28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕРДІ ФОРМАЛЬДІ ТАЛДАУ



Pdf көрінісі
бет139/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

13.ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕРДІ ФОРМАЛЬДІ ТАЛДАУ 
Жоспары 
1.Деректемелік талдаудың реті. 
2.Деректің сыртқы түрін талдау. 
3.Деректің пайда болуын анықтау. 
4. Деректің авторын анықтау. 
1.Деректемелік талдаудың реті 
Деректемелік талдау жұмысының реттері. ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін 
тарихшылар қолына түскен деректерді сол күйінде өз зерттеулерінде 
пайдаланған. Сондықтан да олар деректерді талдауға, тексеруге, түпнұсқасын 
анықтауға онша мән бере қоймаған. Оның сыртқы түріне көз жүгіртіп, 
мұқабасына, қағазына, жазу-құралдарына, мәтіннің көркемделуіне ғана көңіл 
бөлген. Яғни, олар деректі тек формальді түрде ғана сын тезінен өткізген 
Кейін келе, орыс ғалымдары, ортағасырлық жылнамалардың бірнеше нұсқасын 
салыстыра отыра, олардың бір-біріне сәйкес келмейтіндігін байқайды. Міне 
осыдан кейін деректерге сенімсіздік туындайды.Алғашқылардың бірі болып 
бұл мәселеге көңіл аударған орыс тарихшысы Болтин еді. Ол кез-келген 
деректі, егер ол көшірме болса, түпнұсқасымен салыстыру, мәтінді толық тү-
сіндіре отырып, оның шынайылығын анықтау қажеттілігін дәлелдеді. 
Келесі бір ғалым Шлецер деректерді сынның екі деңгейіне өткізу туралы 
ұсыныс енгізді. Бірінші деңгейде, мұны ол төменгі сын деп атайды, мәтінде 
кездесетін сөздерді, терминдерді түсіну. Ал енді екінші деңгейде құжаттың 
шынайылығын анықтау керектігін айтады. Келесі деңгейін ол «жоғарғы сын» 
деп атайды 
Міне, осыдан кейін тарихшылар кез келген деректі талдау қажеттілігін түсініп, 
бірлі-жарымды 
ғалымдар 
өз 
пікірлерін 
білдіре 
бастады. 
Әсіресе, 
жылнамаларды, кейбір заңнамалық актілерді дерек ретінде пайдаланғанда өте 
мұқият болу әрбір тарихшының күнделікті міндетіне айналды. 
Орыстың М.П.Погодин, Н.И.Надеждин, С.М.Соловьев, О.И. Ключевский 
сияқты ғалымдары осы мәселеге аса көңіл аударды. Соңғысы әрбір деректі 
филологиялық және нақтылы тарихи сыннан өткізу керектігін баса көрсетті. 
ХІХ ғасырдың соңында гуманитарлық ғылымдарда позитивистік әдіснаманың 
әсері біліне бастады. Міне, осыған байланысты деректану ғылым болып 
қалыптасып, оның принциптері мен негізгі әдіс-тәсілдері жасалды.
Осылардың бәрін қорытындылай келе Бернгейм (1850–1972), Ланглуа (1863–
1929) және Сеньобос (1854–1942) 1897 жылы жарық көрген «Тарихты зерттеуге 


129 
кіріспе» атты еңбегінде деректемелік талдаудың негізгі мақсаты құжаттағы 
шынайы ақпаратты анықтау қажеттілігін дәлелдеді. 
Олар деректанушының барлық жұмысын екіге бөліп: сыртқы және ішкі сын деп 
атады. Алдымен, тарихшы сенімді ақтайтын, зерттеушінің қажетіне жарайтын 
деректі таңдап алып, оның пайда болған уақытын, пайда болған жерін, авторын 
анықтау – алғашқы міндет. Келесі кезекте құжатқа әсер еткен субьективті 
факторлар, автордың немесе авторлар ұжымының психологиялық ауытқулары 
нәтижесінде пайда болған келеңсіздіктен мәтінді та-зарту қажет. Осыдан кейін 
құжатта көрсетілген ақпараттың шындығын анықтау, оның ішіндегі кейбір сол 
заманның болмысына жанаспайтын, шынайы тексеріске келмейтін деректерді 
зерттеу шеңберінен шығарып тасталады. Соңында деректің ішіндегі фак-
тілердің бір-бірімен байланысы және олардың тарихи шындыққа жақындығы, 
сәйкестігі тексеріледі 
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орыс тарихшысы Лаппо-
Данилевский деректің әлеуметтік-мәдени табиғаты туралы заңдылықты ашты. 
Кез-келген тарихи дерек сол заманның мәдениеті аясында пайда болды. 
Сондықтан оның мазмұнына, саясатта, әлеуметтік жағдайда, автордың білімі 
мен біліктілігі, оның ішкі жан-дүниесінің жағдайында да әсер етуі заңды құбы-
лыс. 
Тарихи деректі зерттеудің осы схемасын Кеңес тарихшылары да қабылдады. 
Тек марксизмнің әсерімен деректерге ішкі сын жасау барысында әлеуметтік-
таптық талдау әдісіне басымдылық берілді. Яғни, алдыңыздағы деректің 
әлеуметтік табиғаты, қай таптың позициясы тұрғасында жазылған, автордың 
саяси көзқарасы сияқты проблемалар оның құндылығын анықтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет