28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


Эпистолярлық жанрдың мәліметтерін



Pdf көрінісі
бет136/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

4.Эпистолярлық жанрдың мәліметтерін 
тарихи дерек ретінде пайдаланудың әдістері 
Адамзаттың даму процесімен бірге дамып, жетіліп келе жатқан адамдардың 
қарым-қатынас әрекеттері тек ауызша ғана емес, жазбаша да заман талабына 
сай қарым-қатынас жолдары арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынас 
әрекеттерінің бірі – хат жазу дәстүрі. Хат жазу ертеден бүгінгі таңға дейін 
әлеуметтік жағынан алғанда мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың, жазба 
тілдің ежелгі формаларының бірі болып табылады. 
Эпистолография (грек. epіstole – жолдау, хат) – хат түрінде жазылған шығарма. 
Мұндай шығарма түріне ірі қоғам қайраткерлерінің өзара жазысқан, тарихи 
мәні бар, әдеби мұраға айналған хаттары жатады.
Эпистолярлық жанр 
түрлері
: жалпы амандықты білдіретін, қызметтік, шығармашылық жеке, жеке 


124 
іскерлік, ресми іскерлік, әдеби хаттар. Жазылу түрлеріне қарай қара сөз немесе 
өлең түрінде болып келеді. 
Эпистолярлық 
әдебиет 
жанр 
ретінде 
көне 
дәуірден 
бастала-
ды.Цицеронның,Горацийдің, 
Сенеканың 
хаттары 
эпистолярлық 
публицистиканың негізін қалады.Антикалық дәуір әдебиетіндегі мәліметтер 
сол кездің өзінде хат жазу этикеті болғанын көрсетеді. Мысалы: сол дәуірдегі 
хаттарда алдымен жіберушінің аты, одан кейін алушының аты, амандасу 
формалары мен түрлі тілек мәнінде жұмсалатын сөздерден кейін барып хат 
мәтіні жазылатын болған. 
Алтын Орда дәуірінде қазақ жерінде де пошта қызметі кеңінен тарады. 
ХVІІІ ғасырдаеуропалықтар хатты кеңінен жаза бастады. Көп елдерде 
пошталық байланыс тәртіпке келді, хат жалпыға қолайлы ақпарат құралына, 
сондай-ақ бос уақытты өткізудің құралына айналды.Кейін хатпен жазылған 
роман пайда болды. Мысалы орыс жазушысы Н.М. Карамзиннің«Орыс 
саяхатшысының хаттары» (1789–1792) – Эпистолярлық әдебиеттің тамаша 
үлгісі. «Хат мәнеріндегі роман» – психологиялық және әлеуметтік роман 
реализмнің даму жолында маңызды роль атқарды. Бірақ ХІХ ғасырдағы роман 
тарихи хабарлау, жанұялы хроника негізінде дамиды, А.С.Пушкиннің «Роман в 
письмах» (1829), Ф.М.Достоевскийдің «Бедные люди» (1845) – дәуірдің ақырғы 
романдары. 
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында 25қазақ хандары мен 
сұлтандарыныңғылымға белгісіз болып келген хаттары екі том болып 
жарияланды. Жинаққа 811 аударма және 250 хаттың түпнұсқасы (факсимле) 
кірген. Хаттардың көпшілігі алғаш рет жарияланып отыр. Олардың 
хронологиялық шеңбері 1675–1821 жылдар аралығын қамтиды. Жинақта Орыс 
географиялық Қоғамының,Тарих музейінің,Этнография музейінің, Третьяков 
галереясынан, Эрмитаждан, орыстың өнер музейінен,Киевтің ұлттық 
музейінент.б. әлем мұражайларынан алынған 113 иллюстрация, карта, 
бейнесуреттер бар. 
Қазақ хан-сұлтандарының бір-біріне, көрші елдердің билеушілеріне жазған 
хаттарынан сол замандағы саяси ахуал жөнінде, қазақ атқамінерлерінің 
күнделікті тұрмысы жөнінде мәлімет аламыз.
Қазақтың алғашқы ғалымдарының біріШ.Уәлихановтың хаттары оны үлкен 
парасат иесі, азаматтық болмысы жоғары, туған халқының мәдени-ағарту ісінің 
жанашыры екендігін көрсетеді. Әкесімен жазысқан хаттарынан оның қазақи 
болмысын көреміз. 
Қазақ тарихына байланысты шетелдік қайраткерлері қалдырған хаттары баға 
жетпес тарихи дерек екендігі талас тудырмайды.Мысалы, 1861 жылы Парижде 
француз тілінде жарық көрген поляк халқының аяулы азаматы Адольф 
Янушкеевичтің қазақ халқының өткен ғасырдағы ұлттық салт-санасы, 
тұрмысының дәйекті құжатына айналған хаттары тамаша тарихи дерек. 
Француздар сақтап, бүгінге жеткізген А.Янушкеевич хаттары, Зелинскийдің 
«Қазақ даласы» поэмалары, академик Алексеев ашқан алғаш «Владимир мен 
Зара» –әлемдік өркениеттің шедеврі десе де болғандай. 


125 
Қазақ 
әдебиетінде 
Ш.Уәлиханов 
пен 
Ы.Алтынсариннің 
орыс 
достарына,Абайдың өз туыстарына жазған хаттары – эпистолярлық қымбат 
мұра. 
Шоқанның орыс әкімшілігінің басшыларына, әріптестеріне, достарына және 
ағайын-тустарына жазған елуден аса хаттары жарияланды.Шоқанның 
ұлылығын танытатын, оны биіктете түсетін нақты мәліметтердің бірі – өзі 
ерекше сүйіп, бағалаған достарымен жазысқан хаттары. Осы хаттардың 
әрқайсысынан да Шоқанның азаматтық бейнесі ерекше таныла түседі. 
Ш.Уәлихановты туыстары да, айналасындағы достары да өте жақсы көріп, 
құрметтеген. Өйткені, ұлы ғалым өзін тек қана жақсы жағынан көрсете білген. 
Бұл Шоқанның тектілігіне, өскен ортасы, алған тәрбиесіне де байланысты 
шығар. 
Шоқанның Федор Достоевскиймен он тоғыз жасында танысқаны белгілі. 
Кейіннен әлемге әйгіленген бұл жазушы осынау жас жігіттің қабілет-қарымын 
бірден байқаған секілді. Шоқаннан он төрт-он бес жастай үлкендігі бар ол 
осынау дарынды жасқа бірден құлай жығылып, екеуі тез тіл табысады. Көп 
ұзамай-ақ бұл таныстық мәңгілік аңызға айналатындай-ақ ұлы достыққа 
жалғасқан. Оның дәлелі – екеуінің жер-жерде жүріп бір-біріне жазған хаттары. 
Өкініштісі оның жазған, оған жазған хаттардың көпшілігі сақталмаған.Бұл 
жайында зерттеуші М.Фетисов: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет