28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет137/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Эпистолярное наследие Чокана Валиханова не 
сохранилось полностью: до нас дошло только два десятка его писем. Но все 
они за очень редким исключением представляют документы большой 
историко-литературной ценности, в которых отчетливо выражен публицис-
тический характер, и отличаются глубокой идейностью и широким 
социальным диапазоном... Новаторство Чокана Валиханова в эпистолярном 
жанре состояло в том, что он сумел придать ему публицистическую силу и 
остроту», – деген ой айтады [Зарождение казахской публицистики. –
Алматы:Каз. гос. изд-во худ. литературы, 1961. –215]
. Ғалымның бұл 
тұжырымына қосыла отырып, Шоқанның профессор И.Березинге, П.Семенов-
Тян-Шанскийге, 
Н.Курочкинге, 
Г.Колпаковскийге, 
А.Майковқа, 
К.Гутковскийге, Ф.Достоевскийге, Г.Потанинге және өмірінің ең соңғы сәтінде 
әкесіне жазған аманат хатының небір өзекті мәселелерге, қазақи ұрпақ 
тәрбиесіне арқау болғандығын аңғаруға болады. 
Қазақтыңмұңы мен зарын айта білген хаттардың озық үлгілері қатарында 
Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлиханов хаттарын жатқызуға болады. Шоқанның 
хаттары – қазақ эпистолярлық публицистикасының көш басында тұрған 
таптырмас туындылар. Бұлай деуімізге негізіміз де бар. Мәселен, оның 
хаттарын елеп-екшеп, оның өзіне тән ерекшелігін саралар болсақ, мынадай 
қорытындыға келеміз: 
1.Хаттардың деректілігі (күні, айы, жылы, қай жерден және қай жерге 
жіберілгендігі т.б.). 
2.Фактілер дәлдігі (қандай мәлімет келтірсе де нақты жер-су атауы, адамдардың 
есімдері жинақы, ұғынықты түрде беріледі). 
3.Ықшамдылығы (шұбалаңқы сөздер тіпті де кездеспейді десе болады). 


126 
4.Турашылдығы 
(көңіл-күйін 
жасырмай 
білдіреді, 
соған 
орай 
әңгімелесушісінен де соны сыпайы талап ете біледі). 
5.Қырағылығы (өзі байқаған, бағамдаған жәйттерді білдіруге шебер, білгісі 
келген мәселесін сұрауда да аса сыпайылық танытады). 
6.Өзінің және халқының құқығын терең білетіндігі (мәселе шенеуніктер мен 
феодалдардың жүгенсіздігі мен озбырлығына тірелген кезде ол әр кезде 
бұқараның жағына шығады, үнемі сыпайы сөйлейтін жігіттің бұл тұрғыда 
өзіндік характерін байқауға болады). 
7.Жоғары мәдениеттілігінде (үнемі үлкенмен де, кішімен де тіл табысады, 
таласу-тартысу фактісі кездеспейді). 
Атап өтетін жайт, Шоқан хаттарынанқарапайымдылық пен сыпайгершілік, өз 
ұлтының алдындағы патриоттық парызын қарызындай қабылдап, асқан 
ұлтшылдық рухты тұлға екендігін сеземіз. Ал оның эпистолярлық мұрасының 
әрқайсысы – өз алдына шоқтығы биік, тарихи да, тәрбиелік маңызыбар асыл 
дүниелер. 
Ыбырай 
Алтынсарин1860–1889 
жылдарыөзінің 
В.В.Катринский 
(30),Н.И.Ильминский 
(26), 
А.А.Мазохин 
(19), 
Ф.Д.Соколов 
(4),А.А.Бобровников (1), В.В.Григорьев (1), Б.Кейкин (1), сияқты орыс 
әріптестеріне 91 хат жазған. Бұлар архив қорларынан табылып жарияланғаны 
ғана. Оның атасы Балғожамен жазысқан хаттары сақталмаған.
Хаттары – негізінен, ағартушылық көзқарас жемісі. ХІХ ға-сыр аяғында 
жазылған Ы.Алтынсариннің хаттарына талдау жасасақ, орыс сөздерінің (школ, 
учитель) жиі қолданылғандығын байқаймыз. Хаттарда ай аттары орысша 
аталуынша беріледі. Бұған қарағанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ 
жазба тілінде ай аттарының көне қазақша немесе арабша атауларын орыс күн-
тізбесі ығыстырғаны байқалады. Бұл да, сірә, орыс мәдениетінің қазақ даласына 
күшті әсер ете бастағанының бір куәсі тәрізді. Орыс сөздері жұмсала бастайды. 
Қазақ тарихында хаттардың бірнеше түрлері бар. Әсіресе құндысы хандар мен 
сұлтандардың көрші мемлекет басшыларына жазған, бір-бірімен жазысқан 
хаттары зерттеуші үшін таптырмайтын дерек болып есептеледі.
Ал белгілі тарихшы М.П.Вяткин арнайы зерттеу жұмысын жүргізбесе де, қазақ 
хандары мен сұлтандарының орыс әкімшілігіне әр түрлі мақсатта жолдаған 
хаттарын өзінің «Қазақ ССР тарихы бойынша материалдар» деген еңбегінің 
2,3,4 томдарында жариялаған. 
М.Сералиннің «Айқап» журналына жазған беташар сөзі, «Талапкерге жауап» 
хаты – эпистолярлық жанрдың жазушы мен оқырман арасын баспасөз арқылы 
жалғайтын журналистикаға қызмет етуінің көрінісі. Баспасөзде жарияланған 
хат үлгілерін ХХ ғасыр басындағы газет-журнал бетінен жиі кездестіруге бола-
ды. Айтылған жайлар – хаттың қазақ халқы өміріне қатынас құралы ретінде, әрі 
мәдениет үлгісі райында дендеп енуін айғақтайтын деректер. С.Торайғыров 
жазған кейбір хаттар ақынның екі томдық шығар-малар жинағында 
жарияланды. Ақынның эпистолярлық мұрасы жинақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет