130
көбіне саяси немесе мұралық мазмұнда екен.
Кейде тарихи құжаттардың
сыртқы түрі де бұрмаланады.
Деректердің сыртқы ерекшеліктерін талдау үшін
оның жазу түрін, жазу
құралын, жазу материалын, жазған адамның жазу мәнерін, шрифтісін және т.б.
белгілерін анықтау қажет.Мұндай жұмысты тиімді жүргізу үшін деректану
ғылымының бір са-ласы «Палеография» пәнін жақсы меңгеру қажеттілігі
туындай-ды.
Қазақстан тарихы бойынша
деректер көбінесе қытай, араб, парсы, түркі және
орыс тілдерінде болып келеді. Сондықтан деректанушы тек сол елдің тілін біліп
қана қоймай, олардың жазу жүйесінің тарихын да терең білуі керек.
Мәтіннің жазылған уақытын анықтау үшін оның алфавитін анықтау қажет.
Қазақ тарихының деректері бірнеше алфавит түрлерімен жазылған. Жазудың ең
алғашқы түрін «Бітік жазуы» деп атайды. Орталық Азияны мекендеген түрік
тайпалары VІІІ–Х ғасырларда осы алфавитті пайдаланды. Ол 38 әріппен бөліну
белгісінен тұрды.
Кейбір деректер VІІІ–ХVІ ғасырларда көне ұйғыр алфавитімен жазылған. Қазақ
жерлерінің араб халифатының ықпалына түсуіне байланысты елімізде араб
жазуына басымдылық берілді.
Түркі тарихының ең көне ескерткіші 930 жылы жазылған «Ырық бітік» –
қолжазба кітабы. Сақталған жері Британ кітапханасында. Лондон.
Батыс
Түркістанда жазылған. 1902 жылы зерттелген. Көлемі 62 парақ. 4 беті қытайша.
Биіктігі 13,1 см, ені 8,1 см. Зерттегендер: А.Ле-кок., М.А.Стейн, В.Томсен және
т.б. 1902 жылы Ұлыбританияда «Азия қоғамы» журналында жарияланған.
Жазбаша деректерді түр жағынан үш топқа бөлуге болады. ХІ–ХІІ ғғ. Евразия
даласында пайда болған деректер кітап, грамота орама түрінде кездеседі.
Кітаптың форматы
1/4, 1/8, 1/32
сияқты өлшемде болады. Кітап 16
беттен
тұратын бірнеше дәптерлерден құралған. Мұқабасы былғарымен немесе
матамен тысталған тақтайдан жасалған.
Ал енді грамота тек бір бет,
орама бір бетке екіншісін, екін-шісіне үшіншісін
жапсыру арқылы жасалған. 1649 жылы жазыл-ған «Соборные уложение» деп
аталатын орама 959 беттен тұрып, ұзындығы 300 метр болған. Оны оқудың
ыңғайсыздығына байланысты 1770 жылы мұндай орамалар жасау тоқтатылған.
Достарыңызбен бөлісу: