Этапы формирования и развития официально-делового
стиля в казахском языке
В статье рассмотрены границы использования государственного языка, формирования образцов ве-
дения делопроизводства на государственном языке, история его развития. История ведения делопро-
изводства на государственном языке делится на 6 этапов. В соответствии с каждым этапом, выявле-
ны лингвистические признаки документов и социальная служба государственного языка. Кроме того,
проведен анализ официально-нормативных документов, направленных на расширение границ ис-
пользования государственного языка в республике. Всесторонне проанализированы недостатки и
достоинства этих документов.
A.O.Ibyraiym
Stages of formation and development of official-business
correspondence in the state language
The formation of periods of state language usage and formation of document samples in state language, its
development history are given in the article. The history of documentation in state language was divided into
six periods, in each period it has its own language signs and social function. Also the analysis of official-
normative documents was done thoroughly which shows its advantages and disadvantages.
References
1 Syzdikova R.G. The history of Kazakh literary language, Almaty: Ana tili, 1993.
2 Orazalinov S. Language and society, 2003, 1.
3 The law about language of the Republic of Kazakhstan, 1997, July, 11, [ER]. Access mode: adilet.zan.kz.
4 The state program 2011–2020 devoted to the development and usage of language in the Republic of Kazakhstan, Astana,
2011, [ER]. Access mode: adilet.zan.kz.
Ə.О.Ыбырайым
32
Вестник Карагандинского университета
5 The President’s message — its fulfillment, 1, Astana: Kultegin, 2008, p. 299.
6 We look for the future! The President N.A.Nazarbayev’s message to the people of Kazakhstan, Taraz: Senim, 2011, p. 17.
7 Kazakhstan – 2050: The new policy of strategically formed country. The President of RK N.A.Nazarbayev’s message to the
people of Kazakhstan dated from 2012, December, 14, Taraz: Zhambyl Press, Service, 2014, p. 66.
8 The way of Kazakhstan – 2050: one aim; one task; one future»: The President’s message dated 2014, January, 17, Taraz:
Zhambyl Press Service, 2017, p. 13.
ƏОЖ 811.512.122’37
А.Қ.Купаева
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
(E-mail: ais.kupayeva@yandex.ru)
Туынды сөз семантикасының қалыптасу ерекшеліктері
Мақалада туынды сөз семантикасының қалыптасу ерекшеліктері мен мəн-мағыналық қызметі
қарастырылды. Автор негіз сөз бен туынды сөздің арасындағы мағыналық байланысты жəне туынды
мағынаның дамуы барысында қалыптасатын мағыналық айырмашылықтарына тоқталды. Сонымен
бірге туынды сөз мағынасының қалыптасуына қатысты ғалымдардың ойлары берілді. Туынды
сөздердің семантикасының қалыптасуында əр түрлі деңгейде сақталып, қатынасқа түсетін
құрамындағы семаларды талдап анықтама беріп, сөздің семантикалық күрделілігі осы семаларға
байланысты екендігі айтылды. Сөзжасамдағы семантикалық өзгерістің себептері жан-жақты
талданды.
Кілт сөздер: туынды сөз, семантика, семантикалық өзгеріс, негіз сөз, туынды мағына, уəждеме,
сөзжасамдық формант.
Тіл үнемі дамып, өзгеріп отыратын күрделі құбылыс. Тілдің дамуы күрделі, əрі кешенді
процестерден тұрады. Алайда бұл өзгерістер тілдің ішкі заңдылықтарына, белгілі бір жүйеге сəйкес
жүреді. Тілдегі өзгеріске бейім лексикалық қор үнемі толығып отырады. Лексикалық қордың
толығуы тілдің ішкі жəне сыртқы заңдылықтары негізінде екі түрлі жолмен іске асырылатыны
белгілі: кірме сөздер жəне сөзжасам арқылы.
Туынды сөз — сөзжасамның түрлі əдіс-тəсілдері арқылы жасалған жаңа мағыналы сөз. Яғни,
туынды сөз — сөзжасамдық процестердің жемісі. Сөзжасам номинация процесінің орындалуын
қамтамасыз ете отырып, адамның танымдық қызметінде шешуші рөл атқарады.
Сөзжасам өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігі үшін қызмет етеді [1; 73].
Сөзжасам шындық өмірдегі белгілі бір зат пен құбылыс туралы пікірдің қалыптасуымен, ондағы
белгілі бір қасиеттер мен белгілерді танумен байланысты болады. Туынды сөздер тілде бұрыннан
белгілі лексикалық элементтер негізінде жасалады. Сөз жасауға негіз болған түбір сөзді — себепші
мағына деп атайды жəне оның семантикалық мағынасы біріншілік мағына деп аталады. Ал одан түрлі
сөзжасамдық тəсілдер арқылы туындаған туынды сөздің мағынасы екіншілік мағына болып табылады
[2; 38]. Мəселен, əнші туынды сөзіндегі түбір сөздің мағынасы «музыкалық туынды» болса, - ші
сөзжасаушы форманты арқылы «кəсіп иесі» мағыналық реңкі туындайды.
Əрбір туынды сөз адамның сөз сөйлеу ойлау, танымдық жəне номинация қызметінің
нəтижелерін білдіреді, сондықтан да сөздің туынды мəн-мағыналарын зерттеу барысында аталған
қызметтің ерекшеліктерін, сондай-ақ сөз жасау процестерін басқа түрдегі атау актілерінен қандай
əдістер ерекшелендіретіндігін сипаттай аламыз. Сөз жасау үрдісін зерттеген ғалымдар оның
түрлендірілген сипатына назар аударғандығын білеміз, алайда туынды сөздерді үлгілеу
заңдылықтарын қарастыру барысында ұзақ уақыт бойы олардың формалды ерекшеліктеріне талдау
жасалып, туынды сөздерді белгілі бір сөз жасау үлгілері бойынша құрастыру ережелеріне негізделген
болатын. Сөз жасау үрдісін номинацияның қайта пайда болатын бірліктерін үлгілеу жүйесі ретінде
қарастыру барысында зерттеушілер аталған бірліктерді құрудың басқа да аспектілеріне назар
аударды, өйткені номинацияның жаңа бірліктеріне деген талпыныс, ең алдымен, жаңа мағыналарды
Туынды сөз семантикасының…
Серия «Филология». № 2(78)/2015
33
немесе мағыналардың жаңа кешендерін тілдік құралдар арқылы білдіру қажеттілігінің
туындағандығына байланысты болады.
Сөз жасау үрдістерінің келесі жалпы нысанды өзгешелендіретін белгілерін атауға болады:
1. Атауы да, мəн-мағыналық құрылымы да жаңа туынды сөздер тілдің қолданыстағы
бірліктерінің негізінде, яғни, дайын белгілердің қолдану арқылы, пайда болады. Дəл осындай
белгілер бойынша сөз жасау үрдісі газ сынды қарапайым (туынды емес) жаңа сөздерді ойлап табу
үрдісінен ерекшеленеді.
2. Туынды сөзді құру сөз мəртебесіне ие болатын жаңа морфологиялық құрылымның пайда
болуымен аяқталады: мотивациялық бірлік болып табылатын деривация көзінің күрделілігіне жəне
ұзақтығына байланыссыз атау бір сөзді лексика бірлігі ретінде пайда болады. Ол сөз жасау үрдісін
көлік құралдары, темір жол жəне т.б. бірнеше сөздерден құралатын атаулардан ерекшелендіреді.
Сондықтан да синтетикалық сөз жасау үрдісін талдау деривациясына қарсы тұруға болады.
3. Туынды атаудың құрылымында үнемі белгі немесе бастапқы уəждеме бірлікте бар
белгілердің бөліктері қайталанады, сондықтан да туынды сөз жасау барысында қолданылатын
сөздерде жалпы сипаттар болады. Ол шынайы зат пен құбылысты атау сөз жасау үрдісін суплетивті
сөз жасау үрдісінен ерекшелендіреді; суплетивті сөз жасау үрдісінде белгілердің осындай
материалды қайталанушылығы (кір жуушы əйел сөздерін жасау үрдісіндегідей) болмайды.
4. Белгілер қайталанушылығының нысаны əр түрлі болуы мүмкін: бастапқы сөзді уəждемелік
бірлікте толық қайталаудан бастап (мысалы, қазіргі түркі тілдеріндегі үй – зат есім «баспана», үй –
естістік «жинау, топтау»). Бұл құбылыс тіл білімінде көпмағыналылық деп аталып, сөзжасамның ең
тиімді тəсілі ретінде пайымдалады. Белгілі ғалым В.Г. Гак көпмағыналылықты семантикалық
конверсия ретінде қарастырса [3; 119], қазақ ғалымы Ə. Болғанбаев сөздің сапа жағынан
дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі ретінде пайымдау жасайды [1; 37, 38]. Жаңадан пайда
болатын сөздерде сол сөздің пайда болуына негізгі сөздердің тек бас əріптерін ғана қайталауға дейін
(мысалы, БҰҰ жəне Біріккен Ұлттар Ұйымы, АҚШ жəне Америка Құрама Штаттары); туынды
атаудың морфологиялық құрылымында бастапқы бірліктің осындай белгілерінің («іздерінің») бар
болуы туынды атаудың мотивациялығы туралы айтуға негіз болып табылады. Сонымен қатар
осындай үлгілердің əр түрлі болуы туынды сөздерді олардың құрылымындағы белгілері толық
бірліктердің саны бойынша объективті саралауға (салыст.: аффиксті туынды сөздерді күрделі
сөздермен) жəне аталған құрылымдардағы бірліктері толық жалғастырушы сөздердің нысандары
(салыст.: күрделі сөздерді қысқарма сөздерге жəне түрлі күрделі-қысқартылған атаулардан
айырмашылығы) бойынша топтастыруға мүмкіндік береді.
5. Туынды атау жаңа сөз болып табылады, сондықтан да оның формалды сипаттамалары өз
жиынтығында бастапқы сөзге тəн ерекшеліктерді қайталамайды (мысалы, салыстыру үшін:
конверсиялау немесе аффиксіз транспозиция кезіндегі сөздің парадигмалы сипаттамаларын өзгерту).
Ол шынайы сөзді жасау үрдісін мəн-мағыналардың деривация осы сөздің ішінен бастап таралатын —
салыст. түлкі — «жануардың бір түрі» жəне түлкі — «қу пəле» семантикалық деп аталатын сөз жасау
үрдісінен ерекшелендіруге мүмкіндік береді; осындайда лексикалық мағынадағы тілде бар сөз
семантикалық тұрғыдан қайта пайымдалады.
6. Туынды сөздерді жасау сөздің қайта құрылуы мен қайта пайымдалуын, сондай-ақ туынды
атаудың түпкілікті грамматикалық рəсімделуін қамтамасыз ететін деривацияның көзі болып
табылатын сөзге қатысты белгілі бір формалды операция қолданылған жағдайда жүзеге асырылады.
Егер де туынды сөздердің морфологиялық құрылымында деривация көзінен белгілері толық
бірліктердің іздерін сақтау арқылы сілтеме бөлік қалыптасатын болса, бастапқы бірліктің
қалыптастырушы бірлігін құру арқылы бастапқы бірлікке формалды үдеріс ықпал етеді.
Көптеген тілшілер түбір сөздердің мағыналық ауқымы кеңейіп, заттық жəне қимыл-əрекеттік
мағынаға ауысуы арқылы туындайтын семантикалық сөзжасамды аффиксацияға дейінгі көне тəсілдің
бірі ретінде айтады [2; 186]. Сөзжасамда транспозициялық құбылыстар — тұлғалардың тұлғалық
жағынан ешқандай өзгеріске түспей категориялық жағынан өзгеруі мен семантикалық дамуын
қамтамассыз етеді. Сонымен бірге транспозиция — субстантивтену, адвервиалдану, адъективтену,
вербалдану, прономиналдану арқылы сөз мағынасының өзгеруіне байланысты. Транспозициялық
сөзжасам тəсілдеріне жататын заттану процесі мен басқа сөз таптарындағы сөздердің сындық-
сапалық сипатқа өту процесі ерте замандарда қалыптасқан құбылыс:
jaş 1) жас мөлшері, жас — сын есім; 2) көздің жасы — зат есім.
jüz 1) бет, жүз — зат есім; 2) жүзу етістік (Древнетюркский словарь, 1969).
А.К.Купаева
34
Вестник Карагандинского университета
Туынды сөз мағынасының қалыптасуында уəждеме негіз сөздің семасы арқау болғандықтан,
негіз сөз бен туынды сөз мағыналарының арасында байланыс болады. Сонымен бірге негіз сема
бірнеше
туынды
сөздің
мағынасының
қалыптасуына
өзек
бола
алады.
Мысалы:
біл→білгіш→білім→білімді→білімділік туынды сөздер мағынасының қалыптасуында біл- етістігінің
өзек семасы негіз болып отыр. Туынды сөздер белгілі бір сөзжасамдық құрылым, үлгі бойынша
құралады. Белгілі бір үлгіде түбірлес туынды сөздер өрбиді де, əр сөз табына жататын туынды сөздер
сөзжасамдық тізбек бойынша семантикалық қатарда, бір семантикалық өрісте жатады. Мысалы:
1. Аш — сын есім, ‘ас ішпеген, тамақ жемеген’; 2. Аш — етістік, ‘ жабық тұрған нəрсенің есігін
аңқайту’; 3. Аш — етістік, ‘кірін кетіру, тазарту’. Сондай-ақ аш негіз сөзі тұрақты тіркестерге негіз
болып аналогиялық құрылым бойынша түзілген сөзжасамдық қатарда негізгі сема сақталады [2; 42].
Туынды сөз мағынасы негіз сөз семасынан туындайтындықтан, туынды сөз семантикасында өзек
сема сақталуы түбір мен туынды сөз арасында мағыналық байланысқа негіз болса, сөзжасамдық
процесс негізінде қалыптасқан туынды мағынаның дамуы мағыналық айырмашылықты туғызады.
Сема — сөз мағынасының ең кіші бөлігі. Туынды сөздердің семантикалық құрылымын анықтауды
сөздің семалық қырларын қарастыру маңызды. В.Г. Гак сөздің ішкі мағыналық (семантикалық)
құрылымдағы семалар иерархиясын төмендегідей белгілейді [3; 95]:
архисема — сөздерді өзара байланастырып тұратын, олардың белгілі бір топқа бірігуіне негіз
болатын тектік мағынадағы сема;
айырым (дифференциалды) семасы — сөздердің лексикалық мағынасына негіз болып, бір
сөзді екінші бір сөзден ажырататын түрлік мағынадағы сема;
потенциалды сема — белгілі бір жағдайларға ғана байланысты актуалданып, сөздің
потенциалдық ерекшеліктерін көрсететін сема.
Сөзжасамның тарихи дамуын семантикалық аспектіде қарастырған ғалым А. Салқынбай туынды
сөздердің семантикасының қалыптасуында əр түрлі деңгейде сақталып, қатынасқа түсетін
құрамындағы семаларды талдап анықтама беріп, сөздің семантикалық күрделілігі осы семаларға
байланысты екенін айтып кетеді:
архисема — ең көне тұлғаның макросемасы деп, туынды сөз құрамында сақталу деңгейі
арқылы сөздің дамуын маманмен бағалауға болады;
туынды сөз құрамынлда болатын негізгі семаның бірі ретінде өзек семаны сөз мағынасының
жалпы семантикалық құрылымын құрап, негізгі мағынасын жасайды дейді;
туынды сөздің басқа түбірлес сөздермен тарихи-генетикалық байланысын көрсететін ортақ
сема — туынды сөздер тізбегін анықтауға мүмкіндік береді деген анықтама береді;
келесі туынды сөздер құрамындағы семалардың бірі ауыспалы сема — ассоциация, аналогия,
абстракциялау арқылы жаңа сөзжасамдық мағына туындағанда пайда болады жəне ол адам
танымының тереңдеуімен, ұғымдық мағынасының кеңеюімен байланысты деп түсініктеме
береді;
соңғы жасалатын туынды сөздің өзіне ғана тəн ерекші номинативті белгісін айқындайтын
сема — айырушы сема. Ғалымның пікірінше, айырушы сема арқылы заттың не құбылыстың
ерекше белгісі, қасиеті, сапасы, əрекеті белгіленіп, айқындалады [2; 44].
Туынды сөздердегі түбір мен жұрнақтың семантикалық байланысын зерделеген ғалым Б.Қасым
семалық талдау — туынды сөздердің өзара қатынасын анықтауда, жүйедегі аталымдардың орнын
белгілеуде тиімділігін атап көрсетеді:
лексикадағы жүйелік қатынастар мəселесін шешуде үлкен қызмет атқарады, яғни əр түрлі
лексика-семантикалық топ мүшелерінің мағыналық қатысын анықтауға, олардың шегін белгілеуге; əр
түрлі тақырыптық топтар аралығындағы семантикалық байланыстарды көрсетуге қатысады;
əрбір сөз мағынасының заттық-ұғымдық жағы мен төл тілдік жағын айырып көрсете алады;
əрбір сөз мағынасының өзгеруі нəтижесінде болған үдерістердің (көпмағыналылық, метафора,
метонимиялық қолданыстар, уəждемелік қатынас, сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы, сөз
мағынасының жаңа ұғымға телінуі жəне т.б.) табиғатын түсінуге көмектеседі;
сөз мағынасын синхрониялық, диахрониялық тұрғыдан қарастыруға негіз болады;
сөзжасамның семантикалық аспектіде қарастырылуында пайдаланылады;
сөз мағынасының парадигматикалық, синтагматикалық тізбек бойынша талдануына қатысады
[4; 188].
Туынды сөз семантикасының…
Серия «Филология». № 2(78)/2015
35
Туынды сөз жасауға арқау болған түбір сөздің семантикасы арқылы туынды мағынаны
анықтауға болады. Дегенмен туынды мағынасы барлық жағдайда негіз сөздің семантикасын толық
қамтымайды. А.Н. Тихонов туынды сөз мағынасына қатысты төмендегідей талдау береді:
негіз сөз семантикасының ауқымы туынды сөз семантикасынан кең болып келеді.
Сөзжасамдық жұрнақтар негіз сөздің мағынасын тарылту арқылы, нақтылай түседі. Мысалы:
кітапқұмар → мағыналық ауқымы кең кітап негіз сөзіне құмар форманты жалғану арқылы ‘кітап
оқығанды ұнататын’ туынды мағына қалыптасып, негізгі сөздің мағынасын тарылтып тұр;
негіз сөздің мағыналық аясы туынды сөзге қарағанда тар болып келеді. Яғни сөзжасам
арқылы туынды сөзде жаңа үстеме мағына қосылады. Мысалы: жалын → жалынды т.б. [5]. Себебі
туынды сөз семантикасы сөз жасаушы форманттар мағынасы негізінде қалыптасады.
А.Н. Тихоновтың пікірінше, негіз сөз бен туынды сөз мағыналарының арасында толық сəйкестік
пен бірге сəйкессіздік те болуы мүмкін. Ал Е.С. Кубрякова бұл ұғымды ұғымдық құрылымдар
асимметриясы деп атайды [6; 26].
А.Салқынбай туынды сөз мағынасының дамуы сипатын үш негіз көпмағыналылық, синонимдік
жəне антонимдік сипат арқылы танылады дей отырып, кез келген семантикалық сөзжасам негізінде
жасалған туынды сөздер нəтижелері осы аталған үш сипатта көрінеді деген пікір айтады [2; 85].
Бастапқы белгінің негізінде басқа бір сөзден тұратын атаудың пайда болуына ықпал ететін жəне
трансформациялану кезінде бастапқы белгінің кем дегенде бір бөлігі өзгертілмейтін бастапқы
белгінің кез келген өзгертілуі сол белгінің семантикасын өзгертуге бағытталған трансформация деп
танылуы мүмкін. Осындайда бастапқы белгімен салыстырғанда тек туынды белгіде байқалатын жəне
кез келген жағдайда коррелятивті, белгілі бір тілдің кез келген формалды үдерістердің бірінің
бастапқы белгісіне қатысты қолданылған семантикалық өзгеріс қана сөзжасамның өнімділігінің
көрсеткіші болып саналуы мүмкін
[6; 48]. Аталған семантикалық өзгерісті сөз белгісінің өзгергендігін
сипаттауға болмаған жағдайда сөзжасам мүлде болмаған деп те айтуға болады. Сөйтіп, сөзжасам
үрдісі аясындағы қарым-қатынастарды талдау үшін де сөзжасам үрдістерінің семантикалық
негіздерін зерттеу үшін де, біріншіден, семантикалық өзгерістің орын алғандығына көз жеткізіп,
екіншіден, аталған семантикалық өзгерістің қандай себептерге байланысты болғанын анықтау керек.
Жалпы лексикадағы семантикалық өзгерістің орын алуын үш негізгі фактормен байланыстыруға
болады:
тілдің өзіндік құрылымы мен құрылысымен байланысты лингвистикалық салдарға қатысты;
халықтың тарихи дамуымен, адамның белгілі бір қоғамда өмір сүру ерекшелігімен,
əлеуметтік, саяси, діни, адамгершілік, тұрмыстық жəне т.б. аспектілерді қамтитын əлеуметтік-мəдени
факторға байланысты. Семасиологиялық зерттеулерде бұл аталған аспектілердің маңызы зор. Себебі
лексикалық бірліктің мағынасын анықтауда сол атауға ие болған нақты немесе абстрактілі заттардың
белгілерінің ерекшелігімен анықталады. Сөздің семантикалық даму тарихы сол қоғамдағы өмір сүру
жағдайындағы өзгерістердің көрсеткіші болып табылады;
келесі лексикадағы семантикалық өзгеріске əсер етуші фактор — психологиялық салдар. Бұл
адамның ассоциативті ойлау ерекшелігіне негізделген жəне шындық өмірдегі зат пен құбылыстың
басқа құбылыстармен салыстыру арқылы немесе тікелей қатыстыру арқылы қабылданады [7]. Тіл
білімініде бұл құбылыс атаудың ауыспалы мағына алуымен түсіндіріледі.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, туынды сөз мағынасы сөзжасамдық форманттардың мағынасы
негізінде қалыптасады. Дегенмен, кейбір жағдайда туынды сөздің семантикасында сөзжасаушы
компоненттерінің мағынасынан тыс қосалқы мағына болуы мүмкін. Бұл сөз мағынасының ауыспалы
мағынаға өтуімен түсіндіріледі. Тілдің лексикалық жəне сөзжасамдық жүйесі дамуының айқындаушы
факторы семантикалық үдерісінің динамикасы болып табылады. Сөзжасамдағы семантикалық өзгеріс
соңғы жылдары когнитивистика аясында қарастырылып жүр. А. Бланк сөздегі семантикалық
өзгерістің он бір механизмін көрсетеді: метафоралық өзгеріс, мағынаның кеңеюі, мағынаның
тарылуы, гипонимиялық, халықтық этимология, антифраз, антонимия, кері (қарсы) мағына,
аналогиялық өзгеріс, метономия, эллипсис [8].
Туынды сөз мағынасы сөзжасамдық морфемалардың мағынасы негізінде қалыптасумен бірге
кейде сөзжасамдық үлгіден танылмайтын қосымша мағына алуы мүмкін. Сөз мағынасындағы бұл
құбылысты сөздің ауыспалы мағыналылығы деп атайды. М.А. Михайловтың пайымдауынша,
көптеген тілшілер сөз бен сөз тудырушы тұлғалардың ауыспалы мағыналылығын семантикалық
құбылыс ретінде жəне сөздің жалпы мағынасы мен сөзжасаушы форманттардың мағыналарының
қосындысы арасындағы теңсіздік деп таниды [9]. Ал М.В. Панов сөздің жалпы мағынасы тек қана
А.К.Купаева
36
Вестник Карагандинского университета
сөздің құрамдас бөліктерінің мағынасынан ғана құралмайды, сонымен бірге қосымша үстеме мағына
ала отырып, кеңірек болады деп айтады:
А + Б + (Х) [10].
Б. Қасым əрбір сөз мағынасының өзгеруі нəтижесінде болған көпмағыналылық, метафора,
метонимиялық қолданыстар, уəждемелік қатынас, сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы, сөз
мағынасының жаңа ұғымға телінуі сияқты үдерістердің табиғатын түсінуге мүмкіндік беретіндігін
айтады [4; 188].
Семантикалық сөзжасам негізінде жасалатын сөзжасамдық мағыналарға көпмағыналылық,
синонимдік жəне антонимдік мағыналар жатады. Көпмағыналылық пен сөзжасамдық процесті бір-
бірімен тығыз қарым-қатынасты болатын құбылыстар жəне көпмағыналық сөз мағынасының бірте-
бірте жіктеліп саралануына ықпал жасап, жаңа сөз тууының алғашқы баспалдағы болып табылады
[2; 8]. Мысалы, түркі тілдерінде: үй — зат есім «баспана», үй — естістік «жинау, топтау».
Сөзжасамдық процесс нəтижесінде орын алатын семантикалық өзгерістің бірі ретінде танылатын
құбылыс антономия бір заттың бойындағы қарама-қарсы сапалық белгі мен қасиетті ерекшелеу
арқылы, бір-біріне қарама-қарсы денотаттық жəне сигнификаттық белгілерді атау қажеттігінен
туындайды. Көне түркі тілінің өзінде осы құбылыс байқалады: bilig→biligsiz.
Сөзжасамдағы туынды мағына мен оған негіз болған уəждеме сөздің мағынасы арасындағы
теңсіздік болуы мүмкін. Туынды сөздің мағынасы негіз сөздің мағынасынан кең болуы мүмкін, яғни
сөзжасамдық мағынада мағынаның кеңеюі орын алуы мүмкін. Мысалы: кеш лексемасының «қас
қарайған», «кешкі уақыт» деген мағыналары бар, ал одан жасалған кештік туынды сөзінің бірнеше
мағынасы бар: 1) кешкі сын есім; 2) кештік тамақ мəнінде зат есім; 3) мезгіл мəнді зат есім; 4) зат
есім кеш қалғандық [1; 341].
Сөзжасамдық өзгерістің бірі мағынаның тарылуы туынды сөз мағынасы негіз сөздің
мағыналарының бірін ғана қамтуы болып табылады. Мысалы: қонақ туынды сөзіндегі қон- негіз
сөзінің: 1) түнеп шығу, қону; 2) құстың бұтаққа қонуы; 3) ауылдың қонысқа қонуы; 4) бір жерге
жайғасу сияқты т.б. мағыналарының бірін ғана, яғни түнеп шығу, қону мағынасынан жасалып тұр.
Метафора көпшілік ғалымдар тарапынан ерекше танымдық қасиетті таныта білетін құбылыс
ретінде бағаланады. Метафораны тілдегі əмбебап құбылыс деп таныған ғалым Б. Қасым: «Оның
əмбебаптығы тілдің құрылымында жəне қызметінде көрінеді. Ол тілдің түрлі аспектісі мен
қолданыстық қызметін қамтиды. Тілдегі сөзжасам мен аталымды метафора тұрғысынан зерделеу
тілде кенжелеу, назардан тыс қалып келеді», — деп ой тұжырымдайды [4; 255]. Ж.К.Сүйінжанова
өзінің «Атаулық тіркестердің сөзжасамдық семантикасы» атты зерттеуінде метафораны когнитивті
тəсілдердің əмбебап моделі ретінде қарастырып, метафорада концептуалды бір саланың бейнелері
басқа саланың сəйкес келетін құрылымына ауыстырылады деп анықтама береді [11; 8]. Сөзжасамдық
мағынадағы метафоралық өзгерісті бесік сөзінің «ұрпақ» ауыспалы мағына алуында байқалады.
Г.Н. Зайсанбаева аналогиялық аталым денотаттардың сыртқы пішініне, қасиетіне қызметіне т.б.
сипаттарына байланысты туындайтын құбылыс болса, метафорада ұқсату тілдік бірліктердің тілден
тыс сипатына байланысты деп, ғалым «итмұрын», «айқұлақ» сияқты сөзқосым арқылы жасалған
тілдік бірліктерден реалийлердің сырт пішіні белгілі бір заттар мен құбылыстардың қасиеттерімен
жіне белгілерімен салыстырылып, ұқсастығы уəждемелік белгі ретінде қолданылса, жанашыр,
қантөгіс, баскесер секілді метафоралану құбылысы арқылы жасалған атауларда қандай да бір
ұқсастық пен белгінің негізінде жасалып тұрғандығы айқын көрінбейді деп айырмашылығын атап
көрсетеді [12].
Метонимиялық үлгі затты не қасиетті иеленуді білдіруге негізделеді жəне ол поссесивті
аталатын композиттер арқылы беріледі. Мысалы: тізе түбірінен тізелі туынды сөзінде
метонимиялық мағына бар, яғни «мықты» беретін ұғымды білдіреді. Орхон ескерткіштерінде
кездесетін бұл туынды сөзде сол кездің өзінде метаномиялық өзгерістің орын алғанын байқауға
болады: «Bašlïγïγ žükündürmiš, tizligig sökürmüš» (KТү II). Аудар. Бастыларын бағындырдық,
тізелілерін тізе бүктірдік сөйлемінде tiz+lig, baš +lïγ туынды сөздерінде метономиялық мағына бар.
Гипонимиялық үлгі нағыз сөз тұтасуға ғана тəн мағынаның негізі гипонимиялық болған
жағдайда, сөз орталық элемент болатын негізге қатысты гипоним ретінде қызмет атқарады. Белгілі
бір құстың, өсімдіктің, жан-жануардың атауы оның бір ерекше белгісі арқылы таңбаланып жасалған:
қозы ошаған, қой жуа т.б. [11; 8].
Сөзжасамдық мағынаның қалыптасуында сөз тудырушы жұрнақтардың да өзіндік семантикалық
функциясы бар. Бұл туралы көне түркі тіліндегі зат есімнен етістік тудырушы жұрнақтарды таным
Туынды сөз семантикасының…
Серия «Филология». № 2(78)/2015
37
тұрғысынан зерттеген ғалым А.К. Лим көне түркілік жұрнақтардың грамматикалық функциясымен
бірге мағына арқалаушылық қызметі барын айтады [13; 3]. Мəселен -шы, -ші (-чы, -чі) агент зат есім
тудырушы жұрнағының көне түркі тілінде жəне қазіргі түркі тілдерінде белгілі бір мағына
арқалаушылық қызметі бар. Көне ескерткіштер тілінде: 1. Адамның бір нəрсеге қабілетін,
бейімділігін білдіреді: aiγu +čï ( ақылшы); 2. Кəсіп иесін білдіреді: bitig +či ( тасқа таңба қашаушы)
т.б. Ал қазіргі түркі тілдерінде бұл жұрнақтардың семантикалық аясының кеңейгендігін көрсетеді:
(a) адамның дағдысын: шор тіл. uruš+ča ‘ ұрысқақ’;
(b) адамның белгілі бір саяси ағымға жататындығын: өзбек тіл. respublika+či ‘республикашыл’,
monarhiya+či ‘монархияшыл’; қазақ тіл. stahanov+ šï ‘стахановец’ т.б.
(c) адамның туған жерін, тұрғылықты жерін білдіреді: қарашай-балқар тіл., тува Nalčik+ či
‘Нальчик қаласының тұрғыны’, Kïzïl
+
čï ‘Қызыл қаласының тұрғыны’;
(d) адамның қызметін: el+ čï(ši) ‘дипломатиялық қызметкер’, ören+ ži ‘оқушы’ т.б. Ал якут
тілінде кəсіп иесі –s ït, -sut,- čït, - čut, žït,- žut жұрнақтары арқылы беріледі : balïq+ s ït
‘балықшы’, suol+ žut ‘жолшы’ т.б. [13; 115, 116].
Туынды сөздер тілде бұрыннан белгілі лексикалық элементтер негізінде жасалады. Сонымен
бірге туынды сөз мағынасының қалыптасуында уəждеме негіз сөздің семасы арқау болғандықтан,
негіз сөз бен туынды сөз мағыналарының арасында байланыс болады. Сонымен бірге негіз сема
бірнеше туынды сөздің мағынасының қалыптасуына өзек бола алады. Сөзжасамдық мағынаның
қалыптасуында сөз тудырушы жұрнақтардың да өзіндік семантикалық функциясы бар. Түркі
тілдеріндегі сөзжасамдық жұрнақтардың мағына туғызушылық функциясы айқын болып келеді.
Туынды сөз мағынасы негіз сөз семасынан туындайтындықтан, туынды сөз семантикасында өзек
сема сақталуы түбір мен туынды сөз арасында мағыналық байланысқа негіз болса, сөзжасамдық
процесс негізінде қалыптасқан туынды мағынаның дамуы мағыналық айырмашылықты туғызады.
Сөзжасамның өнімділігінің көрсеткіші семантикалық өзгеріс болып табылады. Сөзжасамдағы
семантикалық өзгеріс көпмағыналылық, метафора, метонимиялық қолданыстар, уəждемелік қатынас,
сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы, сөз мағынасының жаңа ұғымға телінуі сияқты үдерістердің
табиғатын түсінуге мүмкіндік береді.
Əдебиеттер тізімі
1 Оралбаева Н., Құрманəлиев К. Сөзжасамның жалпы теориялық мəселелері. — Павлодар: Типография Сытина, 2011.
— 348 б.
2 Салқынбай А. Тарихи сөзжасам (семантикалық аспект): Монография. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1999. — 309 б.
3 Гак В.Г. О диалекте семантических отношений в языке // Принципы и методы семантических исследований. — М.:
Наука, 1976. — 379 с.
4 Қасым Б. Сөзжасам уəждемесі мен сөзжасамдық мағына // Қазақ тілі жəне қазақ тілінің өміршеңдігі: Р.Сыздықтың
85 жылдығына орай өтізілген ғылыми-теор. конф. материалдары. — Алматы, 2009. — 188–190 б.
5 Тихонов А.Н. О семантической соотносительности производящих и производных основ // Вопросы языкознания. —
1967. — № 1. — С. 112 –120.
6 Кубрякова Е.С. Типы языковых значений. Семантика производного слова. — М.: Наука, 1981. — 200 с.
7 Хакимзянова Д.Ф. Семантическая деривация глаголов физического воздействия на объект в русском, татарском и
английском языках. 10.02.20 — Сравнительно-историческое, типологическое и сопоставительное языкознание: Автореф.
дис. ... канд. филол. наук. — Казань, 2008. — С. 7.
8 Михайлов М.А. Речевая номинация и выделимость морфем. — Красноярск, 1989. — С. 157.
9 Historical Semantics and Cognition (Cognitive Linguistics Research 13) / Edit. by A. Blank; P. Koch. Berlin; New York: De
Gruyter Mouton, 1999. — P. 22.
10 Панов М.В. О слове как единице языка // Учен. зап. МГПИ им. Потемкина. — 1956. — Т.LI. — Вып. 5. — С. 129–165.
11 Зайсанбаева Г.Н. Mетафоралы сөзжасам: Ғыл. моногр. — Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012.
— 112 б.
12 Сүйінжанова Ж.К. Атаулық тіркестердің сөзжасамдық семантикасы. 10.02.02 — Қазақ тілі: Филол. ғыл. канд. ... дис.
автореф. — Алматы, 2009. — 22-б.
13 Lim A.K. The meaning structure of the Old Turkic denominal verb formatives. Part 1 // Turkic Languages. — 15, 2011. — Р. 3–50.
А.К.Купаева
38
Вестник Карагандинского университета
А.К.Купаева
Достарыңызбен бөлісу: |