Мультимедиалық оқу əдісінің…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
191
Осы кедергілерден шығу үшін біз көпжақты коммуникация ұйымын құру керек.
Көпжақты
коммуникация формасын ұйымдастырған кезде дəстүрлі оқу формасынан келесі артықшылықтарға
жететін болады:
барлық қатысушылардың белсенділігі;
тепе-теңдік;
басқару мен бақылаудың репресcивті болмауы;
білім алушының білімін оқу процесіне енгізу.
Бірақ оқу процесін бұлай ұйымдастырғанда мынадай мəселелер туындайды:
1. Оқыту барысында білім алушыға əлеуметтік пайдалы білімді, мінез-құлық сипаттарын жəне
сапасын қарым-қатынасты, тəртіп тəжірибесін өндіруде жеке тұлға өмірімен іс-əрекетін даму
динамикасының ерекшеліктерін əр түрлі оқыту технологиясының спецификасын жəне жеке
тұлғаның, қоғамның жəне мемлекеттің қажеттілігін ескеру.
2. Тұлғаны емес, оның даму процесін басқару. Бұл мəселелерді шешу үшін:
– біріншіден, орташаланған педагогикалық əсердің тəсілдерін қолдану, педагогикалық əдісті
тиімді пайдалану;
– екіншіден, диалогтық қарым-қатынас əдістерін қолдану, шындықты бірігіп шығару жолын
іздеу;
– үшіншіден, мультимедиалық оқыту əдістерін қолдану.
Оқу-тəрбие үрдісіне
теориялық, іс-тəжірибелік талдаулар, оның тарихына пайымдаулар,
ғалымдардың ойлары, əдіскер, тəжірибелі мамандардың пікірлері, озық, тиімді, оңтайлы ықпалдар,
нəтижелер келесі тұжырымдама жасауға жеткізеді:
оқытудың техникалық құралдары — пассивті оқыту құралдары;
компьютерлік технологиялар — активті оқыту құралдары;
мультимедиалық технологиялар — интерактивті оқыту құралдары.
Пассивті оқытудың техникалық
құралдары алдын ала даярланған, бағдарламаға, күнтізбелік
тақырыптық жоспарға тікелей қатысты, мазмұны сай келетін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру
стандарты, ұлттық бірыңғай тесті, мемлекеттікаралық бақылауға сəйкес мазмұндағы оқу-
ақпараттық материалдарды оқытушы ұсынуға мүмкіндік беретін оқыту құралдары.
Активті оқытудың техникалық құралдары алдын ала даярланған оқу материалдарын кері
байланысқа, сұрақ-жауаптарға, бағдарламаға қатысты өзі ізденіп жауап беру, ойластыру, жауаптарын
байқаудан өткізу — шəкірттің белсенділігімен жүзеге асырылатын оқыту құралдары.
Интерактивті оқытудың техникалық құралдары — шəкірттерге нақты оқу материалдарын
ұсынып, ақпаратты өңдей, талдай, саралай білуге ұмтылыстары жəне берілген жауаптың негізінде өзі
оқу материалдарын толықтырады, жеткілікті, тіпті ойдағыдай деңгейге сай мазмұнын құрылымдайды [1].
Біз мультимедиалық оқу əдісімен физикалық процестерді компьютер
көмегімен модельдеуді
ұсынамыз.
«Мультимедиа» термині бірінші рет 1965 ж. пайда болып, 70-жж. əр түрлі формадағы көріністер
жəне ақпараттар, театрлық шоу ретінде, мысалы: слайдтар, кино, бейнетаспалар, аудиофрагменттер,
жарық эффектілер жəне жанды дауысты музыкаларды көрсету үшін белсенді қолданды.
Оқу процесінде əр түрлі пəнге оқып үйренетін жəне алған білімін тексеруге тестілік
программалар пайдаланылып жүр.
Мультимедиалық технологиялар білім алушылардың болашақ мамандығына қызығушылығын
арттырып қана қоймай жəне де пəн бойынша үлкен жетістіктерге жетуде. Көптеген білім алушылар
ақпаратты көру арқылы жақсы қабылдайды. Бұл программалар ізденіс пен тəжірибе, озық
технологиялар мен инновациялар толықтырып қарқынды оқытуға көмектеседі. Соңғы жылдары
əдістемеге енгізілген эксперименттерді компьютер арқылы модельдеудің де,
студенттердің
эксперименттерді қолдарымен жасағанындай болмаса да, аспапты танып-білуіне, оның қолданылу
деңгейін біліп жұмыс істеуінің маңызы зор болып отыр. Пассивті бақылаушы болып емес, активті
қатысып жəне де өзінің мүмкіндігін бағалай алады.
Достарыңызбен бөлісу: