№2(78)/2015 Серия педагогика



Pdf көрінісі
бет174/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   185
МЕРЕЙТОЙ ИЕСІ 
ЮБИЛЕЙНЫЕ ДАТЫ 
ƏОЖ 316. 477 (574) 
Р.С.Каренов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(E-mail: rkarenov@inbox.ru) 
Əлем таныған ғұлама ғалым
Академик Əбілқас Сағыновтың туғанына 100 жыл толуына орай 
ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы, тау-кен ісінің білгірі Əбілқас Сағыновтың педагогикалық жəне 
қоғамдық қызметі, сондай-ақ ғылыми мұрасы суреттелген. Оның Қарағанды политехникалық 
институтының ректоры ретіндегі қызметіне, сондай-ақ Қазақстанның тау-кен ғылымдарының 
дамуына қосқан үлесіне баға берілген. Ə. Сағыновтың ғылыми-педагогикалық мұрасы — оның 
шығармаларының құнды естелігі — Қазақстан Республикасына ұзақ жылдар қызмет ететіндігі туралы 
қорытынды жасалған. 
Кілт сөздер: ғалым, ректор, шахта, институт, жетістіктер, ғылыми зерттеулер, сыйлық, кен орындары, 
игеру, марапаттау.
Кіріспе 
Өмір – өзен. Сол өзеннің айдынында, сол өзеннің ағысымен бірге өмір де өтеді. Атамыз 
қазақтың айтқанындай, «Ұршыққа байланып жіп бітеді, күнге байланып өмір бітеді» ...Бір адамның 
ғана емес, бір дəулеттің, бір тайпаның, бір елдің, бір ұлттың, бір халықтың, тіпті адамзаттың да өмірі 
өтеді» деген-ді.
Иə, өмірден кім өтпеген ... жəне кім өтпейді. Осындайда Хакім Абайдың Оспан інісіне айтқаны, 
«Оспанға» атты тамаша өлеңі [1] еске түседі: 
Жайнаған туың жығылмай, 
Жасқанып жаудан тығылмай, 
Жасаулы жаудан бұрылмай, 
Жау жүрек жомарт құбылмай, 
Жақсы өмірің бұзылмай, 
Жас қуатың тозылмай, 
Жалын жүрек суынбай, 
Жан біткеннен түңілмей, 
Жағалай жайлау дəулетің
Жасыл шөбі қурамай, 
Жарқырап жатқан өзенің
Жайдақ тартып суалмай,
Жайдары жүзің жабылмай, 
Жайдақтап қашып сабылмай, 
Жан біткенге жалынбай, 
Жақсы өліпсің, япырмай! 
Шынында, бұл өмірден жақсы өткендер сирек қой. Сол сиректің бірі — халқымыздың мақтан 
тұтар ұлы перзенті, сегіз қырлы ғұлама ғалым Əбілқас Сағынов. Бүгінде оның есімін білмейтін адам 


Р.С.Каренов 
318 
Вестник Карагандинского университета 
жоқ. Биыл ғалымдардың ғалымы, ұстаздардың ұстазы, халқына, ғылымға қызмет етудің тамаша 
үлгісін көрсетіп кеткен біртуар тұлғаның туғанына 100 жыл толып отыр. 
Академик Сағыновтың өміріне қатысты қысқаша мəліметтер 
Əбілқас Мұсаұлы Сағынов 1915 ж. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл аулында 
дүниеге келген. Ол Арғын тайпасына жататын Сүйіндік — Қаржас руындағы Сатылған (Тілеуімбет) 
ұрпағы. Ғалымның ата-тегі былайша өрбиді. 
Қаржас Тұрсын ханның бесінші қызы Жолбикеге үйленген [2]. Қаржастың бəйбішесі саналған 
осы қыздан туған тұңғышы — Құлеке, ортаншысы — Бегім, екінші əйелден туған кенжесі — Ерім. 
Қаржастың екінші ұлы Бегімнен — Сатылған, оның бəйбішесінен — Тілеуімбет. Тілеуімбеттен 
(лақап аты: Қарақалпақ) — Қошқарбай, Қожамқұл. Қожамқұлдан — Тұяқ. Тұяқтан — Баубек, одан — 
Тілеген. Тілегеннен — Сағын, одан — Жанəлі. Жанəліден (лақап аты: Жабағы) — Мұса, одан — 
Əбілқас [3]. 
Əбекеңнен бес ұл бала: Бектұр, Шыңғыс, Қазыбек, Ниязбек, Темірбек. Бектұрдан — Асқар, одан 
— Əлихан.
Əбекең бала кезінен Сарыарқаның киелі Баянтау аймағының табиғи сұлулығы мен тазалығын 
бойына сіңіріп өсті. 1924 жылы Сағыновтар отбасы аймақтың тағы бір сұлу өлкесі Қарқаралыға 
көшеді. Осында бір сатылы мектепті тəмамдап, 1928 ж. күзінде педагогикалық техникумның төменгі 
дайындық бөліміне оқуға түседі. 1931–1932 жж. өндірісте электр жөндеушісінің көмекшісі болып 
жұмыс істейді. Қоңырат руднигінде шахтамен бірінші рет танысып, Өспен кеніші шеберханасында 
моторист мамандығын игереді. Осыдан кейін келешекте кен инженері болу мақсаты жүрегіне 
орнайды. Сөйтіп, 1932 ж. Қарағанды кен техникумына оқуға түседі. Оны бітірген соң 
«Қарағандыкөмір» тресінің арнайы шешімімен Днепропетровск тау-кен институтына жіберілген бес 
адамның қатарында Украинаға оқуға аттанады. 
Ə. Сағынов Днепропетровск тау-кен институтын «Пайдалы қазбалар кен орындарын қазып 
өндіру» мамандығы бойынша1939 ж. үздік дипломмен бітіріп шыққаннан кейінгі еңбек пен 
ғылымдағы жолын Қарағанды көмір ошағын дамытуға, Қазақстанның басқа да толып жатқан жер 
қойнауы қазынасын игеріп, халық шаруашылығы игілігіне жаратуға арнады. Ол учаске бастығынан 
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигіне дейінгі жемісті шығармашылық жолдан 
өтті.
1955 жылдан Қарағанды ғылыми-зерттеу көмір институтының директоры, Қарағанды тау-кен 
институтының ректоры (1955–1958), Қарағанды политехника институтының ректоры (1958–1987), 
кафедра меңгерушісі, Қарағанды политехника институты ректорының кеңесшісі (1987–1991), КСРО 
Жоғарғы Кеңесі 7-шақырылымының депутаты, Қазақстан Ғылым академиясы Жер қойнауын кешенді 
игеру мəселелері институтының директоры (1991–2001). 2001 жылдан бастап Қарағандыдағы Бизнес, 
басқару жəне құқық университетінің Президенті қызметін атқарды. 
91 жасында (2006 жылдың қыркүйегінде) Қарағанды қаласында өмірден озды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет