружение,  əділет — юстиция  (Əділет  министрлігі — Министерство  юстиции),  мəртебе — 
статус,  март — наурыз,  мамыр — май,  қазан — октябрь,  қараша — ноябрь,  қаңтар — январь, 
cəpceн6i — среда, жұма — пятница, жексенбі — воскресенье, ұлан — гвардия т.б. 
Баспасөз  тілінде  термин  сөздермен  қатар,  шетел  тілімен  араласып  ана  тілімізді  шұбарлап, 
қолданылған терминдер де кездеседі. 
1.  Жеке  дара  немесе  сөз  тіркесі  ыңғайында  қолданылған  түсініксіз  атаулар. WESTERN 
UNION — дүниенің төрт бұрышына ақшаңды жедел жеткізіп береді (ЖА.,21.06.03). «Cisco Systems» 
Қазақстан  нарығына  көндікті  (ЖА.,10.04.03).  «Эксон  Мобил»  соғыс  ардагерлерін  құттықтады 
(ЖА.,08.05.03).  Берілген  сөйлемдерде  шетелдік  сөздер  жеке  дара  қолданылған.  Олар,  əрине, 
оқырманның бəріне бірдей түсінікті бола бермейді.  Оқырман WESTERN UNION-ның шет елге ақша 
аударатын  орын  екенін, «Cisco Systems» пен  «Эксон  Мобил»-дің  өндірістік-шаруашылық компания 
екенін тек контекске қарап қана ұғына алады. 
Заемның  тек  ұйымдастырушысы — аса  ірі  француз  банктерінің  бірі  Societe Generale. 
Синдикат  қатысушылары:  Rabobaank, Natexis, BMCF, Garantibank, HSBC, BCEN, EBRD 
(ЖА.,25.02.03)Сондай-ақ Chevron Texaco, Exxon Mobil, British Petroleum, BG Group, Total, Shell, De 
Beeers    компанияларының  өкілдері  де  қатысты  (ЖА.,28.06.03). «Мегаполис»  газетінде  жұмыс 
істейтін  жорналшылар  өздерін  жан-жақты,  əрі  «цивилизованный»  адамдар  деп  есептейді  жəне 
олар шығыстық, азиялық цивильдің емес, еуропалық цивильдің адамдары. Сондықтан да болар, бұл 
газеттің  беттері  біресе  «City Center»,  біресе  «Ньюсмейкер»  сияқты  ағылшынша,  латынша 
айдарлармен  ашылады  (АТ.,26.02.04)  деген  сөйлемдердегі  белгіленген  термин  сөздердің  бірінің 
үстіне  бірінің  үстемеленіп  қолданылуы,  оларға  ешқандай  анықтамалардың  берілмеуі  тілімізді 
шұбарламаса, байытып тұрған жоқ.   
2.  Қысқартылып  қолданылған  сөз  тіркестері.  Шағын  жанрлардағы  (əсіресе  «Жас  Алаш», 
«Ана  тілі»  газеттеріндегі)  қысқа  хабарламалар  мен  есептерде  кейбір  шетелдік  термин  сөздер 
қысқартылып та қолданыла береді.  
«Отандықтар» тағы бір жоба енгізбекші деген де əңгіме шығып қалды...Бұл туралы KZ-today 
тілшісіне  облыстық  ауыл  шаруашылығы  департаменті  төрағасының  орынбасары  Нияз  Ыбыраев 
хабарлады  (ЖА.,26.08.03).  Осы  байқаудың  қорытындысы  қалай  шығарылатындығына,  оған 
қатысушы  əрбір  жастың  бағасын  беретін  қазылардың,  ұйымдастырушыларының  кім  екеніне  көз 
жүгірткеннен кейін жəне HIT-TV деп аталатын...(АТ.,05.02.04). SARS ғарыштан келуі мүмкін деген 
болжамды  растаушылар  əлі  де  болса  вирустың  ғарыштық  денелер  арқылы  тарап,  соның 
нəтижесінде жерге жеткенін дəлелдеуге тырыспақ (ЖА.,27.05.03). «ТуранƏлемБанк» халықаралық 
ISMA  ұйымына  мүше  (ЖА.,25.02.03).  Ал, «31»-телеарнадағы  «Состояние KZ»  мұны  бізде  қазақ 
тіліне  «Голливудская  популярность»  берілмекші,  ал  үйренгісі  келетіндер  дегенге  дейін  барды 
(АТ.,19.02.04).  Көш  басында  алып  Ресей  айналып  өте  алмайтын  «ЧП»-лардың  басы-қасына 
жұрттан бұрын жетіп, мəселенің мəн-жайын жедел түсіндіре қоюдың «мəстірі» боп алған Сергей 
Шойгу  тұр  (ЖА.,15.11.2003).  Келтірілген  мысалдардағы  термин  сөздердің  əрқайсысына  автор 
тарапынан  түсініктеме  беріліп  отырғанда  ғана  жаппай  оқырмандарға  ұғынықты  болар  еді.  Қазақ 
тілінің  дүниежүзіндегі  өркениетті  дамыған  өзіндік  ғылыми  терминология  базасы  қалыптасқан 
көшбасшы  тілдер  қатарына  қосылуына  оң  ықпал  ететін  қолданыстарды  ғана  іріктеп,  екшеп,  талдап 
алып отырған жөн. 
Кірме  сөздер  ассимиляциялану  барысында  реципиент  (қабылдаушы)  тілге  бірнеше  сатыдан 
өтеді.  Осы  сатыларды    ғалымдар  əр  түрлі  дəрежеде  қарайды.  Егерде  Л.П.  Крысин  кірме  сөздердің 
игерілуі  барысында  өтетін  бес  кезеңін  атаса: 1) қабылдаушы  кезең  (сөздер  транслитерациясыз, 
транскрипциясыз  жазылады); 2) 
қабылдаушы  тілдегі  транслитерация  не  транскрипцияға 
сəйкестенеді; 3) 
бөтендігін  жоғалтады,  көбірек  қолданылады; 4) 
жанрлық,  стилистикалық, 
жағдаяттық  жəне  əлеуметік  белгілерін  жоғалтады; 5) 
түсіндірме  сөздіктерде  тіркелінеді [4]. 
Г.Ю. Князева ассимиляцияның тек қана екі кезеңін көрсетумен шектеледі. Олар: 1) кірме сөздердің 
жаңа тілге бір мағынамен келіп, морфологиялық өзгерістеге шалдығуы; 2) семантикалық құрылымын 
кеңейтуі [5]. 
Ал  бүгінгі  күнде  кірме  сөздердің  ассимиляциясы  бес  деңгейде  қарастырылып  жүр:  бірінші 
кезеңде шетел сөзі «бөтен сөз» ретінде қолданылады, себебі ол өзінің келген тілдегі тұлғасын сақтап, 
жаңа  тілге  əлі  үйлеспегендігін  көрсетеді.  Шетелдік  сөздер  қабылдаушы  тілде  ассимиляция 
барысында  ең  алдымен  транслитерация  жəне  транскрипция  құбылыстарына  шалдығады. 
Транскрипция — шетел  ағылшын  сөздерінің  басқа  тілдегі  дыбысталуын  сақтау  үдерісі  болып 

Ж.Д.Рапишева, М.Қ.Жүнісова т.б. 
12 
Вестник Карагандинского университета 
табылады.  Транслитерация — ағылшын  сөздерінің  графикалық  тұлғасын  сақтау  үдерісі  болып 
есептеледі.  Шетел  сөздері  қазақ  тіліне  орыс  тілі  арқылы  кіреді,  орыс  тілінде  ағылшын  сөздері 
алдымен транслитерацияға ұшырап, сонан соң транскрипцияланады.  
Екінші  кезеңде кірме  сөздер  фонетикалық  ассимиляцияға  ұшырайды.  Бұл жағдайда  шетел  сөзі 
қабылдаушы  тілде  қалыптасқан  транслитерация  жəне  транскрипциядан  өтеді,  реципиент  тілінің 
фонетикалық жүйесіне үйлеседі, мысалы: Bепfісіаrу — бенефициар; lising — лизинг; оffеr — оферта; 
bill — билл-вексель. 
Үшінші кезеңде шетел сөзі морфологиялық ассимиляциядан өтеді, яғни шетел сөздің негізінде 
қабылдаушы  тілде  туынды  сөздер  пайда  болады,  мысалы,  bохеr — боксшы,  соттапd (бұйыру) 
соттаnder — командирлік,  асіtivе — белсенді; acrobat — акробаттық,  брокер,  инвестор,  клиринг, 
франчайзинг, аукцион, элемент т.б. 
Осы  кезеңде  шетел  сөздері  грамматикалық  ассимиляциядан  өте  бастайды.  Грамматикалық 
ассимиляция  үдерісінен  өту  барысында  шетел  сөздері  реципиент  тіліндегі  грамматикалық 
категориялармен  сəйкестенеді.  Шетел  сөздері  өздерінің  тілдерінде  жоқ  сан,  септік  (падеж) 
категорияларын  өзгертуі  де  мүмкін.  Мысалы,  ағылшын  тілінде  leggins  сөзін  көпше  түрде 
колданбайды, қазақ тілінде осы сөз көпше түрде колдана басталады, қараңыз: (leggins) — леггинстер, 
сондай-ақ  көптеген  сөздер  өзгерістерге  ұшырайды,  мысалы,  слакстар (sluks), слипстар (slips), 
бимстар (bеатc),  рельстер (rails). Осы  сөздер  көпше  түрде  қолданады.  Тағы  мысалдар  ретінде 
бірнеше сөздің өзгергенін көрсетуге болады. Олар: джинсылар (jеаns), бутсылар (boots), сникерстер 
(snikkers), фольдерстер (folders), памперстар (ритрers), баксылар (buks) т.б. 
Төртінші  кезең — семантикалық  ассимиляция.  Бұл  кезеңде  кірме  сөздер  өзінің  мағыналарын 
кеңейтіп, 
реципиент 
тілінің 
лексика-семантикалық 
жүйесінің 
парадигматикалық 
жəне 
синтагматикалық қатарларында кызмет етеді. Кірме сөздер реципиент тіліне сіңіп, ұзақ уакыт бойы 
қолданылу  түрін  өзгертеді.  Бірқатар  кірме сөздер  бірте-бірте  мағыналарын  кеңейтіп, көп  мағыналы 
сөз болып шығады, мысалы, ағылшын сөзі «crack» казақ тіліне «жарық», «сынық» деген мағынада 
келген. Осы тілде ол қосымша «сатыр-сұтыр дыбыс», «соққы» мағыналарына ие болады. 
Бесінші  сатыда  кірме  сөз  келесі  өзгеріске  ұшырайды:  ол  өзінің  жанрлык,  стилистикалық, 
əлеуметтік  жəне  жағдаяттық  белгілерінен  айрылады.  Егерде  шетел  сөзі  өз  тілінде  əдеби 
экзистенциялдық  ішкі  жүйеде колданылса,  реципиент  тілінде ол  басқа  тілдік  экзистенциялдық  ішкі 
жүйенің  құрамына  кіруі  мүмкін,  мысалы,  френд,  шузы,  герла  деген  ағылшын  сөздері  қазіргі  кезде 
орыс,  қазақ  əдеби  тілінде  қолданылмай,  əлеуметтік  сленгте  кездеседі.  Игерілудің  бесінші  кезеңінде 
шетел  сөзі  түсіндірмелі  сөздіктерде  тіркеледі  де,  нəтижесінде  мағыналық  жағынан  дамып, 
семантикалық құрылымын кеңейтеді. 
Халықаралық  мəндегі  терминдердің  тілімізге  көптеп  енгендігін  қашанда  мерзімді 
басылымдардан,  басқа  да  ақпарат  көздерінен  байқаймыз.  Олардың  бірқатары  ұлт  тіліндегі 
терминдерге мəн беріліп жатқан кезеңде сол қалпында қазақ тіліне аударылып, қалыптасып үлгерсе, 
бірқатарының екі сыңары да қолданылып, үшіншілері сол шет тілінен енген нұсқасында қолданылып 
жүр. Мысалы, композитор — сазгер, мелодия — əуен; презентация — тұсаукесер; мода — сəн; музей 
— мұражай; статуя — мүсін; аранжировщик — аранжировкасын жасаушы; өңдеуші; реставрация 
—  қайта  өңдеу,  қалпына  келтіру;  шедевр — жауhар,  үздік  туынды;  ирония — кекесін,  тəлкек; 
дикция — айқын сөз, мақам; лимит — шек, меже; реплика — қағытпа, ілікпе сөз; пафос — шаттық, 
шабыт;  рубин — лағыл;  лал;  трафарет — үлгі,  таптауындық;  дирижер,  нота,  натюрморт, 
амфитеатр, трилогия,  драма, ария, экран, цирк, балет, жанр, рояль, соната т.б. 
Баспасөз бетінде мемлекетті басқарудың жаңа жүйесіне байланысты қолданылып жүрген ТМД, 
ҚР,  президент,  парламент,  сенат,  спикер,  премьер-министр,  вице-министр,  вице-президент,  əкім, 
мəслихат сияқты т.б. атаулар қатарындағы жаңа сөздердің біразын шет тілінен енген сөздер құраса 
(сенат, спикер т.б.), енді бірқатары — бұрын қолданыста болған сөздердің мағыналарының  кеңеюі  
арқылы жасалған сөздер (əкім, мəслихат т.б.). 
Еліміздің егемендік алып, тəуелсіз мемлекет болуына байланысты əлеуметтік-тарихи ұғымдарды 
бiлдipeтiн  халық,  ел  сияқты  байырғы  атаулар  қатары  егемен  ел,  тəуелсіз  ел,  тəуелсіз  мемлекет, 
ұжым,  оралман,  зейнеткер,  əріптес  т.б.  ұғымдармен  толыға  түсті.  Сондай-ақ    кəсіпкер,  бизнесмен, 
фермер,  оппозиционер,  олигарх,  саясаткер  сияқты  т.б.  баспасөз  беттерінде  бұрын  қолданыста 
болмаған жаңа сөздерді кездестіреміз. 
Сыбайлас  жемқорлық  (коррупция)  термині  туралы  айтатын  болсақ,  «Мемтерминком 2000 ж. 
25 қаңтарда  коррупцияны — құнпаралық,  вымогательствоны  құнерездік  деп  бекіткен  болатын. 

Терминологиялық лексиканың бұқаралық… 
Серия «Филология». № 2(78)/2015 
13 
Ал К.Юсуп түсіндірме сөздіктен мысал келтіре отырып, осы екі терминді ауыстырып, яғни коррупция 
— құнерез, вымогательство — құнпаралық деп алуды ұсынады. Бірақ баспасөз беттерінде коррупция 
cөзi «құнпаралық»  деп  те, «құнерездік»  деп  те  қолданылмай,  сыбайлас  жемқорлық  деп  екі  сөздің 
тіркесуі арқылы қолданылып жүр. 
Кейінгі  жылдapдағы  жаңа  сөздер  мен  экономика  саласына  қатысты  сөздер  мен  сөз  тіркестері 
термин ретінде қолданылып жүр: коммерсант, коммерция, бизнес, бизнесмен, инвестиция, инвестор, 
ипотека, банкрот, доллар, евро, салым, салымшы, қаржыгер, кəсіпкер, кəсіпкерлік, нарық, нарықтық 
экономика,  несие,  пайыз,  зейнетақы. Төлемнің түрлеріне байланысты да біраз жаңа сөздер пайда 
болды. «Толық  экономикалық  орысша-қазақша  сөздікте»  плата — төлем,  ақы,  төлемақы  деп 
беріліпті.  Осындағы  «ақы»  сөзінен  жасалған  тірек  жалақы,  өтемақы,  жəрдемақы,  жолақы  т.б. 
сөздер баспасөзде молынан  ұшырасады. 
Тəуелсіздік алғаннан кейін мəдениет саласына қатысты сөздер аударма жəне төл терминдермен 
толыға  түсті:  тележоба,  тeлeкөпip,  фотоөнер,  фотокөрме,  фототілші,  меценат,  клип, 
аранжировка, жəдігер,  мұрағат, мұражай,  өркениет т.б. 
Кейінгі  жылдары  «дін»  сөзінің  дін  өркениеті, дiни  кадрлар, діни  үгіт-насихат,  діни  секталар, 
діндераралық түсінік, діни конфессиялар, дəстүрлі діндер, дін қызметкерлері, дінаралық келісім, дін 
бұзар сияқты т.б. көптеген сөздер мен сөз тіркестерін  жасауға ұйытқы болып, қолданылу аясының 
кеңейе  түскені  байқалады.  Мысалы:  Дінаралық  түсіністік,  конфессияаралық  түсіністік  демекші,  
əлемде қазіргі христиан діні 254 мемлекетте (2 миллиардтан астам), мұсылмандар 172 мемлекетте 
(1,5 миллиардтан астам), будда 86 мемлекетте (700 миллионнан астам) салтанат кұруда (Егемен  
Қазақстан, 19.09.2003). 
Баспасөздегі  ғылыми-техникалық  лексикасының    көбі    байланыс,  ақпарат  алмасу  құралдарына 
байланысты  екенін  байқаймыз:  компьютер,  электрондық  пошта,  интернет,  пейджер,  ұялы 
телефон,  факс,  бейнекамера,  ксерокс,  принтер  т.б.  Сондай-ақ  компьютер,  ұялы  телефон,  факс, 
электрондық  пошта,  интернет,  ксерокс,  сканер,  принтер,  степлер,  картридж  сияқты  ғылыми-
техникалық атауларын  жиі  кездестіруге болады. 
Қазақ  тілінің  қолданыс  аясының кеңеюі ресми  ic қағаздары, құжаттарды қазақша жүргізумен  
байланысты екені белгілі. Қазақ тілінің іс жүргізу терминологиясы резолюция, печать, командировка, 
заседание,  совещание,  удостоверение,  оформление,  выписка,  рассылка,  отправка  тəрізді  орыс 
тіліндегі дəстүрлі кеңсе ұғымдарына тілімізден  бұрыштама, мөр, мөртабан, іссапар, отырыс, кеңес, 
куəлік, рəсімдеу, үзінді, жіберілім, жөнелтілім жəне т.б. баламаларды табумен бірге, осы тіл арқылы 
шет  тілдерінен  соңғы  жылдары  енген  вотум  (доверия),  импичмент,  инаугурация,  имидж, 
презентация,  рейтинг,  маркетинг,  мониторинг,  брокер жəне  т.б. жүздеген  терминдік атаулар орын 
алуда.  Кез  келген  мекеме,  ұйым,  кəсіпорынның  атқарып  отырған  қызметі  оның  ресми ic 
қағаздарында, құжаттарында көрініс  тауып жатады. Сондықтан да ic қағаздарының қоғам өміріндегі  
рөлі  ерекше.  Бұл  салада  құжат,  төлқұжат,  құжаттама,  бағдарлама,  түйіндеме,  мəлімдеме, 
тұжырымдама,  хаттама,  жеделхат,  төраға,  төрайым,  елші,  дипломат,  саммит,  форум, 
меморандум, сенім грамотасы т.б. қолданыстарды кездестіреміз. 
Қорыта  айтқанда,  басқа  функционалдық  стильдерге  қарағанда,  жаңа  сөздерді  баспасөз,  оның 
ішінде газет тілі ең алдымен бойына «сіңіріп» алатыны дəлелденді, яғни жаңа кірме сөздердің көбі 
газеттегі материалдар арқылы кең таралады. 
Қоғамның  саяси-экономикалық  жүйесінде  болған  түбегейлі  өзгерістер  тəуелсіз  егеменді 
мемелекеттің құрылуына əкелді.  Соған сəйкес олар өздерінің ұлттық мүддесін көздейтін тіл саясатын   
белгілеп отыр.  Бұл терминжасам үдерісіне де əсер етпей қоймайды. 90-жж. бері терминологиямызда 
болып жатқан жаңа үрдіс соның көрінісі болып табылады дейді зерттеушілер. 
Ұлттық  терминологияны  қалыптастыру  мен  нормалау  құралдарының  бipi — жалпыхалықтық 
тілдегі  сөздер  мен  терминдер  жиi  қолданылатын  мерзімді  қазақ  бacпacөзі.  Ұлт  тілінде  баспасөздің, 
яғни  алғашқы  қазақ  газеттерінің,  жарыққа  шыққан  кезінен-ақ  терминдердің  қалыптаса  бастағаны 
көпшілікке мəлім. Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар пайда болып жатады. 
Олардың бəрі өзінің таңбалаушысын тауып, тілдік тұрғыдан жүйелеуді қажет етеді.  Бүгінде қазақ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет