Р.С.Каренов
320
Вестник Карагандинского университета
дəуірге дейінгі III–IV ғғ. бастап) бері қарай дамығанының тарихи айғақтары өте мол. Археологиялық
қазбалардан табылған тастан, қоладан, темірден жасалған садақ ұшы, қашау, балталар, тағы да басқа
қолданыс заттарын айтуға болады. Сонымен қоса Сарыарқа төсінен табылған кен қорыту пештері
(мəселен, Атасу, Жезді өңірінен табылған кен қорыту орындары) бар.
Атап айту керек, Орталық
Қазақстан бүкіл Еуразия кеңістігіндегі мыс пен қалайы өндіретін тау-кен өндірісі ең дамыған
аймақтардың қатарында болды. Тек қана табылған деректердің өзі көрсетіп отырғандай, Жезқазған
мен Кенқазған өңірінде ғана кен өндіру 1 млн жəне 800 мың т жеткен. Тіпті,
жер атауларының
(Жезқазған, Жезді, Кенқазған т.б.) өзі осы айтылғандардың айғағы іспеттес. Адамзат баласы қазіргі
кезде жыл сайын жер астынан жүз миллиардқа жуық тонна кен байлықтарын қазып алады. Жер
астының кенін қазу күннен күнге тереңдеп барады. Мəселен, Донбасс пен Германия шахталарының
тереңдігі 1000 м асады. Оңтүстік Африка Республикасында алтын қазу жұмыстары 3 км тереңдікте
жүргізіледі. Мен кен қазу стихиясын адамзаттың ғарышты игерудегі батырлық хикаясымен теңер
едім. Жер астының байлығына шабуыл жасау өзінің романтикасы мен поэтикасы жағынан ғарышты
игеруден бір кем түспейді. Мен оны геоғарыш деп атар едім. Геоғарыш дегеніміз — жер қойнауының
тылсым дүниесі, қол жетпес армандай өзіне тəн ерекшелігі мен жұмбағы мол қызық əлем, іші толған
қысым мен қызу, жарылыс пен толқу, лықсу мен тербеліс!
Геоғарыштың сан-саналы құбылыстары мен тарпаң мінезін игеру атам заманнан бері тау-кен
ғылымының басты бағыты болып келеді. Ашық карьерлерден тұңғиық терең шахталарға дейінгі
жүргізілген тау-кен жұмыстары, кен қазу технологиялары енді XXI ғ.
жаңа сапаға көшіп, бұрын-
соңды болмаған қауіпсіз, экологиялық таза жаңа технологияларға ойысуы керек. Ол —
геотехнология! Бұл технология үшін карьерлер мен шахталардың керегі жоқ. Ол тек бұрғылар
арқылы жер астына жіберілетін сұйық реагенттер, іріткіштер, тотықтырғыштар, қыздырғыштар, тағы
басқалар арқылы кен қорын ерітінділер,
газ аралас, тағы басқа түрлерін скважиналар арқылы жер
астынан шығарып алу. Осы əдістер арқылы минералдарды кешенді түрде амалдап алу» [6].
Көрнекті ғалым 1962 ж. Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 1970 ж.
академигі болып сайланды. 1967 ж. «Қарағанды бассейнінің көмір қыртыстарын жер астынан шығару
əдістерін зерттеу жəне жетілдіру» ғылыми жұмысын Мəскеудің тау-кен институтында жоғары
деңгейде қорғап, техника ғылымдарының докторы атағына ие болды.
Əбекең өзінің докторлық диссертациясында бірталай соны мəселелерді қарастырып, оны
шешудің жолдарын ұсынды. Мұның көмір өндіруде оның өзіндік құнын едəуір арзандатуға
мүмкіндік беретіні кейіннен тəжірибе жүзінде дəлелденді.
Ə. Сағыновтың өндіріс жəне ғылым салаларындағы жетістіктері
оның білім құмарлығы
диапазонын жылдан жылға кеңейте түсті. Енді ол ғылыми-зерттеу жұмыстарын тек бір мəселе
шеңберінде ғана жүргізіп қана қоймай, тау-кен өндірісімен байланысты басқа да
проблемалармен
айналысатын жан-жақты сегіз қырлы бір сырлы ауқымы кең ғалым деңгейіне көтерілді.
Əбілқас Сағынов — «Көмір өндірудің технологиялық есебі процестері» (1961, тең авторлы),
«Көмір шахталарының технологиялық схемаларын біріктіру» (1974, тең авторлы), «Қарағанды
бассейнінің көмір қабатын əзірлеу мəселелері» (1976), «Пластикалық карьер конвейерлерінің есебі
жəне жобалау негіздері» (1984, тең авторлы), «Машинаны соғу органдарының гидроимпульсті
жүйесін құрудың теориялық негіздері» (1985, тең авторлы), «Механикалық
ұстамдарды жетілдіру
жəне дамыту жолдары» (1992, тең авторлы), «Өткен белестер туралы» (1995) еңбектері мен 280-нен
астам ғылыми жарияланымның авторы.
Дарынды ғалымның кен орындарын тиімді əдіспен қазу, тау-кен өндірісін механикаландыру,
шахталарда еңбек өнімділігін арттыратын, экологиялық жəне қауіпсіздік шаралары сапасын көтеру
мəселелеріне арналған жиырма монографиялық, басқа да көптеген ғылыми еңбектері қазір таптырмас
оқу құралы болып отыр.
Əбекеңнің іргелі зерттеулерінің нəтижелері көптеген халықаралық ғылыми конференцияларда
баяндалды. Ə. Сағыновтың жəне оның шəкірттерінің ғылыми əлеуетінің бір дəлелі
ретінде Intas
жобасы бойынша шетел ғалымдарымен (Германия, Чехия, Ұлыбритания, Польша, Ресей) бірігіп
ғылыми зерттеулер жүргізіп, алыс шетелдегі (Белград, Денвер) ғылыми конференцияларға қатысуын
айтуға болады.
1974 ж. тау-кен жыныстарының механикасы жөніндегі жұмысы үшін Ə. Сағыновқа авторлық
ұжымдардың құрамында Қазақ ССР-нің ғылым жəне техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы
берілді.
Əлем таныған ғұлама…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
321
Ал 1987 ж. оған тағы да авторлар құрамында «Тау-кендік жəне
құрылыс өндірісіне арналған
гидравликалық ұрғыш машиналарының ілімін жасап жəне оны əзірлеу» деген еңбектің жетекшісі
ретінде Қазақ ССР-нің ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Академик Ə. Сағыновтың ғылыми басшылығымен 11 докторлық, 50-ден аса кандидаттық
диссертация қорғалды.
Сөйтіп, пайдалы қазбалар кен орындарындағы өндіру технологиясы мен кешенді
механикаландыру проблемаларын түбегейлі зерттейтін аса əлеуетті ғылыми кадрлар шоғыры
дайындалып, бұл салада ғылыми-технологиялық тəуелсіздік деңгейіне қол жеткізілді.
Міне, осындай-осындай ерен ғылыми жетістіктер
тек қана аса ірі ғалымның, ғылымды ерек
ұйымдастырушының ғана қолынан келетін іс екендігі айдан айқын.
Достарыңызбен бөлісу: