№2(78)/2015 Серия педагогика



Pdf көрінісі
бет175/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   185
Ғалымның Қарағанды шахталарында өнегелі еңбек етуі 
Өткен ғасырдың 30–40-жж. жоғары техникалық білім алған алғашқы қазақ инженерлерін күтіп 
тұрған істер көп еді. Олардың арасынан ерекше озық шығып, белсене жұмыс атқарып, ірі өндіріс 
мекемелерін басқарып жүрген инженерлер А.Д. Шортанбаев, Ф. Серғазин, Ғ. Қосжанов, 
С.А. Əлменовтердің қатарына Ə. Сағынов та қосылады. 
Алғашқы еңбек жолын 1939 ж. сəуірінен бөлім бастығы лауазымынан бастап жыл аяғына қарай 
№ 3-бис шахтасының бас инженері болып тағайындалады. Жас маман осы кезде шахтада көмір 
қабатын қазу үшін енгізіліп жатқан қуатты «Верхняя Марианна» жүйесін сынақтан өткізуге белсене 
қатысады. Жас инженердің терең білімі мен ұйымдастырушылық қабілетін шахта бастығынан трестің 
бас инженеріне дейінгі міндеттерді атқару кезі барынша ашады [4]. 
Қарағанды шахталарында өнегелі еңбек етуімен қатар, Əбекең ғылымға да көп көңіл бөліп 
жүреді. 1947 ж. Қазақ ССР Ғылым Академиясының тау-кен институтының аспирантурасын сырттай 
бітіріп, 1951 ж. техника ғылымдары кандидаты атағын сəтті қорғайды. 
Дəл осы кезде Қарағандыда Мəскеудің жетекші ғылыми-зерттеу институтының филиалдары 
ашыла басталды. Осындай филиалдардың біріне, кейіннен Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу 
институты (КНИУИ) аталған мекемеге ірі өндірісші Ə. Сағынов директор болып тағайындалады. 


Əлем таныған ғұлама… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
319 
Филиалдағы қызметі кезінде ол ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемінің өсуіне, 
ғылыми қызметкерлермен толықтыруға, жаңа ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға, материалдық-
техникалық базасын нығайтуға барлық іскерлік қабілетін, күш-қайратын жұмсады, соның 
нəтижесінде филиал дербес институтқа айналды. 
Қарағанды көмір бассейнінің қарышты дамуы, пайдалы қазба орындарының көптеп ашыла 
бастауы жас мамандарға деген сұраныс жергілікті жерде көмір өнеркəсібі үшін кадрлар дайындау 
қажеттігін туғызды. Сөйтіп, 1953 ж. Қарағанды тау-кен институты ашылды. Ректор қызметіне 
Ю.К. Нұрмұхамедов тағайындалды, алайда ол бір жарым жылдай ғана істеді. 1955 жылы тəжірибелі 
маман, қабырғалы өндірісші, келешегі зор ғылыми қызметкер Ə. Сағынов ректорлық қызметке 
кірісті. 
Қарағанды политехникалық институтының ректоры
қызметін жемісті атқаруы 
Əбілқас Сағынов жоғары білім саласының тамаша ұйымдастырушысы еді. Ол басқарған тау-кен 
институты 1958 ж. Қарағанды политехникалық институты (ҚарПТИ) болып ауысты. 1996 ж. ҚарПТИ 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ) болып қайта құрылды. 
Ə. Сағынов ҚарПТИ–ді 33 жыл бойы басқарды жəне онымен қайсарлық пен еңбек сүйгіштіктің 
жарқын мысалы болатын өмірінің соңына дейін қош айтыспады. Ғұлама ғалымның арқасында 
ҚарПТИ кезінде 24 мамандық бойынша маман дайындайтын еліміздегі көпкешенді жоғары оқу 
орнына айналды. Он мыңдаған мамандар қанат қақты. Түрлі бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары 
өріс алды. Əбекеңнің жеке ынтасы, табандылығы мен жігерлігі арқасында жаңа оқу, лабораториялық 
ғимараттар, жатақханалар, асхана, Қарқаралыда спорт-сауықтыру лагері бой көтерді. Инженер 
мамандарын дайындаудағы елеулі еңбегін ерекше ескеріп, IX бесжылдықта КСРО Жоғарғы Кеңесі 
Президиумының Жарлығымен институт 1976 ж. Еңбек Қызыл Ту Орденімен марапатталды. Осы 
жылы бесжылдық міндеттерін орындауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендігі үшін Қазақстан 
КП ОК, Жоғарғы Кеңес Президиумы жəне ҚазССР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Құрметті 
дипломмен марапатталды жəне Қазақ ССР-нің Құрметті Алтын кітабына енгізілді. Бүкілодақтық 
социалистік жарыста үздік нəтижелерге қол жеткізгені, өндіріс тиімділігін жəне жұмыс сапасын 
арттырудағы қол жеткізген жетістіктері үшін, экономикалық, əлеуметтік даму жоспарын табысты 
орындағаны үшін, 1979 ж. институт ұжымына ауыспалы Қызыл Ту берілді. Əсіресе 1980 ж. 
социалистік жарысқа қатысқан 870 жоғары оқу орнының ішінде тек екеуі ғана оқ бойы озық шығып, 
соның бірі — Қарағанды политехникалық институтына КПСС ОК, ССР Министрлер Кеңесінің 
ауыспалы Қызыл Туы берілуі айтулы оқиға болды [5]. 
Сонымен, қазіргі таңда техникалық университет атанып отырған Қарағанды политехникалық 
институтының өсіп-өркендеуінде тұңғыш ректорының орасан еңбегін ерекше атауға болады. 
Институтты 30 жылдан астам уақыт бойы басқарып, осынау оқу орнын Қазақстандағы ғана емес, 
бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы үздік те ірі техникалық білім ордасына айналдырды. Бұл кісінің 
арқасында Орталық Қазақстанда инженер мамандарды даярлау ісі жолға қойылып, түлектері əлемнің 
көптеген елдерінде жоғары бағаланатын болды. Дарынды ғалым, педагог қаншама ізбасарларын 
тəрбиелеп, оларға оқыған-тоқығанын сондай бір жомарт көңілімен жеткізе білді. ҚарПТИ-де 
(ҚарМТУ-де) қажырлы еңбектің арқасында көрнекті ғылымдардың ғылыми мектептері құрылды. 
Академик Ə. Сағынов негізін қалаған ғылыми жəне педагогикалық дəстүрлер Университеттің ХХІ ғ. 
лайықты қарсы алуына мүмкіндік берді. Бүгінде кемеңгер ғалымның есімі мен тұлғасы біздің жоо 
абыройының ажырамас бөлігін құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет