Мектепке дейінгі ұйымдардың…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
49
еш өзгеріссіз, яғни, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тəрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз
мектепке барамыз» бағдарламаcы негізінде жүргізілді.
Эксперименттің ұзақтығы — 20 апта.
Сонымен қатар балабақшада қолданылатын əдіс-тəсілдер, құралдар жəне дене шынықтыруға
байланысты
жұмыстар, дене жүктемесінің бағыты, сипаттамасы жəне қарқыны талқыланды.
Педагогикалық процестің өту барысы (дене шынықтыру инструкторларының, тəрбиешілердің
көмегімен) міндетті түрде қадағаланып отырылды. Балалардың қозғалыс қызметіне негізделуі, дене
шынықтыру жаттығуларын орындауға бағыттылығы жəне белсенділігі, дене тəрбиесі жұмыстарының
ұсынылған түрлеріне балалардың əрекеті бағаланды. Дене шынықтыру сабағын өткізуге арналған
уақыттың мақсатты түрде қолдануын зерттеу үшін сабақтың жалпы көлемі анықталды.
Осы кезеңнің соңында эксперименталды жəне
бақылау топтарында, мектепке дейінгі ересек
жастағы балалардың дене бітімінің дамуы (антропометриялық өлшеулер тəсілімен) жəне дене
дайындығының деңгейлерінің айырмашылықтарын анықтау мақсатында, ұсынылған тестер бойынша
зерттеу жұмыстары қайталап өткізілді.
Тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың үшінші кезеңінде (2014 жылдың желтоқсан жəне 2015
жылдың қаңтар айлары) зерттеу нəтижелерін өңдеу жəне талдау жұмыстары іске асырылды,
құрастырылған денсаулық сақтау технологиясының тиімділігі бағаланды.
Антропометриялық
өлшемдердің нəтижелері 3-кестеде көрсетілген.
3 - к е с т е
Достарыңызбен бөлісу: