№2(78)/2015 Серия педагогика



Pdf көрінісі
бет177/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   185
Ғалымның Жер қойнауын кешенді игеру мəселелері 
институтында жүргізген зерттеулері 
Қазақстан Республикасының Үкіметі жəне Ұлттық ғылым академиясы 1990 ж. Қарағандыда Жер 
қойнауын кешенді игеру проблемалары институтын ашу туралы Қаулы қабылдады. Ол жер 
қойнауларын зерттеу жəне минералдық шикізаттар мен көмірсутегін өңдеу мəселелеріне 
Қазақстанның тау-кен өндіретін өнеркəсібінің экономикалық мониторингін жасауға бағытталған 
болатын. 
1991 ж. Қарағандыда осы Қаулыға байланысты ҚазКСР ҒА-ның Геология жəне кен ісі 
институттары филиалдарының негізінде ҚР ҰҒА-ның Жер қойнауын кешенді түрде игеру мəселелері 
бойынша институт ұйымдастырылды. Оған жетекшілік еткен академик Ə. Сағынов. 
1991–2001 жж. осы институттың директоры ретінде Əбекеңнің ғылыми зерттеулерді жан-жақты 
жүргізуге қосқан үлесі зор.
Əбілқас Сағыновтың басшылығымен пайдалы кен орындарын кешенді игеру тəжірибесі мен 
теориясын талдау кем дегенде үш негізгі бағытта жүргізілді.
Бірінші — қалдықсыз технология жасау, яғни пайдалы қазбаларды жер қойнауынан алу олардың 
тікелей жатқан орнында іске асырылады. Мұндай технология мысалдары ретінде пайдалы кен 
орындарын геотехнологиялық əдіспен қазып өндіруді қарастыруға болады: жер-астылық сілтілеу 
жəне жерастылық еріту; жерастылық балқыту; жерастылық газификация. 
Екінші — тау-кен жəне кен-байыту өндірісінің қалдықтарын (утилизациялау) пайдалану. 
Үшінші — пайдалы қазбаларды əдеттегі қазу əдістері негізінде кен орындарды жерасты жəне 
ашық əдіспен қазып-өндірудің аз қалдықты технологиясын жасау. Мұндай технологиялардың 
принциптік негізі болып тау-кен жəне байыту өндірісінің қалдықтарын толық не жартылай камералар 
мен карьерлердің қазылған кеңістіктерінде орналастыру; параметрлері берілген техногенді кен 
орындарын келешекте əрі қарай қолдану мақсатымен жасау. 
Бүгінгі таңда Ə. Сағынов құрған бұл институтта Орталық Қазақстанның бағалы жəне сирек 
кездесетін металдарын барлау жөніндегі геологиялық-технологиялық зерттеулер кешені жүргізіліп, 
шахта метанын өндіру жəне пайдалануға байланысты геотехнологиялық ғылыми-қолданбалы 
зерттеулер өткізіліп жатыр. 
Түйін 
Атақты ғалым лайықты құрмет пен қошеметке жерлестері мен əріптестерінің арасында ғана 
емес, ғылыми һəм қоғами орталарда да молынан ие болды. 
Еліміздегі жоғары білім беруді дамыту жəне халық шаруашылығы үшін білікті мамандарды 
даярлаудағы зор еңбегі үшін 1971 ж. Əбілқас Сағынов Социалистік Еңбек Ері атағын алады.
Бір қызығы, сол тұстағы Кеңестер Одағындағы 860 жоғары оқу орнының ректорлары ішінде тек 
екі-ақ адам Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған екен. Бірі — Бауман атындағы Мəскеу жоғарғы 
техникалық училищесінің, қазіргі техникалық университетінің ректоры, екіншісі — Қарағанды 
политехникалық институтының ректоры Ə. Сағынов. Одақ бойынша екеудің бірі, Қазақстан бойынша 
бір өзі. 
Əбекең, түрлі медаль, басқа да сый-құрмет түрлерін айтпағанның өзінде, екі рет Ленин 
орденімен, Октябрь революциясы, Халықтар достығы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды.
1993 ж. Қарағанды қалалық халық депутаттары Кеңесінің шешімімен Ə. Сағыновқа аймақтағы 
көмір ошағын өркендету жəне мамандар даярлауда, ғылымды дамытуда қосқан елеулі еңбегі үшін 
«Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Əйгілі ғалым 1995 ж. ҚР Президенті 


Р.С.Каренов 
322 
Вестник Карагандинского университета 
Н. Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасы ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген 
қайраткері» атағын алды.
Əбілқас Сағынов ұзақ уақыт бойы ғылыми-педагогикалық жəне ұйымдастыру əдісі мен 
жұмыстарымен қатар қоғамдық қызметпен де айналысты. Ол 30 жыл бойына Қарағанды облыстық 
партия комитетінің мүшесі, кезіндегі КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1966–1970), жергілікті 
кеңестердің депутаты, көптеген ғылыми журналдар редколлегиясының мүшесі болды. 
Академик Сағыновтың өнеркəсіпті Жезқазғанның қалыптасуындағы рөлі де айтарлықтай. КСРО 
Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып жүргенде оның табандылығы жəне күш-жігері арқасында Үлкен 
Жезқазғанның құрылысын салу кезекті бесжылдық жоспарға еніп, ол аймақтың экономикасының 
күрт дамуына ықпал етті [7]. 
Қорыта келе айтарымыз, осынау ұлы адамның ғұмыры қазақстандықтардың сандаған 
ұрпақтарына үлгі бола алады. Бұл дегеніңіз — халыққа қызмет етудің, қалаулы іске деген 
адалдықтың, Отан алдындағы жауапкершіліктің лайықты үлгісі.
Əдебиеттер тізімі 
1 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының екі томдық толық жинағы. — I т. — Алматы: Ғылым, 1977. — 187-б. 
2 Көпейұлы Мəшһүр-Жүсіп. Қазақ шежіресі. — Алматы: Жалын, 1993. — 19-б.
3 Жақсыбаев С.И. Қаржас ұрпақтары. — Павлодар: ЭКО, 2008. — 174, 175-б. 
4 Арыстан И. Сағынов тағылымы // Егемен Қазақстан. — 2012. — 27 желт. — 7-б. 
5 Ынтықов Т. Дарабоз // Орталық Қазақстан. — 2011. — 1 қазан — 3-б. 
6 Құлқыбаев Ғ. Патриарх // Егемен Қазақстан. — 2005. — 24 желт. — 3-б.
7 Пивень Г. Сағынов туралы сөз // Орталық Қазақстан. — 2005. — 24 желт. — 4-б. 
Р.С.Каренов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет